Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жобаланатын кәсіпорынның технологиялық жабдықтарының мінездемесі мен спецификациясы
Ұн зауытының дайындау, майдалау және дайын өнім бөлімдеріндегі өндірістік процесстерінің кезеңдері бір ізді орналасқан. Дайындау және майдалау бөлімдерінің өзара орналасуы келесідей таңдалынады, элеватордан берілетін астық, өте қысқа жолмен бір бөлімнен екінші бөлімге бір ізді түседі. Дайындау бөлімі мен майдалау бөлімінің арасында торлы баспалдақ орналасқан. Дайын өнім қоймасын тура ұнды қаптау қоймасынан кейін орналастырамыз. Ғимаратқа ұнды автомобильге және темір жолға жіберетін құрылғы кіргізіледі. Кебекті пневмотранспорттың көмегімен жеке тұрған кебек сақтау қоймасына жібереміз. Жабдықтарды орналастыру барысында «Технологиялық талаптар және шектелген нормаларға» сүйеніп орындайды. Ұн зауытының дайындау бөлімін жобалау барысында жабдықтарды орналастырудың бір ізділігі сақталынған, технологиялық сұлбаға сай өндіріс процессінің ағымын қамтамасыз етеді. Техникалық талаптарға сай процесстің автоматтандырылуына байланысты техникалық механизмдердің санын азайтты, себебі жөндеу және жұмыс істеуді жеңілдетеді. Машиналарды жөндеу және эксплуатация кезінде техника қауіпсіздігін және де өндірістік санитарияны бұзу байқалған емес. Жабдықтарды қабаттарда орналастыру, цех ішіндегі астықты, аралық өнімдерді және дайын өнімдерді тасымалдайтын транспорттардың түріне байланысты анықталады. Дән тазалау бөліміндегі цех ішіндегі транспорт кезінде дайындалған типті жобада механикалық түрде, ал обойкалық және щеткелі машиналардан кейін астықты көтеру кезінде пневматикалық тасымалдау қолданылады. Жоғары өнімділіктегі комплектілі жабдықтармен жабдықталған ұн зауыттарының жобаларында цех ішіндегі пневматикалық транспорт қолданылады. Гидротермиялық өңдеу жабдықтарын (ылғалдау машинасы, жуу машинасы, желдеткіштер) жоғарғы қабаттарда орналастырады, келесі машиналарға өздігімен ағу транспортымен ауысуды қамтамасыз ету үшін, себебі нориямен ылғалданған және буланған астықты тасымалдауға болмайды. Эксплуатациялық көзқараспен санитарлық-гигиеналық талаптарға сай гидротермиялық өңдеу жабдықтарын жеке бөлмеге орналастырады. 3,5 м биіктікті қамтитын габаритті жабдықтарды (циклон, фильтр, шаң бөлгіштер) ғимараттың ортаңғы жағына немесе шет жақ қабырғаға қарай, табиғи жарықтылыққа, жұмыс орнының және басқа да аз габаритті жабдықтарға әсер етпес үшін орналастырады. Технологиялық және транспорттық жабдықтарды, тік көтергіштердің санын минималды орналастырады. Дән тазалау бөлімінен ұн тарту бөліміне өтетін жолды қысқарту мақсатында тазаланбаған дәнге арналған бункердің жанына тазалау жабдықтарын қояды. Дайындау бөлімінде есепке байланысты және астықты ұн тартуға дайындау және тазалау технологиялық сұлбасы бойынша келесідей технологиялық жабдықтар мен бункерлер орналастырамыз,– тазаланбаған дән бункері (қара қамба); автоматты мөлшерлегіш таразы – АВ-50-3Э; сепаратор – А1-БЛС-6; тас бөлгіш машина – Р3-БКТ; концентратор- А1-БЗК; триер– А9-УТК-6; магнитті аппараттар – У1-БМП-01 және У1-БМЗ-01; обойкалық машина – Р3-БГО-6 және Р3-БГО-8; ылғалдау аппараты – А1-БУЗ; қарқынды ылғалдау шнектері А1-БШУ-2 және А1-БШУ-1; аспиратор – Р3-БАБ; бөктіру бункерлері болады, кейін дайын астықты ұн тарту бөліміне бағыттайды. Бункерлердің орналасу орнын, технологиялық процессті және жабдықтардың жұмыс істеу тиімділігін қарастырамыз. - Тазаланбаған дән бункері - ұн зауытының қалыпты жұмыс жасауы мақсатында астық қорын құру және де ұн тарту қоспасын құру сиымдылығы. Қара қамба сиымдылығы диірменнің элеватордан бір рет берілсе бір тәуліктік жұмысын қамтамасыз етеді; - Автоматты мөлшерлегіш таразы АВ-25-3Э –дайындау бөліміне тазалау және өңдеуге келетін және де тазалаудан кейінгі ұн тарту бөліміне бағыттау алдындағы астықтың мөлшерін анықтаушы; - Сепаратор А1-БЛС-6 - астықтан өлшемдері бойынша (ені,толықтығы) және аэродинамикалық қасиеттері бойынша ерекшелінетін қалдықтарды ажырататын машина. Жұмыс тиімділігі – қалдықтардың ірілігі бойынша– 100%; ұсақ қалдықтар бойынша – 65…75%; жеңіл қалдықтар бойынша – 70…85%; тиімділік қосындысы – 75…80%; - Тас ажыратқыш Р3-БКТ –дәнге өлшемдері бойынша ұқсас және меншікті салмағы (тығыздығы) бойынша ерекшелігі бар минералды қалдықтарды ажырататын машина, жұмыс тиімділігі - 98…99 %; - Триерлер А9-УТК-6 және А9-УТО-6 – қалдықтардан ажырату машинасы, қалдықтар дәннен ұзындығы бойынша ерекшелінеді (қарашық және қарасұлы), жұмыс тиімділігі – 65..75 %; - Магнитті аппарат А1-БМП-01 – сепаратор (құрылғы) металомагнитті қоспалардан бөлу үшін қолданылады. Оларды қара қамбадан кейін орналастырады (тазалаудың басында), обойкалық машина алдында және тазалаудың соңында (тазаланған астықты ұн тарту бөліміне жіберу алдында) орналастырады. Заманауи магнитті сепараторлар, қоспалардың жоғарғы тиімділікте ажырауын қамтамасыз етеді, сондықтан дайындау бөлімінен шыққан астықта метал-магнитті қоспалар болмайды; - Обойкалық машина А1-БГО-6 – астықтың бетін шаңнан, микрофлорадан, қауыздан және өскіннен тазартуға арналған, шөп-шалаң дәнінің тез бөлінуіне көп әсер етеді,яғни астықтан тез бөледі, жұмыс тиімділігі күлділіктің төмендеу дәрежесіне байланысты - 0,03…0,05 %; - Ылғалдау аппараттары А1-БУЗ - астықты берілген кондицияға дейін ылғалдау машинасы; - Бөктіру қамбасы – астықты гидротермиялық өңдеуден кейінгі бөктіру бункері. Бөктіру қамбасының оптималды сиымдылығының қосындысы астықты обойлы ұн тарту кезінде 24 сағаттан кем болмауы керек, сондай-ақ жеке ылғалдау және жұмсақ, қатты бидай дәнін бөктіру мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек; - Аспиратор Р3-БАБ – астықтан аэродинамикалық қасиетімен ерекшелінетін қалдықтардан ажырату машинасы; Сондай-ақ: - Көтеру тасымалдау жабдығы - тасымалдағыштар, шнектер, аэрозоль және пневмо тасымалдау құрылғылары; - Аспирациалық (вентиляциалық) жабдықтар – желдеткіштер, циклондар және сүзгілер, ауа құбырлары. Дән тазалау бөліміндегі технологиялық жабдықтардың техникалық сипаттамасы мен спецификациясы келесі 3 кестеде көрсетілган.
Кесте 2. Жабдықтардың техникалық сипаттамасы мен спецификациясы
Date: 2016-07-22; view: 1333; Нарушение авторских прав |