Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып: «Буын синдромдарында қолданылатын қабынуға қарсы





заттар»

 

Құрастырушы:

Жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының

оқытушысы __________________Крулькевич Е.А.

 

Қазақ тіліне аударған:

Жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының

оқытушысы__________________ Қожекенова Л. Ғ.

 

 

Семей – 2009

 

1.ТАҚЫРЫП: «Буын синдромдарында қолданылатын қабынуға қарсы заттар»

2.МАҚСАТЫ:

Үйрету:

· тақырып бойынша оқытылатын дәрілік заттардың әртүрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу

· тақырып бойынша оқытылатын дәрілік заттардың дәрілік формасын және қолдану әдісін таңда

· оқытылатын препараттардың әсерін олардың әсер ету механизмі мен локализациясы, фармакологиялық қасиеттердің жиынтығы негізінде сараптау.

· оқытылатын дәрілік заттарды организмнің мүшелері мен жүйелерінің қызметін белгілі бір бағытта өзгерту үшін таңдау

· сырқаттар мен синдромдарды білу, науқастың жеке ерекшеліктерін есепке алу, дәрілік заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық сипаттамаларын білу негізінде препараттарды таңдау

· патологиялық синдромға сәйкес оқылатын препараттарды тиімді қолданудың қағидалары және ережелерімен (мөлшерлеу реті) таныстыру

3. ОҚЫТУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

Студент білуі тиіс:

· оқытылатын дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтары

· оқытылатын дәрілік заттардың жіктелуі

· оқытылатын дәрілік заттардың әсер ету механизмдері

· оқытылатын дәрілік заттардың жағымсыз және жанама әсерлері, олардың алдын алу және пайда болғанда жою

Студент істей алуы тиіс:

· оқытылатын дәрілік заттардың әр түрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу:

қабынуға қарсы заттар (гидрокортизон, преднизолон, дексаметазон, триамцинолон, флуметазон пивалаты, ацетилсалицил қышқылы, бутадион, ибупрофен, индометацин, пироксикам, диклофенак-натрий, напроксен, мелоксикам, хингамин, пеницилламин, кризанол), иммунодепрессанттар (азатиоприн, циклоспорин), подаграға қарсы заттар (аллопуринол, этамид), хондропротекторлар (глюкозамин, хондроксид)

· дәрілік заттарды тиімді таңдау мен дұрыс мөлшерлеу

· оқытылатын дәрілік заттардың мөлшерін және концентрациясын есептеу

· оқытылатын препараттардың енгізілу жолдарын таңдау

· оқытылатын препараттардың жағымсыз әсерлерін түзету қағидаларын білу және олрды улануларлы емдеуде қолдана білу

· жеке препараттардың жағымды әсерлерін күшейту не жағымсыз жақтарын жою үшін дәрілерді тиімді үйлестіру

· ғылыми әдебиетті пайдалану және фармакологияның аталған бөлімі бойынша өз бетімен білім алу дағдыларын меңгеру

· алынған білімді келешек кәсіби қызметте пайдалану

 

4. ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:

1. Қабынуға қарсы заттар. Жіктелуі.

2. Стероидты қабынуға қарсы заттар (гидрокортизон, преднизолон,

дексаметазон, триамцинолон, флуметазон пивалаты).

Қолданылу көрсетімдері. Жанама әсерлері.

3. Стероидты емес қабынуға қарсы заттар (ацетилсалицил қышқылы,

бутадион, ибупрофен, индометацин, пироксикам, диклофенак – натрий,

напроксен).

Жіктелуі. Қабынуға қарсы әсерінің механизмі. Простагландиндердің

синтезіне әсері.

4.Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Қолданылуы. Жанама

әсерлері. ЦОГ2 таңдамалы ингибиторы- мелоксикам.

5. Базисті қабынуға қарсы заттар. Баяу әсерлі қабынуға қарсы заттар

(хингамин, пеницилламин, кризанол). Әсер ету ерекшеліктері. Қолданылу


көрсетімдері. Жанама әсерлері.

6. Жалпы және арнайы әсерлі иммунодепрессанттар. Әсер ету механизмі.

Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Иммунодепрессанттардың

қолданылу көрсетімдері. Иммунодепрессиялық терапияның асқынулары

(ерте және кеш).

7. Подаграға қарсы заттар (аллопуринол, этамид). Жіктелуі. Зәр

конкременттерінің түзілуін тежейтін және олардың бөлінуін арттыратын

заттар (урикозуриялық заттар). Препараттардың салыстырмалы

сипаттамасы.

8.Глюкокортикостероидтардың,стероидты емес қабынуға қарсы заттардың

және колхициннің подаграның жіті ұстамаларында қолданылуы.Подаграға

қарсы заттардың жанама әсерлері.

9. Хондропротекторлар (глюкозамин, хондроксид).Препараттардың

салыстырмалы сипаттамасы. Әсер ету механизмі.Қолданылу көрсетімдері.

Жанама әсерлері.

10. Химиятерапиялық заттар. Клиникалық белгілері мен қоздырғыштың

түріне байланысты химиятерапиялық заттарды таңдау.

11.Буын синдромында қолданылатын заттарды балаларды емдеуде

қолданудың ерекшеліктері.

5.САБАҚ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ:

· буын синдромын емдеуде қолданылатын препараттарға рецептер жазу

· буын синдромын тиімді емдеу жолын таңдау бойынша жағдайлық есептерді шешу

· дискуссия ־ ауызша талдау

· тест тапсырмаларын орындау

· кіші топтарда жұмыс істеу

· РЛЗФ Д.А. Харкевич 2005 ж. бойынша тапсырмаларды орындау – 327-345 беттер;

· Фармакотерапиялық алгоритмдерді құру:

 

Мелоксикамның қабынуға қарсы әсерінің механизмі.

Кесте 1

Деңгей Әсер ету нүктесі Әсерлері
1. Молекулалық-клеткалық    
2. Тіндік не мүшелік    
3. Жүйелік не организмдік    

 

 

Преднизолонның қабынуға қарсы әсерінің механизмі.

 

Кесте 2

Деңгей Әсер ету нүктесі Әсерлері
1. Молекулалық-клеткалық    
2. Тіндік не мүшелік    
3. Жүйелік не организмдік    

 

6. ӘДЕБИЕТ:

негізгі:

1.Харкевич Д.А. Фармакология: Оқулық. Москва. «ГЭОТАР-МЕД» баспаханасы. 2008.- 750б.

2.Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии., М.: Медицинское информационное агентство (МИА), 2005.-452б.

 

қосымша:

1.Аляутдин Р.Н. Фармакология. Оқулық. Москва. «ГЭОТАР-МЕД» баспаханасы. 2007. -591 б.

2.Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (м.ғ.д. проф. Э.Э. Звартау аудармасы.)- Санкт-Петербург, 1998.- 1-т 596б, 2-т 623б.

3.Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (м.ғ.д. проф. Э.Э. Звартау аудармасы.)- Санкт-Петербург, 2007, 1-т.


4.Клиническая фармакология / В.Г.Кукес редакц./- М.: ММА баспасы, 1999.-528б.

5.Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. Клиническая фармакология: екі томда: Ағылшын тілінен ауд.- М.: Медицина, 1991.-1-т 656б, 2-т 704б.

6.Машковский М.Д. Лекарственные средства. М., 2008.-1206б.

7.«Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии» Д.Г.Грэхам – Дж.К.Аронсон, М.: Медицина, 2000. -552б.

8.Михайлов И.Б., «Клиническая фармакология». Санкт-Петербург, «Фолиант», 2002. -493 б.

7. БАҚЫЛАУ:







Date: 2015-07-01; view: 1243; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.014 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию