Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Акушерлік стационар жағдайында ауыр преэклампсия кезінде дәрігерге дейінгі көмекті көрсету
Мақсаты -акушерлік стационар жағдайында ауыр преэклампсия кезінде дәрігерге дейінгі көмекті көрсету бойынша студенттің тәжірибелік ептілігін бағалау. Көрсетулері - ауыр преэклампсия. Қарсы көрсетулері - жоқ. Мүмкін болатын асқынулары - эклампсияның ұстамасының дамуы және т.б. Ресурстары –әйелдің нақпішіні (муляжы), сульфат магнийдің 25 шприц, 500 мл физиологиялық ерітінді, көктамырға құю үшін система, спирт, мақта, бұрау, тақтай төсек, АҚ өлшеу үшін тонометр, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын, орамал. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Жүкті әйелді үйінен алып келгендегі төмендегі көрсетілген белгілердің бірінің: эпигастралды аймағында немесе оң жақ қабырғаасты аймағында ауыру сезімі, бас ауыруы, көрудің нашарлауы (көз алдында «шыбын-шіркей» сияқты қараңдау немесе бүркеніш), бауырдың жеткіліксіздігі, олигурия ( 25мл/сағ), тромбоцитопения ( 100 * 10 9/л), ШТІҚҰ-синдромы, АЛТ және АСТ белсенділігінің жоғарылауы, лоқсу, құсу, артериялық гипертензия аясында (140/90 мм.с.б.) және протеинурия болуы кезінде «ауыр преэклампсия» диагнозын қойыңыз. 2. Жүкті немесе босанатын әйелдің қасынан кетпей акушерлік стационардың барлық бос персоналдарын және кезекші бригаданы шақырыңыз. 3. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. 4. Бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз. 5. Бір уақытта келесі шараларды жүргізіңіз: · өзіңізді таныстырыңыз, жүкті немесе босанатын әйелді тақтай төсекке, зақымданудан сақтандырып, жатқызыңыз және оның басын сол бүйіріне бұрыңыз; · көктамырға сульфат магнийдің 5 г құрғақ заттарының (20 мл, 25 ерітіндісінің) жүктемелік немесе бастапқы (старттық) дозасын жайлап 10-15 минут бойы енгізіңіз. 6. Жалғастырушы дозаны бастаңыз: · инфузоматтың көмегімен 1 сағат ішінде 1-2 г сульфат магнийді, ұзақтығы 12-24 сағат бойы үзбей көктамырға енгізіңіз; · инфузоматтың болмауы кезінде, 320 мл физиологиялық ерітіндіге 80 мл, 25 сульфат магнийдің ерітіндісін қосып енгізіңіз, ал енгізудің жылдамдығы: II тамшы/ минутына- 1г құрғақ затты/сағатына, 22 тамшы/минутына- 2гқұрғақ затты/ сағатына. Сульфат магнийді ұзақтығы 12-24 сағат бойы (1-2г сағатына) үзбей көктамырға енгізіңіз немесе (көктамырға енгізудің мүмкіндігі болмаған кезде, аса қажет жағдайда) 10г құрғақ затты 5г-нан әр бөксеге 1 мл 2 новокаинмен немесе 1мл 1 лидокаинмен бір шприцте бұлшықетке енгізіңіз. 7. Артериялық қысымды бақылаумен бірге магнезиялық терапияны жалғастыра отырып, жүкті әйелді зембілге салып, босандырып алу әдісін таңдау және жүктілікті әріқарай ұзартуда қауіп-қатер дәрежесін бағалау үшін стационардың III-деңгейінің анестезиология және қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызыңыз. 8. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ салыңыз. 9. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.
Ескерту. Емдік-сақтану режімін және емдәмді сақтау.
Date: 2015-07-01; view: 1924; Нарушение авторских прав |