Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Эпидемиолгиялық қадағалау
2 бағытта жүреді: 1. Емдік-профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар; 2. Масаларға қарсы шаралар. Эпидемиологиялық қадағалау жүйесі 4 функция атқарады: ақпараттық, емдік-диагностикалық, басқарушылық және бақылау. Ақпараттық функцияға оқиғалар мен ошақтарды есепке алу және тіркеу, территориянгың безгекгенділігі туралы мәліметтерді жинау, алынған ақпаратты бағалау, медициналық желі мен қызықтырушылық ведмствалар үшін ақпараттық хаттар шығару кіреді. Диагностикалық функция – науқастарды анықтау, клиникалық және параитологиялық диагностика жатады. Санитарлық-эпидемиолгиялық қызметтің жұмысына ошақты эпидемиологиялық тексеру, ошақтыбақылау, ретроспекторлы және операторлық эпидемиологиялық сараптама, берілген аймақта эпидемиялық процестің жағдайларын зерделеу жатады. Бақылау функциясы санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен жүзеге асырылады және шаралардың орындалуын бақылаудан, олардың тиімділігін бағалаудан, жұмыс сапасын коррекциялаудан тұрады. Басқарушылық функция шараларды жоспарлауды, оларды жүргізу мерзімі мен көлемі, орындаушыларын, безгектің диагностикасы, клиникасы, эпидемиологиясы бойынша кадрларды дайындау, әдістемелік нұсқаулар мен ескертпелерді шығаруды ескертіп отырады. Бұл жұмысты емдеу-профилактикалық мекемелер мен ғылыми-зерттеу институттармен бірігіп санитарлық-эпидемиологиялық қызмет атқарады.
Тестік сұрақтар 1.Медициналық паразитология неше бөлімнен тұрады A. 3 B. 4 C. 5 D. 6 E. 7
2.Медициналық арахиноэнтомология зерттейді A. ауру тудыратын гельминттерді зерттейтін бір саласы B. қарапайымдылар тудыратын ауруларды,яғни протозойлы инвазияларды зеттейді. C. қоздырушыларды тасымалдаушы буынаяқтыларды зерттейді D. паразиттердің құрылысын,тіршілік кезеңдерін,таралуын,емдеу,алдын алу шараларын және диагностикалау әдістерін зеттейді. E. Ағзаның анотомиялық құрылысын зерттейді 3.Иесінің денесінде орналасуына қарай паразиттерді бөледі A. эктопаразиттер және эндопаразиттер. B. инфекциялық және инвазиялық C. нағыз және жалған D. уақытша және тұрақты E. инфекциялық және тұрақты
4.Девастация – бұл... A. толық жою мақсатымен гельминттерге белсенді басу. B. ауру тудыратын гельминттер C. паразиттердің құрылысын,тіршілік кезеңдерін,таралуын,емдеу,алдын алу шараларын және диагностикалау әдістерін зеттейтін ғылым D. ауруларды гельмиттерден емдеу және сыртқы ортаны инвазиялық материалдардан сақтандыру бағытындағы кешенді іс-шара E. Ауырып шыққандарға диспансерлік бақылау орнату
5.Дегельминтизация –бұл... A. толық жою мақсатымен гельминттерге белсенді басу. B. ауру тудыратын гельминттер C. паразиттердің құрылысын,тіршілік кезеңдерін,таралуын,емдеу,алдын алу шараларын және диагностикалау әдістерін зеттейтін ғылым D. ауруларды гельмиттерден емдеу және сыртқы ортаны инвазиялық материалдардан сақтандыру бағытындағы кешенді іс-шара E. Ауырып шыққандарға диспансерлік бақылау орнату
6.Белгілі бір организмнің (паразиттің) екінші бір организмді (иені) тіршілік ортасы ретінде пайдаланып, сонда өсіп дамуы, қоректенуі A. Симбиоз B. Паразитизм C. Инфекция D. Қоздырғыш E. Инвазия 7. Паразит ұзақ уақыт сақталатын ағзаларды атайды A. Меншікті орын B. резервуар C. Симбиоз D. Уақытша иесі E. Табиғи орта
8. Е.Н. Павловский 1939 жылы экспедициялык, лабораториялық, эксперименталдық зерттеулер нәтижесінде қандай ұғымды қалыптастырды A. Табиғи ошақтық аурулар B. Паразиттер C. Медициналық арахиноэнтомология D. Аурулар жиынтығы E. Инвазия көзі 9. Денесі бір жасушадан тұратын, көпшілігі микроскоп арқылы көрінетін ағзалар A. Шыбындар B. Кенелер C. Биттер D. Қарапайымдылар E. Иттер F. 10. Ортаның қолайсыз жағдайында қарапайымдылар түзеді. A. циста (тығыз қабық) B. микроб C. бактерия D. вирус E. спора
11. Қарапайымдардың қанша мың-ға таяу түрі бар A. 70000 B. 6000 C. 700 D. 70 E. 700500
12. Трансмиссивті берілетін және ұлпаларда мекендейтін қарапайымды A. Пневмоциста B. Лейшманиялар C. Қынап трихомонадасы D. Дизентерия амебасы E. Лямблия 13. Амебиаз ауруының қоздырушысы A. Еntamoeba histolytica (Саркодиналар кл.) B. Ваlantidium соlі (Инфузория класы) C. Trichomonas vaginalis (Талшықтылар кл.) D. Pneumocystus carinii (Споровиктер класы) E. Тохорlasmа gondіі
14. Лейшманиялар неше түрге бөлінеді a. 5 b. 4 c. 3 d. 2 e. 1 15. Денесі алмұрт тәріздес, оң және сол бөліктерге бөлінген. Өлшемі 10-18 мкм болатын лямблиоз ауруының қоздырғышы.
A. Lamblia intestinalis B. Ваlantidium соlі (Инфузория класы) C. Trichomonas vaginalis (Талшықтылар кл.) D. Pneumocystus carinii (Споровиктер класы) E. Тохорlasmа gondіі 16. Адамның және жануардың жедел протозойлы трансмиссивті ауру, қоздырғышы Анофелес туыстығы масаларымен берілетін ауру A. Лямблиоз B. Амабиоз C. Безгек D. Іш сүзегі E. Малария 17. Адам ағзасында безгек қоздырғышының күрделі даму циклі қандай жолмен өтеді A. Жынысты B. жыныссыз C. өтпейді D. Жынысты және жыныссыз E. Барлығы дұрыс 18.Әр түрлі мүшелерінде — бас миында, скелет (қаңқа) және жұрек бұлшықеттерінде, кез ұлпасында, өкпеде, жатыр қабырғасында және ұрық қабықшаларында кездесетін токсоплазмоз ауруын тудырушы кең таралған паразит. A. Еntamoeba histolytica (Саркодиналар кл.) B. Ваlantidium соlі (Инфузория класы) C. Trichomonas vaginalis (Талшықтылар кл.) D. Pneumocystus carinii (Споровиктер класы) E. Тохорlasmа gondіі 19. Жаңа ғана эритроцитке енген плазмодияның морфологиялық пішіні: A. төртбұрышты B. сақиналы C. диспергириленген D. үшбұрышты E. көлдене-жолақты 20.Безгек ауруында қалтырама жағдайын немен түсіндіруге болады: A. масаның шағуына реакциясымен B. плазмодий тіршіліктеріндегі токсикалық өнімдермен C. масаның шаққан жеріндегі екінші ретті инфекциямен D. өзін-өзі сеңімдірумен E. хининнің әсерімен
9 Тарау. Медициналық гельминтология. Гельминтоздардың жалпы сипаттамасы. Медициналық гельминтология паразитты құрттардың әсерінен туындайтын адамның ауруларын зерттейді. Қазіргі уақытта адамдарда паразиттейтін 300 ден астам гельминттер тіркелген, ТМД елдерінде 70 тен астам гельминттер табылады. Медициналық тұрғыдан маңызды гельменттер 2 топқа бөлінеді 1 Жалпақ құрттар. 2 Жұмыр құрттар.
о
Гельминт құрттарының ішекте орналасуы.
Гельминтоздар (грекше helmіns, helmіnthos – іш құрт) – паразит құрттардың адаммен, жануармен және өсімдіктердің организміне еніп, көбеюі салдарынан пайда болатын ауру түрлері. Гельминтоздар адамда сорғыш, таспа, жұмыр, т.б. құрттардың паразиттік тіршілігі салдарынан пайда болады. Гельминтоздардың аталуы ауру туғызатын құрттардың түріне қарай. Олардың тек адамда (аскаридоз, энтеробиоз, т.б.) немесе адам мен малда қатар кездесетін гельминтозооноздар (фасциолез, трихинеллез, эхинококкоз) түрлері белгілі.Гельминтоздарға қарсы арнайы дәрілер – антгельминттер қолданылады.Гельминтоздар ауыл шаруашылығы малдарында көп кездеседі, қазір оның 2000-нан астам түрі белгілі. Мыс., қойларда мониезиоз, эхинококкоз, протостронгилез, т.б. ірі қара малда – фасциолез, эхиноккоз, т.б.; жылқыда – стронгилятоз, құстарда – аскаридиоз, полиморфоз, т.б.; балықтарда – ботриоцефалез, диплостомоз, т.б. кездеседі. Гельминтоздар ауруларын сақтану шаралары: тазалық сақтау. Іш тазартатын дәрілер ішу. Үй жануарларын малдәрігерлік тексеруден өткізіп, ауырған малды бөліп алып, дәрі-дәрмекпен емдеу, мал қалдықтарын биотермиялық жолмен өңдеу, ортаны қоздырғыштарынан тазарту. Беріліс механизмдері: Негізгі берілу механизмі- нәжіс ауыздық механизм. Инвазия адам организміне пероральды және алиментарлы жолмен жұмыртқалармен ластанған су жеміс жидек, тағам өнімдерін жегенде түседі.
Гельминттер – ол адам және жануарлар денесінде паразиттік өмір суретін құрттар. Олардың тарауында негізгі рөл қанағатсыз санитарлық жағдайға және төмен тұрмыстық мәдениетке беріледі. Бұл кұртардың қоздыратың ауруларын “гельминтоздар” дейді. Гельминттер өздерінің улы заттарын бөлу арқылы аурушаңдық жағдайларға ұшыратады: ішектің қызметін бұзады, зат алмасуын бүлдіреді, аллергия жағдайды туғызады, кейде ішек туйілуі мумкін.Гельминтоздар негізгі үш топқа бөлінеді: 1.Биогельминтоздар адамға аралық иесінің дене тіндері және сыртқы орта элементтері арқылы жұғады.
Биогельминтоздар дың инвазия көзі және таратушы факторлары
2.Геогельминтоздар – қоздырғыш адам ағзасына қоршаған ортадан еңіп, ауруға шалдықтырады(аскаридоз). Жанасуға байланысты гельминттер - қоздырғыш ауру адамнан немесе заттар арқылы дені сау адамға жұғады (энтеробиоз). Балаларда ең жиі кездесетіні – аскаридоз және энтеробиоз.
Гельминтоздардың жұғұ жолдары және локализациясы.
3. Контагнозды гельментоздар: құрттардың жұмыртқалармен ластанған адам арқылы жұғады. Контагнозды гельминтоздардың инвазия көзі және таратушы факторлары.
Date: 2015-07-01; view: 2567; Нарушение авторских прав |