Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Медициналық түсікті орындау үшін құрал-саймандарды дайындауға стерилді үстелше





Мақсаты- жүктілікті құрал-сайманмен үзу.

Көрсетулері- жүктілік.

Қарсы көрсетулері- қынап тазалығының III және IY дәрежесі.

Мүмкін болатын асқынулары- жатырдың перфорациясы, қан ағу, плаценталық полип, инфекциялық асқынулар, екіншілік бедеулік және т.б.

Ресурстары- құрал-саймандық үстелше, стерилді жаялық, қасық тәріздес Симпс (Симпсон) айналары, корнцанг, Мюзо оқтық қыспағы, жатыр сүңгісі, Гегар кеңейткіштері, №2 және №4 қырнағыштар, абортцанг, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, дәкелік шариктер, 1 йоданат ерітіндісі, 96 этил спирті, эндометрияның қырындысын жинайтын ыдыс, микробжойғылар, сабын, орамал.

Іс – әрекет алгоритмі:

1. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз.

2. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз.

3. Құрал-сайман үстелшеге стерилді жаялықты төсеңіз.

4. Стерилді жаялыққа стерилді құрал-саймандарды салыңыз:

· қасықтәріздес Симпс (Симпсон) қынаптық айналарды;

· корнцангті;

· Мюзо оқтық қыспақты;

· жатыр сүңгісін;

· №7 дейін Гегар кеңейткіштерін;

· №2 және №4 қырғыштарды;

· абортцангті;

· бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды;

5. Құрал-саймандарды стерилді жаялықпен жабыңыз.

6. Стерилді үстелшенің жанына қоюға стерилді мақта шариктері бар құтыны, 1 йоданат ерітіндісін, 96 этил спиртін, эндометрияның қырындысын жинайтын ыдысын дайындаңыз.

7. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және барлық қолданылған құрал-саймандарды ҚҚҚ салыңыз.

8. Қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.

9. Зертханаға жолдама жазыңыз.

10. Құжаттарға жазба қалдырыңыз.

 







Date: 2015-07-01; view: 1545; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию