Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ндірістік ғимараттардың сипаттамасы және жобаланып отырған кәсіпорынның құрылыс конструкциялары, конструктивті элементтері





Конструкторлық шешім негізінде ұн тартатын зауыттың өндірістік ғимаратын темірбетонды қаңқалы балкамен жабылатын, рамкамен байланыстырылатын конструкциямен жобалаймыз [12].

Іргетас. Бұл ғимараттық салмағын негізіне беретін жер асты құрылымдық бөлшегі. Өндірістік ғимарат қаңқасының астына жинамалы темірбетонды баған түрлерін орнатамыз. Іргетастың қойылу тереңдігі жердің таңдану деңгейінен төменде 0,25м. Фундамент екідеңгейлі плита мен бағаннан тұрады. Іргетасты арасы 0,6м биіктігі 4,8м деп жобалайды. Іргетас кесінділері темірбетонды колонкалардың астына 0,15м деңгейде орналастырылады. Фундаментті 0,38 биіктікте кетіктермен жасаймыз. Қиықтардың өлшемдері 0,3 м-ге дәлдестірілген. Іргетас бағандары сыртқы және ішкі қабырғаларды ұстап тұруға арналған. Жалпы қабырғалары мен терезелі қабырғалар фундамент бағандарының ортасына орналастырылып салмақ бағандарға түсетіндегі ойластырылған. Ішкі қабырғалары баған ортасынан бір есік қойылатындай етіп қарастырылады. Іргетас бағандары бағанаралық қаңқалар арасына орналастырылып бетон бағандарға тірейміз. Бетон бағандардың ені іргетас бағандарының ең үлкен енінен кем болмауы тиіс. Ішкі негізгі қабырғалардың белдемшесі көлденең сызбаларға сәйкес тік тіреуіш арасына орналастырылады. Темірбетон негізіндегі белдемшесінің кесімі трепециялық пішінде. Негізгі белдемшесі су қабылдамайтын құрылыс материалдарымен екі рет майлануы қажет. Негізгі белдемшенің орнықтылығы үшін төменгі және бүйірі жағын күлмен шегендеу қажет, автокөлік кіретін қақпаға негізгі белдемшелер орнату қажет емес.

Терезе қаңқасы. Негізгі терезе қаңқасы элементтері: тіреуіштер, белдемшелер, төбе жабындылары. Тіреуіштерді байланыстыратын тордың аралықтары 9х6м. Шеткі тіреуіштердің орталық оське қатынасы 0-ге тең. Ортаңғы тіреуіш ось бойынша құрлыс материалдарының осьпен байланысы 0,5м сыртқы бүйір қабырғалары нольдік байланыста. Тіреуіштердің бір-бірімен түйісулері еден деңгейінен 0,6 м жоғары орналасқан, шығыңқы арматураларды және біріктіретін детальдарға дәнекерлеп бетонмен құйямыз.

Шеткі тіреуіштердің бір жағында, ортаңғысының екі жағында консольдары бар. Консольдардың өлшемдерін тіреу қысымына және конструкцияның тіреу өлшемдеріне, төселетін консольдің өлшеміне сәйкес аламыз. Консольдің өлшемі 0,3м.

Қабырғалар. Ғимараттың ішкі кеңістігін сыртқы температуралық әсерлерден, желден, атмосфералық жауын-шашыннан, шаңнан, шудан қорғауға жеткілікті қасиеттерге ие. Қабырғалар беріктілік, ұзақтық, отқа беріктік, үнемділік талаптарына толық сәйкес келеді. Қабырғалар конструкциясы пайдалану қолайлылығын қамтамасыз етуі.

Ұн тарту зауытының құрылысына негізгі қабырғасы мен төбесі өз салмағын өзі көтеретін дәрежедегі қабырғалар қолданылған. Ілмелі қабырғалар ленталы шыныланатын терезе орындары бар құрастырмалы жеңілбетон тақталардан жасалған. Қабырға қалыңдығы 0,2м қабырға панелдерінің ұзындығы тіреуіштердің орталығына сәйкес.

Төбе жабындылары мен шатыр. Өндірістік ғимаратта шатырсыз төбе жабындыларын пайдаланамыз, өйткені олар пайдалануға қолайлы және арзан. Жабынды су өткізбеушілік, беріктігін, ұзақтық және үнемділік талаптарына толық сәйкес келеді.


Жоспарланған ғимараттың төбесінің және сыртқы қабырғаларының отқа жанбайтын биіктігі 0,6 м кем болмау керек. Ал өндірістік ғимараттарда битум араласқан төбе жабдығының ылдиы 5% болу керек.

Терезелер. Өндірістік ғимаратты жарықтандыру үшін сыртқы қабырғаға бір деңгейде және ғимараттың ұзындығына сәйкес ленталы шыныланатын терезелер орнатылады. Бұл терезелер ғимаратқа жақсы табиғи жарық береді. Терезе өлшемі қабырға панеліне сәйкес салынады. Терезелердің қаңқасы темір, ол шынының қалыңдығы 3 мм.

Ғимараттың есіктері біржаппалы, сыртқа ашылады. Сыртқы эвкуация есіктері өлшем бірлігі 2,09х2,39м. Ішкі есіктер өлшемі 0,988х2,1 м. Есіктердің жақтаулары темір, қаңқасы ағаш. Өндірістік жерлердегі есіктер мен баспалдақ торларын отқа шыдамды үш қабатты кемнен тақтайлардан жасаймыз.

Едендер. Көпқабатты құрылымнан тұрады. Еденді негізінен жабушы плиталар құрайды. Плиталарды еден майыспайтындай тығыздап жымдастырып орнатамыз. Жер асты суынан қорғау үшін төсеніш қабаттың астына гидрооқшаулағыш жаямыз.

Төсеніш қабат ғимарат негізіне салмақты бірдей бөлу үшін қызмет жасайтындықтан төсенішті тек жерге жаямыз. Полдың қабырғаға, бағандарға қалқаларға және фундаментке түйісетін жерлерінің үстіңгі жағына арнайы плинтустар жаямыз.

Қалқалар. Өндірістік ғимараттың іші кең, бөлінбеген, техникалық қайта жабдықтауға өндірістік қайта құруға бейімделген. Өндірістік ғимараттың қалқалары тек қана мықты, төзімді ғана емес, сондай-ақ жиналмалы құрамалы болады. Олар өртке шыдайтын, дауысты жаңғырықтырмайды. Сыртқы жақсы түрі бар. Температура-дымқылдығы өндірістік зиянды құрамы әртүрлі цехтар мен бөлімше шекараларына ғимараттың барлық биіктігіне дейін қалқалар орнатамыз (80-90мм). 3 м биіктікке дейінгі қалқалармен қоймалар, қамбалар сыртын қоршаймыз. Бұндай қалқалар қаңқалы қалқандармен жасалып жапырақты мөлдір емес материалдармен толтырылады.

Баспалдақтар және баспалдақ торлары. Өндірістік баспалдақтар пайдаланылуына қарай қызметтік, өрттік, сыртқы, авария жағыдайындағы болып бөлінеді. Негізгі баспалдақтар қалыпты жарықтанатын, жанбайтын баспалдақты торларда орналастырылады. Олар ғимараттың құрылымының талаптарына үндеседі, өртке шыдамды, мықты және үнемді.

Сатылық торлар ғимараттың ішкі жағындағы дайындайтын және үншығатын бөлімшелердің арасына қойылады.

Баспалдақ алаңнан, қоршаудан және марштан тұрады. Ені 2,35м, 0,15х0,3м баспалдақ және биіктігі 1,2м темірбетон баспалдақтар қолданылады. Баспалдақ торы үшін арнайы орын қалдырылады.

 







Date: 2016-07-22; view: 981; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию