Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Эпидемиялық процестің сиппатамасы





Эпидемиялық процестің сиппатамасы. Гименолепидоз барлық жерлерде тараған. Барлық климаттық аймақтарда кездеседі, бірақ аурудың таралуына аскаридоз әсер етеді, себебі соңғының тіркелген аймақтарында гименолопедоз табылмайды. Осыған қарамастан, цестоздардың ішіндегі ең кең және барлық жерге тарағаны гименолепидоз, сондықтан бұл гельминтоз контагиоздық деп есептеледі. Ол лңтүстік аймақтарда (әсіресе балалар арасында) жиі тіркеледі.

Жұмыртқа бөліуі.

Ергежейлі цепеннің жұмыртқа бөлуі белгілі мерзімділікпен сиппаталады, оның үстіне жұмыртқаны бөлу мерзімінің ұзақтылығы инвазияның пәрменділігіне тікелей байланысты. Сонымен қатар цепеннің жұмыртқалары қоршаған ортаның әртүрлі әсеріне шыдамсыз, сондықтан тіршілік қабілетін ұзақ сақтай алмайды. Ішектен қоршаған ортаға шыққаннан кейін 1,5-2 сағат ішінде бұзылады. Осыған орай оларды қоршаған орта объектілерінен (көкөніс, топырақ, тұрмыс жабдықтары және т.б.) табу сирек кездеседі.

Гименолепидоз қоздырғышының берілу механизмі.

Гименолепидоз қоздырғышының берілу механизмі – нәжіс – ауыз, берілу жолы – жанасу және ауыз (пероральды). Шыбындар – гельминт жұмыртқаларын механикалық тасушылар. Берілу факторлары – цепеннің жұмыртқаларымен ластанған қолдар, тұрмыс жабдықтары (ойыншықтар, есік тұтқалары және т.б.), тағамдар. Ергежейлі цепеннің жұмыртқалары тырнақтарда 3-4 жұма сақталады. Температура +60 С болғанда олар 15 мин. өмір сүреді. Құрғақшылық және күн сәулелері жұмыртқалаларды өлтіреді. Эпидемиялық процемтің дамуында ең маңыздысы адам, гельминтозға шалдыққан науқаспен тікелей араласқанда, жанасқанда жұқтырады. Бұл жұқтыру қолайсыз тұрмыстық жағдайларда, тығыз орналасқанда, жеке бас тазалығы сақталмағанда жүзеге асады.

Негізгі клиникалық көріністері.

Негізгі клиникалық көріністері – ретсіз және жиі шығатын қан аралас (көбінесе дизентериямен шатастырады) нәжіс; іштің ауруы, әлсіздік, аурушандық, асқазанның қыжылдауы және ішек – қарын жолының жұмысы бұзылғанда байқалатын басқа да белгілер; аллергиялық негізі бар белгілер (бөртпе, дене қышуы). Инвазияланғандардың 30 % және одан көбінде ауру белгісіз өтеді.







Date: 2015-07-01; view: 994; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию