Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Бастапқы химиялық ұғымдар» тақырыбын методикалық талдау, тарауды оқыту әдістемесі





Билет

1. Химияны оқыту әдістемесі пәні және оның ғылыми негізі. Химияны оқыту әдістемесінің міндеттері, басқа ғылымдармен байланысы. Химияны оқыту әдістемесінде қолданылатын зерттеу әдістері. Химияны оқытудың зерттеу әдістері және оның басқа ғылымдармен байланысы. Химияны оқытудың әдістерін зерттеуді төрт мәселеге топтастыруға болады:Химия не үшін оқытылады?Химияда нені оқытады?Химияны қалай оқытады?Химияны оқытудың нәтижесін қандай?Бұл мәселелерді шешу үшін химияны оқыту методикасы педагогикалық зерттеулерде кеңінен қолданылатын мына әдістерді пайдаланады: бақылау, жорамал жасау, педагогикалық эксперимент, оқу-тәрбие құжаттарын, оқушылардың жазбаша, графикалық, техникалық және т.б. жұмыстарын талдау, мұғаліммен және оқушымен әңгімелесу, анкета алу және т.б.Бақылау нәтижелі болу үшін оның мақсаты мен жоспары айқын, тіркеу тәсілі дәл де ақиқат, жүйелі және ұзақмерзімді болуы керек.Бақылаудан алынған мәліметтерге сүйеніп, ғылыми жорамалдар жасалады. Оның дұрыстығын тексеру үшін қосымша бақылаулар жүогізіледі немесе педагогикалық эксперимент қойылады. Эксперимент кезінде құбылыс бақылаудағыдай емес, зерттеушінің жорамалына сәйкес алдын ала жоспарланып, өзгертілген жағдайда жүзеге асады. Зерттеудің мәселесі мен мақсаттарына қарай енгізілетін өзгерістер де алуан түрлі болуы мүмкін.Химияны оқыту методикасы зерттеу объектісі және әдістері жөнінен, ең алдымен, дидактикамен байланысты. Өзінің ең негізгі міндеті – химия пәнінен білім берудің мазмұнын анықтағанда химия ғылымының қол жеткен жетістіктеріне дидактикалық талдау және іріктеу жасайды. Химияның ғасырлар бойы жинаған білім қазынасынан оқушылардың жасына және өткендегі дайындығына сай келетін материалдарды таңдап алады.Химияны оқыту методикасы – жасөспірімдерге жан-жақты тәрбие беру үшін тәрбие теориясының қағидаларына сүйенеді. Химиядан білім берудегі оқу-танымдық міндеттер. Оқыту мен тәрбиелеу – бір-біріне байланысты екі үрдіс. Химияны оқыту үрдісінде оқушылардың жеке басының қызметін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Оны оқу – танымдық бірінші міндет деп санауға болады. Оқу – танымдық қызмет аса маңызды химиялық әрекеттерді меңгеруді көздейді. Мәселен, химиялық сынақ – тәжірибелерді орындай білу, заттарды талдауды, синтездеуді меңгеру, химиялық әртүрлі сарамандық іскерліктерді, дағдыларды игеру жатады.Оқу – танымдық екінші міндет интеллектуалды және сарамандық іскерлік. Химияны оқыту кезінде оқушылардың репродуктивті және продуктивті танымдық әрекеттерінің дамуы маңызды рөл атқарады. Оқушылардың танымдық қызметі проблемалық оқу кезінде аса нәтижелі дамиды. Осы кезде оқушылар проблемалық ахуалға белсене араласып, өз беттерінше жұмыс істейді.Оқу – танымдық қызметті дамытудың үшінші міндеті – оқыту құралдары мен оқыту әдістерін жұмылдыру.Оқу – танымдық қызметті дамытудың төртінші міндеті, оқушылардың дербестік және шығармашылық қабілеттерін күшейту.

2) Элементтердің табиғи топтары түсінік. Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі. Топ және период туралы ұғымның қалыптасуы. Д.И. Менделеев ашқан периодтық заң – табиғат дамуының жалпы заңдарының бірі. Ол химиялық элементтер және олардың қосылыстары туралы білімді бір жүйеге түсіруге, түсіндіруге және батыл болжамдар жасауға мүмкіндік берді. Атомның құрылысын анықтауға, жаңа элементерді ашуға және синтездеуге жол-жоба көрсетті. Периодтық заңның негізінде атомдық физика, геохимия және басқа да жаратылыстану ғылымы жедел дамыды.Элементтер арасындағы өзара байланыстың, жүйе мен жекенің арасындағы байланыстың мәні ашылады. Жүйеден тыс элемент бола алмайды, жүйе белгілі элементтерді толық қамтиды. Д.Ид Менделеев жасаған периодтық система Л.Мейер жасаған жүйеден барлық элементтерді қамтуы, ашылмаған элементтерге орын қалдыруы бойынша ерекшеленеді. Периодтық жүйеден химиялық элементтер атомдарының біртіндеп күрделіленуі, санның сапаға ауысуы айқын көрінеді. Реттік нөмір бірге артқанда атомның заряды, электрон саны артады, соған орай химиялық сапасы өзгереді. Біртіндеп металдық қасиет жойылып, бейметалдық қасиет күшейеді, содан соң оның орнын бейтарап қасиеті бар элементтер алады. Біріншісі бойынша периодтық заңдылықты түсіну үшін оқушылардың деректі материалдардан едәуір үлкен әзірлігі болуы тиіс. Осы көзқарасқа сәйкес периодтық заң – 9- класта галогендер, оттекке ұқсас элементтер және сілтілік металдар өтілгеннен кейін оқылды.Екінші пікірді қолдаушылар периодтық заң мен жүйені ертерек өтіп, химиялық элементтерді солардың негізінде оқып үйрену тиімді деп есептеді. Осы пікірге сәйкес бұл тақырып 8- класта оқылады. 3)Химияны оқытудағы көрнекілік. Көрнекілік түрлері және оларды жіктеу. Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік" деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты.Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырранда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация.Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар – атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі ретіндегі ерекшеліктері Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино-фильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.Оқу процесіне жаңа техникалық құралдарды енгізу (теледидар, видеомагнитофондар) оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Қазіргі уақытта көрнекі құралдың жаңа түрі – жеке тұлғалар қолданатын компьютерлерге ерекше көңіл бөлініп, мектептерде электронды-есептегіш техникасы кабинеттерін құру міндеті шешілуде, оқу процесіне белгілі бір жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге мүмкіндік беретін компьютерлерді енгізу міндеті де қолға алынуда. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен меңгерілген көптеген процестерді қозғалыста, көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді. Компьютерлер, көрнекілік әдістерінің оқыту процесіндегі мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді.Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттарды:

• көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;

• көрнекілікті сабаөтың керек сәтінде қолдану;

• демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;

• иллюстрацияның ең бастысын, мәндісін нақты бөлу;

• құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру;

• демонстрацияланатын көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес келуі;

• көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті мәліметтерді табуға оқушыларды ңатыстыру.
Оқытудың тәжірибелік әдістері арқылы оқушылар тәжірибелік қызметпен айналысып, тәжірибелік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастырады. Тәжірибелік әдістер: жаттығулар, зертханалық және практикалық жұмыстар.
Жаттығу көмегімен ақыл-ой және тәжірибелік іс-әрекет меңгеріледі. Ол барлық пәндерді оқуда, оқу процесінің түрлі кезеңдерінде қолданылады. Оның сипатыжәне әдістемесі оқу пәнінің ерекшелігіне, нақты оқу материалына, оқушылардың жасына байланысты. Жаттығу сипатына қарай ауызша, жазбаша, графикалық және оқу-еңбек деп бөлінеді.Оқушылардың өз бетімен жұмыс істей білу деңгейіне қарай жаттығулар бірнеше түрге бөлінеді:

• белгілі білімдерді еске түсіріп, оны бекіту мақсатындағы жаттығулар;

• білімді жаңа жағдайда қолданып жаттығу.

Билет

1.Химияны оқыту әдістемесінің пайда болуы және даму туралы қысқаша деректер.Қазақстанда химияны оқыту методикасы ғылымының дамуы. Жастарға химиялық білім беру туралы көзқарас химия ғылымының даму кезеңдеріне сәйкес қалыптасты. Орыстың атақты ғалымдары химия ғылымының дамуына зор үлес қосумен бірге, жасөспірімдерге химиялық білім беру ісімен тікелей айналысты, көптеген құнды әдістемелік пікірлер айтты.М.В. Ломаносов (1711-1765) химияның қоғамдағы маңызын және пайдасын насихаттады, жастарға химиялық білім беруді ұйымдастыру мәселелерін шешуге белсене араласты. Ол тұңғыш химия зерттханасын ұйымдастырып, химияны үйренудегі эксперименттің мәнін жоғары бағалады, физикалық химияның орыс тіліндегі оқулығын жазды.Д.И: Менделеев (1834-1907) жастарға химиялық білім берудің қажеттігін, мақсаттарын, мазмұнын, сипатын талдаған еңбектер мен оқулықтар жазды, химияның өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында қолданылуын көрсету арқылы оқушыларды еңбекке, практикалық іске әзірлеу, химияның мазмұнына деректі және теориялық материалдарды енгізу, химиялық экспериментті кеңінен пайдалану туралы пікірлер айтты. А.М. Бутлеров (1828-1886) ғылымдағы және оқыту әрекетіндегі теориялық білімнің алатын орнын негіздеп түсіндірді, өте жақсы химия оқулықтарын жазды.М.В. Ломаносов негізін қалаған атом-молекулалық ілім мен массаның сақталу заңы, Д.И. Менделеев ашқан периодтық заң және периодтық жүйе, А.М. Бутлеровтың органикалық заттардың құрылыс теориясы орта мектептегі химия курсының теориялық негізін құрайды.Химияны оқыту әдістемесі орта мектепке тұрақты оқу пәні болып енгеннен кейін ғана ғылым ретінде қалыптасты. Бірте-бірте химияны оқыту әдістемесі жалпы білім беретін орта мектептгегі химия пәнін оқыту мәселелерін жан-жақты зерттейтін көп салалы ғылымға айналды.1940 жылдардан бастап Қазақстанда химияны оқыту әдістемесін жасау және жетілдіру ісі қолға алынды. Әдістемені зерттеу жұмыстары 50-жылдарды Қазақтың Абай атындағы педагогика институтының химия кафедрасы, республикалық Педагогика ғылымдары ғылыми-зерттеу институты жағынан аспирантура ұйымдастырылғаннан кейін жандана түсті.

Қазақстанда химияны оқыту методикасы бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты – орта мектеп химиясының өзге пәндермен және өндіріспен байланысын ғылыми жағынан негіздеу. Д.Қоянбаев – Қазақстанның оңтүстік аймағындағы оқушылардың ауыл шаруашылық тәжірибелік жұмыстарындағы химия, С.Мұсабеков – химияны оқытудың биология және ауыл шаруашылық өндірісімен байланысы, А.Г.Гатаулин – ауыл мектептерінде химияны оқытудың топырақтану негіздерімен байланысы, Л.П.Калашников - химияны оқытудың жер туралы ғылымдармен байланысы, Л.З.Дюсупова – органикалық химияны оқытудың физикамен байланысы, К.А.Сарманова - химияны оқытуда оқушылардың IV – VI кластарда жаратылыстануда математикадан алған білімдерін пайдалану мәселелерін зерттеді. Педагогика мен мектеп сарамандығының дамуы қазіргі кезеңде пәнаралық сабақтастықты тиімді ұйымдастырудың, оқушыларға терең білім беру мен диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастырудың пәрменді құралы ретінде танылып отыр. Зерттеу объектісінің аумақтылығы – аталып өткен жұмыстарға тән ерекшеліктердің бірі. Бұл еңбектерде зерттеліп отырған мәселелердің төңірегінде орта мектептегі химия пәнінің мазмұнын және оқыту әдістерін жетілдіру, оқушылардың тиянақты білім алуына жаңартылған мазмұнмен әдістерідің тигізетін әсерін жан-жақты зерттеу мақсаты көзделген. 1940 жылдардан бастап Қазақстанда химияны оқыту методикасын жасау және жетілдіру ісі қолға алынды. Бастапқыда озат мұғалімдердің іс тәжірибесін кеңінен тарату және мұғалімдерге методикалық көмек көрсету мақсатымен біраз еңбектер жазылды. Солардың ішінен О.А.Суворовтың «Химияны оқытудың социалистік құрылыстың практикасымен байланысы» (1940 ж), «Есеп – химияны оқытуды практикамен ұштастырудың негізгі құралы» (1940 ж), «Орта мектепте лабораториялық жұмыстар жүргізудің әдістері» (1941 ж) еңбектерін атап өтуге болады.

2. Көрнекі көрсету эксперименті, оған қойылатын талаптар. Тәжірибені көрнекі көрсетудің әдістемесі. Бұл әдістің негізгі мақсаты – оқушылардың сарамандық іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру. Бұған негізінен оқушылар сынақ тәжірибесі, зертханалық тәжірибелер, сарамандық сабақтар, сынақ тәжірибелік есептер шығару, сан есептері мен жаттығулар орындау, кітаппен жұмыс, графикалық жұмыстарды орындау жатады. Мұның бәрі – оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары.Көрнекі құралдарды көрнекі көрсету арқылы баяндау. Химияны оқыту барысында алуан түрлі көрнекі құралдар пайдаланылады, олар 5 топқа жіктеледі:

  1. Заттар мен әрекеттер (заттар, құралдар, құбылыстар);
  2. Көлемді көрнекі құралдар (макеттер, нақпішіндер);
  3. Бейнелеу көрнекі құралдары (суреттер, картинкалар, плакаттар, диапозитивтер, фильдер);
  4. Графикалық көрнекі құралдар (сызбанұсқалар, диаграммалар);
  5. Символикалық көрнекі құралдар.

Білімнің көзі осы көрнекі құралдар болып табылатын әдістер – көрнекі әдістер, ал сөзбен түсіндірілетіндері – сөз әдістері деп аталады.Сөз – көрнекі әдістер ішінде жиі қолданылатыны - тәжірибелерді көрнекі көрсету (көрнекі көрсету эксперименті). Ол: 1) оқушылардың тәжірибелік білігі мен дағдысы жеткіліксіз; 2) эксперимент күрделілігі; 3) эксперимент «қауіпті» болғанда; 4) аз мөлшерлі реактивтер нәтиже бермегенде; 5) уақытты үнемдеу және құрал-жабдық жеткіліксіз болғанда қолданылады. Оқу-тәрбиелк міндеттерді орындау үшін көрнекі көрсетілетін экспериментке мынадай талаптар қойылады:

  1. Көрнекілік – көрнекі көрсету зерзаты оқушылардың бәріне көрінуі үшін арнаулы көрнекі көрсететін үстелде және үстелшеде, ірі ыдыстарда жасалады. Жасанды жарық, экран – кодоскоп қолданылады.
  2. Қарапайымдылық – тәжірибе жасалатын құралдардың құрылысы күрделі болмағаны жөн, егер құрал күрделі болса, оқушылардың назары бөлінеді, құбылысты бақылауға кедергі жасайды.
  3. Қауіпсіздік – көрнекі көрсетілетін тәжірибелер оқушылар үшін қауіпсіз болуы керек. Улы заттар түзілетін, қопарылыс беретін тәжірибелерді алдын-ала дайындауға, сақтық шараларын ескеруге жете көңіл бөлінуі керек.
  4. Сенімділік – тәжірибе міндетті түрде шығуы тиіс. Күмәнді болған жағдайда мұғалім алдын – ала ескертуі керек.
  5. Түсіндіру – көрнекі көрсетуді түсіндіру көрнекілікті сөзбен ұштастыру әдістері тұрғысынан шешіледі, ол көрнекі түсіндіру немесе зерттеу сипаты болуы мүмкін.

Осы талаптарға сәйкес тәжірибелерді көрнекі көрсетудің методикасы.

1. Тәжірибенің мақсатын хабарлау (немесе мәселе қою). Оқушылар тәжірибенің не үшін қойылатынын, нәтижесінде неге көзі жететінін анық түсінуі керек.

2. Құралды сипаттау, тәжірибенің жағдайлары, заттардың сипаттамалары.

3. Оқушылардың бақылауын ұйымдастыру. Мұғалім нені қалай бақылау керегін түсіндіреді, реакцияның белгілеріне көңіл аударады.

4. Қорытынды және теориялық негіздеу.

Көрнекі көрсету тәжірибені білім, тәрбие беру және дамыту қызметін сөзбен ұштастырылу тәсіліне тікелей байланысты оның 4 түрлі болуы мүмкін:

1. Білімнің көзі тәжірибе, мұғалімнің сөзі оқушылардың өздігінен бақылауын бағыттайды;

2. Екінші жағдайда да білім тәжірибеден алынады, мұғалім құбылыстың тікелей бақыланбайтын жақтарын түсіндіреді, ол үшін оқушылардың бұрыннан бар білімін ескереді;

3. Сурет бойынша түсіндіру әдісі. Мұғалім алдымен сөзбен түсіндіріп, растау үшін тәжірибе көрсетеді.

4. Сурет бойынша түсіндіру әдісінің екінші жағдайында мұғалім көрнекі көрсету арқылы түсіндіріп, құбылысты оқушыларға белгілі теория тұрғысынан сипаттайды.

Бастапқы химиялық ұғымдар» тақырыбын методикалық талдау, тарауды оқыту әдістемесі.

 

Date: 2015-06-11; view: 1746; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию