Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Хирургиялық инфекция 7 page





2) Ортаңғы фалангтың алақандық беті

3) Негізгі фалангтың алақандық беті

4) Тырнақтық фалангтың сыртқы беті

5) Дистальді фалангтың бүйірлік беті

 

Тест 0047

Қабылдау бөлімінің дәрігеріне 44 жастағы ер адам оң қолдың 3 саусағының теріастылық панариций себебінен емханада 4 апта емделгеннен кейін келді. Қарап тексергенде дәрігер науқаста сүйектік панарицийдің барына күмәнданды. Төменде көрсетілген зерттеу әдістердің қайсысы науқасқа осы жағдайда көрсетілген?

1) Ультрадыбыстық зерттеу жүргізу

2)Түймелік зондпен жараны зерттеу

3)Жараны кеңейту, бактериологиялық зерттеуге материал алу

4)Капилляроскопия жасау

5)+Рентгенография жасау

 

Тест 0048

Қай жағдайларда іріңді үрдіс Пирогов-Пирон кеңістігіне таралуы мүмкін?

1)1 саусақтың сіңірлік панарицийінде

2)+1 және 5 саусақтардың сіңірлік панарицийінде

3)1 және 5 саусақтардың теріастылық панарицийінде

4)1 және 2 саусақтардың сіңірлік панарицийінде

5)3 және 5 саусақтардың сүйектік панарицийінде

 

Тест 0049

Төмендегілердің қайсысы эризепелоид емінде қолданылады?

1)Тұзды ванналарды қолдану

2)Майлы таңғыштарды қолдану

3)Іріңдіктерді кеңінен ашу

4)+ Иммобилизация және УКТ

5) Антисептиктермен таңғыштар

 

Тест 0050

Жара инфекциясы бар науқастарда төмендегілердің қайсысы сипатының клиникалық диагностикасында негізгі болып табылады?

1) Қалтыраумен бірге температураның көтерілуі

2) Ауру сезімі, ісік және жергілікті гиперемия

3) Тәбеттің жоғалуы және әлсіздік

4) Жоғары температураның болуы

5)+ Жара бөліндісінің сипаты

 

Тест 0051

Емхана дәрігеріне 32 жастағы науқас С. иықтың ортаңғы 1/3 бөлігінің керіп ауыратынына, ісінуіне, жоғары температураға шағымданып келді. 1 апта бұрын иық аймағына пышақталған жарақат алған. Жарақат пунктында жараның жараны тіккен, әрі қарай амбулаторлы емделген. Қарап тексрегеннен кейін дәрігер жараның іріңдегенін анықтады. Осы жағдайда іріңді асқынудың анағұрлым ықтимал себебі қандай?

1) Науқас ағзасының төмендеген реактивтілігі

2) Физиоем мен витаминотерапия жасалмаған

3) Антибактериальді терапия тағайындалмаған

4)+ Жараның біріншілік хирургиялық өндеуінің ережесі бұзылған

5) Басынан-ақ микрофлораның жоғары вируленттілігі

 

Тест 052

Науқас А., 45 жаста, оң санының ауырсынуы мен ісіну шағымдарымен хирургияның қабылдау бөліміне түсті. Бір апта бұрын жұмысында оң сан жарақатын алды. Тоғызыншы тәулікте температураның 38,70С ға дейін көтерілуін және сан ісініуін байқады. Тексергенде: оң санның с/3 және н/3 ісінуі, жайылған гиперемия, ауру сезімі бар. АҚ 100/60, пульс 94 /мин., ЧД 22 / мин.,қандағы лейкоциттер саны 14,0х109. Науқаста ең ықтимал диагноз?

1)+Сан флегмонасы;

2)Жұмсақ тіндердің жарақаты;

3)Тілмелі қабыну;

4)Жедел тромбофлебит;

5) Іріңдеген сан гематомасы;

 

Тест 053

Төменде аталғандардың қайсысы науқаста іріңді қабынулық асқынудың дамып жатқанын көрсетеді?

1) Лимфангит көріністеріның қосылуы;

2) Терең веналар тромбофлебитының қосылуы;

3)Инфильтраттың тығыздалуы, ауырсыну мен температура;

4)Лейкоцитоздың көтерілуі және инфильтраттың тығыздалуы;

5)+Инфильтраттың жұмсаруы, ауырсынудың күшеюі және температура;


 

Тест 054

Әйел адам И., 58 жаста емханаға сол жақ қолтық асты аймағында ауру сезімі және тығыздалған түзіліс пайда болғанын және температураның 37,90С ға дейін көтерілгенін байқап, шағымданып келді.Төрт күн бойы ауырып келе жатыр. Тексергенде: гиперемия, 2,0х1,5 см көлемді тығыз ауру сезімді түзіліс. Ең ықтимал диагноз?

1) Абсцесс;

2) Туберкулез;

3)+ Гидраденит;

4) Карбункул;

5) Флегмона;

 

Тест 055

Ер адам А., 65 жаста, қабылдау бөліміне оң сан аймағындағы ауру сезіміне, әлсіздік, температураның 38-390С дейін көтерілуі, кешкілік дененің қалтырауы. Аптаа бойына жағдайының нашарлауы. Анамнезінен: үш апта бұрын жұмыста оң сан жарақатын алды. Тексергенде: оң санның с/3 және н/3 аймағының айқын ісінуі, гиперемия, ауру сезімі. АД 100/60, пульс 98/1 мин., ЧД 24/1 мин., қандағы лейкоциттер саны 19,7х109, ПТИ 89 %, МНО 1,2. Оң санның флегмонасы диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Қандай асқыну науқастағы клиникалық көріністерге сәйкес келеді?

1)Ауыр сепсис;

2)Септикалық шок;

3) Гемокоагуляциялық синдром;

4) Полиорганды жетіспеушілік;

5)+Жүйелі қабыну жауабы синдромы;

 

Тест 056

Науқас В., 49 жаста, қабылдау бөліміне сол сан флегмонасы жамбас бөліміне жайылған, сепсиспен асқынған, ауыр жағдайда түсті. Анамнезіндеүш апта бұрын жұмысында жарақат алған. Медициналық көмекке жүгінбеген. Науқаста хирургиялық сепсистың қандай түрі?

1)+ Постравматикалық;

2)Қабынулық;

3) Ангиогенды;

4)Аралас;

5)Жаралық;

 

Тест 057

Ауыр сепсисте науқастың летальды жағдайға ұшырауына жиі әсер ететін себеп?Какова наиболее частая причина летального исхода при тяжелом сепсисе?

1)Жүрек-қан тамырлық жетіспеушілік;

2) Гепато-церебральды жетіспеушілік;

3)+Полиоргандыжетіспеушілік;

4)Гепаторенальды синдром;

5) Интоксикациялық синдром;

 

Тест 058

Ер адам 57 жаста реанимация бөлімшесіне ауыр жағдайда ауыстырылды. Бес күн бұрын науқас ашы ішек жыртылуы мен жайылған фибринозды-іріңді перитонитке байланысты операция жасалған. Тексергенде: АҚ 70/40, пульс 128/1 мин, тыныс алу жиілігі 36/1 мин., дененің жоғарғы бөлімінде айқын цианоз. Науқастың жағдайы неге байланысты ауыр?

1)+ Септикалық шок;

2) Респираторлы синдром;

3) Интоксикациялық синдром;

4) Ішектің операциядан кейінгі парезі;

5)Жүйелі қабыну жауабы синдромы;

 

Тест 059

Науқас Е., 76 жаста, реанимация бөлімшесінде 11 тәулік жатыр. Науқас сигма тәрізді ішектің ісігіне байланысты операция жасалған. Қазіргі уақытта науқастың клиникасы абдоминальды сепсисты көрсетеді. Науқас цефепим, амикацин және метрогил алған. Антибиотиктерді ауыстыру керек. Осы жағдайда ең тиімді қандай антибактериальды ем қолдану керек?


1)Цефепима дозасын максималды көтеру;

2)Цефтриаксон және метрогил тағайындау;

3) Цефазолин және гентамицинге ауыстыру;

4)Монотерапияда цифлоксацин тағайындау;

5)+Монотерапияда меропенем тағайындау;

 

Тест 060

Науқас Н., 43 жастареанимация бөлімшесінде ауыр жағдайда жатыр. Науқасқа сигма тәрізді ішектің перфорациясына және жайылған іріңді перитонитке байланысты бір апта бұрын операция жасалған. Тексергенде: склера мен тері жабындыларының сарғыштануы, қозғалыс қозымдылығы, кеңістікте дағдыланбаған,сөзі байланыссыз. Науқастың осы жағдайы неге байланысты?

1) Бас миында метастаздар бар;

2) Гепато-ренальды синдром;

3)+ Токсикалық энцефалопатия;

4)Жүрек-қан тамырлық жетіспеушілік;

5)Ми қан айналымының бұзылуы;

 

Тест 061

Науқас Н., 56 жаста әлсіздікке, бір ай бойы қалтыраумен температуракөтерілуіне, салмақ жоғалтуға шағымданып ауыр жағдайда реанимация бөлімшесіне түсті. Анамнезінен: үш ай бұрын инъекциядан кейінгі абцесске байланысты ем алған. Тексергенде: температура 39,60С, АҚ 90/60, пульс 120/1 мин., ЧД 20/1 мин., қан анализінде эритроциттер - 2,7х1012, Hb – 76 г/л, Ht – 29%, лейкоциттер – 27,0х109, ЭТЖ – 56 мм/сағ. Оң жақ жамбас бөлімінде операциядан кейінгі тыртық бар. Ең ықтимал диагноз?

1)+ Ауыр сепсис;

2) Іріңді холангит;

3) Жедел сарысулық гепатит;

4) Іріңді-резорбциялық қалтырау;

5) Жүйелі қабыну жауабы синдромы;

 

Тест 062

Ер адам Л., 56 жаста, бір ай бойы қалтыраумен температура көтерілуіне, салмақ жоғалтуға шағымданып ауыр жағдайда реанимация бөлімшесіне түсті. Анамнезінен: үш ай бұрын инъекциядан кейінгі абцесске байланысты ем алған. Тексергенде: температура 39,60С, АҚ 90/60, пульс 120/1 мин., ЧД 20/1 мин., қан анализінде эритроциттер - 2,7х1012, Hb – 76 г/л, Ht – 29%, лейкоциттер – 27,0х109, ЭТЖ – 56 мм/сағ. Оң жақ жамбас бөлімінде операциядан кейінгі тыртық бар. Дәрігер сепсиске күмәнданды. Қандай тексеру алдыңғы қатарда жасалынады?

1) Компьютерлі томография;

2) Иммунно-ферментті сараптама;

3)+ Қанды тазалыққа егу;


4) Ашылған қан сараптмасы;

5) Кеуде клеткасының рентгенография;

 

 

Тест 063

Науқас Н., 46 жаста әлсіздікке, бір ай бойы қалтыраумен температуракөтерілуіне, салмақ жоғалтуға шағымданып ауыр жағдайда реанимация бөлімшесіне түсті. Анамнезінен: үш ай бұрын инъекциядан кейінгі абцесске байланысты ем алған. Тексергенде: температура 39,60С, АҚ 90/60, пульс 120/1 мин., ЧД 20/1 мин., қан анализінде эритроциттер - 2,7х1012, Hb – 76 г/л, Ht – 29%, лейкоциттер – 27,0х109, ЭТЖ – 56 мм/сағ. Оң жақ жамбас бөлімінде операциядан кейінгі тыртық бар. Науқасқа сепсис диагнозы қойылды. Осы жағдайда сепсистың кіру қақпасы не болды?

1) Криптогенды сепсис;

2)+ Постинъекциялық абсцесс;

3)Ұйқы безінің кистасы;

4)Жедл панкреатит;

5)Оң санның созылмалы остеомиелиты;

 

Тест 064

Әйел адам Е., 48 жаста реанимация бөлімшесінде ауыр жағдайда алдыңғы құрсақ қабырғасының флегмонасы және ауыр сепсиспен жатыр. Науқасқа үш апта бұрын абдоминопластикаға байланысты операция жасалды. Шұғыл түрде науқасқа іріңдерді ашу, некрэктомия, жараны Каншин бойынша дренаждап, антисептиктермен санациялау жүргізілді. Науқас дезинтоксикациялық антибактериальды ем қабылдап жатыр. Осыған қарамастан интоксикация сақталып тұр. Науқасқа осы жағдайда төменде аталғандардың қайсы детоксикациялық әдісі қолданғаны дұрыс?

1) Плазмаферез;

2) Ксеносорбция;

3) Лазерлә терапия;

4)+ Ультрафильтрация;

5) Форсирленген диурез;

 

Тест 065

Құрт тәрізді өсіндінің қандай орналасуы псоас-абцесс дамуына алып келеді?

1)Қалыпты орналасу;

2)Таздық орналасу;

3) Медиалды орналасу;

4)+Құрсақтан тыс орналасу;

5)Бауырастылық орналасу;

 

Тест 066

Дуглас кеңістігінің абцессін диагностикалау үшін, төменде көрсетілген қандай зерттеу әдістері мағлұматты болып келеді?

1)Құрсақ қуысының рентгенографиясы;

2)+ Ультрадыбыстық зерттеу;

3) Ректороманоскопия;

4) Колоноскопия;

5) Ирригоскопия;

 

Тест 067

Аппендикулярлы текті жайылған перитонитте, төменде аталған қай ену жолы дұрыс?

1)Оң жақты параректалды тілу;

2) Волкович-Дьяконов бойынша тілу;

+ 3)Орталық лапаротомия;

4) Лапаротомия по Федоров бойынша;

5)Көлденең лапаротомия;

 

Тест 068

Науқас Х.,48 жаста, хирургиялық инфекция бөлімшесіне оң иығының үлкеюіне, ауру сезіміне, температураның 380С дейін көтерілуіне шағымданып келді. Тексергенде: аускультацияда дем алысы «қатты», төменгі бөлімінде әлсіз, ТАЖ 20, АҚ 130/80 мм рт. ст. Локалды: үлкен ісіну, оң иықтың гиперемиясы, пальпацияда ауру сезімді. Ең ықтимал диагноз?

1) Абсцесс;

2)+ Флегмона;

3) Лимфангит

4) Карбункул;

5)Тілмелі қабыну;

 

Тест 069

Ер адам, 40 жаста қабылдау бөліміне кеуде клеткасындағы ауру сезімінежәне қақырықты жөтелге шағымданып келді. Анамнезінде: үш апта бұрын алкогольды масаю кезінде далада 4-5 сағат ұйықтап қалыпты. Екі күннен кейін температурасы көтеріліп, кеуде клеткасында ауру сезімін байқады. Содан кейін температурасының 390С дейін көтерілуін байқады. Екі аптадан соң жөтелгенде сасық иісті 200.0 мл-дей ірің шықты. Болжама диагноз қандай болуы мүмкін?

1)+ Өкпе абсцессі;
Б) Крупозды пневмония;
2) Экссудациялық плеврит;
Г) Жедел трахеобронхит;
Д) Бронхоэктазиялық ауру;

 

Тест 070

Ер адам, 45 жаста, он екі елі ішектің тесілген ойық жарасы және жайылған фибринозды-іріңді перитонитке байланысты операция жасалған. Стационардан шыққаннан кейін науқас емханаға көрінді. Бұл науқастың еңбекке жарамсыздық мерзімі шамамен қандай?

1) 20-30 тәулік;

2)+ 30-40 тәулік;

3) 50-60 тәулік;

4) 60-90 тәулік;

5) 100-120тәулік

 

Тест 071

Ер адам 48 жаста, емханадағы хирургке еңбекке жарамсыздық қағазын созуына сұрап келді, себебі ол жүргізуші жұмысын жасалған операцияға байланысты атқара алмайды. Науқасқа асқазанның субтотальды резекция операциясы жаслған. Дәрігердің осы жағдайға байланысты іс әрекеті қандай болуы тиіс?

1) Еңбекке жарамсыздық қағазын жабу;

2)Санитарлы курортты емге жолдама беру;

3)Науқасқа жұмысын өзгертуді тағайындау;

4)Еңбекке жарамсыздық қағазын алты айға дейін созу;

5)+Дәрігерлік-еңбектік экспертиза комиссиясына жолдау;

 

Тест 072

Ер адам Т., 40 жаста, емханаға ентікпеге шағымданып келді. Науқас жедел түрде ауырды, жұмыста суықтануымен байланыстырады. Тексергенде: оң жақтағы қабырға аралық кеңейген, аускультацияда оң жақта демалыс тыңдалмайды. Дәрігер рентгенологиялық зерттеу тағайындады. Төменде аталған қандай рентгенологиялық көрініс көруіміз мүмкін?

1) Ортаңғы үлестің шектелген көлеңкеленуі;

2) Өкпе аймағының тотальды көлеңкеленуі;

3)+Өкпе аймағының тотальды айқындалуы;

4)Тік айқын контурлы дөңгелектенген көлеңке;

5)Бүкіл өкпе аймағындағы диффузды ошақтар;

 

Тест 073

Ер адам 30 жаста, он күн бойы мазалап жүрген ентікпе мен жөтелге шағымданып келді. Ауруды үш апта бұрын сол кеуде бөліміне алған жарақатпен байланыстырып отыр. Тексергенде: кеуденің сол бөлігі дем алғанда қалып тұр, аускультацияда сол өкпеде дем алыс тыңдалмайды. Дәрігер жұмырланған гематораксқа күмәнданды. Дәрігер рентгенологиялық зерттеу тағайындады. Төменде аталған қандай рентгенологиялық көрініс көруіміз мүмкін?

1) Диффузды ошақтық көлеңке;

2) Өкпе аймағының субтотальды көлеңкеленуі;

3) Сол өкпе ұшындағы ошақтық көлеңке;

4) Өкпе аймағының средостенийға ауысуымен тотальды көлеңкеленуі;

5)+ Өкпенің төменгі бөліміндегі субтотальды көлеңкелену мен айқындалу;

 

Тест 074

Ер адам Е., 47 жаста, хирургқа бет фурункулы диагнозымен жолданды. Хирург тексергеннен кейін науқаста тері рагына күмәнданды. Гистологиялық формасы сары-ақ түсті, тығыз консистенциялы, тері үстіне өскен, ауырсынусыз түйіні бар қандай тері рагы болуы мүмкін?

1) Альвеолярлы рак;

2)Ұсақ жасушалы рак;

3) Эпидермоидты рак;

4)+Базальды жасушалы рак;

5)Ірі жасушалы рак;

 

Тест 075

Төменде аталған қайсы дифференциалды көрініс перифериялық лимфогранулематозды лимфадениттен ажыратады?

1)Температурның көтерілуі;

2)Инфекцияланған жараның бары;

3)Лимфа түйіндерінің ауырсынуы;

4)Үлкейген түйін үстінде тері гиперемиясы;

5)+Қабынуға қарсы емнің көмектеспеуі;

 

Тест 0076

Қабылдау бөліміне 79 жасар науқас С. ауыр жағдайда, жағдайы нашарлағаннан 2 апта өткеннен кейін оң аяғындағы ауру сезіміне, әлсіздікке, шөлдеуге, жоғары температураға шағымданып түсті. Анамнезінен ЖИА, артериялық гипертензиямен, қант диабетімен ауырады. Қарап тексергенде: сан артериясының пульсациясы әлсіреген, ауру сезімді сезу жоғалған, балтырдың ортаңғы 1/3-не дейін аяқ басының ісігі, шіріген иісті жайылмалы некроз, аяқ басы түгел қара түсті. Осы науқаста анағұрлым ықтимал диагноз қандай?

1) Тілмелік қабыну

2) Оң аяқ басының флегмонасы

3)Тізе арты артериясының жедел эмболиясы

4)Оң жақтық посттромбофлебиттік синдром

5)+Диабеттік табанның Нейро-ишемиялық түрі

 

Тест 0077

Хирургиялық инфекцияның қабылдау бөліміне 79 жасар науқас С. ауыр жағдайда, айқын интоксикация белгілерімен, жағдайы нашарлағаннан 2 апта өткеннен кейінтүсті. Диагнозы: Қант диабеті, 2 тип, ауыр ағымы. Диабеттік табан, нейроишемиялық түрі, зақымдану деңгейі 5 ылғалды ган грена түрінде. Кезекші дәрігер оң аяқ басы мен балтырдың ортаңғы 1/3-нің ылғалды ганренасын анықтады. Осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым орынды?

1) Гемосорбция сеансын жүргізу

2)+ Аяқтың біріншілік ампутациясын жасау

3) Қосарланған антибактериальді терапия тағайындау

4) Некрэктомия жасау және лазеротерапия сеансын жүргізу

5) Озонотерапия сеансын жүргізіп және антисептикпен өндеу

 

Тест 0078

Хирургиялық инфекцияның қабылдау бөліміне 89 жасар науқас А. ауыр жағдайда, сан артериясының эмболиясы, аяқ контрактурасы бар ишемияның III В дәрежесі клиникасымен ауру басталғаннан 2 тәулік өткеннен кейін түсті. Осы жағдайда қандай емдеу әдісі анағұрлым оңтайлы?

1)+ Аяқ ампутациясын жасау

2)Жедел тромбэмболэктомияны жасау

3)Тромболитикалық терапияны тағайындау

4)Аорто-сан шунттаушы операциясын жасау

5) Дезинтоксикациялық терапияны тағайындау

 

Тест 0079

Төмендегілердің қайсысы газды гангренаның арнайы емес алдын-алу шарасы болып табылады?

1) Жараны біріншілік хирургиялық өңдеу

2)Массивті антибактериальді ем

3)+ Гангрена қарсы сарысу енгізу

4)Иммуномодуляторлар енгізу

5)Дезинтоксикациялық ем

 

Тест 0080

Төмендегілердің қайсысы газды гангрена кезінде анағұрлым маңызды шара болып табылады?

1)Шокқа қарсы терапия

2)Десенсибилизациялаушы ем

3)Сіреспеге қарсы сарысу енгізу

4)Антибиотиктерді артерия ішіне енгізу

5)+Некрэктомия және оксигенотерапия орындау

 

Тест 0081

Төмендегілердің қайсысы жұмсақ тіндердің клостридиялы емес инфекциясына тән белгі болып табылады?

1)Тері жамылғысының шекарасы анық гиперемиясы

2)Бұлшықет пен дәнекер тіннің некрозы, газдың түзілуі

3)Ісіну, тері жамылғысының мәрмәр суреті, газдың түзілуі

4)+Шіріген иісті іріңді-геморрагиялық бөлінісі бар абсцестену

5) Анемия, лейкоцитоз, қабну аймағында бұлшықеттердің тартылуы

Тест 0082

Сіреспенің патогенезінде қандай фермент маңызды роль атқарады?

1) Стрептокиназа

2)+ Тетаногемолизин

3) Гиалуронидаза

4) Лейкоцидин

5) Тетаноспазмин

 

Тест 0083

Науқас С. 32 жаста, көлігін жөндеп жатқанда оң иығын жаралап алған. Травмпунктке шағымданып келді. Қарап тексергенде: иығының ортаңғы 1/3-де өлшемі 4,0x3,5 см болатын, шеттері тегіс емес, кең көлемді жара бар. Кезекші дәрігер біріншілік хирургиялық өндеу жүргізді. Сіреспенің алдын-алу мақсатында осы жағдайда дәрігер нені тағайындау керек еді?

1) 1 мл гангренаға қарсы сарысу

2) 3000 АБ сіреспеге қарсы сарысу

3) 1 мл сіреспелік анатоксин және антибиотиктер

4)+1 мл сіреспелік анатоксин, 3000 АБ сіреспеге қарсы сарысу

5) 3000 сіреспеге қарсы сарысу, антибиотиктер, γ-глобулин

 

Тест 0084

Біріншілік хирургиялық өндеу екіншілік хирургиялық өндеуден немен ерекшеленеді?

1) Операция техникасымен

2)+ Операция мезгіл дерімен

3) Алдында болған таңғыш санымен

4) Біріншілік хирургиялық өндеудің болмауымен

5) Дренаждауды қолдану немесе одан бас тартумен

 

Тест 0085

Қандай заттардың бөлінуімен жара үрдісінің бірінші фазасында тамырлардың өткізгіштігінің бұзылуымен жүретін олардың кеңеюі байланысты?

1) Лактатдегидрогеназа;

2)Сілтілі фосфатаза;

3)Қышқыл фосфатаза;

4)+ Гистамин, серотонин;

5) Қышқыл РНКаза;

 

Тест 086

Аппендикулярлы этиологиялы жайылған перитониттың ауыр ағымы неге байланысты?

1) Құрт тәрізді өсіндінің атипті орналасуы;

2)+ Аэробты-анаэробты микрофлоралардың араласуы;

3) Перитониттегі екіншілік иммунодефицит;

4) Перитониттың тез басталуы;

5) Ағзаның ақуызды көп жоғалтуы;

 

Тест 087

Емізетін әйелдерге төменде аталған қандай антибиотиктер қарсы көрсетілген?

1) Феноксиметилпенициллин;

2) Бензилпенициллин;

3)+ Тетрациклин;

4) Цефуроксим;

5) Цефазолин;

 

Тест 088

Ер адам 38жаста, деструктивті панкреатит диагнозымен хирургиялық бөлімшеде ем қабылдап жатыр. Аурудың 14 күнінде гектикалық температура, қалтырау, тахикардия, формуланың солға жылжуымен лейкоцитоз пайда болады. Алдында эпигастрии аймағында ауру сезімді инфильтрат пальпацияланды, инфильтраттың көлемі үлкейіп жатыр. Науқаста қандай асқыну дамыды?

1) Перитонит;

2) Іріңді холангит;

3) Іріңді перитонит;

4)+ Іріңді оментобурсит;

5)Бауырасты абсцесс;

 

Тест 089

Ер адам Н., 23 жаста аппендэктомиядан кейін хирургиялық бөлімшеде жатыр. Операциядан алты күннен кейін іштің төменгі жағындағы ауру сезіміне, тенезм мен дизуриялық көріністер, температура 39,5, гектикалық өзгерістермен, қалтырау. Тексергенде: тәлә ылғал, іші жұмсақ, қасаға сүйегі үстінде ауру сезімді. Ректальды тексерісте: тік ішектің алдыңғы қабырғасы арқылы ауру сезімді жұмсарған инфильтрат анықталды. Науқаста ең ықтимал қандай асқыну дамыды?

1) Пилефлебит;

2)+ Кіші жамбастың абсцессі;

3)Жедел парапроктит;

4)Түйінаралық абсцесс;

5) Абдоминальдыcепсис;

 

Тест 090

Ер адам У., 48 жаста деструктивті панкреатит диагнозымен хирургиялық бөлімшеде ем қабылдап жатыр. Аурудың 16 күнінде гектикалық температура, қалтырау, тахикардия, формуланың солға жылжуымен лейкоцитоз пайда болады. Эпигастрии аймағында 15х20 см көлемді айқын емес инфильтрат пальпацияланды. Төменде аталған кандай зерттеу әдісін жүргізу қажет?

1) Құрсақ қуысының КТ;

2)+ Құрсақ қуысының УЗИ;

3) Құрсақ қуысының ЯМРТ;

4) Эндоскопиялық зерттеу;

5) Позитронды-эмиссионды томография;

 

Тест 091

Ер адам Д., 45 жаста хирургиялық бөлімшеде гангренозды аппендицитке байланысты жасалған аппендэктомия операциясынан кейін ем қабылдап жатыр. Науқаста операциядан кейін 7-ші күні операциялық жара аймағында, шап аралығында ауру сезімі пайда болды. Дәреті ауру сезімді, температураның 390С дейін көтерілуі байқалды. Тексергенде: операциялық жара аймағында үлкен ісіну және гиперемия анықталды. Гиперемия мен ісіну шап аралығына, ұмаға таралған. Науқаста қандай асқыну дамыды?







Date: 2015-07-01; view: 1072; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.082 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию