Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






А) жағымсыз иісті көлемді қақырықты жөтел 12 page





A) алдыңғы құрсақ қабырғасы

B) кеуде

C) аралық

+D) қынап, тік ішек

E) бір мезетте алдыңғы құрсақ қабырғасы және тік ішек арқылы

Қабылдау бөлімінде Дуглас кеңістігі абсцессі диагнозымен 25 жастағы әйел науқас түсті ең алғашқы қандай ақпаратты әдісті өткізу керек?

A) лапароскопия

B) іш қуысының шолу рентгенографиясы

+C) тік ішекті және қынапты саусақпен тексеру

D) УДЗ

E) тік ішекті және тоқ ішектің төменгі бөлігін контрастпен тексеру

Аппендикулярлық перитониттiң салмақты болуын немен түсiндiруге болады

құрт тәрездес өсiктiң iш қуысының төменгi бөлiгiнде орналасуымен

A) жоғары вируленттiк микрофлорамен

+B) аппендицит болғанда иммунитеттi нашарлауы

C) перитониттiң өте жылдамдығымен

D) белокты заттардың көп мөлшерде жоғалуымен

Е) көп мөлшерде ақуыз жоғалтумен

Науқас 26 жастағы ер кісі,іріңдеген аппендикулярлы инфильтрат көрінісімен түсті.Сіздің әрекетіңіз:

A) көктамырішілік антибиотиктерапия

B) дезинтоксикациялық ем

C) физиотерапия

+D) іріңдікті ашу және дренаждау

E) жергілікті рентгенотерап

Аппендикулярлық перитонитке байланысты жасалған лапаротомиядан кейінгі 6-шы тәулік. 40 жастағы әйел науқастың ішінің төменгі бөлігінде ауру, тенезмдер, дизуриялық белгілер пайда болды, дене қызуы 39,5°С гектикалық түрде, қалтырайды. Тілі ылғалды, іші жұмсақ, іштің төменгі жағында ауырсыну бар. Ректальды тексергенде: тік ішектің алдыңғы қабырғасы арқылы үлкен, қатты ауырсынатын, жұмсаруы бар инфильтрат анықталады

Ең ықтимал диагнозвңыз қандай?:

A) Пилефлебит

+B) Кіші жамбас қуысының абсцессі

C) периаппендикулярлық абсцесс

D) ішекаралық абсцесс

E) Сепсис

20 жастағы әйел науқас іштiң төменгi жағының ауырсынуы, тенезмдер, гектикалы сипатта дененiң қызуы, дизурия, тiк iшектi зерттегенде алдыңғы iргесiнiң төмен түсiп тұруы осы белгiлер қандай ауруда кездеседi

A) гангренозды аппендицит

B) диафрагма астындағы абсцесс

+C) Дуглас кеңiстiгiнiң абсцессi

D) жедел холецистит

E) iшектер арасындағы абсцесстер

Науқас Т. әйел 29 жаста гангренозды аппендицит туралы жасалған аппендэктомиядан кейін 6-күні дене қызуының жоғарылауы, қалтырау, ішінің төменгі бөлімінде ауырсыну, тенезм, зәр бөлгеннен кейінгі ауырсыну пайда болды. Л-14, 1х10 59 0/л. Науқаста қандай асқыну болуы мүмкін?

A) оң жақта плевропневмония

B) көкет асты іріңдігі

C) ішек аралық іріңдік

+D) дуглас кеңістігіндегі іріңдік

E) құрсақ арты кеңістігіндегі іріңдік

Науқас ер кісі 31 жаста алкогольді ішімдіктер ішкеннен кейін көп рет құсу болған, соңғы құсық қызыл қанмен аралас. Ең ықтимал диагнозвңыз қандай?:

+A) Мэллори – Вейс синдромы

B) асқазан жара ауруы

C) өннеінің варикозды кеңейген веналарынан қан кету

D) Крон ауруы

E) Жедел панкреатит

Науқас ер кісі 66 жаста, жедел тоқ ішек түйілуі клиникасымен шұғыл түрде операцияға алынды. Лапаротомия кезінде-сигма тәрізді ішектің циркуляцияланған стеноздаушы ісігі, парааортальды лимфа түйіндердің ұлғайғаны және бауырға метастаз бергені анықталды. Гартман операциясы жасалды. Бұл қандай операция болып табылады:

A) симультанды;

+B) паллиативті;

C) радикальды;

D) аралас (комбинированный);

E) барлық жауаптар дұрыс емес.

Науқас лапароскопиялық холецистэктомиядан 48сағаттан кейін ішінің ауырсынуына, кебуіне, жүрегінің айнуына шағымданады. Қандай емдік диагностикалық ісәрекеттер жүргізген жөн:

A) қан анализін қадағалап, динамикалық бақылау;

B) релапароскопия;

+C) перистальтиканы комплексті стимуляциялау;

D) антибактериальды терапия;

E) лапаротомия, іш қуыс мүшелеріне ревизия жасау.

Науқас ер кісі 36 жасата жайылмалы перитонитке байланысты перфоративті тесікті тігу операциясы жасалды, 5-ші тәулікте ішінің ұстамалы ауруы, жүрек айну, қайталап құсу пайда болды. Медикаментозды терапиядан кейін аз мөлшерде желі шықты. Бірақ біраздан соң ауырсынуы қайта басталып, өт аралас құсқан. Жағдайы орташа ауырлықта, Ps 100, тілі құрғақ, іші аздап кепкен, жұмсақ, ішектің сирек, бірақ күшейген перистальтикасы, «шалпу шуы» анықталады. Іш қуысының қайталанған R – граммасында (біріншісінен 4 сағ кейін жасалған) көптеген Клойбер тостағаншалары анықталады. Науқаста қандай асқынуы пайда болды?.

A) Диафрагма асты абсцессі

B) Жедел панкреатит

C) перитонит

+D) Жедел жабыспалық ішек түйілуі

E) Ішек аралық іріңдіктер

Жедел панкреатитпен ауырған науқас 29 жасты ер кісі, ауырғаннан кейiн 15 тәулiкте эпигастральды аймағынан аздап ауыратын эластикалық құрылым пальпацияланады. Қандай асқыну болу мүмкiн?:

A) iш пердесiнен тыс флегмона

B) iш пердесiнен тыс қан ұюы

C) жедел обструктивтi холецистит

+D) оментобурсит

E) iшекаралық абсцесс

24 жасар әйелге аппендицитке байланысты операция жасалып жатыр, құрсақ қуысын ашқанда қара түстi қан шықты, құрт тәрiздi өсiндi аздап қанталаған. Сiздiң ойыңызша гемоперитонеумнiң жиi себебi не?

A) деструктивтi аппендицит кезiнде тамырдың жарылып кетуi

B) аналық без кистасының айналуы

+C) жатырдан тыс жүктiлiк

D) Меккелев дивертикулы

E) аднексит

Егер аппендэктомиядан кейiн 3 тәулiкте әлсiздiк, қалтырау, дене қызуының 39 С дейiн көтерiлуiмен терлеуi, склера мен терiнiң сарғаюы пайда болса, қандай асқыну туралы ойлауға болады?

A) төменгi бөлiктiк пневмония

+B) пилефлебит

C) өкпе артериясының тромбоэмболиясы

D) мезентериальдық тамырлар тромбозы

E) жедел гепатит

Іш бүлігі диагнозы бар 27 жастағы әйел науқаста құрсақ қуысының рентгенографиясы кезінде көкет күмбезі астында орақ тәрізді газ анықталды.Осы симптом тән болатын ауруды көрсет?:

A) жедел перфоративті аппендицит

B) жедел перфоративті холецистит

C) жедел панкреонекроз

D) жедел ішек өтімсіздігі

+E) асқазан ойық жарасының тесілуі

Ұлтабардың тесілген ойық жарасы тігілген. 1 айдан кейін кекіру,лоқсу тұрып қалған тамақпен құсу пайда болды. Қандай асқыну болу мүмкін?:

A) дуоденостаз

+B) пилородуоненальды тарылу

C) созылмалы панкреатит

D) кардиоспазм

E) асқазан атониясы

Пилородуоденальды тарылумен асқынған ұлтабар ойық жарасы болғанда тиімді операция әдісін таңда (субкомпенсация дәрежесі):

A) гастродуоденоанастомоз

B) гастростомия

C) артқы гастроеюноанастомоз

D) діңді ваготомия

+E) асқазан резекциясы

Науқас 42 жастағы ер кісі қысылған жарық және жедел миокард инфарктысы.Сіздің ықтимал әрекетіңіз:

A) бақылау, ішке суық басу

B) жарықты салу

C) спазмолитик

D) анальгетик

+E) шұғыл операция

50 жастағы науқас әйел ішінің толғақ тәрізді ауырсынуына,жүрек айнуына, құсу, жел мен үлкен дәреттің болмауына шағымданады.11 жыл бұрын аппендэктомия жасалған.Қарағанда ішінің ассиметриясы және кебуі байқалады,перитонеальдық симптомдар жоқ.Лейкоцитоз 6,7 мың. Ең ықтимал диагнозвңыз қандай?:

A) ішек инфарктысы

B) ұлтабар ойық жарасы

C) жедел холецистит

+D) жедел ішек өтімсіздігі

E) жедел панкреатит

Жедел аппендицит клиникасымен науқас операцияға алынды. Аппендикс тұқылын (культя)неғұрлым тиімді өңдеу әдісі:

A) жібекпен байлау және көктеп тігіске ішекке батыру

B) байланбаған тұқылды көктеп тігіске ішекке батыру

C) ішекке енгізбей жібекпен байлау

+D) кетгутпен байлап көктеп тігіспен ішекке батыру

E) ішекке енгізбей кетгутпен байлау

Ауруханаға ауыр дәрежелі жедел панкреатит дигнозымен түскен 39 жастағы әйел науқасқа сырқаттың бастапқы кезеңінде хирург құрамына келесі дәрілер кіретін кешенді емді тағайындады: атропин (инъекциядағы), промедол (инъекциядағы),5% глюкоза ертіндісі инсулинмен бірге, тұзды ерітінділер, интралипид, аминопептид, гемодез, антибиотиктер. Ферментті уыттануды басу үшін қандай дәріні тағайындау керек еді:

+A) протеаз ингибиторлары

B) өт айдағыш

C) құртты шығарғыш

D) бронхолитиктерді

E) зәр айдағыш

Науқас 45 жастағы ер кісі төс артының күйдіріп ауырсынуы, кекіру және қыжылдау – үштік симптомдары көп уақыттан бері мазалайды. Сіздің болжам диагнозыңыз және диагностикалық тәсілі:

A) кардиоспазм-рентген,УЗИ

B) көк еттің өңештік саңылауының жарығы-ЖҚА, рентген

+C) рефлюкс – эзофагиті –ЭФГДС,рентген,Рн-метрия

D) эпифренальды дивертикулдың-УЗИ,ЭФГДС

E) өңештің тыртықты тарылуы –УЗИ,ЭФГДС,Рн-метрия

Жедел іш клиникасы бар 50 жасты әйел науқасқа диагностикалық лапаротомия жасалды, іш қуысында геморрагиялық бөлінісі мен шарбы майының некрозы анықталды. Не жөнінд және қандай асқынуды ойлауға болады?

A) бауырдың жыртылуы

+B) жедел панкреатит, панкреонекроз

C) қуысты ағзаның зақымдануы

D) мезентериальды тромбоз

E) асқазан жарасының тесілуі

Науқас 48 жасар ер кісі стационарға шұғыл түрде анда-санда пайда болатын іш қатуға, тоқ ішек бойымен ауырсынуға шағымданып, тоқ ішек дивертикулезі күдігімен түсті. Тоқ ішек дивертикулезі диагностикасы үшін неғұрлым ақпаратты зерттеу болып табылатыны:

A) ректороманоскопия

+B) kолоноскопия

C) ирригоскопия

D) тоқ ішекті ішке бари қабылдағаннан кейін зерттеу

E) құрсақ қуысы мүшелерінің УДЗ

Науқас Р. 56 жасар әйел, қысылған кіндік жарығымен түсті. Қосалқы ақауы семіздік 2-ші дәрежесі. Шұғыл түрде жергілікті инфиильтративті жансыздандырумен операуцияға алынды. Операция кезінде анықталғаны: жарық қапшығында іш ағзалары қабынғанда болатын экссудаты қабыну болды. Ең ықтимал диагнозвңыз қандай?:

A) нәжістік қысылу

B) қабырғалық қысылу

C) Литтер жарығы

+D) жарықтың жалған қысылуы

E) ретрогратты қысылу

Науқас П. 25 жасар әйел шұғыл түрде ішінің ауырсынуына, әлсіздікке шағымданып түсті. Үш сағат бұрын ішінен жарақат алған. Ауырсыну күшейген. Тексерілді, құрсақ қуыс мүшесінің зақымдалуы анықталды. Тән болатын асқынуды ата:

A) жүрек қан тамыр жеткілісіздігі

B) қан кету

C) инфекцио-уытты шок

+D) перитонит

E) трaвмалық шок

Асқынған аппендицитте құрсақ қуысында басым болады:

A) ішек таяқшасы

B) протей

C) стрептококк

+D) стафилококкпен қосылған ішек таяқшасы

E) стафилококк

Асқазан ішек жолдарынан қан кетулерінің ең жиі себептері:

+A) асқазан мен 12елі ішектің жара ауруы

B) эрозивті гастрит

C) асқазан ісігі

D) Мэллори-Вейс синдромы

E) тоқ ішек дивертикулезі

Науқас А, 48 жаста, ауруханаға ауру басталғаннан 1 тәуліктен кейін құрсақ қуысының, әсіресе мезогастрий бөлігінің қатты ауырсынуларымен клиникаға түскен. Іші кепкен, тырысқан, іш астардың тітіркену белгісі оң. Лейкоцитоз 25*109. Берілген жағдайда қандай ену жолы қолайлы?

A) Мак – Бурнея – Волкович – Дьяконов қиғаш тілігі

B) Колесова көлденең тілігі

C) Леннандер параректальды ену жолы

D) Пирогов

+E) орталық лапаротомия

Науқас С, 23 жаста, 6 сағат бұрын эпигастрий аймағында өткір ауырсынулар пайда болған, ауырсыну біртіндеп бүкіл құрсаққа жайылған. Қарау кезінде іші тырысқан, барлық аймағында ауырсыну, бауырлық тұйықталу аныөталмайды. 2 сағат өткен соң ауырсыну басыла бастаған. Диагнозды қандай зерттеу арқылы дәлелдеуге болады?

A) компьютер томографиясы

+B) құрсақ қуысының рентгенографиясы

C) ФГДС

D) құрсақ қуысының УДЗ

Е) лапароскопия

Жарақат алғаннан кейін 3 тәуліктен соң, тұйық жарақатқа байланысты жасалған операция кезінде науқаста көп мөлшердегі ішектік құрамы бар іріңді сұйықтық, висцеральды және париетальды іш астардағы фибринді жабыны бар тоқ ішектің 2 см-ге дейінгі дефектісі анықталды. Сіздің хирургиялық тактикаңыз:

+A) зақымдалған тоқ ішектің резекциясы, екі бағаналы колостоманы салу, назоинтестинальды дренирлеу

B) гемиколэктомия еюнотрансверзонанстомоз салу

C) зақымдалған тоқ ішектің резекциясы

D) тоқ ішектің зақымдалған бөлігін тігу, еюностома шығару

E) зақымдалған тоқ ішектің резекциясы, бір бағаналы колостоманы салу

Асқазан резекциясынан 2 сағат өткен соң тұрақты назогастральді зонд арқылы асқазаннан қан бөлініп шығады. 1 сағатта 500 мл шамасында қан кетеді. Науқасты жүргізу тактикасы?

А) Зонд арқылы 100 мл 5% аминокапрон қышқыл ерітіндісін енгізу, гемостатикалық терапияны жалғастыру.

B) Жаңа мұздатылған плазма мен қан құюды жылдамдату эпигастриальді аймаққа мұз қою.

C) Шұғыл гастроскопияны гемостаз мақсатында қолдану.

D) Фибриноген мен криопреципитатты құю.

+E) Науқасты шұғыл операцияға алу.

34 жастағы ер адамды қан аралас құсық мазалайды. Құсу көп мөлшерде тамақ пен алкогольді қолданғаннан пайда болып, кейін құсыққа қан қосылады. Қан кетудің мүмкін себептер? Сіздің тактикасы?

A) эрозивті-жаралы эзофагит; гемостатическалық терапия

+B) өңеш шырышының жыртылуы және асқазанның кардиальды бөлігінің шырышты қабатының жыртылуы, гемостатическалық терапия, әсері болмағанда –кардий шырышының жартылуын тігу

C) эрозивті гастрит, гемостатческалық терапия, әсері болмағанда - гастрэктомия

D) диафрагманың өңештік тесігінің жарығы, Ниссен бойынша операция

E) асқазан мен өңеш веналарының варикозды кеңеюі, Блэемор зондын қолдану

Науқас 21 жаста, сырқаты басталғаннан 4 тәулік өткеннен кейін ауруханаға іштің аурсынумен шағымданады. Оң жақ мықын аймағында тығыз, ісік тәрізді, іш астарға жанасқан, аурсынатын түзіліс анықталады. УДЗ кезінде соқыр ішек проекциясында ісік тәрізді түзіліс бар. Дене температурасы қалыпты, лейкоцитоз – 8,7. дұрыс емдеу тактикасы?

A) аппендэктомия жасау

B) лапоротомия- резиналы- марлялы тампон, микроирригатор антибиотик түзу үшін

C) лапаротомия, құрсақ ішілік тәсілмен инфильтратты ашу

D) құрсақ сыртылық тәсілмен инфильтратты ашу

+E) консервативті ем, физиотерапия қолданумен

Кезекші хирург науқаста Дьелафуа үштігін анықтады. Диагнозды аныұта, емдеу тактикасы?

A) жараның тесілуі – жараны кесу, дуоденопластика

+B) жедел аппендицит - аппендэктомия

C) іріңді халангит – Вишневский әдісі бойынша холедохты дренаждау

D) жедел спайкалы ішек өтімсіздігі- спайкаларды кесу, өтімсіздікті жою

E) қарағанда орнына келген жаншылған жарық – динамикалық бақылау, перитонит көрінісінде лапаротомия

Науқаста іштің ауырсынуы, іш қуысының R – граммасында диафрагма үстіндегі бос ауа сызығының болуында хирургиялық әдістемені таңдаңанда қандай критерилерге назар аударасыз:

А) науқастың ауырған мерзімінен бастап

+B) ішастардың қабыну дәрежесіне

C) құрсақ қуысының мүшесінің дефект көлеміне

D)құрсақ қуысы мүщесінің дефект локализациясына

E) науқас жасына

Науқас Д., 47 жаста, науқас 10 күн бойы болған қара түсті нәжіске, жалпы әлсізжікке және бас айналуға шағымдарымен клиникаға жеткізілді.Ойық жара анамнезі 5 жыл мерзімінде. Түскен кездегі жағдайы ауыр, пульс 90 рет/мин, АҚҚ 80/40 мм.с.б.б. бозару. ЖҚА Эр. 2,0х1012, Hb 70, гематокрит 20%. жедел ЭФГДС кезінде асқазан денесінде диаметрі 3 см болатын созылмалы каллезді жара анықталды, борпылдақ қызыл тромбпен жабылған. Сіздің тактикаңыз?

A) кейінгі емдеу жүргізу үшін реанимация бөліміне ауыстыру

B) асқазанды зонд арқылы жуу және аминокапрон қышқылы мен норадреналин енгізу

C) динамикалық бақылаумен гемостатикалық және алмастырушы терапияны жүргізу

+ D) операция алды дайындықтан кейін жедел түрде операция жасау.

E) дайындақсыз жедел операция жасау

Науқаста іштің ауырсынуынан 3 тәулік өткен соң оң жақ мықын аймағында құрсақ қабырғасына жанасатын, қатты ауырсынатын ісік тәрізді түзіліс анықталды, УДЗ – де түзіліс орталығында гипонегативті, көлемі 6х5 см. түзіліс анықталады. Емдеудің дұрыс тактикасы?

+А) инфильтратты құрсақішілік ашып, дренирлеу

В) абсцесса құрсақ ішілік ашу және дренаждау

С) физиотерапиямен қатар тек консервативті терапия

D) кең лапаротомия арқылы құрсақ қуысының толық сонациясы.

Е) интраперитонеальді антибиотиктерді лимфотопты заттармен бірге.

Науқас 24 жаста. Етеккірінің 2 аптаға дейін кешігуінен кейін кенеттен ішінің астында қатты ауырсыну байқалған, кейін әлсіздік сол жақ бұғана асты аймағында ауырсыну қосылды. Бұл қандай симтом? Қандай диагноз?

A) Щеткина-Блюмберг симтомы, жедел аппендицит

B) Мейо-Робсон симптомы, жедел панкреатит

C) Куленкампф симптомы, асқазанның перфоративті жарасы

+D) Элекер симптомы, жатырдан тыс жүтілік кезінде түтікшенің жыртылуы,қан кету

E) Винтер симптомы, перитонит

Науқаста алкогольді қабылдағаннан 2 күннен кейін бетінде цианозды дақтар пайда болды, іштің жоғарғы бөліктерінде айқын ауырсыну, іш кебуі, толассыз құсу болған.ЖҚА лейкоцитоз 23,0, амилаза 124- қандай симтом, диагноз?

A) Мейо-Робсон, Жедел панкреатит

B) Керте, жедел холецистит

C) Грея-Тернер, жедел панкреатит

+D) Мондор, жедел панкреатит

E) Воскресенский, жедел аппендицит

Науқас 30 жаста, іштің ауырсынуына, жүрек айнуына, әлсіздікке шағымдарымен түсті. Объективті:жалпы жағдайы ауыр. Тілі құрғақ, іш бұлшық еттерінің тырысуы. Тыныс алу актіне қатыспайды. Пальпация кезінде іштің ауырсынуы. Бауырлық тұйықтық анықталмайды. Бұкіл іш аймағында Щеткина-Блюмберг симптомы оң. Операция кезінде бауырдың сол жақ бөлігінің астында фибриннің жиналуы көрінеді. Сіздің болжам диагнозыныз? Емдеу тактикасы?

+A) асқазанның жара ауруы, перфорациямен асқынған, перитонит. Перфоративті жараны тігу

B) ішектің жедел спайкалық өтімсіздігі. Спайкаы тілу, өтімсіздікті жою.

C) жедел панкреатит. Панкреонекроз. Перитонит.шарбы сөмкесін және құрсақ қуысын дренирдлеу

D) тесілген жара ДПК, перитонит. асқазанды Билирот 2 бойынша Резекция 2/3.

E) жедел деструктивті холецистит, өтті перитонит. Холецистэктомия, холедохты және құрсақ қуысын дренирлеу.

Науқас 56 жаста, айқын кофе түстес құсық мазалайды.қарап тексергенде іші ұлғайған, кіндік айналасындағы веналар кеңейген, нәжісі қарайған. Диагноз? Консервативті ем кезінде зонд қолданылған, қандай мақсатта?

А) асқазан жара ауруы. Асқазан жарасындағы қан кетуді тоқтату үшін асқазан зондын қолддану.

B) бауыр Циррозы, портальді гипертензия. Асқазанның кардиальді бөлігіндегі венадан қан кетуді тоқтату үшін Фогарти зондын қолдану.

+C) бауыр Циррозы, портальді гипертензия. өңештің варикозды кеңейген венасынан қан кетуді тоқтату үшін Блекмор зондын қолдану.

D) жаралы ауру ДПК, қан кетумен асқынған. Жарадан қан кетуді тоқтату үшін Сельдингер зондын қолдану.

E) Геморрой,қан кетумен асқынған. Қан кетуді тоқтату үшін Фолей зондын қолдану.

Науқас С. 22 жаста, құрсақ қуысының мүшесінде жедел іріңді ауруға байланысты операция жасалғаннан кейін 5 тәуліктен соң дене қызуының жоңарылауы 37,6, дизурия, тұрақсыз нәжіс, тенезмдер. Пайда болған асқынудың диагнозы және диагностиканың тиімді әдісі?

A)құрт тәрізді өсінді тұқылының тұрақсыздығы, лапароскопия

B) ішек өтімсіздігі, іш қуысының шолу рентгенографиясы

+C) Дугласов кеңістігінің абсцессі, тік ішектің және қынаптың саусақпен зерттеу

D) жедел пиосальпинкс, кіші жамбас УДЗ

E) инфекциялық колит, копрологиялық зерттеу.

Науқас Х, 35 жаста, іш қуысы мүшесінің жедел ауруына байланысты операция жасалған, анализінде амилаза жоғарлаған.операция үстінде шарбыда ақ түсті некроз аймақтары және геморрагиялақ құйылу анықталды. 8 ай өткеннен соң құрсақ қуысындағы іріңді кистаның жарылуына байланысты операция жасалынды. Біріншілік аурудың димагнозы? іріңді кистаның жарылуы және әртүрлі іріңді перитонит дамығанда қандай тактика ең тиімді

A) жедел панкреатит. Цистогастростомия, іш қуысын дренирлеу

B) бауыр Эхинококкозы. Іріңдеге кистаны санациялау және дренирлеу.

+C) жедел панкреатит. Марсупиализация – киста және іш қуысының сыртқы дренирлеу

D) жедел панкреатит. Ішектің Ру ілмегі бойынша Цистоеюностомия,іш қуысын дренирлеу.

E) аналық без кистасы. аналық без кистасын алып тастау, іш қуысын дренирлеу.

Науқаста операция кезінде өт қабы қалыңдағаны, қызаруы, тырысуы, фибринмен жабылу анықталған. Үлкен шарбыда майлы некроздың «бляшкалар» анықталады. Гепатодуоденальді байлам аймағындағы іш пердеден тыс аймағы өтпен сіңген. Науқаста қандай диагноз? Хирург қандай тактиканы қолдану керек?

A) жедел катаральді холецистит, холецистэктомия, іш қуысын дренирлеу

B)жедел флегмонозды холецистит, холецистэктомия, құрсақ қуысын дренирлеу

+C) жедел флегмонозды холецистит, майлы панкреанекроз, холецистэктомия және холедох пен шарбы қалтасын сыртқа дренирлеу

D) жедел гангренозды холецистит, геморрагиялық панкреанекроз, холецистэктомия шарбы қалтасын дренирлеу

E) өт қабының эмпиемасы, ісінген панкреатит, холецистостомия, шарбы қалтасын және іш қуысын дренирлеу

Ургентті клиникаға науқас ауырғанына 16 сағат өткен соң жеткізілген. Шағымдары: оң жақ мықын аймағындағы ауырсыну, дизуриялық белгілер, тенезм, іш өту, ішастар тітіркену, Образцов, Коупа симптомдары оң. Бұл клиникалық көрініс қай қабыну процесіне тән? Сіздің тактикаңыз?

А) типті орналасқан аппендицитке күдік, инфузионды және антибактериальды терапия, клиникасының күшеюінде – оперативті ем

В) бауырастылық орналасқан жедел аппендицит; инфузионды және антибактериальды терапия, лапароскопия, өсінді өзгерістерінде- аппендэктомия

С) аналық без апоплексиясы, жеңіл дәрежелі қан кетуде, гинекологиялық бөлімге жіберу

+D) ретроцекалды орналасқан өсінді, аппендэктомия

Date: 2016-08-30; view: 454; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию