Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жобаланатын кәсіпорынның автоматтандырылуы және технологиялық процесті басқару





 

Технологиялық процесті басқару өнімнің сапасының жоғары болуын және шығымының қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Технологиялық процессті ұйымдастыру және енгізу екі міндеттің шешімін қарастырады:

- Біріншісі –дайын өнім өндірісіндегі технологиялық процестің негізгі жүйелерінің жұмыс режимін және өңделетін шикізаттың ең қолайлы режимін таңдау;

- Екіншісі – берілген партияның ағымдағы барлық периодында өңдеу, режимнің таңдалынған параметрлерінің өзгермейтін мәндерін ұстап тұру.

Бірінші міндет ұсынысты қолдану арқылы «ұн зауытындағы технологиялық процессті енгізу және ұйымдастыру ережелері» көрсетілген немесе зертханалық қондырғыларда шикізатты өңдеу жолымен жасалады.

Екінші міндет өндірісте бақылау жүйесінің параметр режимдерінің айқын болуын және берілген деңгейде тұрақты болуын талап етеді. Осы жүйені ұйымдастыру ерекше қиындықтармен байланысқан, яғни ұн алу технологиясы күрделі болып келеді.

Астық өңдеу өндірістеріндегі технологиялық процес жеке кезеңдерінің қиын байланысқан, тармақталған ағын принципі бойынша ұйымдастырылған. Барлық технологиялық операциялардың толық механизацияланғанына қарамастан, операцияны басқарудың автоматтандырылған жүйесін жасау өте қиын, себебі технологиялық процесс көп сатылы болып келеді, өнім ағындағы технологиялық жүйедегі варияция режимі және өңдеуге түсетін шикізаттың бастапқы сипаттамасына байланысты меншікті шығым және сапа көрсеткіші түрленеді. Жоғары өнімділіктегі жабдықтармен жабдықталған бұл өндірісте дистанционды пультпен басқарылады. Дайындау және дайын өнім бөлімдерінде барлық электрқозғалтқыш технологиялық жүйе бойынша астық қозғалысына байланысты блокталған, керекті жерлері бункердегі астық деңгейін анықтайтын сигнализаторлармен, пневмоқұбырдағы ауа қысымын бақылайтын құрал жабдықтарда, пневмотранспорт жүйесінде, су беру жерінде және т.б. орналасқан. Заманауи ұн зауытындағы барлық технологиялық және транспорттық жабдықтар бір ағымдық жүйені құрайды. Әр келесі машинаның жұмыс істеу тиімділігі және эксплуатациялық режимі алдыңғы қатардағы машина жұмысымен анықталады. Осындай күрделі комплексті басқару әр түрлі тұрақтандыратын құрылғылармен, жеке және топпен қосылатын және машинаны блоктайтын дистанционды басқару жүйесімен,автоматты реттеу элементтерімен және технологиялық циклдің жеке этаптарын бақылау, және де ақпараттық құралдың жүру процессінің сандық және сапалық қортындысымен іске асырылады.

Технологиялық процесстің тұрақтануы элеватордан басталады, ондағы силостардың сиымдылығы зауыттың үздіксіз 3...4 ай жұмыс жасауына есептелген. Бұл тұрақты сапа көрсеткіші бар ірі астық партиясын құрастыруға мүмкіндік береді.

Бункердегі астық қоспасы бір орталық саңылаумен болса онда өздігінен сұрыпталу жүреді, ауыр қоспалар бірінші қосқанда шығып кетеді, ал жеңілдері соңынан. Мұндай қалдықтардың біркелкі жайылмауы тиісті дән тазалау машинасының тиімділігін төмендетеді. Мұндай өздігінен сұрыпталуды болдыртпау үшін бункер түбінде 16 саңылау болады және астық қозғалысын бақылап отыратын көру айнасы болады. Құбыр арқылы астық конус тәрізді воронкаға У2-БВВ-16 түседі. Мұндай конструктивті шешім дән тазалау машиналарына бірқалыпты шөп-шалаң және дән қалдықтарының түсуіне септігін тигізеді, яғни машиналардың технологиялық тиімділігі бір қалыпты болады.

Ұн тартылатын партияны электропневматикалық УРЗ-1 ағын ретттегішімен құрастырады. Әр түрлі сападағы астықты үздіксіз жұмысты таразымен мөлшерлеу, берілген өнімділікте ±1 дәлдікте технологиялық жабдықтарға және пневмотранспорттық қондырғылардың жұмысына тиімді әсер етеді. Астықты ұн тартуға дайындау процесі кезінде астық біркелкі жайылуы үшін керекті ылғалдылықты таңдау керек. Осы мақсатта барлық ылғалдағыш машиналарда бақылау-өлшегіш құралдарымен және автоматты басқару және блоктау жиынтығымен жұмыс жасайды.

 







Date: 2016-07-22; view: 615; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию