Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Хирургиялық инфекция 1 page





Абылдау бөліміне науқас әлсіздікке, бас айналуға, ауырғанына 3 сағаттан кейін кофе түстес құсуға, мелена нәжіске шағымданып түсті. Науқасқа диагнозды нақтылау үшін төмендегілердің қайсысын бірінші кезекте жасау тиіс?

1)Жедел колоноскопия;

2)+ Фиброэзофагогастроскопия;

3)Нәжістегі жасырын қан анализіне;

4)Асқазанның контрастты рентгеноскопиясы;

5)Гемоглобин мен гематокритті анықтау;

 

Тест 00258

41 жастағы Т., ер адам өабылдау бөлімінің хирургына ауырғанына 15 сағаттан кейін іштегі, әсіресе кіндік аймағындағы ауру сезіміне, көп реттік құсуға, ішектің ісінуіне, нәжіс пен газ жүрмеуіне шағымданып түсті. Объективті қарау және қосымша зерттеу әдістерінің нәтижесінде жедел ішек өтімсіздігі өтімсіздігі диагнозы қойылды. Науқаста ішек өтімсіздігінің қай деңгейі анағұрлым ықтимал?

1) Төмен жуан ішек өтімсіздігі;

2) Жоғарғы жуан ішек өтімсіздігі;

3)+ Жоғарғы жіңішке ішек өтімсіздігі;

4) Тоқ ішектің жоғарлаған бөлігінің өтімсіздігі;

5) Тоқ ішектің төмендеген бөлігінің өтімсіздігі;

 

Тест 00259

Қабылдау бөліміне науқас ішек өтімсіздігіне күмәнмен түсті. Ректальді зерттеу кезінде тік ішек ампуласының бос екені және артқы тесіктің кеңеюі анықталды. Бұл көрініс қандай симптомға сәйкес?

1) Габай симптомы;

2) Вааль симптомы;

3) Скляров симптомы;

4) Куленкампф симптомы;

5)+ «Обухов ауруханасы» симптомы

 

Тест 00260

Науқас63 аста қабылдау бөліміне хирургқаіштегі ауру сезіміне, жиі зәр шығаруға, бір реттік сұйық нәжіске шағымданып түсті. Ауырғанына 7 сағат болған. Қарап тексергенде дәрігер шат үстіндегі ауру сезімді анықтады. Қан анализінде лейкоциттер – 9,0х109. Зәр анализінде – 10-15 лейкоциттер көру алаңында. Осы жағдайда қандай болжам диагноз анағұрлым ықтимал?

1) Жедел пиелоцистит;

2) Жедел гастроэнтерит;

3)+ Жедел аппендицит;

4) Жедел зәрдің тоқтауы;

5) Жедел пиелонефрит;

 

Тест 00261

Еркек адам 73 жаста қысылған шап жарығы себебінен жасалған операция барысында жарық қабының ішінде некроз белгілері бар жіңішке ішек ілмегі анықталды. Қысылу орнынан қандай қашықтықта келетін ішек бөлігін резекциялау қажет?

1) 10 см қашықтықта

2) 20см қашықтықта

3) 30 см қашықтықта

4)+ 40 см қашықтықта

5) 60 см қашықтықта

 

Тест 00262

Науқас 52 жаста жедел панкреатиті бар науқасқа интенсивті консервативті ем кешені жүргізілуде,ем барысында науқастың қан анализдерінде гипергликемия және глюкозурия пайда болды. Төменде көрсетілген науқастағы өзгерістер нені дәлелдейді?

1) Ферментативті перитонит дамыған;

2)+ Бездің аралшық аппараты зақымданған;

3) Инфицирленген панкреонекроз дамыған;

4) Ағзаның инсулинді қабылдамауы;

5) Бауыр жеткіліксіздігі дамыған;

 

Тест 00263

Төмендегілердің қайсысы өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кету кезінде портальді қысымды төмендету үшін қолданылады?

1) Этоксисклерол;

2) Фамотидин;

3)+ Сандостатин;

D Пантопрозол;

5) Варикоцид;

 

Тест 00264

Хирургиялық бөлімшеге 38 жастағы ер адам асқазан-ішек жолынан қан кетумен келіп түсті. ЭФГДС жасағаннан кейін Меллори-Вейс синдромы диагнозы қойылды. Бұл синдром кезінде анағұрлым жиі локализация қандай?

1) Өңештің абдоминальді бөлігі;

2)+ Асқазанның кардиальді бөлігі;


3) Асқазанның антральді бөлігі;

4) Асқазанның пилорикалық бөлігі;

5) Асқазан денесінің кіші иіні

 

Тест 00265

Жедел аппендицитке күмән тудырған науқасты қарап тексергенде: дәрігер ішті пальпациялағанда алақанды алдыңғы құрсақ қабырғасынан алғанда ауру сезімнің күшеюі байқалады. Төменде аталған симптомдардың қайсысына бұл көрініс тән?

1) Ровзинг;

2) Раздольский;

3) Ситковский;

4)+ Воскресенский;

5) Щеткин – Блюмберг;

 

Тест 00266

Механикалық сарғаюы бар науқасты операция алды дайындық барысында сарғаюдың себебін анықтау үшін қандай зерттеу әдісі анағұрлым мәліметті?

1) Ядролы-магнитті томография;

2) Позитронды-эмиссионды томография;

3)+ Ретроградты холецистопанкреатография

4) Тамырішкілік холецистохолангиография;

5) Ретроградті холангиопанкреатография;

 

Тест 0267

Ер адам 35 жаста хирургиялық бөлімшеге іштің қатты ұстамалы ауру сезіміне, құсқандығына, іштен жіл мен нәжістің жүрмегендігіне шағымданып түсті. Спортпен айналысып жатқанда аяқ астынан ауырған. Анамнезінде аппендэктомия жасалынған. Қарау кезінде: науқас мазасызданған, өңі бозғылттанған, суық тер шығады. АҚҚ 90/60 тамыр соғысы минутына 100 рет. Іші қатты. Ауырады. Осы жағдайда бірінші қандай зерттеу түрін жүргізген дұрыс?

1) Тік ішекті саусақ арқылы тексеру;

2) Бариймен асқазан ішек жолына рентгеноскопия жасау керек;

3) Іш қуысына ультрадыбыстық зерттеу жасау;

4)+ Іш қуысына шолулық рентгенография жасау;

5) Жедел диагностикалық лапароскопияны жасау;

 

Тест 00268

12 елі ішек ойық жарасының қандай асқынуына науқастың аяғын ішке тартып мәжбүр қалыпта болуы және тақтай тәрізді іш тән?

1) Стенозға;

2) Пенетрацияға;

3)+ Перфорацияға;

4)Қан кетуге;

5) Малигнизацияға

 

Тест 00269

45 жастағы И., науқас хирургиялық бөлімшеге асқазан бөлшегінің созылмалы гигантты ойық арасынан қанкетудің себебінен геморрагиялық шок белгілерімен ауыр жағдайда түсті Бірақ жүргізілген консервативті шаралар сенімді гемозтазға қол жеткізген жоқ. Бұл жағдайдағы әрі қарайғы қандай емдік тактика анағұрлым орынды?

1) Гастростомияны жасап, ойық жараны тігу;

2) Бағаналы ваготомия жасау;

3)+ Лапаротомия және асқазан резекциясы;

4)консервативті терапияны жалғастыру;

5)Айналмалы гастроэнтероанастомоз салу;

 

Тест 00270

Ер адам И., 24 жаста хирургиялық бөлімшеге 5 сағат бұрын іштің жабық жарақатымен госпитализацияланған. Жедел түрде диагностикалық лапароскопия жасалды. Бауырдың диафрагмальді бетінде висцеральді бетіне өтетін кернелген субкапсулярлы гематома 12х10 см анықталды. Құрсақ қуысында қан жоқ. Тиянақты зерттеу нәтижесінде басқа зақымданылар жоқ. Осы жағдайда қандай әрі қарайғы тактика анағұрлым орынды?


1) Гемостатикалық тігіс салув;

2)+Гематоманы пункциялап босату;

3)Капсуланы ашып гематоманы босату;

4)Бауыр асты кеңістікті босату;

5)Диатермокоагуляциялау және тахокомб салу

 

Тест 00271

42 жастағы науқаста диагностикалық лапароскопия кезінде іштің оң бөлігінде серозды перитонит және 12 елі ішек буылтығының алдыңғы қабырғасында 0,2 см тесік анықталды. Науқас 42 жаста, ойық жара анамнезі жоқ. Осы жағдайда қандай әрі қарайғы тактика анағұрлым орынды?

1) Жоғарғы ортаңғы лапаротомия және асқазанның 2/3 резекцисы;

2) Лапаротомия және тесікті екі қатар тігіспен тігу;

3)Жоғарғы ортаңғы лапаротомия, ваготомия пилоропластикамен бірге;

4) Лапароскопиялық бағаналы ваготомия және тесікті тігу;

5)+ Лапароскопиялық тігу, құрсақ қуысының санациясы және дренаждау

 

Тест 00272

Науқас С., 46 жаста хирургиялық бөлімшеге ойық жара этиологиялы асқазан-ішек жолынан қан кетудің жеңіл дәрежесімен жатқызылды. 3-тәулікте бөлімшеде: қайталамалы қан аралас құсу, сұйық қара нәжіс, гемоглобин 80 г/л, эритроциттер 2,0х1012, гематокрит 22%, пульс 110 рет мин., АҚ 100/60 мм с.б.б. Жедел ЭФГДС кезінде 12 елі ішектің созылмалы ойық жарасы борпылдақ тромбпен жабылған, қуысында кқп мөлшерде «кофе тұнбасы» анықталды. Осы жағдайда қандай әрі қарайғы тактика анағұрлым орынды?

1)+ Жедел операция жасау;

2) Консервативті терапия жасау;

3)Асқазан тамырларын эмболизациясын жасау;

4)Ұзартылған тәртіпте операция;

5)Зонд қойып, жергілікті гемостаз жасау;

 

Тест 00273

Науқаста С., 56 жаста диагностикалық лапароскопия кезінде аралас панкреонекроз белгілері: асқазан-тоқ ішек бойламында, ұйқы безінде және шарбымайда стеатонекроздар және геморрагиялық дақтар анықталды. Құрсақ қуысында серозды-геморрагиялық сұйықтық 5Тест 00-7Тест 00 мл дейін. Осы жағдайда қандай әрі қарайғы тактика анағұрлым орынды?


1) Бағдарламаланған лапаростома салу;

2) Құрсақ қуысын эксудатын ғана алып тастау;

3) Лапаротомия, шарбымай қалтасын ашу;

4) Лапаростомия, шарбымай қалтасын және құрсақ қуысын дренаждау;

5)+Шарбымай қалтасын және құрсақ қуысын лапароскопиялық дренаждау;

 

Тест 00274

38 жастағы Ч., науқаста құрсақ қуысына енген жарақаты бар ревизия кезінде жіңішке ішектің бірнеше жерден зақымданғаны (20 см қашықтықта 6 жара бар, өлшемдері 2х1, 0,5х1см) анықталды. Осы жағдайда операцияның қандай көлемі анағұрлым орынды?

1)Ішек жарақаттарын сына тәрізді кесіп алу;

2)Ішек жараларын бөлек-бөлек тігу;

3)Жараларды тігіп жіңішке ішек интубациясын жасау;

4)Зақымданған ішек бөлігін құрсақ қабырғасына шығару;

5)+Ішек сегменті резекциялау және ұшпа-ұш анастомоз жасау;

 

Тест 00275

70 жастағы науқаста Д., перитонит себебінен жасалған операция барысында төменгі шажырқай артериясының тpомбоэмболиясының фонында тоқ ішектің төмендеген бөлігінің некрозы анықталды. Осы жағдайда операцияның қандай көлемі анағұрлым көрсетілген?

1) Сол жақты гемиколэктомия анастомозбен бірге;

2)+Сол жақты гемиколэктомия колостомиямен бірге;

3) Эмболэктомия және бағдарламаланған лапаростомия;

4) Ішектің некрозданған бөліктерін тампонмен шектеу;

5) Ішектің некрозданған бөлігін алдыңғы құрсақ қабырғасына шығару;

 

Тест 00276

Науқас 26 жаста, хирургиялық бөлімшеге аппендикулярлы инфильтрат көрінісімен жатты. Шыққаннан кейін денсаулықтың нашарлауы байқалды, дене температурасы 390С дейін көтерілді, іште ауырсыну сезімі және әлсіздік байқалды, 3 тәулікте инфильтраттың абсцесстенуі белгілерімен түсті. Осы жағдайда Сіздің емдік тактикасы қандай?

1) Қор (резер2) антибиотиктерін көктамыр ішілік тағайындау;

2) Дезинтоксикациялық терапия жүргізу;

3) Плазмаферез және физиоем тағайындау;

4)+Абсцессті ашу және дренаждау;

5)Диагностикалық лапароскопия жасау;

 

Тест 0277

Жедел түрде 53 жастағы науқас хирургиялық бөлімшеге түсті. Диагнозы ауырған күннен бастап 3 апта бойы жұқпалы панкреонекроз ауруы іріңді-некроздық асқыну кезеңінде. Дәрігер науқасқа операция жасауды ұйғарды. Осы науқасқа операцияның қандай түрі тиімді болып табылады?

1) Сальникті сөмкені дренаждаудың жабық әдісін қолдану;

2)+ Сальникті сөмкені дренаждаудың үйлестірілген әдісін қолдану;

3) Холецистостома салу және сальникті сөмкені дренаждаудың сыртқы әдісін

4) Сальникті сөмкені дренаждау және лапороскопия жасау;

5) УДЗ арқылы бақылай отырып, барлық іріңдік ошақтарды сорып алып тастау және дренаждау;

 

Тест 00278

Қабылдау бөліміне хирургқа 44 жастағы еркек адам жедел жәрдем көмегімен асқазан-ішек жолынан қан кетумен, геморрагиялық шок 1 дәрежесінде жеткізілді. Осы жағдайда қандай ем анағұрлым бірінші кезекте болуы тиіс?

1) Эритромасса құю;

2) Бүтін донорлық қан құю;

3)Тек кристаллоид ерітінділерді құю;

4)+Кристаллоид және коллоид ерітінділерді құю;

5)Жаңа мұздалған плазманы құю

 

Тест 0279

Науқас Л. 37 жаста, аудандық ауруханаға асқазанның тесілген жарасы белгілерімен түсті. Клиникадағы орын алған жағдайларға байланысты, анестезиолог болмады. Санавиацияны шақырды, анестезиолог келгенге дейін хирург тейлор әдісі бойынша тесілген жараны консервативті емдеу түрін жүргізуге бел буды. Осы тәсіл бойынша төменде аталғандардың қайсыс сәйкес келеді?

1) Асқазанның жиырылуын төмендететін заттарды қолдану;

2)+ Асқазанға зондты өткізу, ішіндегі сұйықтықты үнемі аспирациялау;

3) Асқазанға зондты өткізіп, салқындатылған ертіндімен жуу;

4) Жергілікті гипотермия және тұз ерітінділерін көк тамыр ішіне жіберу;

5) Тұзды ерітінділерді және антибиотиктерді енгізу;

 

 

Тест 00280

Науқас Н, 56 жаста стационарға қысылған шап жарығына күмәнмен жеткізілді. Ауыр көтергеннен кейін шап аймағында ауру сезімі пайда болды, Ауру сезімі тұрақты, орташа. Науқас семіздіктен зардап шегеді. Бұрын жарықтар болмаған. Кезекші дәрігер қарап тексергенде дәлелдейтін белгілерді анықтамады. Осы жағдайда анағұрлым орынды әрі қарайғы тактика қандай?

1) Жедел операция жасай;

2)+ Госпитализациялау және бақылау;

3)Емханаға зерттелуге жіберу;

4) Диагностикалық лапароскопияны тағайындау;

5)Салмақ түсіру бойынша ұсыныстар беру;

 

Тест 00281

Науқас И., 40 жаста хирургиялық бөлімшеге жедел холецистит көрінісімен түсті. 3 тәулік бұрын емдәм бұзғаннан кейін ауырған. Медициналық көмекке жүгінбеген, емделмеген. Стационарда науқасқа адекватты консервативті ем жүргізілді, бірақ одан тек уақытша оң нәтиже болды. Ауру сезімі сақталуда, перитонит белгілері пайда болды. Осы жағдайда анағұрлым орынды әрі қарайғы тактика қандай?

1) Диагностикалық лапароскопия жасау;

2)Лапароскопиялық холецистостома салу;

3)Консервативті емді жалғастыру, қор антибиотиктерін қосу;

4) Лапаротомия, холецистостомия, құрсақ қуысын санациялау және дренаждау;

5)+ Лапаротомия, холецистэктомияны жасау;

 

Тест 00282

Науқас Г., 58 жаста хирургиялық бөлімшеге механикалық сарғаю көрінісімен түсті. Ауырғанына 1 апта болған. Механикалық сарғаюдың себебін анықтау үшін науқас зерттелді. Үлкен дуоденальді емізік аймағында қысылған тас анықталды. Осы жағдайда анағұрлым орынды әрі қарайғы тактика қандай?

1) Холедоходуоденоанастомоз салу

2)Супрадуоденальді холедоходуоденоанастомоз салу

3) Холедохотомия, тасты алу, Пиковский бойынша дренаждау

4)+ Эндоскопиялық папиллотомия және тасты алу;

5)Ру ілмегінде холедохоэнтероанастомоз салу.

 

Тест 00283

Науқас Н., 37 жаста хирургиялық бөлімшеге оң қабырға астындағы ауру сезіміне, дене температурасының 39,0 С дейін жоғарлауына, қалтырауға, қатты терлеуге, тәбетінің тқменеуіне, шөлдеуге шағымданып түсті. Ауырғанына 1 апта болған. Анамнезінде: 1 ай бұрын гангренозды холецистит себебінен операция жасалған. Жүргізілген емнен кейін науқас шыққан. Қарап тексергенде: бауыры үлкейген, терісінің сарғаюы бар. Қан аналізінде: лейкоциттер 13,0х109, гемоглобин 127 г/л, эритроциттер 4,7х1012, СОЭ 43 мм/ч Қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

1)+ Холангит;

2) Бауыр абсцессі;

3) Вирусты гепатит;

4) Хрониосепсистің асқынуы

5) Созылмалы гепатиттің асқынуы

 

Тест 00284

Науқас Ж., 34 жаста хирургиялық бөлімшеге өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кетумен түсті. Науқас вирусты гепатиттен кейін бауыр циррозымен ауырғанына 10 жыл болған. Шемен себебімен бірнеше рет ауруханада жатқан. Науқасқа Блейкмор зонды қойылды, консервативті ем тағайындалды, жүргізілген емге қарамастан қан кету жалғасуда. Науқасқа операция көрсетілген. Осы жағдайда қандай кең таралған операция түрі көрсетілген?

1) Спленэктомия және гепатофренопексия;

2) Портокавальді анастомоз бүйір бүйіріне;

3) Портокавальді анастомоз ұшы бүйіріне

4) Спленоренальді анастомоз ұшы бүйіріне;

5)+ Гастротомия, варикозды веналарды тігу

 

Тест 00285

Науқас Л., 20 жаста хирургиялық бөлімшеге жедел аппендицит клиникасымен түсті. Анамнезінен ауырғаны 3 тәулік болған, медициналық көмекке жүгінбеген. Іштегі ауру сезімі басылмағандықтан, дәрігерге келген. Қарап тексергенде: оң мықын аймағында жергілікті ауру сезімі. Ровзинг, Бартомье-Михельсон, Образцов симптомдары оң. Қандағы лейкоциттер - 10,4х109. Науқасқа операция жасалды. Операция барысында аппендикулярлы инфильтрат анықталды. Осы жағдайда әрі қарайғы қандай хирургиялық тактика анағұрлым орынды?

1)+ Өсіндіні бөліп алу және аппендэктомия жасау

2) Инфильтратқа дәкелі тампон қою

3) Резенке шығарғыш қалтыру және жараны тігу;

4) Инфильтратқа микроирригатор қою жеткілікті

5) Дренаж қою және антибиотиктер тағайындау, физиоем

 

Тест 00286

Науқас Е., 30 жаста хирургиялық бөлімшеге сегізкөз аймағындағы ауру сезіміне, дене температурасының 37,8 С дейін көтерілуіне шағымданып түсті. Суықтаумен байланыстырады. 2 жыл бұрын науқасқа эпителиальді құймышақ жол қойылған, ұсынған операциядан бас тартқан. Қарап тексергенде ауру сезімді ісік тәрізді түзіліс анықталады, тері гиперемиясы және бөксеаралық қабат пен сегізкөз аймағында оң флюктуация симптомы анықталады. Осы жағдайда қандай тактика анағұрлым орынды?

1) Абсцессті ашу және іріңді қуысты дренаждау

2) Эпителиальді жолды кесіп алу және жараны бітеу тігу;

3)Асцесс пункциясы, оны жуу және антибиотиктер енгізу

4)Абсцессті ашу эпителиальді жолды кесумен бірге және жараны дренаждау

5)+Абсцессті ашу эпителиальді жолды кесумен бірге және жара шеттерін түбіне қарай тігу

 

Тест 00287

Науқас Д., 45 жаста хирургиялық бөлімшеге іштің жоғарғы бқлігіндегі ауру сезіміне, жүрек айнуға, асқазан ішіндегісімен екі рет құсуға, әлсіздікке, 37,6 С дейін дене температурасының жоғарлауына шағымданып түсті. Ауырғанына 5 тәулік, емдәм бұзғаннан кейін болған. Жалпы жағдайы ауыр. Іші кернелген, жоғарғы бөлімдерінде ауру сезімді. Ортнер, Мерфи, Керр және Щеткин- Блюмберг симптомдары оң. УДЗ: өт қабы көлемі үлкейген, екі контуры бар. Оң бүйір каналында бос сұйықтық. Осы жағдайда қандай тактика анағұрлым орынды?

1) Қосарланған антибиотикотерапия тағайындау

2)+ Жедел оперативті ем дайындықтан кейін

3) Консервативті терапия, новокаинді блокада жасау

4)Жедел түрде құрсақ қуысының лапароскопиясын жасау

5)Жоспарлы оперативті ем, ауру сезімі басылғаннан кейін

 

Тест 0288

Науқас П., 75 жаста, хирургиялық бөлімшеге ішінің ауырғандығына, әлсіздігіне шағымданып жедел түрде ауруханаға түсті. Осы ауруханаға келгенге дейін 7 сағат бұрын соққыға түскен. Ішіне және бел аймағына қатты соққы тиген. Анамнезінде: ЖИА, қант диабеті бар. Қарау кезінде іші кернелген, барлық бөліктері қатты ауырады. Тамыр соғысы минутына 100 рет. АҚҚ 90/70, Іш қуысының рентгенографиясында көптеген кішкентай деңгейлер бар. Осы науқаста асқынудың қандай түрі тән болып табылады?

1) Жедел миокард инфаркті;

2) Постравматикалық панкреатит;

3) Бұлшықет аралық қан ұю;

4) Іш қуысынан қан кету;

5)+ Жайылған перитонит;

 

Тест 0289

Науқас Ж., 20 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа ішке тұйықталған соққы алғаннан кейін 1 сағаттан соң түскен. Қысқа уақытқа есі жоғалған. Көбіне ігшіне соққы алған. Қарау барысында: өңі бозғылттанған, АҚҚ– 80\60 мм с.б., пульс – минутына 100 рет. Іші жұмсақ, кейбір жерлерде перкуторлы жыбыстың тұйықталғандығы білінеді. Осы клиникалық көрініс немен байланысты?

1) Ішектің жыртылуы мен нәжістік перитонитом;

2) Паренхиматозды мүшенің қапшық асты жарылуы;

3) Өт қапшығының жарылуы және өт перитониты

4) Қуықтың жарылуы және қуықтың перитониты;

5)+ Паренхиматозы мүшенің жарылуы және қан кету;

 

Тест 00290

Қабылдау бөліміне хирургқа 18 жасар науқас Б. іш жарақатын алғаннан 1,5 сағаттан кейін жеткізілді. Лапаротомия кезінде өт бауыр асты аймағында, оң бүйір каналында, кіші жамбаста. Осы жағдайда өт ағудың анағұрлым ықтимал себебі қандай?

1) Бауырдың жыртылуы;

2) Асқазанның жыртылуы;

3) 12 елі ішектің жыртылуы;

4)+ Өт қабының жыртылуы

5) Ұйқы безінің жыртылуы

 

Тест 00291

Хирургиялық бөлімшеге іштің тұйық жарақаты себебінен операция барысында асқазанның 3,0х1,0 см өлшемде жыртылуы және бауырдың оң бөлігіндегі 5 сегментте 2 см дейін, шеттерінен оррташа қанкетуі бар тереңдігі 1 см жара анықталды. Осы жағдайда төмендегілердің қайсысы көрсетілген?

1) Асқазан резекциясы және бауырдың атипті резекциясы;

2) Жара шеттерін жаңартып бір қатар тігіс салу;

3) Гастроэнтероанастомоз және бауырдың жыртылуын тігу

4)Асқазан жарасын кесіп алу және бауырдың жыртылуын тігу;

5)+Бауырдың жыртылуын тігужәне асқазанға екі қатар тігіс салу

 

Тест 00292

59 жастағы науқас Л., құрсақ қуысының енген жарақаты себебінен жасалған операциясы кезінде ащы ішектің сірлі қабатының Трейц байламынан 70 см қашықтықта өлшемі 0,5х1,0 жыртылуы анықталды. Осы жағдайда хирургтың тактикасы қандай болуы тиіс?

1) Ішек қабырғасын кесіп алу

2)+ Серо-серозды тігіс салу

3) Новокаинді шажырқай түбіріне енгізу

4) Зақымдалған бөлікті резекциялау анастомозбен бірге;

5) Зақымдалған бөлікті резекциялау стома шығарумен бірге;

 

Тест 00293

43 жастағы А., науқаста іш жарақатын алғаннан кейін 5-тәулікте таңертең сол қабырға астында қатты ауру сезімі, артериялық қысымның түсуі пайда болған. Қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

1) Жуан ішектің жыртылуы

2) Сигма тәрізді ішектің жыртылуы

3) Ұйқы бездің жыртылуы

4)+ Көкбауырдың екі мезгілде жыртылуы

5) Бүйректің жыртылуы, құрсақ арты гематома

 

Тест 00294

49 жастағы П., ер адам қабылдау бөліміне хирургқа жарақат алуынан 1 сағаттан кейін оқ жарақатымен түсті. Науқас жедел түрде операцияға алынды. Операция кезінде құрсақ қуысында нәжіс аралас қан байқалды.Тоқ ішектің төмендеген бөлігінде тесіп өтетін жарақат анықталды. Осы жағдайда қандай хирургиялық тактикасы анағұрлым орынды?







Date: 2015-07-01; view: 659; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.069 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию