Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Торакальная хирургия 1 page





Тест 001

Науқас П, 29 жаста, қабылдау бөліміне кеуде торының оң жақ бөлігіндегі ауру сезіміне шағымданып түсті. Анамнезінен 2 күн бұрын жұмысында баспалдақтан құлаған. Қарап тексергенде артқы қолтық сызығы бойымен 5,6 қабырғалар проекциясында қатты ауру сезімі, алдыңғы кеуде қабырғасына оң қабырға астына дейін таралатын тері асты крепитация анықталады. Науқастың бастапқы диагнозы қандай болуы ықтимал?

1)+ Оң жақ 5-6 қабырғаның жабулы сынуы;

2) Кеуде торының соғылуы және теріасты эмфизема;

3) Кеуде торының соғылуы және қуысты мүшенің зақымы;

4) бауыр мүшенің зақымдалуы мен 5-6 қабырғаның жабулы сынуы

5) Кеуде торының соғылуы және кернелген клапанды пневмоторакс;

 

Тест 002

Науқас П, 29 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа кеуде торының оң жақ бөлігіндегі ауру сезіміне шағымданып түсті. Анамнезінен 2 күн бұрын жұмысында баспалдақтан құлаған. Қарап тексергенде артқы қолтық сызығы бойымен 5,6 қабырғалар проекциясында қатты ауру сезімі, алдыңғы кеуде қабырғасына оң қабырға астына дейін таралатын тері асты крепитация анықталады. Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі бірінші кезекте жасалуы тиіс?

1) Кеуде торы мүшелерінің КТ;

2)Кеуде торы мүшелерінің УДЗ;

3)+Кеуде торы рентгенографиясы;

4)Құрсақ қуысы лапароскопиясы;

5)Плевра қуысының торакоскопиясы;

 

Тест 003

Науқас еркек И. 39 жаста, хирургия бөліміне хирургқа ауыр жағдайда жеткізілді, жауырын және артқы қолтық сызық бойымен екі жақты қабырғаның сынуы бар (оң жақтан 4 қабырға, сол жақтан – 3 қабырғ1), кеуде торының алдыңғы қабырғасында айқын теріасты эмфизема бар. Пневмоторакс пен гемоторакстың клиникалық және рентгенологиялық белгілері жоқ. Төмендегілердің қайсысы осы жағдайда анағұрлым дұрыс?

1) Науқасты динамикалық бақылау

2) Екі плевра қуысын дренаждау

3)Сол жақ плевра қуысын дренаждау

4)Кеуде торы мен мойын терісінде кең тіліктер жасау

5)+ Кеуде торының теріасты шелмайына Дюфо инелерін енгізу

 

Тест 004

Науқас әйел А. 34 жаста көлік апатына ұшырады. Қабылдау бөлімшесінің хирургқа ауыр жағдайда жеткізілді: қан түкіру, ентігу, кеуде торының оң бөлігінің парадоксальді қозғалысы. Рентгенологиялық зерттеуде пульстің минутына 120 соғуы, толуы мен кернеулігі әлсіз, 3 сызық бойымен сынған, оң жақ 4 қабырғаның сұйықтық деңгейі, АҚ – 90/60 мм.рт.ст, оң жақтан бұғана ортаңғы және ортаңғы қолтық сызығы бойынша 4,5,6,7 қабырғаның терезелі сынуы, IV қабырғаның сынығының орнынан қозғалуы анықталды. Қанның құрамында: эритроциттер 2,9х1012, гемоглобин 98 г/л, гематокрит 31%. Плевра қуысының пункциясы кезінде шприц ішінде ұйып қалатын қан алынды, шприцке ауа еркін жиналады. Науқастың осындай ауыр жағдайы немен шақырылған?

1)+ Аралас генезді есеңгіреу, жалғасып жатқан плевра ішілік қан кету;

2) Геморрагиялық шок, тоқтаған плевра ішілік қан кету;

3) Жарақаттық шок, жалғасып жатқан плевра ішілік қан кету;

4) Көптеген қабырғалардың жабық сынуы оң жақтан, өкпенің зақымы;

5) Оң жақ қабырғаларының көптеген сынуы және пневмоторакс клапоны;


 

Тест 005

Науқас еркек М. 19 жаста, 3 сағат бұрын кеуде клеткасының сол бөлігінің пышақталған жарақатын алды. Жағдайы ауыр. Ес-түсі бұлыңғыр, тері жамылғысы боз, ерін цианозы, мойын веналары ісінген.. АҚ – 80/20 мм.рт.ст. Шеткі тамырларда пульс анықталмайды. Кеуде торының жарасының ұзындығы см, сол төс маңы сызық бойымен III-қабырғааралықта орналасқан. Сол өкпеде тыныс әлсіреген. Осы клиникалық көрініске төмендегілердің қайсысы тән?

1) Өкпе зақымы және жарақаттық шок;

2) Бас миының соғылуы және кеуде торының кесілген жарасы;

3)+ Кеуде торының енген жарақаты және жүрек жарақаты;

4)Кеуде торының енген жарақаты және гемопневмоторакс;

5)Бас миының соғылуы және кеуде торының енген жарақаты;

 

Тест 006

Науқас еркек М. 19 жаста, 3 сағат бұрын кеуде клеткасының сол бөлігінің пышақталған жарақатын алды. Жағдайы ауыр. Ес-түсі бұлыңғыр, тері жамылғысы боз, ерін цианозы, мойын веналары ісінген.. АҚ – 80/20 мм.рт.ст. Шеткі тамырларда пульс анықталмайды. Кеуде торының жарасының ұзындығы см, сол төс маңы сызық бойымен III-қабырғааралықта орналасқан. Сол өкпеде тыныс әлсіреген. Осы клиникалық көрініс төмендегілердің қайсысына тән?

1) Плевра қуысының пункциясы және оттегі ингаляциясы

2) Перикард пункциясы және динамикада бақылау

3) Қан және тұзды ерітінділерді құю

4) Көктамырішілік инфузионды терапия

5)+ Сол жақты торакотомия жасау

 

Тест 007

Науқас әйел А. 45 жаста 4 сағат бұрын оң жақ кеуде торының көптеген пышақталған жарақатын алған. Жедел жәрдем дәрігерінің айтуы бойынша оң жақ кеуде торынан жауырын сызығы бойынша 4 қабырғаралықтағы жарадан айқын қан кету болған. Пульс 92 соғу минутына, толуы мен кернеулігі қанағаттанарлық. АҚ – 120/70 мм.рт.ст. Кеуде торының рентгенографиясында гемопневмоторакс жоқ. Осы жағдайда қандай емдік әдіс анағұрлым бірінші кезекте орындалуы тиіс?

1) Оңжақтық торакотомия

2) Оң плевра қуысының пункциясы

3) Диагностикалық торакоскопия

4)+ Жараны біріншілік хирургиялық өндеу

5)Оң плевра қуысын дренаждау

 

Тест 008

Науқас еркек Т. 56 жаста сол жақ кеуде торының тесіп өткен оқ жарақатын (тапаншадан) алған. Жағдайы ауыр. Торакоабдоминальді жарақат алғанына күдік бар. Жарақат құрсақ қуысына кiредi, науқасқа жарақат ПХО-сы орындалды. Кеуде торының рентгенографиясында сұйықтық деңгейi 8 қабырғаға дейiн. Лапаротамия жасалынды. Плевра қуысының пункциясы кезінде 0,5 л сұйық қан алынды. Тексергенде асқазанның кардиальді бөлігінің және бауырдың сол бөлігінің тесіп өткен жарақаты анықталды. Асқазан мен бауыр жарақаттары тігілді. Содан соң плевра қуысынының құрғатуы орындалды. Осы жағдайда хирург бірінші кезекте қандай іс-әрекет орындау керек еді?


1)+ Плевра қуысын құрғатудан бастау

2) Торакотомиядан және диафрагманы тігуден бастау

3) Диагностикалық торакоскопиядан бастау

4)Диагностикалық торакоцентезден бастау

5)Плевра қуысының пункциясынан бастау

 

 

Тест 009

Ауыр жағдайда түскен 43 жасар Э. науқаста қабрығалардың сынуы (сол жақтан – 5, оң жақтан – 4), айқын теріасты эмфизема, екі жақты пневмоторакс анықталды. Осы жағдайда қандай емдік әдіс бірінші кезекте орындалуы тиіс?

1) Үнемі оксигенация жасау және жансыздандыру

2) Теріасты шелмай қабатына Дюфо инелерін енгізу

3)+ Екі плевра қуысын құрғату

4) Трахеостома салу және пункция жасау

5)Екі жақтан торакоскопия жасау

 

Тест 0010

Науқас еркек С., 23 жаста қабылдау бөлімшесіне оң жақ кеуде торының ауруына шағымданған. Анамнезден: 3 сағат бұрын құлап оң жақ кеуде торының жарақатын алған. 3 қабырғаның сынуы, оң жақты гемопневмоторакс анықталды. Бұғана ортаңғы сызық бойымен 2-қабырғааралықта плевра қуысын құрғату жасалды. Бақылау барысында жағдайы біршама жақсарды. Бақылау рентгенографиясында оң өкпе толық жазылмаған, диафрагма үстінде кең горизонтальді сұйықтық деңгейі қалып тұр. Осы жағдайда қандай хирургиялық әдіс анағұрлым дұрыс болып табылады?

1) Оң жақты торакотомия

2) Дренажға белсенді аспирацияны қосу

3) Алдында қойылған дренажды ауыстыру

4) Қан мен ауаны сору үшін плевра қуысының пункциясы

5)+ Плевра қуысын 7-қабырғааралықта құрғату

 

Тест 0011

Науқас С. 31 жаста кеуде торының енген жарақатымен 8 күннен кейін түсті. Зерттеп тексергеннен кейін диагноз қойылды: Оң жақтан кеуде торының енген жарақаты, оң жақтық ұйып қалған гемоторакс. Осы жағдайда қандай емдік әдіс анағұрлым дұрыс болып табылады?


1)+ Торакотомия

2) Плевра қуысының пункциясы

3) Плевра қуысын дренаждау

4) Қосарланған антибактериальді терапия

5) Ферменттерді плевра ішіне енгізу

 

Тест 0012

Науқас И. 49 жаста 1 тәулік бұрын оң жақ кеуде торының пышақталған жарақатын алған. Түскен кезде жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Боз, АҚ – 110/70 мм.рт.ст., пульс – 88 соғу минутына, қасиеттері қанағаттанарлық. Оң өкпе үстінде тыныс әлсіреген. Кеуде торының рентгенограммасында 7 қабырғааралыққа жететін сұйықтық деңгейі анықталады. Бақылау пункциясы кезінде сұйық қан алынды. Рувиула-Грегуар сынамасы теріс. Қан шприцта ұйымайды.Бұл нені көрсетеді?

1) Ұйыған оң жақты гемоторакс;

2) Плевра қуысынң іріңдеуі;

3) Жалғасып жатқан қан кету;

4)+ Тоқтаған қан кету;

5) Өқпе және бронхтар зақымы;

 

Тест 0013

Науқас И. 49 жаста 1 тәулік бұрын оң жақ кеуде торының пышақталған жарақатын алған. Түскен кезде жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Боз, АҚ – 110/70 мм.рт.ст., пульс – 88 соғу минутына, қасиеттері қанағаттанарлық. Оң өкпе үстінде тыныс әлсіреген. Кеуде торының рентгенограммасында 7 қабырғааралыққа жететін сұйықтық деңгейі анықталады. Бақылау пункциясы кезінде сұйық қан алынды. Рувиула-Грегуар сынамасы теріс. Қан шприцта ұйымайды.Осы жағдайда қандай емдік әдісі анағұрлым дұрыс болып табылады?

1) Дереу торакотомия

2)+ Плевра қуысын оң жақтан құрғату

3) Оң жақтан торакоцентез жасау

4) Оң жақтан торакоскопия жасау

5) Қайталанбалы плевра қуысының пункциясы

 

Тест 0014

Пневмотораксы бар 44 жасар науқасқа Бюлау бойынша оң жақ плевралық құрғату жасалған. Алдыңғы уақытта түтіктер бойынша ауа көпіршіктері молынан шыққан. 4-тәулікте түтік бойынша ауа шыққан жок, оның дистальді бөлігінде тыныс алу қозғалысына және жөтелге әсер етпейтін сұйықтық бағаны бар. Рентгенограммада өкпе жазылған. Осы жағдайда сіздің әрі қарай әрекетіңіз қандай?

1)+ Құрғатуды алып тастау

2) Дренажды антисептикпен жуу

3)Герметикалық тігіс салу

4)Дренажды қайта қою

5) Плевра қуысының пункциясын жасау

 

Тест 0015

Науқас еркек П., 45 жаста үйдің 7-қабатынан құлаған, ауыр жағдайда жеткізілді. Сол жақ және басты бронхтың жыртылуы анықталды. Науқасқа операция жасау шешімі қабылданды. Осы жағдайда қандай хирургиялық тілік анағұрлым оңтайлы?

1) Стернотомия

2) Медиастинотомия

3)+ Бүйір торакотомия

4) Алдыңғы торакотомия

5) Көлденең торакотомия

 

Тест 0016

Науқас еркек Р., 23 жаста 2 сағат бұрын оң жақ кеуде торына енген пышақ жарақатын алған. Ауыр жағдайда түсті. Боз АҚ – 90/60 мм.рт.ст., пульс – 112 соғу минутына, толуы мен кернеулігі әлсіз, ритмді. Оң өкпе үстіндегі тыныс әлсіз. Кеуде торының рентгенографиясы кезінде жауырын бұрышына дейін жететін кең сұйықтық деңгейі анықталады. Пункция кезінде қан алынды. Рувиула-Грегуар сынамасы оң. Осы жағдайда қандай емдік әдіс анағұрлым дұрыс болып табылады?

1)+ Дереу торакотомия

2) Қайталанбалы плевра қуысының пункциясы

3) Плевра қуысын дренаждау

4) Диагностикалық торакоскопия жасау

5) Диагностикалық бронхоскопия жасау

 

Тест 0017

Науқас еркек Ф., 17 жаста хирургиялық бөлімшеге оң жақ кеуде торындағы ауру сезіміне, ентігуге, әлсіздікке шағымданып түсті. Бұл көрініс спорт жаттығуларынан кейін пайда болған. Объективті: ортоп байқалады, тері жамылғысының цианозы. Перкуссия кезінде оң жақ кеуде торында қорап тәрізді дыбыс, аускультация кезінде оң өкпе үстінде тыныс естілмейді. ТЖ 28 рет минутына. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

1) Буллезді эмфизема

2) Кеуде аралық эмфиземасы

3) Бронхоэктазды ауру

4) Оң жақтан кеуде торының соғылуы

5)+ Оң жақтан спонтанды пенвмоторакс

 

 

Тест 0018

Науқас Ф., 17 жаста хирургиялық бөлімшеге оң жақ кеуде торындағы ауру сезіміне, ентігуге, әлсіздікке шағымданып түсті. Бұл көрініс спорт жаттығуларынан кейін пайда болған. Объективті: ортоп байқалады, тері жамылғысының цианозы. Перкуссия кезінде оң жақ кеуде торында қорап тәрізді дыбыс, аускультация кезінде оң өкпе үстінде тыныс естілмейді. ТЖ 28 рет минутына. Кеуде торының рентгенографиясында оң өкпе коллапсы. Осы жағдайда плевра қуысын құрғатудың қай түрі көрсетілген?

1) Ортаңғы қолтық сызығы бойынша 6-қабырғааралықта

2)+ Бұғана ортаңғы сызық бойынша 2-қабырғаралықта

3) Артқы қолтық сызығы бойынша 7-қабырғааралықта

4) Артқы қолтық сызығы бойынша 8-қабырғааралықта

5) Қолтық сызығы бойынша 2- және 8-қабырғааралықта

 

Тест 0019

Науқас әйел А. 34 жаста көлік апатына ұшырады. Қабылдау бөліміне хирургқа ауыр жағдайда жеткізілді: қан түкіру, ентігу, кеуде торының оң бөлігінің парадоксальді қозғалысы. Рентгенологиялық зерттеуде пульстің минутына 120 соғуы, толуы мен кернеулігі әлсіз, 3 сызық бойымен сынған, оң жақ 4 қабырғаның сұйықтық деңгейі, АҚ – 90/60 мм.рт.ст, оң жақтан бұғана ортаңғы және ортаңғы қолтық сызығы бойынша 7 қабырғаның терезелі сынуы, IV қабырғаның сынығының орнынан қозғалуы анықталды. Плевра қуысының пункциясы кезінде шприц ішінде ұйып қалатын қан алынды, шприцке ауа еркін жиналады. Қандай емдік әдіс осы жағдайда анағұрлым бірінші кезекті?

1) Торакоцентез оң жақтан;

2) Торакоскопия оң жақтан;

3)+ Торакотомия оң жақтан;

4)Дренаж қою;

5)Қайталамалы пункция;

 

Тест 0020

Төмендегілердің қайсысы жас адамдарда біріншілік идиопатиялық (спонтанды) пневмоторакс себебі бола алады?

1)Өкпе туберкулезі;

2)Жиі вирусты инфекция;

3)Спортпен белсенді шұғылдану;

4)Ерте жастан ұзақ шылым шегу;

5)+Тұқым қуалайтын аурулар;

 

Тест 0021

Төмендегңлердің қайсысы жас адамдарда екіншілік идиопатиялық (спонтанды) пневмоторакс себебі бола алады?

1)+Өкпе туберкулезі;

2)Өкпенің біріншілік эмфиземасы;

3)Спортпен белсенді шұғылдану;

4)Ерте жастан ұзақ шылым шегу;

5)Жиі вирусты инфекция;

 

Тест 0022

Екі немесе одан да көп анатомиялық зонаның зақымдануы қандай жарақат түріне жатады?

1) Үйлескен

2)+ Қосарланған

3) Оқшауланған

4) Ашық

5) Жабық

 

Тест 0023

Қосарланған жарақат кезінде жалған абдоминальді синдром себебі неде?

1) Жамбас-сан буынының шығуы

2) Ортан жіліктің ұршық арқылы сынуы

3)+ Орта-төменгі аймақта кеуде жарақаты қабырғалардың сынуымен

4) Төс сүйегінің сынуы мен кеудеаралықтың жарақаты

5) Омыртқа бағанасының мойын-кеуде бөлігін жаралау

 

Тест 0024

Науқас еркек Д., 35 жаста кезекшi клиниканың қабылдау бөлімшесіне оң жақ кеуде торының ауруына, мойын веналары ісінген, цианоз, ентігуге шағымданғандықтан жеткізілді. Тексеріс кезінде 3 қабырғааралық кеуде шеті 1,0 см тегіс бөлік жарақаттанған,. Жіп тәрізді пульс, АҚ – 80/40 мм.рт.ст., Дәрігер жүрек тампонадасына күдіктеніп, ота жасау бөлімшесінде 4 қабырғааралық кеуде шетіне перрикард пункциясын жасады,сонымен бірге инені кеуде артынан ішіне 1,5 см-ге бағыттады. Осы жағдайда дәрігер қандай перикард пункция амалын қолданды?

1) Ларрея тәсілі;

2) Марфана тәсілі;

3) Куршмана тәсілі;

4)+ Пирогова-Делорма;

5) Рувилуа-Грегуара

 

Тест 0025

Науқас әйел А. 34 жаста көлік апатына ұшырады. Қабылдау бөліміне хирургқа ауыр жағдайда жеткізілді: ентігу, әлсіздік, кеуде торының жарақатына шағымданған. Тексеріс кезінде; оң жақ 3-4 қабырғалардың аурушандығы, тері асты крепитация және кең көлемді жаралану байқалды. Оң жақта тыныс алу нашарланды. Рентгенологиялық зерттеуде пульстің минутына 109 соғуы, сұйықтық деңгейі үлкен емес,плевра қуысында ауа бар, өкпенің 2/3 қысылған, АҚ – 90/60 мм.рт.ст, оң жақтан бұғана ортаңғы және ортаңғы қолтық сызығы бойынша 4 және 5 қабырғаның терезелі сынуы. Қанның құрамында: эритроциттер 3,9х1012, гемоглобин 128 г/л, гематокрит 35%. Науқастың диагнозы қандай болуы ықтимал?

1) Оң жақтағы 4-5 қабырғаларының ашулы сынуы, тері асты эмфизема,

2) Оң жақтағы 4-5 қабырғаларының жабулы сынуы, пневмоторакс, тері асты эмфизема;

3) Оң жақтағы 4-5 қабырғаларының жабулы сынуы, гемоторакс, тері асты эмфизема, анемия;

4)+ Оң жақтағы 4-5 қабырғаларының жабулы сынуы, гемопневмоторакс, плевропульмоналдық шок;

5) Оң жақтағы 4-5 қабырғаларының ашулы сынуы, гемопневмоторакс, геморрагикалық шок;

 

Тест 0026

Науқас Д., 42 жаста, іштің және оң жақ кеуде торларының ауруына шағымданып хирургиялық бөлімшеге түсті. 12 сағат бұрын төбелес кезінде жарақаттанған. Тексеріс кезінде; кең көлемді гематома, кеуде торларының және оң жақ белдің бөлігі зақымданған,өкпенің тыныс алуы нашарланған, реңі боз, іші қатайған. Пульстің минутына 100 соғуы, АҚ – 100/70., Кеуде торларының рентгенографиясында 10 қабырға сынып, орнынан қозғалмауы анықталды. Науқас жедел операцияға алынды, онда құрсақ қуысында аздаған көлемде өт, көлденең тоқ ішек шажырқайының түбірінің, гепатодуоденальді байламның өтпен имбибициясы анықталды. Осы жағдайда қандай мүшенің зақымдануы анағұрлым ықтимал?

1)+ 12 елі ішек зақымы

2) Бауырдың және өт жолдарының жыртылуы

3) Асқазан және ішектің зақымы

4) Ұйқы без зақымы

5) Көлденең тоқ ішек зақымы

 

Тест 0027

Науқас еркек Ч, 27 жаста хирургиялық бөлімшеге көкірек торларының оң жақ бөлігіндегі ауруға шағымданып түскен,әлсіздік, ентігу. Анамнезден; түнде көшеде соққыға жығылды. Объективті; 5 қабырға проекциясы зақымдануы, тері асты эмфизема, перкуссия кезіндегі қорапшадағы дыбыс, аускультация кезінде оң жақ өкпенің тыныс алуы бәсендеді,ЖСЖ минутына 18, Рентгенографияда оң жақ қабырғаларының 4,5 сынуы, өкпенің 1/3 қысылған,сұйықтық деңгейі байқалмады.Осы жағдайда сіздің емдеу әдісіңіз қандай?

1) Ортаңғы қолтық сызығы бойынша 2-қабырғааралықты дренаждау;

2) Алдыңғы аксилляр сызығы бойынша 7-қабырғааралықты дренаждау;

3) Артқы аксилляр сызығы бойынша 7-қабырғааралықты пункция;

4)+ Ортаңғы қолтық сызығы бойынша 2-қабырғааралықты пункция;

5)Антибиотиктар тағайындау, тыныс алу гимнастикасы;

 

Тест 0028

Науқас еркек Ч, 27 жаста хирургиялық бөлімшеге оң жақ көкірек торларының ауруына шағымданған, әлсіздік, ентігу. Анамнезден; түнде көшеде соққыға жығылды. Объективті; 5 қабырға проекциясы зақымдануы, тері асты эмфизема, перкуссия кезіндегі қорапшадағы дыбыс, аускультация кезінде оң жақ өкпенің тыныс алуы бәсендеді,ЖСЖ минутына 18, Рентгенографияда оң жақ қабырғаларының 4,5 сынуы, өкпенің 1/3 қысылған,сұйықтық деңгейі байқалмады. Дәрігер плевралдық қуыс пункциясын жасады. 2 күннен кейін қорытынды тексеріс кезінде ауа азайды, бірақ өкпе толығымен ашылмады.Осы жағдайда сіздің әрі қарай іс-әрекетіңіз қандай?

1)+ Диагностикалық торакоскопия жасау

2) 2 және7 қабырғааралықта пукцияны орындау

3) Дереу торакоскопия жасау

4) 2 қабырғааралықта дренаждау

5) 2 қабырғааралықта қайталанбалы пункциясын жасау

 

Тест 0029

Науқас Е., 43 жаста, 2 сағат бұрын кеуде торларының оң жақ бөлігіне пышақ жарақатын алды. Ауыр жағдайда хирургиялық бөлімшеге жеткізілді, реңі боз, АҚ – 100\60 мм рт.ст., пульс 1 мин. 100 рет, үйреншікті, бәсеңдеуі және серпінділік.Оң жақ өкпеде тыныс алу нашарланды. Қанның құрамында: эритроциттер 3,0х1012, гемоглобин 87 г/л, гематокрит 28%. Кеуде торларының рентгенографиясы кезінде 7 қабырғааралыққа дейін сұйықтық деңгейі анықталады,Осы жағдайда төмендегілерден ең бастапқысы не?

1) Жедел алдыңғы-шеткі торакатомия

2)+ Рувилуа-Грегуардың пробасын анықтау және пункция

3) 2 дренажбен плевралды қуысты құрғату

4) Дереу торакоскопия диагностикасын жүрізу

5) Жараның хирургиялық өндеуін жасау

 

Тест 0030

Науқас еркек О, 34 жаста қабылдау бөлімшесіне хирургқа кеуде торларының ауруына,ауаның жетіспеушілігіне шағымданып, ауыр жағдайда жетқізілді. Науқас жұмыс орнында шатырдан құлап түсті.Тексеріс кезінде реңге тараулы кең көлемді тері асты эмфизема, мойын, цианоз,кеуде торлары,дауыстың өзгеруі анықталған.15 минут ішінде науқастың эмфиземасы ішке таралды. Науқастың бастапқы диагнозы қандай?

1) Өкпенің жыртылуы

2) Асқазанның жыртылуы

3) Бауыр еттің жыртылуы

4)+ Трахея және бронхтардың жыртылуы

5) Париеталды плевраның жыртылуы

 

Тест 0031

Науқас еркек У., 65 жаста, қабылдау бөлімшесіне хирургқа сол жақ кеуде торларының ауруына, жөтел, қан түкірумен жеткізілді. 10 сағат бұрын баспалдақтан құлап түсті.Тексеріс кезінде реңдегі цианоз,кеуде торларының жоғарғы шетіндегі кең көлемді жарақат,тері асты крепитация, сол жақ 5 қабырға проекциясында аурушандық. Рентгенографияда сұйықтық деңгейі 8 қабырғаға дейін баратын 5 қабырғаның сынуы бар. Дәрігер пункция кезінде шприц ішінде ұйып қалмайтын қан алды. Ол нені меңзеп тұр?







Date: 2015-07-01; view: 568; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.057 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию