Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Кольпоскопияны орындау үшін құрал-саймандарды дайындауға стерилді үстелше
Мақсаты- жатыр мойнының, қынаптыңшырышты қабаттарын және ондағ патологиялық өзгерістерді жарық түсіріп бейнелеу үшін 4-30 рет үлкейтіп көрсететін арнайы аппарат кольпоскоптің көмегімен қарау. Көрсетулері- жатыр мойнының эрозиясы, эндоцервицитті, лейкоплакиясы, эритроплакиясы, цервикалды каналдың полипі, 40 жастан асқан барлық әйелдерге алдын алу мақсатында. Қарсы көрсетулері- етеккір, қыздық перденің бүтіндігі. Мүмкін болатын асқынулары- жоқ. Ресурстары- кольпоскоп, гинекологиялық орынтақ, стерилді жаялықтар, бір рет қолданатын қынаптық айналар, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, корнцангтар, 3% сірке қышқылының ерітіндісі, Люголь ерітіндісі, стерилді дәкелік шариктер, сабын, орамал. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. 2. Қолдарыңызға бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз. 3. Құрал-сайман үстелшеге стерилді жаялықты төсеңіз. 4. Стерилді жаялыққа стерилді құрал-саймандарды салыңыз: · қасық тәрізді қынаптық айналар; · корнцангтар (2). 5. Құрал-саймандарды стерилді жаялықпен жабыңыз. 6. Стерилді үстелшенің жанына қоюға стерилді мақта шариктері бар құтыны, бір рет киетін резеңке қолғаптарды, 3% сірке қышқылының ерітіндісі және Люголь ерітіндісі бар шишаларды дайындаңыз. 7. Бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ салыңыз. 8. Кольпоскопты жұмысқа дайындаңыз: сымдыбауды, оптиканы, аппараттың оңтайлығын тексеріңіз.
Ескерту. Кольпоскопия- бұл жатыр мойнының қынаптық бөлігін, эндоцервикстің жапсарын, қынапты және сарпайды 4-30 рет үлкейтілген жарық беруші оптикалық аспаппен (кольпоскоппен) қарау. Жай және кеңейтілген кольпоскопия деп бөлінеді. Жай кольпоскопия кезінде жатыр мойнынын қайбір затпен тазаламай қарауды қамтамасыз етеді, кеңейтілген кольпоскопия кезінде жатыр мойнынын 3% сірке қышқылының ерітіндісімен және Люголь ерітіндісімен тазалағаннан кейін қарайды. Кольпоскопия бимануалдық зерттеудің алдында анестезия жасамай жүргізіледі. Ең анық кольпоскопиялық суретті анықтау үшін жатыр мойнының қынаптық бөлігіне 3% сірке қышқылының ерітіндісін жағады. Дисплазия аймағында әдәуір ағаруы байқалады, тін зақымданған болса, онда нәтиже копке дейін сақталады, эпителияның терең зақымданғанын көрсетеді. Егерде жатыр мойнынын Люголь ерітіндісімен (йод-1г, йодид калий-2-4 г, тазартылған су-300 мл) жақсақ, осы ерітіндінің әсерінен Шиллер сынамасы)жасушалар қара-қоңырға түске боялады,ал обыралды және обыр аурулары кезінде жасушалар гликогеннің аз болуына байланысты, олар боялмайды. Date: 2015-07-01; view: 1655; Нарушение авторских прав |