Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жатыр қуысын қыруға әйелді дайындау





Мақсаты- студентті жатыр қуысын қыруға әйелді дайындауға, дәрігерге операция кезінде көмектесуге (ассистенция), жатыр қуысын қыру кезінде алынған материалды зерттеуге жіберуді үйрету.

Көрсетулері- жатырдан қан ағу, өздігінен болған түсік, жасанды түсік, нәресте бөліктерінің кідіруі, босанғаннан кейін қабықтардың немесе плацентаның бөліктерінің кідіруі, жатырдың қатерлі ісіктеріне күмәнді болғанда және тағы басқалары.

Қарсы көрсетулері: жедел жіне жеделдеу қабыну үрдістердің қай орнын болсада, жедел инфекциялық аурулар.

Мүмкін болатын асқынулары: жатырдың перфорациясы, жатыр мойнының жыртылуы, қырғаннан кейін ұрық жұмыртқасының толық емес алынуы, жатыр гипотониясы кезінде қан ағу.

Ресурстары: гинекологиялық орынтақ, Симпсонның қынаптық айналары көтергішімен, оқтық қыспақтар, жатыр сүңгісі, Гегар кеңейткіштерінің жиынтығы, қырғыштар жиынтығы, анатомиялық пинцет, корнцанг, 70% этил спирттіне салынған стерилді шариктер, 3% хлорамин ерітіндісі, марганец қышқыл калийдің ерітіндісі (1:6000), бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, 70% этил спирт немесе 40% формалин құйылған шиша,зертханаға жолдама, мұз салынған шыны, орамал, клеенка, 1% йоданат немесе 5% йод тұнбасы, жаялық.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Өзіңізді таныстырыңыз, әйелге емшараның орындалу мақсатын, қажеттілігін және

барысын түсіндіріңіз және оның ризашылығын алыңыз.

2. Зәр қуығын босату қажеттілігін ескертіңіз.

3. Әйелді гинекологиялық орынтаққа әдеттегідей астына клеенка төсеп жатқызыңыз.

4. Жыныс мүшелерін және сандардың ішкі беткейін марганец қышқыл калийдің

ерітіндісімен жуыңыз және құрғатыңыз.

5. Жыныс мүшелерін және сандардың ішкі беткейін 1% йоданат немесе 5% йодты

тұнбамен жағыңыз.

6. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

7. Қолдарыңызға бір рет киетін стерильді резеңке қолғаптарды киіңіз.

8. Ресурстардағы көрсетілген барлық құрал-аспаптарды дайындаңыз және стерилді

үстелшені жабыңыз.

9. Ауру әйелдің құйрық астына жаялық төсеңіз.

10. Дәрігерге операция кезінде көмектесіңіз, керекті құрал-саймандарды алып беріңіз және айналарды ұстаңыз.

11. Қыруды жүргізгеннен кейін құрғақ немесе физиологиялық ерітіндіге салынған шариктердің көмегімен әйелдің сарпайын тазалаңыз.

12. Ауру әйелдің ішіне мұз салынған шыныны қойыңыз.

13. Әйелді қоларбаға ауыстырып жатқызыңыз, оның астына жаялық төсеңіз.

14. Ауру әйелді палатаға апарыңыз және кереуетке ауыстырып жатқызыңыз.

15. Әйелге, оған 2 сағат бойы, төсектен тұруға болмайтынын ескертіңіз.

16. Қыруды жүргізген кезде, қыру уақытында алынған бүкіл материалды шишаға салып жинаңыз, үлгі бойынша жолдама жазыңыз және зертханаға зерттеу үшін жіберіңіз.

17. Бүкіл қолданылған құрал-саймандарды және таңғыш материалдарды 1 сағатқа 3% хлорамин ертінідісіне салып қойыңыз.

18. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ салыңыз.

19. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.

20. 2 сағат бойы әйелдің жалпы жағдайына және астына төсеген төсенішіне назар

аударыңыз (қан ағу болуы мүмкін).

21. Көп қанды бөлінділер болған кезде, осы туралы тез дәрігерге хабарлаңыз.

22. Құжаттарға жазба қалдырыңыз.

 

Ескерту. Жатыр қуысының қабырғаларын қырғаннан кейін қоларбаға салып палатаға апарыңыз. Гистологиялық зерттеуге жіберетін жолдамада қырындыны жатырдың қай бөлігінен алынғаны туралы белгілеңіз. Қырғаннан кейін 2 сағаттан соң әйелге тұруға рұқсат етіледі, егерде асқынулары болмаса, онда оны үшінші күні үйіне шығарып, әйелдер консультациясының дәрігерінің бақылауына жібереді.

 

 

Гинекологиядағы «жедел іш» кезінде күттірмейтін көмекті көрсету (жатырдан тыс жүктілік, аналық бездерінің апоплексиясы, жатыр қосалқыларының ісіктерінің аяқшаларының бұралуы, аналық безінің кисталарының жарылуы және тағысын тағылар).

Мақсаты- студентке гинекологиядағы «жедел іш» кезінде күттірмейтін көмекті көрсетуді үйрету.

Көрсетулері- «жедел іш».

Қарсы көрсетулері- жоқ.

Мүмкін болатын асқынулары- операция кезінде болатын асқынулар.

Ресурстары- операциялық үстел, қуыстық операция үшін құрал- саймандар, тігістік материал,операциялық киім-кешектер, дәкелік сүрткілер, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар,сорғыш, дәрі-дәрмек заттар, шприцтер, 1 йоданат немесе 5 йод тұнбасы, сабын, орамал.

Іс – әрекет алгоритмі:

1. Өзіңізді таныстырыңыз, ауру әйелге қатаң төсектік режім жасауын түсіндіріңіз.

2. Егерде әйел ес-түсін білетін болса, онда оны жұбатуғу тырысыңыз.

3. Тез дәрігерді және зертханашыны шақырыңыз.

4. Ішіне мұз салған шыны қойыңыз.

5. Оған ішуге және жеуге болмайтынын ескертіңіз.

6. Ауыртпайтын заттарды және спазмолитиктерді енгізбеңіз.

7. Қан тобын анықтаңыз.

8. АҚ өлшеңіз, пульсін санаңыз.

9. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

10. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.

11. Қуыстық операция үшін барлығын тез дайындаңыз және операциялық үстелді жабыңыз.

12. Дәрігер келгеннен кейін соның барлық тағайындағанын орындаңыз.

13. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ салыңыз.

 

Ескерту. «Жедел іш» терминнің жиынтығы болып есептеледі. Бұл іш қуысындағы әртүрлі этиологиясы және клиникалық ағымы бар жедел пайда болатын патологиялық үрдістердің көрінісі. Әртүрлі себептеріне қарамай «жедел іш» симптомикасы гинекологияда жалпы көп белгілері бірдей болып келеді.

 

Date: 2015-07-01; view: 2915; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию