Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Астық қозғалысының цехішілік коммуникациясы
Коммуникация бұл – машиналардың, тасымалдау механизмдері мен бункерлердің өздігінен ағу құбырларымен біріктірілген жүйесі. Ол арқылы дән және аралық өнімдер технологиялық сұлба бойынша ретімен қозғалады. Цех ішіндегі коммуникацияға үлкен назар аударады. Жабдықтың қабат бойынша тиімді әрі рационалды орнатылғаны, сонымен бірге вертикаль және горизонталь тасымалдайтын механизмдердің минималдылығы цех ішіндегі коммуникацияның дұрыс орындалғанын көрсетеді [5]. Коммуникацияны мұқият жасау кезінде жобаланатын тік жүргізу материалдарының санын қысқарту, олардың биіктігін азайту және учаскелердің ұзындығын қысқарту пневматикалық көлікпен тасымалдайтын ұн зауыттары үшін ерекше маңызды болып табылады. Астықты элеватордан дән тазалау бөліміне, алдын ала есептелген жалпы ұн тарту партияларының құрамына енетін, сапасы бойынша біркелкі болатын жеке партиялармен берілуі керек. Бұл партиялар жалпы ұн тарту партияларын қалыптастыруға арналған бастапқы компоненттер, сондықтан оларды тазаланбаған дәнге арналған бункерлерде жеке жөнелтеді. Дайындау бөліміндегі коммуникацияны жобалау жабдықтарды орналастырумен бір уақытта жүргізіледі. Мұндағы коммуникациялық жұмыстар технологиялық жабдықтардың қабаттық сұлбасын құрудан басталады. Ылғалдағыш аппарат бөктіру бункерінің үстінде орналасқан. Қалдықтардан тазарту жабдықтары тазаланбаған бидайға арналған бункерлерге жақын орналасады, ал қалғаны бөктіру бункерінің жанында. Астықты тасымалдау кезінде өздігінен ағатын құбырлардың маңызы зор. Жабдықтарға жақын орналасқан құбырлар, оларға қызмет көрсету, жөндеу кезінде, кедергі жасамауы керек. Өнімдерді өздігінен ағу құбырлары арқылы тасымалдау кезінде олардың көлбеулілігі өнім түріне байланысты әртүрлі болады. Дән үшін 36°C- тан кем емес, ал ұн және аралық өнім үшін- 45°C. Цех ішіндегі жабдықтар мен транспорттық машиналарды дұрыс жайластыру арқасында біз транспорттық механизмдерді құруға кететін шығындарды, кәсіпорынның энергия шығындарын және дайын өнімнің өзіндік құнын төмендете аламыз. Коммуникацияны орындау үшін келесі жобалық материалдар қажет: · технологиялық процесстер сұлбасы; · ғимараттың ұзыннан және көлденең қималары; Date: 2016-07-22; view: 603; Нарушение авторских прав |