Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кәсіпорынның бас жоспары, оның сипаттамасы және технико- экономикалық көрсеткіштері





Жаңа жоба немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды қайта құру жобасын жасау кезінде құрылыс алаңын қарастыру қажет. Территорияның өлшемдері барлық керекті ғимараттар мен құрылыстарды, теміржол және автомобиль жолдарын орналастыруға, сонымен қатар кәсіпорын болашақта үлкеюін қамтамасыз ете алатындай болу керек. Кәсіпорын территориясына басқа ғимараттар қоюға болмайды. Құрылыс алаңын батпақты жерде, көктемгі еру кезінде су астында қалатын және иілу бұрышы үлкен жерлерге орналастыру рұқсат етілмейді. Жауын – шашын және басқа да суларды шығару үшін алаңның иілу бұрышы 0,001-0,003 жеткілікті. Жер асты сулары жер асты қондырғылардың орналасу тереңдігінен төмен болуы керек. Автомобиль және темір жолдарына, инженерлік желілерге энерго- және су желілеріне, кәріздерге жақын орналасуын қарастыру керек. Құрылыс алаңын нан зауыты, макарон фабрикасы, кұрама жем зауыттарының және т.с.с. жанында дәнді, дайын өнімді, қалдықтарды және басқа да қосымша өнімдерді жүйелі қолдану мақсатында орналастыру керек. Өндіріс алаңын таңдағаннан кейін негізгі және қосымша ғимараттарды, шеберханалар мен басқа ғимараттарды, яғни бас жобаның негізі болатын құрылыстарды алдын – ала орналастырады. [12]

Бас жоба деп болашақ кәсіпорынның жұмысын қамтамасыз ететін темір және автомобиль жолдарымен, инженерлік желілермен барлық ғимараттардың өзара байланасын айтады.

Бас жобаны құру кезінде келесі талаптарды орындау керек: жерді орнықты пайдалану; нәтижесінде негізгі және қосымша өндірістерді нығыздайтын етіп өндіріс ғимараттар мен құрылыстарды үлкейту; алаң ішілік темір жолдарын максималды түрде қолдану керек; жүк ағынының алаң ішілік сұлбаларын және жүк автомобильдерінің территория бойымен қозғалу сұлбаларын максималды түрде қысқарту керек; негізгі өндірістік ғимараттарды орналастыру технологиялық процесстердің өтуінің талаптарына және қарама – қарсы келетін жүктік ағындардың болмауын қамтамасыз ету; территорияны нақты өндірістік, қоймалық, темір жолдар және қосымша алаңдарына бөлу.

Негізгі өндірістік ғимараттарды санитарлы – қорғау талаптарына сай тұрғын үйлерге қатысты ық жаққа орналастырады. Тұрғын үй мен өндірістік аймақтың санитарлы айымашылығы 100 м болуы керек. Бірақ қондырғылардың шуының жоғары болуына байланысты ұн және құрама жем зауыттарын тұрғын үйлерін 150 м қашықтықта орнатады. Санитарлы – қорғау аймағы әкімшлік мағызы бар ғимараттар, көгалдандыру және дем алу алаңдары үшін қолданылуы мүмкін.

Ұн және құрама жем зауыттарының жанында химиялық кәсіпорындар және ветеринарлық емханалар орналасуына рұқсат етілмейді. Территорияда ғимараттарды табиғи жарықты қолдану мүмкіншілігі жоғары және цехтердің аэрациясы дұрыс жүретіндей етіп соғады. Ғимараттар мен құрылыстардың арақышықтары санитарлы және өрт қауіпсіздік нормаларға сай болуы керек. Қоймалар, қосымша цехтерді және энергетикалық құрылыстарды негізгі ғимараттарға жақын орналастырады. Элеватордың жұмыс мұнарасынан ұн зауытына дейін – 12 м; ұн зауытынан қосымша құрылыстардың корпусына дейін – 25 м. [8]


Темір және автомобиль жолдары территорияда жүктің ағындарының қозғалысына байланысты орналастырады және дән сақтау қоймалары мен дайын өнім бөлімімен байланыстырады. Бұл қоймаларды темір жолдың ұзынына байланысты орналастырады..

Темір жолдарын өндірістік ғимараттың сыртында жобалаған дұрыс, ол ішкі автомобиль жолдарымен қиылыспай дәнді қабылдау мен жіберу жұмыстарын жеңілдетіп жылдамдатады. Ішкі территорияның жүру жолын сақина түрінде жасап, асфальтпен қаптау керек. Автомобиль жолдарының енін дайын өнім қоймасының жанында 20 м, қалған бөліктерде 6,5 м етіп қабылдайды. [8]

Инженерлік желілер, кәріз, силостық кабельдерді, жылу трассасының линиясын автомобиль және темір жол жүретін жолдардан алшақ және ғимараттар астында болмайтындай етіп өткізеді. Ғимарат пен су құбырларына дейінгі арақашықтық 5 м, кәріз үшін 3 м болуы керек. Трансформаторлы станцияны негізгі өндірістік ғимаратта, қазандықтарды өндірістік цехтерге жақын етіп орналастырған жөн.

Өрт қауіпсіздігі нормаларының талаптарына сай ғимараттар арасында арақашықтықты өрт сөндіру машинасы сиятындай етіп және бұл машиналар темір жолдарын кеспейтіндей етіп өтуі керек, сонымен қатар өрт сөндіру гидранттары 50 – 100 м қашықтықта сақинала түрде немесе көлемі 250 – 500 м3 болатын үш сағаттық сумен қамтамасыз ететін қосымша сыйымдылықтар орнатылу керек.

Жоғары өрт қауіпті құрылыстарды басқа ғимраттарға қарағанда желді беттен орнатқан дұрыс. Резервуарлар мен жақын ғимараттар арақашықтығы 25 м кем болмауы керек. Кәсіпорын территориясын дарбазамен қоршайды. Кем дегенде екі – негізгі және қосымша кіру дарбазалары, ал шығу дарбазасы тікелей басты жолға болуы керек. [12]

Астана қаласында жобаланып отырған ұн зауыты «Цесна-Мак» макарон фабрикасын астықпен қамтамасыз етіледі. Кәсіпорын автомобиль және темір жол көліктерімен ыңғайлы байланыстырылған.

Зауытты электр энергиясымен жергілікті жерде жұмыс істеп тұрған электр желісіне қосып қамтамасыз етеміз.

Кәсіпорынның бас жоспары негізгі техникалық құжаттардың бірі болып табылады. Дипломдық жобаның графикалық бөлімінде бас жоспар 1-500 масштабында орындалған. Элеватордың негізгі өндірістік құрылысына: жұмыс ғимараты, силосты корпустар, теміржол және автомобиль жолдарынан қабылдау қондырғылары, темір жол вагондарына арту қондырғылары, астық кептіргіш қондырғылары, қалдықтар цехы, зертханалар, автомобильді таразылар. Қосымша өндірістік құрылысына жататындар: жылу қоймалары, трансформаторлы станциялар, сорғыш станциялар, суға арналған су құбырлары және жер асты резервуарлары, электр жөндеу, шеберхана, депо, әкімшілік, дүкен, асхана, т.б.[12]


Бас жоспар келесі экономикалық көрсеткіштермен сипатталады: ғимараттарды салу тығыздығы және бөлек құрылыстың саны, көгалдандыру коэффициенті. Территорияның жалпы өлшемдерін ғимараттың орналасу сызбасы бойынша аламыз: ұзындығы 328 м; ені 188 м; ал территорияның жалпы ауданы 61664 м2, ұзындығының еніне қатынасы 1,74; бас жоспардағы құрылыс территориясының ауданы 27132,13 м2; көгалдандыру ауданы 11099,52 м2.

Бас жоспардағы ғимараттар мен құрылыстардың орналасу тиімділігін технико - экономикалық көрсеткіштері арқылы анықтайды.

Кәсіпорын территориясындағы пайдалану үнемділігін анықтау үшін құрылыс коэффициентін анықтайды

Кқ-с=∑Ff\F0*100% (1)

 

Мұндағы, ∑Ff – ғимараттың ауданының қосындысы;

Fо – жалпы аудан;

 

Кқ-с=∑61664\27132,13*100% =44% (2)

 

Астық қабылдау және өңдеу өндірістеріндегі құрылыс коэффициенті 42 – 44% болуы керек. Территорияның ұзындығының оның еніне қатынасы 3 - тен артық болмайды.

Көгалдандыру коэффициенті

 

К=∑Fk\F0*100% (3)

 

Мұндағы, ∑Fк – территориядағы барлық көгалдандырылған аудандарының қосындысы;

Fо– жалпы территория.

 

К=∑61664\11099,52*100%= 18%

 

Кәсіпорын территориясын көгалдандыру коэффициенті 15 – 20% болуы керек. Бас жоспардағы объектілер стандартқа сәйкес шартты белгілермен графикалық түрде көрсетіледі. Бас жоба сызылған форматта келесі белгілер міндетті түрде көрсетілуі керек: ғимараттар мен құрылыстардың экспликациясы; қабылданған шартты белгілер; желдің бағыты; технико экономикалық көрсеткіштер.

 

 

1- кесте. Бас жоспардың негізгі экономикалық көрсеткіштері

Атауы Өлшем бірлігі Өлшемі
       
  Территорияның ауданы м2  
  Территорияның өлшемдері: Ұзындығы м  
Ені м  
  Енінің ұзындығына қатынасы 1,74
  Құрылыс территориясының ауданы м2 27132,13
  Асфальтті бетондық жабын ауданы м2  
  Теміржол ауданы м2  
  Көгалдандыру ауданы м2 11099,52
  Көгалдандыру коэффициенті %  

 







Date: 2016-07-22; view: 1224; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.011 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию