Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Аурухана ішілік инфекциялар
Аурухана ішілік инфекциялар (АІИ) – бұл, ауруларды стационарда және емханада емдеу және диагностикалық процедуралар мен алдын алу шараларын жүргізу кезінде, ауру адамдар мен медицина қызметкері ауруды емдеу мекемелерінде жұқтырып алуы нәтижесінде дамитын және көрінісі, ол адамдардың ауруханада болуы уақытында немесе кейінірек білінетіндігіне байланысты емес ауру. Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (БДДҰ) эксперттер комитеті келесі анықтама береді: «Аурухана ішілік инфекция – бұл, ауру адамды емдеу мақсатында ауруханаға жатқызумен немесе олардың емдеу мекемелеріне келіп-кетуімен және медицина қызметкері өз жұмысын орындауымен байланысты, оларды зақымдайтын және мұндай адамдардың ауруханада болуы уақытында біліне ме, әлде білінбейді ме, оған байланысты емес кез келген, клиникалық көрінісі айқын, микроб текті ауру». Аурухана ішілік инфекциялардың көзі: · Ауруханада ұзақ емделген науқас · Бактерия тасымалдаушылар · Ауруханадағы медициналық қызметкерлер АІИ барлық елдерде тіркіледі. Соңғы жылдарда, оның деңгейінің жоғарылағаны соншалақты, антибиотиктер сияқты, күшті антисептикалық заттар әлі синтезделмеген және АІИ-мен күресу, негізінен асептикалық әдістермен жүргізілген жылдардағы деңгейіне жақындады. БДДҰ мәліметтері бойынша, емдеу-алдын алу мекемелеріне медициналық көмек алуға келген науқастарың 6-7% АІИ ауырады. Операциядан кейінгі жараның инфекциялары, жергілікті іріңді-септикалық инфекциялар, сепсис, жедел ішек инфекциялары, гепатит В және С, жыныстық қатынас жолымен берілетін аурулар, қызылша, ЖИТС (СПИД) –осының бәрі, аурухана ішілік ортада берілетін аурулардың толық емес тізімі. АІИ өсуі мен таралуының себептері өте көп түрлі. Олардың бірі, ауру жұғу қаупі жоғарылау адамдар контингенті деп аталатын, ағзасының қарсылық күші төмендеген адамдар санының көбеюі. Бұлар, дамуында кемістіктері бар, жаңа туған және шала туған балалар, тұншығу жағдайында туылған, босану кезінде жарақаттанған балалар, қарт адамдар, компенсация және субкомпенсация сатысында созылмалы аурулары бар науқастар, иммундық тапшылық тудыратын вирус (ВИЧ) жұққан адамдар, гепатит В және С-мен ауратындар, әскери әрекеттер, апаттар нәтижесінде зардап шеккендер және т.б. Мұндай адамдар жақсы күтімнің, күрделі хирургиялық операциялар жасаудың, белсенді емдеудің арқасында тірі қалады, бірақ, олардың ағзасы инфекция агенттерімен жақсы күресе алмайды. Ағзаның қарсы тұру мүмкіншілігі төмендегендерге иммунодепрессанттар, цитостатиктер қабылдайтын, сәулемен емдеу алатын науқастар, сондай-ақ, химиялық және физикалық қарқынды ластанған аудандарда тұратын адамдар да жатады. Аурухана ішілік инфекциялардың беріліс механизмдері мен факторлары: 1. Нәжіс –ауыз механизмі – таралу жолдары су, тағам, тұрмыстық заттар арқылы 2. Аэрогенді механизм – берілу жолы ауа-тамшы. 3. Жанасу механизмі – төсек жабдықтары, жараны таңу материалдары, құрал-саймандар 4. Трансмессивті мезанизм – қан сорғыш жәндіктер арқылы. Алдын алу шаралары: Аурухана ішілік инфекцияларды алдын алу 3 бағытта жасалады: инфекция көзі, беріліс механизмі, қабылдағыш организмге бағытталған шаралар. Негізгі мақсаты инфекцияны кіргізбеу, ауруханада жұқтырудың алдын алу.
Тест 1.Тырысқақ қоздырғышының негізгі берілу жолын көрсетіңіз a) ауа-тамшы b) тағам c) су d) парентеральді e) трансмиссивті
2.Тырысқақ ошағындағы эпидемияға қарсы алғашқы шараларды БМСК қызметінің ұйымдастыруына жатады a) хабарлау, науқасты жекелеу, ошақты дезинфекциялау b) кесте бойынша шаралар кешенін жасау c) кеңестік-әдістемелік көмек d) шаралардың сапасы мен тиімділігін бақылау e) ошақтағы жұмысты талдау
3.Тырысқақтың эпидқадағалауының мақсатына жатады a) эндемиялық ауданнан инфекцияның енуін алдын алу b) табиғи ошақтарды жою c) региональді жою d) екіншілік эндемиялық ошақтарды жою e) ашық сулардан суды лабораториялық зерттеу
4.Еліміздің территориясын тырысқақ енуінен санитарлық қорғауда негізгі шараны көрсетіңіз a) халыққаралық эпидемиологиялық ақпарат b) тырысқақ бойынша эндемиялық елдерден келгендерге иммунопрофилактика жүргізу c) тырысқақ бойынша эндемиялық елдерден келгендердің барлығын бактериологиялық тексеру d) тырысқақ ауруы бар ауданнан келгендерге карантин орнату e) тырысқақ бойынша эндемиялық елдерден келгендердің барлығына обсервация жасау
5.Түйнеме қоздырғышының споралы формасының резервуарын көрсетіңіз a) үй жануарлар b) топырақ c) кеміргіштер d) жабайы жануарлар e) су
6.Құтыру сырқаттанушылығының қауіп тобына жатады a) ұйымдасқан балалар b) ұйымдаспаған балалар c) малшылар d) тағам мекемелерінің жұмысшылары e) медициналық қызметкерлер
7.Құтыру ошағында науқасты госпитализациялағаннан кейін жүргізілетін дезинфекция a) ошақтық b) ағымды c) қорытынды d) камералық e) жүргізілмейді
8. Саңырауқұлақ ауруы А) сіреспе В) құтыру С) дерматомикоз Д) тетанус Е) қышыма 9. күйдіргінің инкубациялық кезеңі А)1-8 күн В)10-15 күн С) 30 күн Д) 1-3 күн Е)1-5 күн 10. Этиологиямы вирустар: А) құтыру В) күйдіргі С) газды гангрена Д) сіреспе Е) хламидиоз 11. АІИ көзі А) ауруханада ұзақ емделген науқас В) жануарлар С)құстар Д) адам Е) кеміргіш 12. Аусылдың берілу механизмі А) ауа тамшы В) нәжіс С) жанасу Д) алиментарлы Е)трансмиссивті 13. Сіреспе қоздырғышын ашты А) Кох В) Николайер С)Давен Д) Поллендор Е)Пастер 14. Аусыл алдын алу А) енжар иммунизация В) белсенді иммунизация С)АКДС вакцинасы Д) АДС вакцинасы Е)карантин 15. Күйдіргінің алдын алуда карантин жүргізіледі: А) 10 күн В)15 күн С)20 күн Д)5 күн Е) 30 күн 16. Күйдіргі қоздырғышын ашты: А) Кох В) Николайер С)Дассер Д) Труссо Е)Пастер 17. Күйдіргі қоздырғышын ашты: А) Давен В) Николайер С)Дассер Д) Труссо Е)Пастер 18. Күйдіргі қоздырғышын ашты: А) Поллендор В) Николайер С)Дассер Д) Труссо Е)Пастер 19. Күйдіргі қоздырғышын ашты: А) Кох В) Николайер С)Дассер Д) Труссо Е)Пастер 20. Этиологиясы бактериялар: А) күйдіргі В) құтыру С) аусыл Д) герпес Е) қызылша
8Тарау.Протозойлы инвазиялар Паразитология (гр. para – жанында, гр. sіtos – қоректену және гр. logos – ілім) – бір организмнің екінші ағза есебінен қоректенуін, паразит пен оның иесінің байланысын, өзара қарым-қатынасы, олардың қоршаған ортаға тәуелділігін,дене құрылысы, тіршілігі, дамуы, жан-жаққа таралуын; сондай-ақ адамның, жануарлар мен өсімдіктердің паразиттік ауруларын, олардан арылу, сақтану жолдарын зерттейтін кешенді ғылым; Паразитология ілімі адамда ауру тудыратын паразиттердің құрылысын,тіршілік кезеңдерін,таралуын,емдеу,алдын алу шараларын және диагностикалау әдістерін зеттейді. Медициналық паразитология 3 бөлімнен тұрады: Медициналық гельментология-ауру тудыратын гельминттерді зерттейтін бір саласы Медициналық протозология-қарапайымдылар тудыратын ауруларды,яғни протозойлы инвазияларды зеттейді. Медициналық арахиноэнтомология-қоздырушыларды тасымалдаушы буынаяқтыларды зерттейді. Медициналық паразитологияның негізгі мақсаты – паразиттер қоздыратын ауруларды болдырмау және алдын алу жүйесін құру.
Медициналық паразитологияның негізгі міндеттері: - паразиттердің түрлерін дәл анықтау үшін олардың даму кезеңдеріндегі құрылыс-ерекшеліктерін зерттеу(Олардың түрлерін нақты анықтау дәрігерлер үшін өте маңызды, себебі тек осының арқасында паразиттер қоздыратын аурударды дұрыс анықтап емдеуге мүмкіншілік туады);
- паразиттердің және таратушылардың даму ерекшеліктерін зерттеу; бұл паразиттердің табиғатта таралуын және адам ағзасына ену әдістерін анықтауға мүмкіндік береді; - паразит - ие арасындағы өзара байланыстарды зерттеу;
- паразиттердің зиянды әрекеттерін анықтау нәтижесінде паразиттік ауруларды ғылыми негізде анықтау және емдеу әдістерін қалыптастыру;
- паразиттермен таратушыларға қарсы күрес және алдын алу шараларын жасау; Медициналық паразитология тарихы. Паразитология өз алдына дербес ғылым ретінде XIX ғасырдың екінші жартысында бөлініп шыққан. Бұл кезде адамның кейбір қауіпті және кең таралған ауруларын (безгек, лейшмания, амебиаз т.б.) тудыратын паразиттер және таратушылар ашылып, анықталып, олардың даму циклдары зерттелген болатын. Медициналық паразитологияның негізін қалаушылардың бірі Л.С.Ценковский(1822-1887) инфузориялардың дамуын,таралуын зерттеді. Паразитология ғылымының қалыптасуына және дамуына орыс ғалымдары үлкен үлес қосқан. Мысалы, Г.Гросс адамның паразиттік амебасын, Д.Ф. Лямбль лямблияны ашты, А.П. Федченко бірнеше паразиттік құрттарды зерттеген. И.А. Порчинский сонаның, масаның, шыбындардың паразиттік ауруларды таратудағы рөлін анықтаған, Н.А. Холодовский биттерді зерттеген. Паразитология ғылымының, әсіресе гельминтология саласының дамуында, К.И. Скрябиннің рөлі өте зор. Ол дүние жүзінде тұңғыш болып КСРО-да гельминтология институтын ұйымдастырған. К.И.Скрябиннің (1925 ж.) ұсынысы бойынша дегельминтизация – ауруларды гельмиттерден емдеу және сыртқы ортаны инвазиялық материалдардан сақтандыру бағытындағы кешенді іс-шара болып табылады.. Девастация – толық жою мақсатымен гельминттерге белсенді басу. Девастация қоздырғыштың барлық даму фазасында барлық тәсілдермен механикалық, химиялық және биологиялық әсерлермен жоюды талап етеді. Гельминтерді территорияда физикалық жою үшін жағдайлар туғызады Сол сияқты, паразитологияның дамуында Е.Н. Павловскийдің де еңбегі ерекше. Ол арахноэнтомология саласында көп еңбек еткен, паразитоценоз, трансмиссивтік аурулардың таби-ғи ошақтары туралы ұғымды қалыптастырған. В.А. Догель экологиялық паразитологияны дамытқан. Паразитология ғылымы Қазақстанда 1925 жылдан бастап дамып келеді. Осы жылы Алматыда өлкелік мал дәрігерлік-бакте-рологиялық институты құрылып, 1926 жылы оның құрамында гельминтология, 1935 жылы протозоология бөлімі ұйымдастырылды. Қазақстанда паразитология ғылымының дамуына ат салысқан зоологтер — Л.С. Берг, И.А. Долгушин, А.А. Слудский, М.И. Мариковский, М.Д. Зверев, Т.Н. Досжанов, И.Г. Галузо, Е.Н. Боев, А.Бекенов т.б Паразиттердің жіктелуі. Табиғатта паразит түрлері көп, олар – нағыз, жалған, уақытша және тұрақты деп бөлінеді. Шынайы паразиттер иесінің денесімен едәуір уақыт бойы байланысқан, паразиттік тіршілік ету тарихы қалыптасқан және түрдің ерекше белгісі болып саналады. Жалған паразиттер еркін тіршілік ететін түрдің кейбір өкілдері кездейсоқ басқа бір түрдің дарасына еніп оның қалыпты тіршілігін бұзады. Уақытша паразиттер (негізінен қан сорғыш буынаяқтылар) өздерінің өмірінің шамалы ғана уақытын иесінің денесінде өткізеді, ал қалған уақытта еркін тіршілік етеді. Тұрақты паразиттер – салыстырмалы тұрақты және шартты тұрақты паразиттер болып бөлінеді. Салыстырмалы тұрақты иесінің денесінде өзінің даму циклінің бір – ақ кезеңін өткізеді, ал қалған кезеңдерінде еркін тіршілік етеді. Шартты тұрақты паразиттер - өздерінің барлық өмірін иесінің денесінде өткізеді, олар еркін, яғни иесінің денесінен тыс, тіршілік ете алмайды. Иесінің денесінде орналасуына қарай паразиттерді эктопаразиттер және эндопаразиттер деп бөледі. Эктопаразиттер иесінің дене жамылғысының (тері, түктер) тіршілік етеді. Оларға қансорғыш буынаяқтылар – кенелер жатады. Эндопаразиттер – иесінің ішкі мүшелерінде тіршілік етеді. Эндопаразиттер 2 топқа бөлінеді: -Сыртқы ортамен байланысты қуысты органдарда паразиттейтіндер(Аскарида,өкпе сорғышы,трихомонада т.б) -Ішкі ағзаларды паразиттейтіндер(ришта,безгек плазмодиясы,лейшманиялар) Пайда болу себептеріне қарай адамдар мен жануарлардың ауруларын инфекциялық (жұқпалы ауру, індет) және инвазиялық (паразиттік) аурулар деп боледі. Инфекциялық аурулар әр түрлі микроағзалардың — бактериялар, спирохеттер, вирустар, саңырауқұлақтардың әсерінен пайда болады. Инвазиялық аурулар түрліше патогендік қарапайымдылар (протозооноздар), гельминттер (гельминтоздар), насекомдар әсерінен пайда болады. Таратушылар аркылы берілетін ауруларды трансмиссивтік аурулар деп атайды.Оларға инфекциялық және инвазиялық аурулар жатады. Паразиттер мен иесінін арасындағы ерекше байланыстарға қарай төмендегідей трансмиссивтік ауруларды ажыратады: зооноздар — тек қана жануарларға тән аурулар (құстар безгегі); антропоноздар — тек қана адамдарға тән аурулар (трихомонадоз, амебиаз), антропозооноздар — адамдарда да, жануарларда да кездесетін аурулар (тайга энцефалиті, лейшманиоз, оба т.б.). Паразиттердің таралу жолдары. Паразиттер даму сипаттарына қарай К.И. Скрябин және Р.С.Щульц гельминттерді екі топқа бөлді: Биогельминттер және геогельминттер Геогельминттер – тіршілік циклінде аралық иегерлері болмайтын, ал жұмыртқалары немесе личинкалары қоршаған ортада дамитын паразиттік құрттар.Бұл тудыратын ауру геогельминтоз деп аталады. Биогельминттер тіршілік циклінің бір бөлігін бір иенің денесінде,қалған бөлігін басқа иенің денесінде өтеді. Паразиттің жыныстық жетілген түрі бар организм соңғы немесе дефинитифті ие деп аталады. Паразиттердің иелерін аралық, негізгі деп бөледі. Иесі дегеніміз – паразиттердің қорек және мекен ортасы ретінде пайдаланатын тірі ағзалар. Кейбір паразиттер өздерінің даму циклінде бір иесінен екіншісіне көшіп отырады, оны иесін алмастыру деп атаймыз. Аралық иесі деп паразиттің дернәсілдік сатысы кездесетін, не жыныссыз жолмен көбейетін ағзаны айтамыз. Негізгі иесі деп паразиттің ересек сатысы болатын не жыныстық жолмен көбейетін ағзаны айтамыз. Паразит үзақ уақыт сақталатын ағзаларды резервуар деп атайды. Кейбір паразиттер үшін резервуар болып адамдар (безгек, бөртпе сүзегі, іш сүзегі), кейбіреулері үшін жануарлар саналады. Жабайы жануарларды табиғи резервуарлар деп атайды. Мысалы, кемірушілер лейшмания, оба, туляремия ауруларының қоздырғыштарына табиғи резервуар болып саналады. Көптеген паразиттердің таралауы үшін резервуарлардан басқа таратушылар да қажет. Таратушылар қызметін қан сорғыш буынаяқтылар атқарады. Таратушылардың белсенділігі нәтижесінде паразиттер табиғатта кең таралады. Оларды арнайы таратушылар, механикалық таратушылар деп боледі. Арнайы таратушылар денесінде паразиттер өздерінің дамуының бір кезеңін өткізеді (безгек масасы). Механикалык таратушылар денесінде паразиттер дамымай тек олардың көмегімен кеңістікте таралады. Мысалы, шыбын денесіне әр түрлі паразиттер жабысып таралуы мүмкін. Паразиттердің таратушылар денесінде сақталу мерзімінің созылуына олардың трансовариалдық жолмен берілуі маңызды рел атқарады. Паразиттердің трансовариалдық жолмен берілу дегеніміз таратушылардың жұмыртқа жасушалары (гамета) арқылы паразиттердің ұрпактан-ұрпақка беріліп өтырылуы болып табылады. Паразиттер таратушылардың әр түрлі ұлпаларымен мүшелеріне өтуі мүмкін, соның ішінде жыныс мүшелеріне — аналық безге, жұмыртқа жасушаларына. Осындай жұмыртқа жасушалары ұрықтанғанда ұрық калыпты дамиды, бірақ оның барлық сатыларында, ересек дараларында паразиттер болады және оны ұрпақтан-ұрпакка беріп отырады. Паразиттер облигатты (міндетті) және факультативті (міндетті емес) деп бөлінеді. Паразиттерге тән ерекшелік — тіршілік ету жағдайына байланысты оларда бір органдары (мысалы, ас қорыту, сезім жүйесінің, т.б.) жойылса, керісінше екінші бір органдары (мысалы, көбею, бекіну, т.б.) күрделілене түседі. Паразитизм процесі кезінде паразиттердің дамуы бір ғана емес, бірнеше иеде өтуі мүмкін. Мысалы, безгек қоздырғышының иелері — адам мен анофелес туысына жататын маса; эхинококк ауруы қоздырғышының иелері — адам мен ит, т.б. Е. Н. Павловский табиғи ошақтық аурулар ілімі Е.Н. Павловский 1939 жылы экспедициялык, лабораториялық, эксперименталдық зерттеулер нәтижесінде табиғи ошақтық аурулар деген ұғымды қалыптастырды.Табиғи ошақтық аурулар белгілі бір биогеоценоздарда адамнан тәуелсіз тіршілік етеді. Табиғи ошақтардың болуын қамтамасыз етеді Ø Ауру қоздырғышы Ø Ие организмі(ауру қоздырғышының табиғи қоры); Ø Тасымалдаушылар
Табиғи ошақтық ауруларға мысал ретінде тайга энцефалитін алуға болады. Тайганы мекендейтін жабайы жануарлар (тиін, қоян, кірпі, кұстар) - табиғи резервуарлар; жануарлардың паразиттері — иксод кенелері таратушылар болып саналады да, табиғатта адамнан тәуелсіз, өз беттерінше бірінен-біріне өтіп ұзақ жылдар бойына айналып жүреді. Олардың ареалдары қылқан жапырақты ормандармен шектелген, одан тыс кездеспейді. Паразиттің табиғи резервуарларының, таратушыларының таралған жерлерін (тайга) ошағы деп атайды. Лейшманиоздың табиғи ошағы - лейшманиямен зақымданған тышқандар мен олардың індерін мекендейтін бәкене шыбындар таралған шөлді және шөлейт жерлер саналады. Табиғи ошақтар адамдар үшін өте қауіпті. Егер кездейсоқ адамдар сол ошақтарға бара қалса (экспедиция, аң аулау, орманшылар т.б.) онда таратушылар сол паразиттерді адамдарға жұқтыруы әбден мүмкін. Паразитизм (гр. parasіtos – арамтамақ) — белгілі бір организмнің (паразиттің) екінші бір организмді (иені) тіршілік ортасы ретінде пайдаланып, сонда өсіп дамуы, қоректенуі.Паразитизм вирустар мен бактериялардан бастап, өсімдіктер арасында да, жануарлар арасында да кездеседі. Сондай-ақ, түгелімен паразиттерден ғана тұратын «кластар» мен «отрядтар» бар.
8 тарау Протозойлы инвазиялар Қарапайымдылар - денесі бір жасушадан тұратын, көпшілігі микроскоп арқылы көрінетін ағзалар, қызметгік жағынан ол біртұтас, дербес ағза болып саналады. Құрылысы қарапайым сияқты болғанымен, бір ғана жасушаның ішінде ас қорыту, тыныс алу, зат алмасу, қозғалу, көбею, сыртқы әсерлерге жауап беру сияқты кез келген тіршілік иесіне тән белгілер үздіксіз жүріп жатады. Протозойлы инвазиялар тобына адамның организмінде тіршілік ететін және көбейетін 30жуық қарапайымдылар кіреді.Олар токсоплазмоз, безноитиоз, гемоспоридиоз, лейшманиоз, тейлероз, пироплазмоз, безгек,саркоспоридоз т.б жатады. Қарапайымдылар қозғалу тәсілі мен көбею ерекшеліктеріне байланысты 7 класқа бөлінеді. Біз көбінесе солардың 4 класын қарастырамыз. Олар: 1. Саркодиналар,(тамыраяқтылар) класы (Sarcodinа); 2. Т алшықтылар класы (Flagellata); 3. С поралылар класы (Sроrоzоа); 4. И нфузориялар (кірпікшелілер класы (.Jnfusогіа). Қарапайымдылар бір-бірінен биологиялық қасиеттерімен өзгешеленеді,сонымен қатар беріліс механизмі де әр-түрлі болады. 1. Нәжіс-ауыз механизмімен амебиоз,лямблиоз,балантидиаз,ішек трихомониазы,токсоплазмоз таралады. 2. Трансмиссивті механизмімен-безгек, лейшманиоз таралады. 3. Жанасу механизмімен- жыныстық трихомониазы таралады. 4. Вертикалды механизмімен-токсоплазмоз таралады. Date: 2015-07-01; view: 6672; Нарушение авторских прав |