Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Хирургиялық инфекция 10 page
Тест 00190 Емханадағы хирургке 57-жастағы әйел оң аяқ сирағының күйдіруіне, дене қызуына, әлсіздікке, шөлдеуге шағымданып келді. 4-тәуліктен бері ауырады. Қарау барысында сирағының алдынғы беті нақты шектеліп қызарған, ісінген, инфильтрация, жергілікті гипертермия, терісі тартылып, көтерілген. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?1) Сирақ флегмонасы;2) Сирақ абсцесі;3) Аллергиялық есекжем;4)+ Сирақ тілмесі;5) Көлемді трофикалық жара;Тест 0191 Ер адам К., 42 жаста қабылдау бөліміне қайта үш күннен кейін әлсіздік, температураның көтерілуі мен жұтынғандағы ауру сезімге шағымданғанда жеткізілген. Анамнезінен бес күн бұрын балық сүйегіне қақалғанү Қабылдау бқліміне барған. Эндоскопиялық тексерісте өңеште бөгде зат табылмаған. Науқас үйге жіберілді. Тексергенде мойынның ісінуі, ауру сезімді, дауысының өзгеруі мен температура 39,50С., пульс 108 рет 1 мин, АҚ 100/70, ТЖ 22 рет 1 мин. Диагнозды нақтылау үшін төменде аталған қандай тексеру әдісін қолдану керек? 1) Қайталмалы эндоскопиялық зерттеу;2)+ Мойын мен кеуде бөлімінің рентгенографиясы;3) Қан сараптамасы; 4) Мойын мен кеуде бөлімінің УДЗ;5) Эзофагоманометрия;
Тест 0192 Әйел адам 57 жаста емхана хирургіне оң тізесінің күйдіргендей сезіміне, температура мен әлсіздікке, ыстыққа шағымданып келді. Тексергенде тізенің алдыңғы бетінде айқын шектелген гиперемия мен ісіну, инфильтрация мен жергілікті гипертермия, тері кернелген және көтерілген. Дәрігер тізенің тілмелі қабынуына шағымданды. Науқаста төменде аталған тілмелі қабынудың қай түрі? 1) Эритемалық-геморрагиялық;2) Эритемалық-буллезды;3)+ Эритемалық;4)Аралас;5) Буллезды;Тест 0193 Тест 00194 Емханадағы хирургке 65-жастағы әйел оң аяғының ісінуіне, ауырлық сезіміне шағымданып келді. Анамнезінде 2-ай бұрын оң аяғындағы сирағының тілмесімен ем қабылдаған. Қарау барысында: сирағы мен табаны көлемді бірдей ұлғайған, сирақ пен табан буыны тегістелген. Пальпация кезінде аздап ауырады. Науқаста қандай асқыну түрі байқалады?1) Көк тамыр жетіспеушілігі;2)Жедел тромбофлебит;3)+ Лимфедема;4) Флегмона;5) Артрит;Тест 00195 Емханадағы хирургке 63-жастағы әйел дене қызуының қалтырап жоғарылауына, әлсіздікке, үнемі шөлдеуге, терісіндегі бөртпеге шағымданып келді. 1-аптадан бері ауырады. Қарау барысында: склерасының сарғаюы, дене қызуы 39,80С, тері жабындысы бозғылт, ентіккен, тынысы минутына 26-рет, тамыр соғысы-100, АҚҚ 100/70мм с б. Қан анализинде: лейкоцитоз 21,0х1012, ЭТЖ 43 мм/с. Анамнезінде 1-ай бұрын сол аяғының тілмесімен емделген. Қарау барысында бүткіл сирағы ісініп, аздаған қабыршақтанған. Науқаста қандай асқыну дамыды? 1)+ Сепсис;2) Лимфедема;3)Жедел пневмония;4)Жедел тромбофлебит;5)Белгісіз генезді лихорадка;
Тест 00196 Емханадағы хирургке 33-жастағы әйел сол жақ қолтығының ауырғанына, дене қызуына шағымданып келді. Анамнезінен 2-аптадан бері ауырады, өздігінен ем қабылдаған, бірақ нәтижесіз. Қарау барысында сол жақ қолтық асты қызарған, тығыз көлемі 1,5х1,5см, тегіс емес, ауру сезімді, флюктуациялық аймақты түзіліс байқалады. Науқастың дұрыс диагнозы қандай?1) Лимфаденит;2)+ Гидраденит;3) Абсцесс;4) Липома;5) Атерома;Тест 00197 Емханадағы хирургке 33-жастағы әйел сол жақ қолтығының ауырғанына, дене қызуына шағымданып келді. Анамнезінен 2-аптадан бері ауырады, өздігінен ем қабылдаған, бірақ нәтижесіз. Қарау барысында сол жақ қолтық асты қызарған, тығыз көлемі 1,5х1,5см, тегіс емес, ауру сезімді, флюктуациялық аймақты түзіліс байқалады. Сіздің әрі қарайғы іс-әрекетіңіз?1) Пункция жасау;2) Мазьді компресс қою;3) УВЧ-терапиясына жіберу;4) Камфор спиртімен өңдеу;5)+ Жергілікті жансыздандырумен ашу;Тест 00198 32-жастағы Ж науқасқа ретромаммарлы мастит диагнозы қойылған. Осы жағдайда қандай рациональді тілік жасалады? 1)Емізік маңынан радиарлы; 2)Емізік маңынан циркулярлы; 3)+Сүт безінің төменінен жартылай сопақша; 4)Сүт безінің жоғарғы жағынан жартылай сопақша; 5)Сүт безінің сыртқы жағынан жартылай сопақша;
Тест 00199 44-жастағы Л. түскі үзіліс кезінде үйінде табанын күйіп алған, жұмыскерге қандай уақытша жұмысқа жарамсыздық себеп болуы мүмкін? 1) Аяқ астынан болған жарақат; 2) Үйдегі келеңсіздік жағдай; 3)+ Ұйымдағы келеңсіздік жағдай; 4) Жұмысқа келе жатқандағы келеңсіздік жағдай; 5) Жұмыстан қайтқандағы келеңсіздік жағдай;
Тест 0200 Науқас 38 жаста., деструктивті панкреатит парапанкреатикалық инфильтрат ауруымен он үшінші күні гектикалық температура, тахикардия, формуланың солға жылжуымен лейкоцитоз, қалтырау, эпигастрии аймағындағы ауру сезімді ифильтраттың 15х20 см дейін үлкеюі пайда болды. Дәрігер шажырқайлы қалтанығ абцессіне күмәнданды. Сіздің емдеу тактикаңық? 1) Антибиотиктерді ауыстыру; 2) Инфильтрат пункциясын жасау; 3) УДЗ бақылауында дренаждау; 4)+ Жартылай ашу әдісімен ашып дренаждау; 5) Жабық әдіспен ашып дренаждау;
Date: 2015-07-01; view: 475; Нарушение авторских прав |