Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дәрі-дәрмектердің жанама әсерінің көрінуі
Дәрілердің негізгі жанама әсерлері. Дәрілерді емдік, диагностикалық және алдын алу шаралары ретінде қолданғанда кездесетін денедегі өзгерістерді қатерлі және жанама өзгерістері деп атайды. Бұндай қатерлік өзгерістерді болжаулы және болжаусыз деп екі түрге бөледі: А. Болжаулыөзгерістер: 1) фармакологиялықәсерлер; а/ қызметтік-метаболикалық;б/ улылық (қалыпты және қалыпсыз өзгеру); 2)аллергиялық жүрістер; 3) дәрілерге құмарлық: 4) дәрілік қалыптасу; 5) шаламалы-жақындас жанама өзгерістер. Б. Болжаусызөзгерістер, дәрілерге қатынасы жоқ; 1) Ауру адамның ерекшелігі (жасы, жыныс айырмашылығы, генетикалық ерекшелігі, алларгияға бейімділігі, аурудың ерекшелігі, зиянды әдеттері) және сыртқы ортаның себептерімен байланысы. 2) Дәрі-дәрмектермен байланысты болуы (дәрілерді қолдану, фармакокинетикалық және фармакодинамикалық жүрістердің ерекшелігі, дәрілердің енгізілу жолдары, дәрілердіңқарым-қатынастары). Аллергиялықөзгерістердің 4 сатысы байқалады: І-ші сатысы (тез гиперсезімталдық сатысы) дәрілерді денеге енгізгенде болады. Бұның бірінші түрі жаңадан иелену және екінші түрі мұралық – идиосинкразия деп аталады. Идиосинкразия – тұқым қуалаушылық бұзылыстар себебінен болған дененің дәріге жоғары сезімталдығы.
ІІ-ші сатысы (цитотоксикалық) кейбір дәрілерге және олардың метаболиттеріне дами бастайды, содан соң антигендік цитотоксиндер пайда болады.
ІІІ-ші сатысы (иммуножиынтық) токсикалық иммундық жүрістері арқылы көрінеді.
ІV-ші сатысының (баяу гиперсезімталдық) көрінісі иммунды жасуша буыны арқылы дәріні кезекті енгізгенде 1-2 тәуліктен соң және одан көп уақыттан кейін байқалады.
Биотрансформация (биологиялық өзгеріске айналу) – бұл заттың, соның ішінде дәрінің, ағзадағы химиялық бұзылысы (метаболизмі). Биотрансформация негізінен 1/ бауырда өтеді 2/ бүйректе, 3/ ішек қабырғасында, 4/ өкпеде, 5/ бұлшық етте және басқа ағзаларда да өтуі мүмкін. Көптеген дәрілер екі кезеңдік өзгерістерге ұшырайды: 1) Метаболизмдік трансформация (бұзылмалы өзгеріс деген мағынада) – а/ дәрілік заттың тотығу, б/ тотықсыздану немесе гидролиз арқылы басқа затқа айналуы. Осы жүріс нәтижесінде көптеген дәрілердің белсенділігі төмендейді. Тек қана бірен-саран дәрілердің бастапқы түріне қарағанда белсенділігі жоғарылауы ықтимал. 2) Конъюгация (қосылыс деген мағынада) -биотрансформацияның екінші кезеңдегі дәрі немесе оның метаболиттері - глюкурон, күкірт, сірке қышқылдарымен және т.б. глютатиондармен қосылып эфирлер түзілуі. Көбінесе фармакологиялық белсенділігін жоғалтқан конъюгаттар пайда болады. Дәрілердің денеден шығуы. Дәрілер, олардың метаболиттері мен конъюгациялары денеден бүйрек, бауыр, ішек, өкпе, сүт бездері және басқа сыртқы бездердің сөлдері арқылы шығады. Дәрілердің тиісті әсерлері. Бірінші әсері - жергілікті – дәрінің теріге немесе кілегейлі қабықшаға, қанға сіңбей тұрып, сол жерге тигізетін ықпалы. Екінші әсері резорбтивті - дәрінің қанға сіңуі, қан арқылы бүкіл денеге тиетін негізгі жалпы шипасы. Үшінші әсері - рефлекторлық – жүйке жүйесінің шеткі рецепторларына тікелей тиетін әсері. Мысалы, М- және Н- холинорецепторлар, α- және β- адренорецепторлар. Рецепторлар дегеніміз - макромолекулярлық заттардан тұратын шеткі жүйке жүйенің жауаптық тиісті белсенділік орталығы. Дәрілерді бірнеше рет қайталап бергендегі көрсеткіштері. 1) Дәріні бірнеше рет бергенде әсері төмендеп, бара – бара жоғалып кетеді, оны дәріге бейімделу яғни үйреніп кетушілік. Ол дәрінің сіңуінің төмендеуімен, ыдырауының күшеюімен және денеден шығуының жоғарлауымен байланысты. Үйреніп кетушіліктің ерекше түрі – тахифилаксия. Ол тез қысқа уақытта дамиды. 2) Дәріні бірнеше рет бергенде адам құмарланып одан шыға алмай байланып қалады, оны тәуелділік /қүмарлық/ деп атайды. Мұның екі сатысы болады: а) рухани құмарлық / эйфария /– эмоциялық ой-пікірден; б) тән (дене) құмарлық / абстененция /. 3) Кумуляция – дегеніміз дәрілерді қайталап қолданғанда денеде жиналуы.Оны екі түрге бөледі: а) материалдық - дәрінің өзі жиналады, яғни заттық жиналу деп атайды; б) функциональдық - яғни дәрінің тиісті әсерінің жиналуы. Күшті антибиотиктерді және басқа микробтарға қарсы дәрілерді ұзаққолданғанда дененіңқалыпты микрофлорасы өзгеріп, дисбактериоз дамиды. Кейбір дәрілермен ұзақ емделгеннен соң, оларды тоқтатқанда қабылдау синдромы байқалады. Ол негізі ауру белгілерінің күшеюімен сипатталынады. Дәрілердің бір-бірімен әрекеттесуі. 1) Фармакологиялық қатынасы – бірнеше дәрілерді емдік ретінде пайдаланғандағы денедегі өзгерістер. 2) фармакокинетикалық – дәрілерді енгізгеннен кейінгі жүріс жолдарындағы өзгерістері:а/ сіңірілу; б/ таралу; в/ шығу кезіндегі. 3) фармакодинамикалық - дәрілердің денедегі әсер ету механизмдік әрекетіне сай өзгерістер. 4) химиялық – дәрілер бір-бірімен химиялық алмасуы, өзгеріске түсуі және физикалық-химиялық – дәрілердің бір-бірімен физикалық (йондық күш арқылы тартысу) және физикалық-химиялық бірдей жүретін қатынастар арқылы өзгерістер. 5). Фармацевтикалық – дәрі – дәрмектер дайындау кезіндегі қатынастық (химиялық және физикалық-химиялық) өзгерістер болуы мүмкін. Дәрілерді дайындағанда бірнеше индифференттік (крахмал, қант, жабысқақ және т.б.) заттар қосылады. Date: 2015-07-01; view: 1741; Нарушение авторских прав |