Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жалпы рецептура
Фармакологияға жақын пәндердің бірі - фармация. Оның ішінде қосымша ғылым ретінде фармакогнозия, өсімдік дәрілердің түр-түрін дайындайтын, фармацевтикалық химия және рецептура (жазба) бөлімдері бар.
Дәрілерді дайындау үшін, оның ішіндегі заттардың тазалығын және белсенділігін бақылау үшін анықтамалық фармакопея заңды кітабы болады. Фармакопея – дәріхана мамандарына арналған заңдық мінездемесі ретінде қолданылатын ресми кітапша. Осы фармакопея арқылы заңдылықты өзгертілмей дәрілер шикізаттан жасап шығарылады.
Рецептура – фармация бөліміне жататын, дәрілерді жазу мен дайындауға арналған заңды түрдегі жазба. Сондықтан рецептура, екі түрге бөлінеді: 1/ Фармацевтикалық рецептура - дәрілер зауыттан дайындалып шығарылады. 2/ Дәрігерлік рецептура - дәріні заңды түрде жазып, сол арқылы дәріханадан алады.
Рецепт – дәрігерлердің фармацевттерге арналған жазбасы. Осы жазған дәріні белгіленген түріне, мөлшеріне байланысты науқастарға тағайындау ұсынысы. Рецепттің ресми жазбасы тек латын тілінде жазылады, ал дәріні қалай қолдану керектігі жөніндегі түсініктемесі, науқас тілінде жазылады. 1) Ресми жазба фармакопея арқылы заңды түрде өзгеріссіз жазылады. Бұл жазба жиі кездеседі, анықтамалық кітапша бойынша жазылады. 2) Магистральдық жазба - дәрігердің ұсынысымен жазылатын жазба, бұл өте қажет жағдайда анықтамада жоқ болғандықтан жазылатын рецепт. 3) Қарапайым жазба - рецепттің ішінде бір ғана емдік дәрі жазылуы. 4) Күрделі жазба – рецепттің ішінде бірнеше емдік дәрі және басқа да заттар жазылуы. 5) Қысқаша жазба - рецептте тек емдік дәрі ғана көрсетілуі. 6) Толық жазылатын рецепт - емдік дәрімен бірге қоспалы заттардың (индиференттік) да жазылуы. 7) Мөлшерлі жазба - дәрінің керекті емдік мөлшерінің жазылуы. 8) Мөлшерсіз жазба - дәрінің жалпы салмағы және көлемінің жазылуы.
Рецепторлық бланктер. Рецептті жазғанда 3 түрлі бланкпен жазады. 1-ші бланк - дәрілерді бүкіл бағасына дәріханадан сатып алуға арналған рецепт. 2-ші бланк- тегін немесе жеңілдікпен (мысалы, 50%) берілетін дәрілер жазылады, бірақ көшірмесі болу керек, ол дәрігерде қалады. 3-ші ресми бланк - өте улы заттар және улылығы жоғары дәрілерін жазуға арналған және тегін немесе жеңілдікпен дәріханадан алуға болады. Дәрілердің басым бөлігі тек рецепт арқылы алынады, бүкіл шет елдерде осындай заңды тәртіп енгізілген.
Дәріхана дегеніміз – қарапайым (ерітінділер және ұнтақтар) дәрілер дайындайтын, сол жердегі жинақты дәрілерді сақтайтын және науқастарға дәріні жіберетін мекеме. Дәрілердің жалпы мөлшері. Дәрі – дәрмектер негізі белгілі бір ғана өзіне тиісті мөлшермен дайындалып, жіберіліп отырады. Сондықтан дәрілер әртүрлі қолдануға ыңғайлы белгі көрсеткіштік мөлшерлермен дайындалады. 1) 1 грам дәрінің белгілі бір салмағы - 1,0 - деп жазылып, айтылады. 2) 0,1 грам – 10-нан бір грамы - бір дециграмм немесе 100 мг болады. 3) 0,01 грам – 100-ден бір грамы - бір сантиграмм немесе 10 м г болады. 4) 0,001 грам – 1000-нан бір грамы - бір миллиграмм - 1 мг – деп айтылып, жазылады. 5) Он мыңның біреуі – 0,0001 детцемиллиграм, бұл 0,1 мг болады. 6) Жүз мыңның біреуі – 0,00001 сантимиллиграм, бұл 0,01 мг болады. 7) Бір миллиондық бөлімінің біреуі - 0,000001 грам бұны бір гамма (γ) деп атайды. Дәрілердің концентрациясы (топтаулы түрде тұратын затты айтады), бұларды бірнеше тәсілдікпен белгілейді. 1) Пайыздық мөлшер - заттың салмағы 1% болса, оның ерітіндісі 1 мл, 10 мл және 100 мл теңдесек 1% – 1 мл-де = 0,01 г немесе 10 мг; 1% - 10 мл = 0,1 г немесе 100 мг және 1% - 100 мл = 1 грам болады. 2) Қатынастық мөлшер – заттың 1 көлемі 100 мл, 500 мл және 1 литрмен дайындалса, мысалы, 1:10 мен деп емен қабығының қайнатпасын 200 мл суға дайындасақ, оның мөлшері 20,0 (грамм) = 200 мл болады. 3) Салмақ (мөлшері) пен көлем қатынасы - заттың салмағы көлемімен байланысты. Мысалы, пайыздық мөлшерді салмақтық мөлшермен жазсақ - 0,1 (грам) – 10 мл және 0,01 (грам) – 1 мл деп есептеледі. Қатынастық мөлшерді де осылай жазуға болады: 20,0 – 200 мл. Бұндай мөлшерлік жиі кездеседі. 4) Биологиялық әсерлі мөлшер – ЕД (Еденица действия) дәрінің биологиялық тиісті әсер етуші мөлшерлер. Date: 2015-07-01; view: 1962; Нарушение авторских прав |