Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Сіреспе
Сіреспе (тетанус) - сапрозонозды бактериалды, қоздырғышы қарым-қатынас механизмі арқылы берілетін, орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен, бұлшық еттердің сіресуімен, асфиксияның даму мүмкіндігімен сипатталатын жұқпалы ауру. Сіреспе қоздырғышы – Clostridium tetani Bacillacaeae туыстығына жататын спора түзетін облигатты анаэроб. Анаэробты жағдайда микроскоппен барабан таяқшасы тәрізді спора түрінде көрінеді. Спора қоршаған ортада жылдар бойына сақталады. Анаэробты жағдайда, 37°С температурада ылғалды, аэробты бактериялармен араласқан ортада споралар вегетативті формаға айналады. Қоздырғыш вегетативті формасында аса улы экзотоксин бөледі. Экзотоксин тұрақсыз, шырышты қабат арқылы сіңіріле алмайды. Споралар қайнатқанда 1 сағаттан кейін өледі, 5% фенол ерітіндісі, 1% формалин ерітіндісі, иод, сутегінің асқын тотығы 10 сағатта өлтіреді. Вегетативті формасы әдеттегі физикалық, химиялық факторлармен 3 - 6 сағатта жойылады. Қоздырғыштың организмге ену қақпасы жарақаттанған тері қабаты. Енген қоздырғыш вегетатативті формасына айналып, көбейе отырып экзотоксин синтездейді. Патологиялық үдеріс осы экзотоксиннің әсерінен дамиды. Инфекция көзі - шөп қоректі жануарлар, кеміргіштер, құстар және адам. Қоздырғыш жануарлардың және адамның асқазан–ішек жолдарында сапрофиттік тіршілік етеді. Олардың нәжісімен қоршаған ортаға түскеннен кейін спора түрінде ұзақ уақыт топырақта сақталады. Қолайлы климаттық жағдай туғанда споралар вегетатифтік формаға айналып, көбейіп, қайта спора түзеді (вегетивтік формаға - спора-вегетатвті форма – спора). Қоздырғыштың жұғу механизм і - қарым-қатынас немесе жанасу. Қоздырғыш жарақатталған тері қабаты арқылы өтеді. Тыныс жолының кілегей қабаты арқылы өтуі де мүмкін (аэрозольды механизм). Жанасу механизмінің жүзеге асу жолдары әр түрлі: тұрмыста, медициналық, өндірісте. Бейбіт кезде барлық аурулардың 85% астамы тұрмыста залалданады. 5-6% негізінен медициналық мекемеден тыс жерде жасалынған түсік пен босану кезінде болады. Қоздырғыштың берілу факторлары топырақ, көң, нәжіс, шаң, ластанған әр түрлі тұрмыс заттары, хирургиялық, акушерлік құралдар. Ауру негізінен жылдың жылы, ыссы мезгілдерінде байқалады. Өлімге шалдығу 40-45% дейін жетеді. Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы әр түрлі- 1-2 күннен 1 айға дейін созылуы мүмкін. Көп жағдайда 3-14 күн. Ауру жалпы немесе жайылмалы және жергілікті болып бөлінеді. Науқас мазасыздыққа, ашуланшақтыққа, басының ауыруына, тершеңдікке, жарақаттың айналасындағы бұлшық еттердің жыбырлауына шағымданады. Әуелі шайнау бұлшық еттерінің сіресуінен тризм, қайғылы бет пішіннің немесе сардоникалық күлкінің пайда болумен басталады. Одан кейін арқа бұлшық етінің сіресуінен омыртқа жотасының доға тәрізді иілуі (опистонус) пайда болып ауру классикалық „бағана тәрізді жағдайға” түседі. Аурудың атын ең алғаш осы көрініске қарай Гиппократ «Tetanus» деп ұсынған. Бұл кезде құрсақ бұлшықеттері тақтай тәрізді қатаяды, қол-аяқтары жиырылған болады. Қабырғааралық бұлшықеттердің гипертонусының нәтижесінде науқастың тыныс алуы беткейлі және жиілейді. Сонымен бірге тахикардия болады, дене қызуы 39-40ºC–қа көтеріледі. Бірақ науқас аурудың барлық кезеңдерінде есін анық біледі. Жұтқыншақтың, диафрагманың, тыныс алу бұлшықеттерінің құрысуының нәтижесінде, науқас асфиксиядан қайтыс болады. Жаңа туған нәрестелер сіреспесінің клиникасы басқаша көрініспен байқалады. Жаңа туған нәрестелер сору еттерінің сіресуінен еме алмайды. Бетінде қиналу белгісі пайда болады. Қаңқа бұлшықеттерінің сіресуінен «құрбақа» тәрізді болып жатады. Жаңа туған нәрестелерде өлім 90% дейін жетеді. Емдеу принциптері: науқасқа жеке мейірбикелік бекет тағайындайды. Жатқан палатаның есік-терезелері қымталған болуы қажет. Науқасқа арнайы ем қолданылады. Сіреспе токсинін активсіздендіру үшін, антитоксикалық сіреспеге қарсы жылқы сарысуы егіледі. Құрыспаға қарсы емнің маңызы зор. Құрыспаны басу үшін, нейролептиктер (аминазин, дроперидол), тарнквилизаторлар (седуксен), хлоралгид тағайындалады. Аурудың ақыры емдеу шараларына байланысты. Сондықтан емдеу шаралары кешіктірілмеу керек. Сонымен қатар жарақатты хирургиялық өңдеу сіреспеге қарсы дәрілер, симптоматикалық ем жасалады. Науқас диспансерлік бақылауда 2 жыл болады. Алдын алу шаралары. Арнамалы емес алдын алу шаралары тұрмыстағы жарақаттың ластануын болдырмау, дер кезінде медициналық көмекке жүгіну. Сіреспеде антимикробты иммунитет қалыптаспайды. Үш рет енгізілген вакцинадан кейін қорғау күші 1-5 жылға дейін жететін тұрақты иммунитет қалыптасады. 1 жылдан кейін жасалатын ревакцинация 7-10 жылға сіреспеден қорғанысты қамтамасыз етеді. Date: 2015-07-01; view: 3200; Нарушение авторских прав |