Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Туляремия





Francisella tularensis қоздыратын, лимфа түйіндерді, теріні, көзді, анқаны, өкпені закымдауымен және улану симптомдарымен сипатталатын жедел облигатты табиғи-ошақты зоонозды ауру.

Эпидемиологиясы. 1. Аурудыңкөзі. Туляремия – облигатты зооноз, табиғи ошақтықауру. Аурудыңкөзі және резервуары – жануарлар. Табиғатта аурудың резервуары: кеміргіштер, егеуқұйрықтар, қояндар, ондатра. Олардан синантропты кеміргіштер залаладанады. Туляремия қоздырғышы 90 жабайы омыртқалы жануарларда, үй жануарларында (қой, ит, жылқы) кездеседі. Олар туляремияға өте сезімтал. Ресейде – аурудыңнегізгі көзі су тышқандары, үй тышқандары, қояндар, иттер, ондатра. Ауру тасымалдаушылары – иксод кенелері және қансорғыш қанаттылар: маса, шожала. Кенелердің организмінде қоздырғыш өмір бойы сақталады, қан сорғыштардын организмінде – 2 апта бойы, ал инфицирленген жануарлардың қанында олар өлгенше дейін сақталады. Жануарлар арасында ауру кенелер арқылы тарайды. Кеміргіштер арасында инфекция алиментарлы жолмен тарайды. Адам аурудың көзі болып табылмайды.

Табиғи ошақтардың7 түрін ажыратады: батпақтық, қоғалдық, ормандық, далалық, таулы-шатқалды, тоғайлық, тундралық. Қазақстанда ошақтардың 4 түрі кездеседі: таулы-шатқалды, батпақтық,тоғайлық, далалық. Әр ошақөзіне тән жануарлармен, қансорғыштармен ерекшеленеді.

2. Берілу жолдары:

· трансмиссивті (негізгі) – арнайы тасымалдаушысы жоқ, ауру әр түрлі қансорғыш қанаттылар (маса, кене, шожала) арқылы берілу мүмкін;

· контактілі – тері мен шырышты қабықшалар арқылы инфицирленген жануарлармен жанасқанда: теріні өндеген кезде, жануарлар тістеп алған кезде; аңшылар ондатра арқылы жұқтырады;

· алиментарлы – кеміргіштердің зәрімен инфицирленген су, тағам арқылы. Кеміргіштермен ластанған судың эпидемиологиялық маңызы зор. Аурудың құдықтық өршуі жиі кездеседі. Кеміргіштің өлігі құдықта жатса, сол құдықтың суын ішкен адамдар заладанады;

· аэрогенді – заладанған шаң арқылы, шөп жинайтын жұмыстар жүргізгенде.

3.Қабылдаушы макроорганизм. Адамдар туляремияға 100% сезімтал. Көбінесе ересектер, ер адамдар, кәсіби топтары – аңшылар, балықшылар, ауыл шаруашылық қызметкерлері аурады. Антропургиялықошақтар инфицирленген кеміргіштердіңмиграциясына байланысты, олар үй кеміргіштеріне ауруды жұқтырады. Эпидемиялықпроцестіңағымы жыл мезгіліне, табиғи ошақтыңерекшелігіне, эпизоотиялықжағдайға байланысты. Жекеленген эпидемиялар үшін белгілі бір жұғу механизмініңжәне белгілі бір клиникалықтүрініңбасым болуы тән. Жыл маусымдылығы – жаз-күз айлары. Сонғы кездерде ауру спорадикалықтүрінде кездеседі. Аурудан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады.

Клиникасы. 1.Жасырынкезеңі - 3-5 күн (2-3 аптаға созылуы мүмкін).

2.Бастапқы кезең

3. Өршу кезеңі

4. Айығу кезеңі

Ауырлығы бойынша – жеңіл, орташа ауыр, ауыр түрлері

Ағымы бойынша – жедел, баяу, рецидивті түрлері.

Жалпы симптомдары:

Қызба 38-40° ремиттерлеуші, интермиттерлеуші, дұрыс емес, тұрақты, толқын тәрізді сипатта болуы мүмкін. Жиі кездесетін түрі – ремиттерлеуші қызба, ол 2-3 толқын болуы мүмкін. Ұзақтығы – 2-3 аптаға, сирек 5-7 немесе одан да көп уақытқа созылуы мүмкін. Қалтырау, бас ауру, бұлшықеттерініңауруы, жалпы әлсіздік, анорексия. Науқастыңбеті ісінкі, қызарып тұрады, конъюнктивит, склерит. Экзантема болуы мүмкін – эритематозды, дақты- папулезді, розеолезді, петехиалді. Салыстырмалы брадикардия, АҚтөмендейді. Бауыр, көкбауыр ұлғаяды.


Туляремияның клиникалықтүрлері жұғу жолдарына байланысты. Г.П.Руднев бойынша келесі түрлерін ажыратады.

Бубонды түрі. Жиілігі 10-25%. Біріншеден ауру сезімі байқалады, сосын регионалді лимфаденит пайда болады. Бубондар жалғыз немесе көп, көлемі майда жанғактардан ірі жұмыртқаға дейін болады. Бубон ұлғайғаннан соңауру сезімі байқалмайды, шеттері анықболып, периаденит аздап дамиды. Бубондардыңнәтижесінде қайта сінірілу, іріңдеу, жараланып тыртықтану, склероздану процестері дамиды.

Жаралы-бубонды түрі. Бұл аурудың типті түрі. Жиілігі – 45-85%. Трансмиссивті жолмен жұқтырғанда жиі кездеседі. Қоздырғыш енген жерде бір бірін алмастырып дақ, папула, көпіршік, пустула, жара дамиды. Жараныңшеттері көтеріліп, түбі қара қабыршақтанып тұрады. 2-3 күннен кейін лимфангоит, тағы 2-3 күннен кейін лимфаденит қалыптасады.

Көз-бубонды түрі. Жиілігі – 5%. Конъюнктивада сары түсті көпсанды ұсақ түйіншіктер пайда болады. Эрозивті-жаралы өзгерістер қалыптасуы мүмкін. Көз аймағында және зақымдалған көзі жағындағы беттің жартысында ісік дамиды. Роговица зақымдалмайды. Регионалді лимфаденит дамиды. Интоксикация нышандары айқын көрінеді: қызба, қалтырау, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі.

Ангинозды-бубонды түрі. Тамағында айқын ауыр сезімі байқалып, көмекей бездері ұлғайып, қызарып, ісіп, айналасындағы клетчаткаға жабысып жұтуға қиыншылықтудырады. Бездердің үстінде қиын алынатын некрозды жабынды дамып, артынан тыртықтанады. Жаралы-некрозды тонзиллит, фарингит дамиды. Көбінесе процесс бір жағынан байқалады. Бубондар жақастылық, мойындық, қолтықастында пайда болада. Сирек жағдайда стоматит болуы мүмкін. Интоксикация нышандары айқын емес, жергілікті көріністерге сәйкес келмейді. Осындай дисбаланс туляремияның ангинозды- бубонды түріне тән.

Абдоминалді түрі. Бұл аурудың ауыр түрі. Мезентериалді лимфа түйіндерініңзақымдануыныңәсерінен іштің оң жақ мықын аймағында айқын ауру сезімі «хирургиялық іш» сияқты байқалады. Іш перденің тітіркену белгілері дамуы мүмкін. Бауыр, көк бауыр ұлғаяды. Ұлғайған лимфа туйіндер ультрадыбысты зерттеу (УДЗ) арқылы анықталады. Интоксикация көріністері айқын болады: жоғары қызба, қалтырау, жүрегінің айнуы, құсу, тәбетініңтөмендеуі. Науқастың іші өтуі мүмкін.


Өкпелік түрі. Жиілігі – 5%. Ауру жедел басталып, қызбамен, ұзақағымымен сипатталады. Бронхиалді, медиастиналді, паратрахеалді лимфа түйіндері ұлғаяды.Құрғақжөтел, кеуде аймағында ауру сезімі, құрғақсырылдар естіледі. Пневмонияны рентгенография арқылы дәлелдеу қажет, науқастардың 50% өкпеде ошақты инфильтраттар табылады. Әр түрлі асқынулар (бронхоэктаздар, абсцесстер, плеврит, каверналар, гангрена) дамуы мүмкін. Бұл аурудың ауыр түріне жатады. Интоксикация симптомдары айқын көрінеді. Пульс жиілігі температура денгейіне сәйкес келмейді – салыстырмалы брадикардия. Өмірге қауіпті асқынулар дамуы мүмкін: сепсис, менингит, перикардит, медиастинит.

Жайылмалы түрі. А уру сепсис тәрізді өтеді. Айқын интоксикация, жоғары ремиттерлеуші қызба ұзақуақытқа созылыды. Науқастың есі бұзылуы мүмкін. Полиморфты экссудативті эритемаға ұқсас бөртпе пайда болады. Бөртпе симметриялықтүрінде аяқ-қолға, мойынға, кеудеге шығып, оны туляремиялық«қолғап», «шұлық», «жаға», «маска» деп атайды. Бөртпе әуелі қызғылт, сосын қоңырқызыл, соңында көкшіл түсті. Экзантема 8-12 күнге созылады. Кейде бөртпе кеткесін түлеу болады. Гепатолиеналді синдром алғашқы күндерден бастап пайда болады.

Алдын алу шаралары:

-табиғи ошақтарды бақылау;

- дератизациялық шаралар;

-вакцина енгізу, тірі туляремиялықвакцина грам «теріс» қоздырғыштарға қарсы нәтижелі вакциналардаң жалғыз түрі, иммунитет 5 жылға созылады, сондықтан ревакцинация жасау керек;

-қолғап, көзілдірік, маска пайдалануы қажет.

 







Date: 2015-07-01; view: 1587; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию