Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жоспарлы хирургия
Тест 001 Науқас Н. 48 жаста, жоспарлы қаралу кезінде УДЗ-де өт қабында диаметрі 0,7 см дейін бос жүрген 4 тастар анықталды. Өт қабы кедергісіз жиырылады. Науқасты еш нәрсе мазаламайды. Науқасқа осы жағдайда қандай ем түрі көрсетілген? 1)Тастарды еріту; 2) Холецистостомия; 3) Санаторлы-курорттыем; 4) Дәстүрлі холецистэктомия; 5)+ Лапароскопиялық холецистэктомия;
Тест 002 Науқас Н., 36 жаста, анамнезінде 4 жыл бұрын эхинококкэктомия операциясы болған. Құрсақ қуысының эхинококкозымен түсті. Операция кезінде торсылдақтар ішек ілмектері арасында орналасқан, оларға әлсіз жабысқан, өлшемдері 8х8см және 7х5см. Аурудың осылай таралу себебі неде? 1) Торсылдақтың қалдық қуысы өнделмеген; 2)+Операция кезіндегі диссеминация; 3) Торсылдақтың қалдық қуысын қалдыру; 4) Құрсақ қуысын ұзақ уақыт бойы дренаждау; 5) Бауырдың толық алынбаған торсылдағы;
Тест 003 Науқас С. 58 жаста, құрсақ қуысының УДЗ-де бауырдың 5-сегментінде анық капсуласы бар гипонегативті түзіліс анықталды. Осы жағдайда қандай болжамды диагноз анағұрлым ықтимал? 1) Бауыр обыры; 2) Бауыр гемангиомасы; 3)Бауырдағы метастаздар; 4)+Бауырдың эхинококкты торсылдағы; 5)Бауырдың орталық гематомасы;
Тест 004 Науқас А. 33 жаста, операция кезінде 6-7 сегментерде өлшемдері 3х4, 3х3, 4х5см жақын орналасқан көптеген эхинококкты торсылдақтар анықталды. Науқасақа осы жағдайда қандай ота түрін қолдану анағұрлым тиімді? 1) Торсылдақтардың ашық эхинококкэктомиясы; 2) Торсылдақтардың кенейтілген эхинококкэктомиясы; 3)+ Оң бөліктің сегменттерін резекциялау; 4) Бауырдың оң бөлігінің резекциясы; 5) Жартылай ашық эхинококкэктомия;
Тест 005 Науқас 46 жаста, асқазанның кардиальді бөлігінің сызатынан қан кету себебінен болған операция кезінде бауырдың тығыздалуы және оның бүкіл бетінде диаметрі әртүрлі түйіндер, спленомегалия, көкбауыр ұлғаюы анықталды. Асқазан веналары кеңейген. Науқаста қандай патология анағұрлым ықтимал? 1) Бауыр обыры; 2) Созылмалы гепатит; 3)Бауыр эхинококкозы; 4)Бауыр гемангиомасы; 5)+Бауыр циррозы;
Тест 006 Науқас Ш. 46 жаста,емханадағы хирург дәрігерге оң қабырға астындағы ауырлық және ауру сезімі, тері жамылғысының кышуы, әлсіздік, тәбетінің болмауы мазалайды. Анамнезінде 1 ай бойын сарғаю. Жалпы билирубин 108 ммоль/л, тік – 89 ммоль/л. Дене салмағын жоғалтқан. Ұлғайған өт қабы пальпацияланады. Науқаста қандай дерт анағұрлым ықтимал? 1) Бауыр обыры; 2)Бауыр циррозы; 3) Калькулезді холецистит; 4) Склероздаушы холангит; 5)+Ұйқы безі басының ісігі;
Тест 007 У науқас Н., 45 жаста емханадағы хирург дәрігерге эпигастрий аймағындағы белдемелі ауру сезімі, ағыл-тегіл саливация, іштің кебуі, сұйық нәжіс мазалап тұрады. Ауырғанына 2 жыл бодды. Анамнезінде салмақ тастаған. Науқаста қандай алдын – ала диагноз анағұрлым ықтимал? 1) Гипертрофиялық гастрит; 2)+ Созылмалы панкреатит; 3)Өт-тас ауруы; 4)Асқазанның ойық жара ауруы; 5)Тітіркенген ішек синдромы;
Тест 008 Науқас Т. 39 жаста, емханадағы хирург дәрігерге он қабырға астындағы ауру сезімі, интермиттісарғаю, қалтырау мазалайды. Ретроградты холангиопанкреатографияда көптеген бауыр ішілік және тыс өзектердің кеңеюі байқалады. Науқаста осы жағдайдың анағұрлым себебі неде? 1) Холестатикалық гепатит; 2)+ Іріңді холангит; 3) Бауыр абсцесстері; 4) Бауыр циррозы; 5) Пилефлебит;
Тест 009 Науқас С., 59 жаста, эхинококк торсылдақ себебінен бауырдың торсылдақпен бірге шеттік резекциясы орындалды. Науқасқа қандай операция түрі жасалды? 1) Типті эхинококкэктомия; 2)+ Мінсіз эхинококкэктомия; 3) Кеңейтілген эхинококкэктомия; 4) Ашық эхинококкэктомия; 3) Жабық эхинококкэктомия;
Тест 0010 Науқас А. 42 жаста, хирургиялық бөлімшеге құсуға, жиі сұйық нәжіске, әлсіздікке, дене салмағының азаюына шағымданып түсті. Ауырғанына бір жыл, жағдайының нашарлағанына 5 күн болған. Анамнезінде: диета сақтамаған, алкогольді шектен тыс пайдаланаған. Қарап тексергенде ұлғайған бауыр мен көкбауыр. Төмендегі диагноздардың қайсысы науқаста анағұрлым ықтимал? 1)+ Бауыр циррозы; 2) Токсикалық гепатит; 3) Созылмалы панкреатит; 4) Жедел гастроэнтерит; 5) Холедохолитиаз;
Тест 0011 Науқас М. 35 жаста, созылмалы калькулезді холецистит себебінен болған лапароскопиялық холецистэктомиядан кейін 3-тәулікте сарғаю дамыған, өршу тенденциясы бар. Дамыған асқынудың себебі ретінде төмендегілердің қайсысы анағұрлым ықтимал? 1) Орнынан өт ағу; 2) Одди сфинктерінің спазмы; 3) Операциядан кейінгі панкреатит; 4)+ Жалпы өт өзегін клипсалау; 5) Жалпы өт өзегінің операциядан кейінгі стриктурасы;
Тест 0012 Науқас, 50 жаста, хирургиялық бөлімшеге жедел калькулезді холецистит клиникасымен түсті. Консервативті терапиядан кейін ауру сезімі басылған. Жағдайы қанағаттанарлық. Қант диабетімен ауырады. Анамнезінде 3 жыл бұрын миокард инфаркты болған. Осы науқасқа қандай емдеу әдісін қолданған анағұрлым тиімді? 1) Жедел операция; 2) Санаторлы-курортты ем; 3)+ Жоспарлы хирургиялық ем; 4) Ұзартылған операция; 5) Шұғыл операция;
Тест 0013 Науқас А., 67 жаста өт-тас ауру себебінен болған операция кезінде жасалған холангиограммада холедох 1,3 см дейін кеңейген, фатеров емізігінің стриктурасы 0,5-0,6 см. Осы жағдайда төменде көрсетілген оталар ішінде анағұрлым тиімдіі? 1) Холедоходуоденоанастомоз; 2) Холедохоеюноанастомоз; 3)+ Папиллосфинктеротомия; 4) Өт жолдарын қос дренаждау; 5) Холедохты сыртқа дренаждау;
Тест 0014 Науқас М., 62 жаста, өт тас ауруына байланыснты операция кезінде интаоперациялық холангиограммада холедохтың дистальді бөлігінің созылған тарылуы және бауырішілік өзектердің, жалпы өт өзегінің проксимальді бөлігінің кеңеюі анықталды. Осы жағдайда қандай операция анағұрлым орынды? 1) Папиллосфинктеротомия; 2)+ Холедоходуоденанастомоз; 3) Холедохоеюноанастомоз; 4) Фатеров емізігінің резекциясы; 5) Өт жолдарын сыртқа дренаждау;
Тест 0015 Науқас И., 65 жаста, операция кезінде пункциялық холангиографияда гепатикохоледохтың оң және сол бауыр өзектерінің сағасынан 2 см қашықтықта тарылуы және бауыр өзектерінің айқын гипертензиясы анықталды. Бұл жағдайда қандай операция анағұрлым орынды? 1) Гепатикодуоденоанастомоз; 2)Жалпы өт өзегін сыртқа дренаждау; 3)Тарылған бөліктің резекциясы; 4) Трансдуоденальді папиллосфинктеротомия; 5)+ Гепатикоеюностомия басқарылатындренаж қоюмен қатар;
Тест 0016 Қабылдау бөліміне хирург дәрігеріне 65 жасар ер адам оң қабырға астындағы ауырлық сезіміне, тері жамылғысының сарғаюына, қышынуға, түссіз нәжіске шағымданып түсті. Ауырғанына 6 ай болды, соның ішінде 10 күн ішінде ағдайы нашарлады.Қарап тексергенде: ұлғайған ауру сезімсіз өт қабы пальпацияланады, қозғалмалы (Курвазье синдромы). Жалпы билирубин 68 ммоль/л, тік – 43 ммоль/л, тік емес – 25 ммоль/л. Осы науқаста сарғаюдың анағұрлым себебі қандай? 1) Холедохолитиаз; 2) Бауыр циррозы; 3) Бауыр өзегінің; 4)+ Ұйқы безі басының обыры; 5) Склероздаушы холангит;
Тест 0017 Науқас Я., 65 жаста механикалық сарғаю себебіне болған операция кезінде супрадуоденальді холедохотомия жасалып, оның қуысынан жалғыз конкремент алынды. Интраоперациялық холангиография кезінде контраст 12 елі ішекке еркін түседі. Осы жағдайда сіздің қандай әрекетіңіз орынды? 1) Холедоходуоденоанастомоз салу; 2)+ Холедохотомиялық тесікті тігу; 3) Вишневский бойынша холедохты дренаждау; 4) Ру-ілмегінде холедохоеюноанастомоз салу; 5)Холедохты тігу және Пиковский-Холстедт бойынша дренаждау;
Тест 0018 60-жасар әйелде созылмалы калькулезді холецистит себебінен жоспарлы түрде болған операциядан кейін 4-тәулікте жағдайының күрт нашарлағаны байқалды: кеуде торында ауру сезімі, ентігу, жөтел мен қан түкіру, бет пен мойын цианозы пайда болды. АҚ 100/70 мм.рт.ст. дейін төмендеді, пульс 100 рет мин, тыныс алу жиілігі 28-30 рет 1 мин, температура 37,80С. Науқастың жағдайының нашарлауының анағұрлым ықтимал себебі қандай? 1) Миокрад инфарктысы; 2) Холангиттің дамуы; 3) Жедел панкреатит; 4)Операциядан кейінгі пневмония; 5)+Өкпе артериясының тармақтарының эмболиясы;
Тест 0019 Ер адам 69 жаста хирургия бөлімшесіне оң қабырға астындағы тұйық ауру сезіміне, тері жамылғысының сарғаюына шағымданып госпитализацияланды. Ауырғанына 2 ай болған. Ретроградты холангиопанкреатография кезінде науқаста холедохтың терминальді бөлігінің 3 см дейін стриктурасы анықталды. Осы жағдайда қандай араласу түрі анағұрлым орынды? 1) Эндоскопиялық папиллосфинктеротомия; 2) Холедохты сыртқа дренаждау; 3)+ Холедоходуоденоанастомоз; 4) Гепатикоеюноанастомоз; 5) Панкреатодуоденальді резекция;
Тест 0020 64 жасар әйелде жоспарлы түрде болған холецистэктомиядан 2 күннен кейін склер мен теріде сарғаю пайда болды. Осы науқаста сарғаюдың анағұрлым ықтимал себебі неде? 1) Гепатикохоледохтың интраоперациялық зақымдануы 2) Өт қабы өзегі тұқылының тұрақсыздығы; 3) Операциядан кейінгі панкреатиттің дамуы; 4) Холестатикалық гепатиттің белсенденуі; 5)+ Холедохты байлау;
Тест 0021 Ер адам 34 жаста, жоспарлы түрде холецистэктомия операциясынан 3 тәуліктен кейін дренаж түтігінен көп мөлшерде өт ағып жатыр. Науқаста өт ағудың анағұрлым ықтимал себебі қандай? 1) Операция кезінде өт жолдарын зақымдау; 2) Өт қабы орнынан өт ағу; 3)+ Өт қабы өзегі тұқылының тұрақсыздығы; 4) Қалдырылған тастың холедох қабырғасы арқылы ойылуы; 5) Гипертензия әсерінен өт жолдарының қабырғасы арқылы өттің кетуі;
Тест 0022 Ер адам 56 жаста, хирургия бөлімшесіне механикалық сарғаю клиникасымен түсті. Ананмнезінде 3 жыл бұрын холецистэктомия операциясы сыртқы дренаждаумен болған. Қосымша зерттегенде өт жолдарының жоғарғы стриктурасы анықталды. Осы жағдайда қандай операция түрі анағұрлым орынды? 1) Т-тәрізді дренажбен өзекті дренаждау; 2) Холедоходуоденоанастомоз салу; 3) Тарылған бөлікті резекциялау және анастомоз салу; 4) Гепатикодуоденоанастомоз және сфинктеротомия; 5)+Басқарылатын дренажбен гепатикоеюноанастомоз жасау;
Тест 0023 Әйел 47 жаста, хирургия бөлімшесіне оң қабырға астындағы ауру сезіміне, жүрек айнуға, ауызындағы ашты дәмге шағымданып жатқызылды. Науқасақа консервативті ем жүргізілді, бірақ ауру сезімі басылған жоқ. Операция көрсетілген. Операция кезінде өт қабы өзегінде тығыз бекіген тас анықталды,тығыз, өт қабы ішіндегі өт түссіз. Осы жағдайда қандай диагноз анағұрлым ықтимал? 1)+ Өт қабының шемені; 2) Өт қабы эмпиемасы; 3) Өт қабының холестерозы; 4) Бауырдан тыс жолдардың торсылдағы; 5) Холецисто-холедохеальді жыланкөз;
Тест 0024 Ер адам 68 жаста, хирургия бөлімшесіне тері жамылғысының сарғаюына, оң қабырға астындағы ауырлық сезіміне шағымданып жатқызылды. Қарап тексергенде үлкейген өт қабы анықталды. Компьютерлі томографияда ұйқы безі басының ісігі анықталды. Науқасқа операция жасалды.Операция кезінде экспресс-биопсия нәтижесінде аденокарцинома анықталды. Осы жағдайда төмендегі операциялардың қайсысы анағұрлым орынды? 1) Холедоходуоденостомия; 2) Холедохоеюностомия; 3) Холецистоеюностомия; 4) Корпокаудальді резекция; 5)+ Панкреатодуоденальді резекция;
Тест 0025 48 жастағыәйелге деструктивті холецистит себебінен жедел түрде холецистэктомия операциясы жасалды. 3 айдан кейін операциядан кейін сарғаюмен, қалтыраумен жүретін ауру сезім ұстамалары болып тұрады. Науқаста төмендегі көрсетілгеннің ішінде қайсысы анағұрлым ықтимал? 1) Ұйқы безі басының обыры; 2) Индуративті панкреатит; 3)+ Резидуальді холедохолитиаз; 4) Бауырасты абсцессі; 5)Созылмалы гепатиттің қозуы;
Тест 0026 Науқас В., 43 жаста, тексергенде бауыр альвеококкозы анықталды. Оң жақ бауыр зақымдалған. Бұл жағдайда төменде көрсетілген қандай операция анағұрлым түбегейлі? 1)+Бауыр резекциясы; 2)Аальвеококкозды түйінді сылып тастау; 3)Торсылдақты ашу және дренаждау; 4)Өт жолдарын сыртқа дренаждау; 5)Өт жолдарын ішке дренаждау;
Тест 0027 Әйел 52 жаста, хирургиялық бөлімдежиі құсуға, әлсіздікке, дене салмағының азаюына шағымданып түсті. Ауырғанына 6 ай болды. Емдәм сақтамаған, алькогольді шектен тыс пайдаланған. Қарап тексергенде: бауыр қабырға доғасы астынан 3-4 см шыққан, төмпешікті, ұлғайған көкбауыр пальпацияланады. Төмендегілердің қайсысы гепатоспленомегалияның анағұрлым ықтимал себебі болады? 1)Бауыр обыры; 2)+ Бауыр циррозы; 3) Токсикалық гепатит; 4)Бауыр эхинококкозы; 5) Бадд-Киари ауруы;
Тест 0028 56 жастағыер адам, оң өкпенің төменгі бөлігінің эхинококкозымен хирургиялық бөлімге түсті. Торсылдақтың фазасын анықтау үшін рентгенологиялық зерттеу тағайындалды. Суреттерде жабық фазадағы оң өкпенің төменгі бөлігінің эхинококкозының белгілері анықталды. Бұл фазаға төменде көрсетілген белгілердің ішінде қайсысы анағұрлым тән? 1) Үш бұрышты гомогенді ағару; 2) Контуры анық емес гомогенді ағару; 3) Өкпенің бөлігінің жайылмалы қараюы; 4) Горизонтальді деңгейі бар біркелкі емес қараю; 5)+Пішіні анық домалақтанған гомогенді қараю;
Тест 0029 Ер адам 45 жаста, бауырдың эхинококкты торсылдақпен отаға алынды. Операция кезінде хирург марсупиализация жасау керек деген шешім қабылдады. Төмендегілердің қайсысы бұл операцияға көрсеткіш болып табылады? 1)+ Торсылдақтың іріңдеуі; 2) Көпкамералы торсылдақ; 3) Торсылдақтың үлкен өлшемдері; 4) Торсылдақтың киын орналасуы; 5) Өт жолымен қатынасатын торсылдақ;
Тест 0030 48 жасар ер адамда зерттеп тексергенде өңеш веналарының варикозды кеңеюінің ІІІ сатысы анықталды. Анамнезінде сепсиспен ауырған. Қарап тексергенде: іш ұлғайған, шемен, кіндік аймағында тері астын веналар кеңейген, теріде телеангиэктазиялары бар. Төменде көрсетілгеннің қайсысы науқаста портальді гипертензияның анағұрлым ықтимал себебі болады? 1) Бауыр циррозы; 2)+ Бадд-Киари синдромы; 3) Бауырдан тысөт жолдарының обыры; 4) Жедел токсикалық гепатит; 5) Бауыр поликистозы;
Тест 0031 Әйел 52 жаста, хирургиялық бөлімшеге әлсіздікке, тәбетінің болмауынашағымданып түсті. 2 айда 15 кг-ға азып кеткен. Объективті: кіндік айналасындағы аймақта алдыңғы құрсақ қабырғасының кеңейген веналары, спленомегалия. Науқасқа қандай зерттеу әдісі портальді гипертензия түрін анықтау үшін анағұрлым орынды? 1)+ Целиакография; 2) Спленопортография; 3)Бауырды сканирлеу; 4) Компьютерлі томография; 5) Ультрадыбыстық зерттеу;
Тест 0032 Ер адам 54 жаста, бауыр циррозы және портальді гипертензия клиникасымен түсті. Чайлд-Пью бойынша бауырдың қызметтік жағдайы А тобы (компенсация сатысы). Анамнезінде өңештің ВКВ- дан 2 қан кету окиғасы болған. Осы жағдайда төмендегі шунттаушы операциялардың қайсысы анағұрлым орынды? 1) Лимфо-веналық анастомоз; B Кавакавальді анастомоз; 3) Портокавальді анастомоз; 4)+ Спленоренальді анастомоз; 5)Оментогепатопексия;
Тест 0033 Ер адам 32 жаста, терапия бөлімшесінде бауыр циррозы және портальді гипертензия себебінен ем қабылдаған. Шыққаннан кейін қан кету қаупі бар өңеш веналарының варикозды кеңеюінің III сатысы бар болғандықтан хирургке жіберілді. Осы жағдайда қандай эндоскопиялық араласу анағұрлым қауіпсіз және орынды? 1) Веналар электрокоагуляциясы; 2) Эндоскопиялық склеротерапия; 3) Аргон-плазмалық коагуляция; 4)+ Эндоскопиялық лигирлеу; 5) Желімді заттарды енгізу;
Тест 0034 50 жасар Д. науқасқа өкпенің эхинококкты торсылдағы себебінен операция жасалған. Операциядан кейін 4 сағаатан кейінхал – жағдайының нашарлауына байланыстыреторакатомия жасалды. Қандай асқыну реторакатомияға абсолютті көрсеткіш болды? 1) Көптеген өкпе жыланкөздері нәтижесінде өкпе коллапсы; 2) Бронх тұқылының біріншілік тұрақсыздығы; 3)+ Плевраішкілік қан кету; 4)Оң жақтағы кернелген пневмоторакс; 5) Операциядан кейінгі өкпе ателектазы;
Тест 0035 Науқас Г. 72 жаста, холецистэктомиядан кейін 12 тәулік бойы Пиковский-Холстед сыртқы дренажы бойынша 1000 мл дейін өт бөлініп жатыр. Осы жағдайда өт ағудың анағұрлым ықтимал себебі қандай? 1) Бауыр өзегіне жіп байланған 2) Дренаж дұрыс орнатылмаған; 3) Дренаждың үлкен диаметрі таңдалған; 4) Холедохтың терминальді бөлімінде блок; 5)+ Холедохтың проксимальді бөлімінде блок;
Тест 0036 Науқас С. 65 жаста, 1 ай бұрын холецистэктомия болған.Қабылдау бөліміне хирург дәрігеріне белдемелі ауру сезіміне, 380С дейінгі жоғары температураға, тері жамылғысының сарғыштығына шағымданып келді. Осы жағдайда төмендегілердің қайсысы анағұрлым ықтимал? 1) Холедохтың тыртықты стриктурасы; 2) Перихоледохеальді лимфаденит; 3)+Жедел панкреатит; 4)Холедохқа байланған жіп; 5)Өзектің ұзын қалдырыған тұқылы;
Тест 0037 Науқас С. 65 жаста, 1 ай бұрын холецистэктомия операциясы жасалған. Қабылдау бөліміне хирург дәрігеріне оң қабырға астындағы ауру сезіміне, 380С дейінгі жоғары температураға, қалтырауға, тері жамылғысының сарғаюына шағымданып келді. Осы жағдайда қандай асқыну анағұрлым ықтимал? 1) Холедохтың тыртықты стриктурасы; 2) Перихоледохеальді лимфаденит; 3)+ Жедел іріңді холангит; 4)Холедохқа байланған жіп; 5) Өзектің ұзын қалдырыған тұқылы;
Тест 0038 Науқас Г. 72 жаста, холецистэктомиядан кейін 12 күн бойы Пиковский-Холстед дренажы бойынша 3Тест 00 мл өт бөлініп жатыр. Сіздіңосы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым орынды? 1)Дренажды тезалып тастау; 2)Дренажды қысу және бақылау; 3)+Фистулохолангиографияны жасау; 4) Эндоскопиялық папиллотомия жасау; 5) Дренажды 1 айдан кем емес уақытан кейін алу;
Тест 0039 Науқас Г. 72 жаста, холецистэктомиядан кейін 12 күн бойы сыртқы дренажбен 3Тест 00 мл өт бөлініп жатыр. Фистулохолангиография жасалды, холедохта диаметрі 1 см болатын тас анықталды. Осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым орынды? 1)Релапаротомия және холедохолитотомия жасау; 2)Эндоскопиялық папиллотомия жасау; 3)Холедохтың дренажын байлау және динамикада бақылау; 4)Релапаротомия және трансдуоденальді папиллосфинктеротомия; 5)+ Эндоскопиялық папиллотомия жасау тас экстракциясымен бірге алу;
Тест 0040 Науқас Г. 72 жаста, холецистэктомиядан кейін 2-тәуліктен бастап бауыр асты дренаждан күнделікті 2Тест 00 мл өт бөлініп жатыр.Динамикада науқастың жағдайы нашарлаған жоқ, іште ауру сезімі жоқ. температура 370С, лейкоциттер – 8,6х109, А/Қ – 135/70, пульс – 82 рет 1 мин.Осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым орынды? 1)Щұғыл релапаротомия; 2)Фистулография жасау; 3)+ Динамикалық бақылау; 4)Дренажға элктроотсос қосу; 5)Эндоскопиялық папиллотомия жасау;
Тест 0041 Науқас С. 54 жаста, холецистэктомия операциясынан кейін 2-тәулікте тері жамылғысының сарғаюы, әлсіздік, дене температурасының 38 дейін жоғарлауы пайда болды. Осы жағдайда сарғаюдың анағұрлым ықтимал себебі қандай? 1)+ Холедохты операция кезінде байлау; 2)Созылмалы гепатиттің белсенденуі; 3)Созылмалы панкреатиттің қозуы; 4) Жарақаттан кейінгі холедох стриктурасы; 5) Өт қабы өзегінің тұқылын ұзын қалдыру;
Тест 0042 Науқас С. 54 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа тері жамылғысының сарғыштығына, әлсіздікке шағымданып келді. Ауырғанына 10 күн болған. Анамнезінен: 6 ай бұрын холецистэктомия операциясы болған. Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі анағұрлым орынды? 1) Құрсақ қуысының компьютерлі томографиясы; 2)+ Ретроградты холангиопанкреатография; 3)Үлкен дуоденальді емізікті эндоскопиялық зерттеу; 4) Диагностикалық лапароскопия; 5) Ультрадыбыстық зерттеу;
Тест 0043 Науқас С. 54 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа тері жамылғысының сарғыштығына, әлсіздікке шағымданып келді. Ауырғанына 10 күн болған. Анамнезінен: 6 ай бұрын холецистэктомия операциясы болған. ЭРХПГ кезінде жалпы өт өзегінің 1,0 см ұзындықта тарылуы анықталды. Осы жағдайда жалпы өт өзегінің тарылуының анағұрлым ықтимал себебі қандай? 1) Склероздаушы холангит; 2) Бауырдан тыс өт жолдарының обыры; 3) Жалпы өт өзегінде қалдырылған тас; 4) Перихоледохеальді лимфаденит; 5)+ Бауыр өзегінің жарақаттан кейінгі стриктурасы;
Тест 0044 Науқас С. 54 жаста, тері жамылғысы сарғайған, 6 ай бұрын холецистэктомия операциясы болған, қосымша зерттеу әдістері жасалды. Сонда бауырдан тыс өзектер және жалпы өт өзегінің кеңейгені, бауыр өлшемдерінің үлкейгені, құрылымының бір келкі еместігі анықталды. Билирубин қөсреткіштері: жалпы – 127 ммоль/л, тік - 90 ммоль/л. Осы жағдайда әрі қарайғы анағұрлым орынды емдік тактика қандай? 1)+Лапаротомия жасау; 2)Форсирленген диурез өткізу; 3) Диагностикалық лапароскопия жасау; 4) Плазмаферез, гемосорбция, қанның УКТ өткізу; 5) Өзектердің бауыр арқылы дренаждауын жасау;
Тест 0045 Науқас С. 54 жаста, операция кезінде бауыр өзегі 2 см дейін кеңейгені, холедох қабырғасы 1,5 см ұзындықта тығыз, тыртықты өзгерген. Осы жағдайда анағұрлым орынды хирургиялық тактика қандай? 1) Кер бойынша сыртқы дренаж қою; 2)Холедохпластикасын жасау; 3)Холедохқа стент қою; 4)Холедоходуоденоанастомоз салу; 5)+ Гепатикоеюностомия жасау;
Тест 0046 Үлкен дуоденальді емізік (ҮД5) стенозы кезінде қандай операция анағұрлым орынды? 1)Холедохқа сыртықы дренаж қою; 2) Лапаротомия, трансдуоденальді папиллотомия; 3)Холедоходуоденоанастомоз салу; 4)+ Эндоскопиялық ретроградты папиллотомия; 5)Гепатикоеюностомия салу;
Тест 0047 Науқас А. 59 жаста, қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне тері мен көздің шырышты қабатының сарғаюы, кышыну дамыған. Ауру сезімі жоқ. Анамнезінде: 6 жыл бұрын холецистэктомия операциясы болған. Соңғы үш айда 7 кг-ға азып кеткен. Науқаста жоғарыда айтылған симптомдардың анағұрлым ықтимал себебі қандай? 1) Асқазан обыры; 2) Пилородуоденальді стеноз; 3)Холедохтың тыртықты стриктурасы; 4)+ Ұйқы безі басының обыры; 5)Созылмалы гепатиттің белсенденуі;
Тест 0048 Науқас Б. 49 жаста, емханаға хирург дәрігеріне 7 жыл бұрын холецистэктомия операциясы жасалған. Операциядан кейін эпигастрий аймағында ауру сезімі, іш кебу, сұйық нәжіс, саливацияның жоғарлауы мазалап тұратын болды. Осы уақыт ішінде 12 кг-ға азып кеткен. Науқаста осы айтылған симптомдардың анағұрлым ықтимал себебі қандай? 1)Асқазан обыры; 2) Созылмалы гастрит; 3) Созылмалы гепатит; 4)+ Созылмалы панкреатит; 5) Асқазанның ойық жара ауруы;
Тест 0049 Науқас С. 54 жаста,қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне тері жамылғысының сарғайғанына, әлсіздікке, шағымданып келді. Ауырғанына 10 күн болған. 6 ай бұрын холецистэктомия операциясы болған. Науқасқа РХПГ жасалды. 3 сағаттан кейін эпигастрий мен оң қабырға астында бел аймағына берілетін ауру сезімі, жоғары температура, іштің кебуі пайда болды. Осы жағдайда жоғарыда айтылған симптомдардың анағұрлым ықтимал себебі қандай? 1) Созылмалы гепатиттің қозуы; 2)Іріңді холангиттің дамуы; 3)Жедел пиелонефрит оң жақтан; 4)+ Жарақаттан кейінгі панкреатит; 5) 12 елі ішектің тесілген ойық жарасы;
Тест 0050 Науқас С. 54 жаста, ЭРХПГ жасалғаннан 3 сағаттан кейін белдемелі ауру сезімі, 37,9 дейінгі жоғары температура, қалтырау, құсу пайда болды. Қарап тексергенде іштің бүйір беттерінде цианозды дақтар, Мейо-Робсон симптомы оң. Осы жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз қандай? 1) Ішке суық басу және бақылау; 2) Ыстыққа қарсы дәрілер тағайындау; 3)Асқазанға зонд қою және антибиотиктер тағайындау; 4)+Жедел панкреатиті бар науқас ретінде жүргізу; 5)УДЗ жасау және спазмолитиктер енгізу;
Тест 0051 Операциядан кейінгі холецистоэктомиялық синдромның даму себебі қандай? 1) Түбінен жасалған холецистэктомия; 2) Жалпы өт өзегінің тар болуы; 3) Өт өзегінің аномалиясы; + 4) Жалпы өт өзегіндегі резидуальді тасы; 5) Холецистэктомия кезіде өт өзегін тігіп тастау;
Тест 0052 Курвуазье синдромы қай ауруға тән? 1) Жедел холецистит; 2) Бауыр гемангиомасы; 3) Созылмалы панкреатит; 4) Ұйқы безінің кистасы; 5)+ Ұйқы безі басының ісігі;
Тест 0053 Науқас А., 48 жаста бауырдың оң бөлігінің эхинококкты торсылдағы себебінен операцияға алынды. Операция жасау барысында торсылдақ 5 сегментте бауырдың төменгі шеті бойынша орналасқан, өлшемдері 3,5х4,0 см екені анықталды. Осы жағдайда операцияның қандай түрі көрсетілген? 1) Аралас эхинококкэктомия; 2)+ Идеальді эхинококкэктомия; 3) Кеңейтілген эхинококкэктомия; 4) Ашық эхинококкэктомия; 5) Жабық эхинококкэктомия;
Тест 0054 Бадд-Киари синдромы кезінде қандай вена тромбозы дамиды? 1) Жоғарғы шажырқай венасының; 2) Көкбауыр венасының; 3) Кіндік венасының; 4)+ Бауыр венасының; 5) Қақпа венасының;
Тест 0055 Науқас У., 48 жаста емханадағы хирургқа әлсіздікке, тәбеті болмуына, аяқ ісінуіне шағымданып түсті.Анамнезінде панкреонекроз бойынша операция жасалынған.. Қарап тексергенде: асцит, кіндік маңындағы көк тамырлар кеңеюі, телеангиоэктозиялар, дененің бүйір беттерінде және аяқтарда ісіну анықталды. ЭФГДС барысында өңештің көк тамырларының варикозды III-сатыдағы кеңеюі анықталды. Төмендегілердің қайсысы науқаста портальді гипертензияның дамуына алып келген? 1)+ Көкбауыр венасының тромбозы; 2) Шарбымай қалтасында жабысқақ тық үрдіс; 3)Созылмалы рецидивті панкреатит; 4) Созылмалы аутоимунды гепатит; 5) Бауыр-бүйрек жетіспеушілігі;
Тест 0056 Бауыр эхинококкозы бар жоспарлы түрде жатқызылған 30 жастағы науқаста операция алдында кенеттен ішінің ауырсынуы, перитонеальді белгілер, температурасының көтерілуі және теріде бөртпелер пайда болды. Науқаста анағұрлым ықтимал диагноз қандай? 1) Асқазанның ойық жарасының тесілуі; 2) Жедел паразитарлы гепатит; 3)Торсылдақтың іріңдеуі; 4)+Торсылдақтың жарылуы; 5) Пирогенді реакциясы;
Тест 0057 Портальді гипертензиямен асқынған бауыр циррозы бар науқастарға хирургиялық емінің радикальді түрі қандай? 1) Спленэктомия; 2)+ Бауыр трансплантациясы; 3) Порто-кавальді анастомоз жасау; 4) Лимфавенозды анастомоз жасау; 5) Бауырға электрокоагуляция жасау;
Тест 0058 Науқас М. 47 жаста, емханадағы хирург дәрігерге әлсіздікке, дене салмағының азаюына, тәбетінің төмендеуіне шағымданып келді. Анамнезінен: ауырғанына 1 жыл болған. Қарап тексергенде: Науқас жүдеген, іші үлкейген, перкуторлы жатық орындарда тұйықталу, склералары сарғайған, терісінде телеангиоэктазиялар бар. Науқаста қандай болжам диагноз анағұрлым ықтимал? 1) Асқазан обыры; 2)+ Бауыр циррозы; 3) Ойық жара ауруы; 4) Ұйқы безі обыры; 5) Созылмалы панкреатит;
Тест 0059 Науқас Ш. 65 жаста, хирург дәрігеріне кеңес алуға жіберілді.Қарап тексергенде дәрігер көздің шырышты қабаты мен терісінің сарғыштығын, іш көлемінің ұлғаюын, бауырының қабырға доғасынан 4 см шығып тұрғанын, іштің бүйір беттерінде тері асты веналарының кеңйгенін анықтады. Осы жағдай төмендегілердің клиникалық сипатына сәйкес келеді? 1) Созылмалы гепатит; 2) Бауыр эхинококкозы; 3) Геморрагиялық синдром; 4) Төменгі қуыс көктамыр синдромы; 5)+ Портальді гипертензия синдромы;
Тест 0060 Төмендегілердің қайсысы портальді гипертензияның бауырдан тыс формасының себебі болады? 1) Көкбауыр артериясының тромбозы; 2) Бауыр артериясының тромбозы; 3)+ Қақпа көктамыр тромбозы; 4) Бүйректік көктамыр тромбозы; 5) Бүйректік артерия тромбозы;
Тест 0061 Төмендегілердің қайсысы бауыр ішкілік портальді гипертензияға себеп болады? 1)+ Бауыр циррозы; 2) Токсикалық гепатит; 3) Қақпа көктамырының тромбозы; 4) Бүйректік көктамыр тромбозы; 5) Көкбауыр көктамыр тромбозы;
Тест 0062 Науқас У. 30 жаста дәрігер қарпа тексергенде шеменді, іштің бүйір беттеріндегі және аяқтарындағы көктамырлардың кеңеюін анықтады. Температураның жоғарлауы, буындардағы ауру сезімі болып тұратынын, салмақ тастағанын айтады. Төмендегілердің қайсы клиникалық сипаты осы жағдайға анағұрлым сәйкес? 1) Бауыр циррозы; 2) Гоше ауруы; 3) Верльгоф ауруы; 4)+ Бадд-Киари синдромы; 5) Рондю-Ослер ауруы;
Тест 0063 Науқас У. 43 жаста, симптомдар үштігі мазалайды: төс артындағы күйдіретін ауру сезіміне, ұзақ уакыт бойы қыжылдау, кекіру мазалайды. Науқаста төменде көрсетілгеннің ішінде клиникалық сипатының қайсысы анағұрлым ықтимал? 1) Кардиоспазм; 2)+ Рефлюкс-эзофагит; 3) Эпифренальді дивертикулы; 4) Өңештің тыртықты стриктурасы; 5) Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы;
Тест 0064 Науқас К., 42 жаста, қабылдау бөліміндегі хирургқа 39 С0 дене температурасының жоғарлауына, артқы тесік аймағындағы ыңғайсыздық сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде перианальді аймақтың ассиметриясы. Саусақпен тексергенде ішектің сол бүйір бетінде қабырғасы инфильтрацияланған, жедел ауырсыну сезімі байқалады. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал? 1) Шатаралық теріасты абсцесс; 2)+ Шонданай-тік ішектік абсцесс; 3)Жамбас-тік ішектік абсцесс; 4) Ретроанальді абсцесс; 5)Шырышасты абсцесс;
Тест 0065 Тік ішекті саусақпен тексергенде сағат 11 тұсында артқы тесіктен 3 см қашықтықта өлшемдері 1,5х2см болатын, жұмсақ эластикалық консистенциялы, тигенде ауру сезімді түзіліс анықталады, аздап ішек қуысына шыққан. Науқаста суреттелген сипатына сәйкес төменде көрсетілгеннің қайсысы анағұрлым ықтимал? 1)Шырыш асты парапроктит; 2)Негізі кең полип; 3)+ Геморрой түйіні; 4)Бүртікті ісік; 5)Тік ішек обыры;
Тест 0066 Науқас В. 32 жаста, қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне тәулігіне 20 ретке дейін қан аралас сұйық нәжіске, іштегі толғақ тәріңзді ауру сезіміне, дене температурасының 380С дейін жоғарлауына, сондай-ақ жалпы жағдайының нашарлауына, дене салмағының азаюына шағымданады. Анамнезінен: ауырғанына 3 апта болды. Науқаста қандай анағұрлым ықтимал диагноз қандай? 1) Гастроэнтерит; 2)Жуан ішек обыры; 3)Жуан ішек дискинезиясы; 4)+Спецификалық емес жаралы колит; 5)Созылмалы спастикалық колит;
Тест 0067 Науқас Л. 67 жаста, емханадағы хирургқа іштің кебуіне, дефекацияның қиындауына, үлкен дәреттен кейін ауру сезімі мен алқызыл қан мен шырыштың болуына шағымданды. Саусақпен тік ішекті тексергенде сфинктерден 8 см қашықтықта қуыстың тарылуымен түзіліс және анальді тесікте ауру сезімі анықталады. Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі бірінші кезекте? 1) Аноскопия; 2) Колоноскопия; 3) Ирригоскопия; 4) Рентгенография; 5)+ Ректороманоскопия;
Тест 0068 Науқас М. 32 жаста, емханадағы хирургқа эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне, қыжылдауға шағымданып келді. Ауырғанына 3 ай болды. Тамақ ішкеннен кейін ауру сезімі біршама басылады. Дәрігер эндоскопиялық зерттеу жүргізіп, 12 елі ішектің буылтығында өлшемдері 0,5х0,7 см ойық жара анықтады. Осы жағдайда анағұрлым орынды емдік тәсілі қандай? 1)Динамикада бақылау; 2) Санаторлы-курортты ем; 3)+Ойық жараға қарсы ем; 4)Сәйкес емдәмді ұстану; 5) Оперативті ем;
Тест 0069 Науқас И., 72 жаста емханадағы хирургқа іштің кебуіне, дефекация кезінде ауру сезіміне, үлкен дәреттен кейін ауру сезімі мен алқызыл қан мен шырыштың болуына шағымданады. Саусақпен тік ішекті тексергенде сфинктерден 5 см қашықтықта қуыстың тарылуымен түзіліс және анальді тесікте ауру сезімі анықталады. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал? 1)Көтеу; 2) Тік ішек полипі; 3)+ Тік ішек обыры; 4) Артқы тесік сызаты; 5) Параректальді жыланкөз;
Тест 0070 Науқас А., 56 жаста, емханадағы хирургқа тамақ ішкеннен кейін ауырлық сезімі мазалғанына, жеген тамақпен құсы болып тұрады, дене салмағын жоғалтқан. Анамнезінен 3 жыл бұрын эндоскопиялық зерттеу кезінде 12 елі ішектің ойық жарасы анықталған. Науқаста қандай асқынудың дамығаны анағұрлым ықтимал? 1) Тесілген ойық жара; 2) Ойық жара пенетрациясы; 3) Малигнизация; 4)+Қалтқы стенозы; 5) Пилороспазм;
Тест 0071 Науқас Е., 76 жаста хирургиялық бөлімшеге іштегі ауырсыну сезімімен жатқызылды. Хирург диагностикалық лапароскопияны тағайындады. Диагностикалық лапароскопия кезінде жуан ішектің ректосигмоидты бөлімінің аймағында ішек қабырғасында өлшемдері 2х3см болатын қапшық тәрізді түзіліс анықталды, сырт көзге өзгеріссіз. Осы жағдайда қандай диагноз анағұрлым ықтимал? 1) Полип; 2) Ішек ісігі; 3)+Ішек дивертикулы; 4)Бөгде зат; 5) Долихосигма;
Тест 0072 Науқас 67 жаста, қабылдай бөлімінің хирург дәрігеріне асқазандағы ауру сезіміне, тамақ ішкеннен күйдіру сезіміне, тамақтан кейін болып тұратын құсуына шағымданып келді. Эндоскопиялық зерттеу кезінде асқазанның пилороантральді бөлімінде диаметрі 5,0 см мүшенің қуысына қарай шығып тұрған түзіліс анықталады. Науқаста анағұрлым ықтимал ауруы қандай? 1) Асқазан ойық жарасы; 2) Асқазан обыры; 3) Менетрие ауруы; 4)Асқазан полипі; 5)+ Лейомиома;
Тест 0073 Науқас К., 78 жаста колоноскопия кезінде дивертикулдер байқалды. Эндоскопиялық зерттеу кезінде жуан ішектің дивертикулдары анықталды. Тоқ ішектің қай бөлімінде жиі орналасады? 1) Соқыр ішек; 2)+ Сигма тәрізді ішек; 3) Көлденең тоқ ішек; 4) Тоқ ішектің төмендеген бөлігі; 5) Тоқ ішектің жоғарлаған бөлігі;
Тест 0074 Науқас М. 76 жаста, қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне әлсіздікке, бас айналуға,оң мықын аймағындағы болып тұратын ауру сезіміне, 37,60С дейінгі температураға шағымданды. Анамнезінен ауырғанына 4 ай, жағдайының нашарлағанына 6 тәулік болды. Қарап тексергенде оң мықын аймағында ауру сезімді, шекаралары анық емес инфильтрат пальпацияланады. Қан анализінде: эритроциттер 3,0х1012, лейкоциттер 9,0х109, гемоглобин – 87 г/л, гематокрит – 29%. Науқаста қандай болжам диагнозы анағұрлым ықтимал? 1) Аппендикулярлы инфильтрат; 2) Меккел дивертикулының қабынуы; 3)Тоқ ішектің бұралуы; 4)Ішек инвагинациясы; 5)+Соқыр ішек обыры;
Тест 0075 Науқас М., 57 жаста, емхандағы хирург дәрігеріне әлсіздікке, бас айналуға, тәбетінің төмендеуіне шағымданды. Анамнезінен дене салмағының 7 кг-ға азайғанын байқаған. Қан анализдерінде: Нb-78 г/л, эритроциттер – 2,7х1012. Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі бірінші кезекте жасалуы тиіс? 1)Асқазан мен өңеш рентгеноскопиясы; 2)Қанның биохимиялық талдауы; 3)+ Эзофагогастродуоденоскопия; 4)Асқазан сөлінің талдауы; 5)Құрсақ уысының УДЗ;
Тест 0076 Науқас Ч., 69 жаста ирригоскопия кезінде жуан ішектің ректосигмоидты бөлімінде анальді сфинктерден 32 см қашықтықта тарылған бөлік және одан жоғары орналасқан бөліктердің кеңеюі анықталды. Диагнозды нақтылау үшін науқасқа қандай зерттеу әдісін жасау қажет? 1) Ректороманоскопия; 2)+ Колоноскопия; 3) Ультрадыбыстық зерттеу; 4) Компьютерлі томография; 5) Диагностикалық лапароскопия;
Тест 0077 Науқас Н. 55 жаста, хирургиялық бөлімшеге он екі елі шіектің ойық жара ауруы клиникасымен жатқызылды.ЭФГДС кезінде: іштің антральді бөлімінде диаметрі 1,8 см болатын жарасы бар,жуасының айқын девормациясы байқалады, 12 елі ішекке эндоскопы өтпей жатыр. Осы жағдайда қандай операция анағұрлым орынды? 1) Гастродуоденоанастомоз; 2)Артқы гастроеюноанастомоз; 3) Проксимальді ваготомия; 4)Бағаналы ваготомия; 5)+ Асқазан резекциясы;
Тест 0078 Науқас Д., 62 жаста, асқазанның кардиальді бөлімінің созылмалы каллезді ойық жарасы анықталды. Осы жағдайда қандай операция түрі анағұрлым тиімді? 1) Гастрэктомия; 2) Асқазанның субтотальді резекциясы; 3) Асқазанды өшіруге бағытталған резекция; 4) Үнемді асқазан резекциясы; 5)+ Проксимальді асқазан резекциясы;
Тест 0079 Әйел 34 жаста, хирургия бөлімшесіне өңештің күйіктен кейінгі стриктура (сірке қышқылын ішкен) көрінісімен жатқызылды. Анамнезінде 1 жыл бұрын суицид оқиғасы болған. Ертеректе науқасқа өңешті буждау жасаған. Түскен кезде дене салмағы 18 кг төмендеген, жүдеп кеткен, сусызданған. Осы науқасқа қандай ем тактикасы бірінші кезекте жасалуы тиіс? 1) Инфузиялық терапия өткізу; 2) Өңешті резекциялап, пластика жасау; 3)+ Тамақтандыру үшін гастростома салу; 4) Өңешті қайталап буждау; 5) Мойын эзофагостомасын салу;
Тест 0080 Ер адам 62 жаста, қалтқының субкомпенсацияланған стенозымен асқынған 12 елі ішектің созылмалы ойық жарасы көрінісімен түскен. Осы жағдайда науқасқа қандай ота түрі анағұрлым орынды? 1) Антрумэктомия; 2) Ойық жараларды кесіп алу; 3)+ Асқазан резекциясы; 4)Пилоропластикамен бірге бағаналы ваготомия; 5)Пилоропластикамен селективті проксимальді ваготомия;
Тест 0081 23 жасар әйелде стресстен кейін дисфагия, тамақ ішкеннен кейін төс артындағы ауру сезімі, лоқсу пайда болды. Анамнезінен: 3 ай ауырған. Науқаста төмендегі болжам диагноздардың қайсысы анағұрлым ықтимал? 1) Өңеш обыры; 2)+ Кардия ахалазиясы; 3)Өңеш дивертикулы; 4) Диафрагма жарығы; 5) Гастроэзофагеальді ауру;
Тест 0082 Ер адам 56 жаста, бірнеше жыл бұрын 12 елі ішектің ойық жара ауруының асқынуы себебінен операция - селективті проксимальді ваготомия болған. Қазіргі кезде эпигастрий аймағында тұрақты ауру сезімі мазалайды. Эндоскопиялық зерттеу кезінде ойық жара рецидиві бар. Бұл науқаста қандай ота түрі анағұрлым орынды? 1) Гастродуоденоанастомоз; 2) Гастроеюноанастомоз; 3)+ Асқазанның 2/3 бөлігінің резекциясы; 4) Антрумэктомия; 5) Гастрэктомия;
Тест 0083 Ер адам 72 жаста, хирургиялық бөлімшеге сол шап аймағында түзілістің барына шағымданып түсті. Қарап тексергенде: шап аймағында түзіліс өлшемдері 5,0х4,5 см, жұмсақ эластикалық консистенциялы, жөтел түрткісі оң. Ертеретк сол қиғаш шап жарығы себебіне операция жасалған. Осы жағдайда науқаста қандай пластика әдісін қолдану анағұрлым орынды? 1)Напалков; 2) Мартынов; 3)+ Лихтенштейна; 4)Руджи-Парлавеччио; 5) Жирар – Спасокукоцкий;
Тест 0084 Әйел П., емханаға хирургқа дефекация акті кезінде тік ішектің түсуіне шағымданып келді. Анамнезінен: ұзақ уақыт бойы терапевт дәрігеріне қаралып жүр. Науқас хирургиялық бөлімшеге жатқызылды.Төмендегі оталардың қайсысы осы ауруға анағұрлым орынды? 1) Тирш операциясы; 2) Уайтхед операциясы; 3)+ Клюммель-Зренин операциясы; 4) Сфинктеролеватеропластика; 5)Жамбас түбінің бұлшықеттерін қатайту;
Тест 0085 Науқас С. 56 жаста, хирургиялық бөлімшеге 1 ай ішінде эпигастрий аймағындағы жиі ауру сезіміне шағымданып жатқызылды.Асқазанның ойық жара ауруымен 9 жыл бойы ауырады. Анамнезінде 2 жыл бұрын қан кету болған. Түскен кезде соңғы ай бойы тұрақты ауру сезімі мазалайтыны айтты. Эндоскопиялық зерттеуде асқазан бұрышы аймағында диаметрі 2,0х1,5 см созылмалы ойық жара анықталды. Биопсияда: атипия анықталған жоқ. Науқасқа қандай ота түрікөрсетілген? 1) Антрумэктомия; 2) Асқазан ойық жарасын кесіп алу; 3)+ Асқазанның 2/3 бөлігінің резекциясы; 4) Проксимальді селективті ваготомия; 5) Асқазанның проксимальді резекциясы;
Тест 0086 Науқас П. 59 жаста, асқазанның созылмалы каллезді ойық жарасы анықталды. Осы жағдайда қандай анағұрлым тиімді операция түрі көрсетілген? 1)+ Асқазан резекциясы Бильрот–1 бойынша; 2) Асқазан резекциясы Бильрот–2 бойынша; 3) Проксимальді асқазан резекциясы; 4) Асқазанды өшіруге бағытталған резекция; 5) Сатылы асқазан резекциясы;
Тест 0087 56 жасар ер адамда диафрагма жарығы себебінен болған операция кезінде жарық қақпаларының жоқтығы, диафрагма ығысқан мүшелерден жоғары тұрғаны анықталды. Осы жағдайда қандай диагноз анағұрлым ықтимал? 1) Диафрагманың өңештік тесігінң жарығы; 2) Параэзофагеальді жарық; 3) Ларрей-Морганьи жарығы; 4)+Диафрагма релаксациясы; 5) Бохдалек жарығы;
Тест 0088 Әйел У., 28 жасар кардиоспазмның IV сатысы. Ұзақ консервативті терапия нәтижесіз. Науқас хирургия бөлімшесіне оперативті емге жатқызылған. Осы науқаста қандай ота түрі анағұрлым орынды? 1) Эзофагофундопексия; 2) Диафрагмокрурорафия; 3) Ниссен бойынша фундопликация; 4) Айналмалы өңеш-асқазандық анастомоз; 5)+ Өңеш резекциясы және одан кейінгі пластикасы;
Тест 0089 Ер адам 42 жаста, диафрагманың өңештік тесігінің жарығымен шақырылған рефлюкс-эзофагитті ұзақ уақыт бойынша консервативті ем қабылдауда, соңғы уақытта нәтижесіз. Анамнезінде қан кету болған. Осы жағдайда науқасқа қандай операция көрсетілген? 1) Бағаналы ваготомия; 2) Эзафагофундоанастомоз; 3)+ Ниссен бойынша фундопликация; 4) Асқазан резекциясы Бильрот-1 бойынша; 5) Проксимальді асқазан резекциясы;
Тест 0090 Ер адам 47 жаста, дисфагияға, төс артындағы ауру сезіміне шағымданады. Анамнезінде: 2 күн бұрын тамақ ішіп отырып байқаусызда сүйек жұтып қойған. Динамикада жағдайы нашарлаған. Өңештің зақымдануын диагностикалау үшін қандай зерттелуі анағұрлым мәліметті? 1) Торакоскопия; 2) Эзофагоскопия; 3)Кеудеаралық томографиясы; 4)Шолу рентгенографиясы; 5)+Контрастпен рентгеноскопия;
Тест 0091 Әйел С., 45 жаста проктология бөлімшесіне артқы тесік аймағындағы ауру сезіміне, тік ішектен іріңді бөліністің болуына шағымданып түсті. Ректальді зерттеу кезінде – созылмалы парапроктит белгілері. Анамнезінде: 2 ай бұрын жедел парапроктит бойынша операция жасалған. Төмендегілердің қайсысы үрдістің созылмалыға ауысудың анағұрлым ықтимал себебі болады? 1)+ Ішектен іріңдік қуысына баратын жыланкөздің болуы; 2) Көршілес шелмай кеңістікке іріңнің жарылуы; 3) Іріңді қуыстың жеткіліксіз санациясы; 4) Сфинктердің жеткіліксіздігі; 5) Қуыстың ерте жабылуы;
Тест 0092 Науқас К. 48 жаста, проктологиялық бөлімшеге жуан ішектің дивертикулезіне күмән туғызған науқас түсті. Түскен кезде ішек бойымен ауру сезіміне шағымданып, іш қату болып тұратынын айтты. Жуан ішектің дивертикулезін верификациялау үшін науқасқа қандай зерттеу әдісін жүргізу керек? 1)Аноскопия; +B Ирригоскопия; 3) Ректороманоскопия; 4) Компьютерлі томография; 5) Ультрадыбыстық зерттеу; Тест 0093 Әйел 54 жаста, емханадағы хирургке іштегі орташа ауру сезіміне, әлсіздікке, күшінің жоқтығына, дене салмағының жоғалуына шағымданып келді. Ауырғанына бір жыл болды. Қарап тексергенде: оң мықын аймағында ауру сезімді, тығыз өлшемдері 8,0х5,0 см, аз қозғалмалы түзіліс анықталды. Қан анализінде: эритроциттер 3,0х1012 , гемоглобин 103 г/л, гематокрит 29%, лейкоциттер 6,0х109 дене температурасы 36,70 С. Төмендегі диагноздардың қайсысы анағұрлым ықтимал? 1) Аппендикулярлы инфильтрат; 2) Соқыр ішектің бұралуы; 3)+Соқыр ішек обыры; 4) Инвагинация; 5) Нефроптоз;
Тест 0094 Науқас В. 35 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа дефекация кезінде қан кетуге шағымданып келді. Дефекацияның аяғында күнделікті 30 мл қан тамшылап ағады. Ауырғанына 1 ай болды. Науқаста төмендегі болжам диагноздардың қайсысы анағұрлым ықтимал? 1)Көтеу; 2) 12 елі ішек ойық жарасы; 3) Крон ауруы; 4) Тік ішек обыры; 5)+ Артқы тесік сызаты;
Тест 0095 Қабылдау бөліміне хирургқа 54 жастағы науқас П. 38,0 С дейін дене температурасының жоғарлауына, оң мықы аймағының тартып ауруына, бір реттік құсуға, тәулігіне 10-15 ретке дейін қан аралас сұйық нәжістің болуына шағымданып түсті. Анамнезінен бірнеше рет амбулаторлы емделген. Перитонеальді симптом дар оң. Қан анализінде: - лейкоцитоз 11,2 дейін, таяқша ядролы нейтрофилдер - 26%, ЭТЖ - 22 мм/ч, эозинофилдер - 0. Науқаста төмендегі болжам диагноздардың қайсысы анағұрлым ықтимал? 1)+ Крон ауруы; 2) Жедел аппендицит; 3) Жедел гастроэнтерит; 4) Бейспецификалық жаралы колит; 5)Шажырқай тамырларының тромбозы;
Тест 0096 Науқас А. 23 жаста, емханаға хирургқа түнде болатын тұншықтыратын, отырып ұйықтауға мәжбүрлейтін жөтелге шағымданып келді. Таңертең жастығы су болып тұрады. Науқаста қандай болжам диагноз анағұрлым ықтимал? 1)+ Кардиоспазм; 2) Бронхоспазм; 3) Өңеш стриктурасы; 4) Бронхоэктазды ауру; 5) Эзофаготрахеальді жыланкөз;
Тест 0097 Науқас М. 78 жаста, емханадағы хирургқа төс артындағы күйдіру, ауру сезімдеріне, қыжылдауға шағымданып келді. Анамнезінен: ұзақ уақыт бойы ауырады, соңғы жағдайының нашарлау 7 ай бойы. Төсекте жатқанда бұл көріністер күшейе түседі. Науқаста төмендегілердің қайсысы анағұрлым ықтимал? Date: 2015-07-01; view: 838; Нарушение авторских прав |