Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Таңдалған технологиялық сұлбаны негіздеу, оның ерекшеліктері және сипаттамасы





Макарон жармасын алу барысында дәнді минерал қалдықтардан тазартуға жоғары талаптар қойылады. Сондықтан дәнді майдалауға дайындау схемасында Р3- БКТ тасбөлгіш машиналары қойылады. Осы кезде А1- БМШ ылғал ақтау машинасы мен А1-БШУ қарқынды ылғалдау шнегін қолданады. Бұл машиналар комплексті қолданылуы да мүмкін. Егер Р3-БКТ тасбөлгіш машинасы болмаған уақытта, минералды қалдықтарды бөлек бөліп алатын жуу машинасын қолданған жөн.

Сапалы өнімді алудың негізгі шарттарының бірі- дәннен ұзындығы бойынша айырмашылықтары бар ұзын және қысқа қалдықтардан (қарашық пен қарасұлы) тиімді ажырату. Қарасұлыны ажыратуды тиімді ету үшін А1-БЗК концентраторы қолданылады. Концентратордың жұмысының тиімділігі оған түсетін жүктемені дұрыс реттеуге байланысты. Бұл мақсатта концентратордың алдында УРЗ-1 автоматты мөлшерлегіші бар бункерлер қойылады. Концентраторды қарасұлы ажыратқыш триердің орнына қойған кезде бақылауға тек дәннің ірі фракциясын (40-50 %) жібереді. Бұл фракция концентратордың соңғы елегінің өтімімен сипатталады. Қалып қойған қарасұлыны Р3-БМО немесе Р3-БГО обойкалық машинасы мен Р3-БАБ ауалы сепаратордан өткізу арқылы ажыратуға болады.

Дәннің бетін тиімді тазарту мен ұрықтықты толығымен бөліп алу үшін дәнді бөктіргеннен кейін Р3-БГО горизонталь обойкалық машинасында өңдейді.

Макарондық ұн тартуға дайындау кезінде басты назарды қарашық ажыратқыш машинасының жұмысының тиімділігіне аударған жөн, себебі дәннің құрамындағы қысқа қалдықтар макарон дәні жармасы мен макарон өнімдерінің тауарлық түріне кері әсерін тигізеді. А9-УТК-6 қарашық ажыратқыш триерінің жұмысы оған түсетін жүктеме 4,5 т/сағ болғанда тиімді болады.

Гидротермиялық өңдеуден өткен дәнді бөктіру кезеңі І Жармалау Жүйесі алдында дәннің ылғалдылығын 16,0- 17,0 шамасында қамтамасыз етуі керек. Соның негізінде дәннің эндоспермінің беріктігін сақтау үшін гидротермиялық өңдеуді салқын баптау әдісімен, дәнді 3 кезеңді ылғалдау мен бөктіру қолданылады.

- Қатты бидайды біріншілік ылғалдау 14,5...15,0 %, бөктіру уақыты 8- 10 сағ;

- Қатты бидайды екіншілік ылғалдау 15,5- 16,0, бөктіру уақыты- 3-5 сағ;

- Қатты бидайды үшіншілік ылғалдау, І Жармалау жүйесінің алдында 16,0- 17,0, бөктіру уақыты 20-30 мин.

Технологиялық процесстің құрылымы үш кезеңнен тұрады: астық массасын қалдықтардан тазалау, дәндердің бетін алғашқы тазалау және алғашқы гидротермиялық өңдеу (ГТӨ). Бұл астықты өңдеуге дайындау барысындағы негізгі тазалау және дайындау кезеңдері болып табылады. Осы операцияларды өткізу нәтижесінде астық массасындағы 70....75 % қалдықтарды ажыратады. Бірақ бұл кезеңдегі технологиялық операциялардың тиімділігі 80-85% аспайтындықтан (тасбөлгіш машинадан басқасы) көрсетілген операцияларды қайта өткізуге тура келеді. Екінші рет тазалау процессінде: дәннің бетін тазалайды, залалсыздандырады, екінші рет қалдықтардан тазалайды және соңғы гидротермиялық өңдеуден өткізеді.

Астықты тазалау және майдалауға дайындау технологиялық процессінің құрылымы ұнтақтау түріне тәуелді және өңделетін дақылға тәуелді болып келеді. Мұның себебі әр түрлі ұн тарту операцияларына астықты дайындау және тазалау талаптары түрліше болады. Ұн тарту түріне және ұн тарту зауытының өнімділігіне байланысты астықты тазалау мен дайындау технологиялық процессінің құрылымдық нұсқасы бір ағынды, екі ағынды немесе көп ағынды болып ұйымдастырылуы мүмкін. Тәулігіне 150 тонна дейін ұн зауыттарында дәнді тазалау мен дайындау бір ағынды болады. Астықты тазалау мен дайындауды бір ағынды жүргізгенде әрбір партияны өңдеу режимдерінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін әр түрлі астық партияларында тізбекті өңдеуді қолдайды. Астықты элеватордан дән тазалау бөліміне, алдын ала есептелген жалпы ұн тарту партияларының құрамына енетін, сапасы бойынша біркелкі болатын жеке партиялармен берілуі керек. Бұл партиялар жалпы ұн тарту партияларын қалыптастыруға арналған бастапқы компоненттер, сондықтан оларды тазаланбаған дәнге арналған бункерлерде жеке жөнелтеді. Тазаланбаған дәнге арналған бункерлердің сиымдылығын жобалағанда, олардың ұн тарту зауытының үздіксіз 50 сағаттық жұмысын қамтамасыз ету керектігін ескерген жөн. Бұл элеватордан астықтың қандай уақытта берілуіне қарамастан, ұн тарту зауытының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ бірнеше компоненттерден аралық ұн тарту партиясын қалыптастыру жағдайларын туғызу үшін жасалған. Астық бункерлерден түсу кезінде 16 саңылаудың болуына байланысты, әрбір бункердің қимасы бойынша біркелкі ағады. Астықты бункерлерден саңылаулар арқылы түсіру операциясын пайдаланғанда өзіндік сұрыптаудың болмайтынына көз жеткіземіз. Әрбір бункердің түбінде өзіндік құбыр қарастырылған. Әрбір өзіндік құбыр бірдей көлденең бұрышпен орналасқан, сондықтан әрбір құбырда астықтың қозғалысының жылдамдығы бірдей болады. Өзіндік құбырлар әрбір бункердің астында орналасқан маркасы У2-БВВ жинағыш конусты шүңет жалғанған. Шүңеттен кейін астық УРЗ- 1ағын мөлшерінің реттегішіне келеді. Ол әрбір бункерден берілген астық мөлшерін автоматты түрде ұстап тұрады. Осы реттегіштер арқылы аралық астық партияларын жоғары дәлдікпен құруға мүмкіндік туады. Аралық партияға кіретін, әрбір бункердің астық ағындары бұрамалы конвейерлер Р3-БКШ -ға бағытталады, онда араласып, әрі қарай металл-магнит қалдықтардан тазалау үшін У1-БМЗ магнитті сепараторына жіберіледі. Магнитті сепараторлар технологиялық схеманың осы жеріне орналасуының себебі: астықтың одан әрі пневматикалық тасымалдағыштың қоректендіргіштеріне жіберілуінде. Магнитті сепараторлардан кейін астық шлюзді қоректендіргіш арқылы үрлегіш пневмотасымалдағыштың өнім тасымалдағышына енгізіледі. Пневмотасымалдау желісіне қажетті қысымды ЗАФ- типті ротационды компрессор қамтамасыз етеді. Астықты түсіру дән тазалау бөлімінің жоғарғы қабаттарында У2-БРО түсіргіштері арқылы жүзеге асады, ал тасымалдауға пайдаланылған ауаны тазалау үшін фильтрге бағытталады. Қысқы мерзімде астық массасын жылыту үшін БПЗ жылытқышына жібереді. Онда дәндер арасындағы мұздың бөліктерін еріту үшін астықты 15С дейін жылытады; осының нәтижесінде астықты ГТӨ-ден өткізу жағдайлары жақсарады. Астықты өлшеу АД-50-ЗЭ автоматты таразыда іске асады және астықты тазалауға қабылдануының жедел жүргізілуін, сепараторға жіберу алдында астық ағындарының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Алғашқы сепаратордан өткізу А1-БЛС сепараторында аэродинамикалық және дәннен геометриялық өлшемдері (қалыңдығы, ені) бойынша ерекшеленетін қалдықтарды ажырату үшін өткізіледі. Астық массасындығы шөп-шалаң қалдықтардың негізгі массасын сепараторда ажыратады. Астықты өңдеуге дайындау және тазалау құрылымдық схемаларының барлық нұсқаларында астықты шөп-шалаң қалдықтардан тазарту үшін сепаратордан алғашқы өткізуді процесстің басында орналастырады, өйткені келесі жүргізілетін операциялардың, яғни тастарды ажырату, ұзын және қысқа қалдықтарды және т.б. ажырату тиімділігі астықтағы шөп-шалаң қалдықтардың мөлшеріне тікелей байланысты. А1-БЛС сепараторында шөп-шалаң қалдықтардың үш түрін ажыратады: ірі-жоғарғы електің сырғымасы (тесіктерінің өлшемі 4,25х25); ұсақ- төменгі електің өтімі (тесіктерінің өлшемі 2мм) және жеңіл, БЛЦ горизонталь циклонында тұндырылады. Алғашқы сепаратордан өткізу кезінде ірі қалдықтар 100 % ажыратылуы керек. Бұл технологиялық операцияда ұсақ қалдықтардың ажыратылуы 70...75 % кем болмауы тиіс. БЛЦ горизонтальді циклонында тұндырылатын жеңіл қалдықтарды: сабанды бөлшектерді, қабықтардың бөліктерін, шаңды шлюзді қақпақ арқылы шығарады. Жеңіл қалдықтардан тазарту тиімділігі 85...90% жетуі қажет. Шөп-шалаң қалдықтардан тазартылған астық массасын тасбөлгіш машинасына жіберуге болады. Бұл технологиялық операцияның сепаратордан кейін орналасуының себептері:




1. Астық массасында тастардың болуы, шаң қоспасының жоғарылуын және оттың пайда болуына әкелуі мүмкін;

2. Алғашқы сепаратордан өткізілген астық массасында ірі тастар мен басқа шөп-шалаң қалдықтар болмайды. Бұл жағдай қалған ұсақ тастарды ажыратудың тиімділігін арттырады.

Астық массасының минералды қалдықтарды ажырату Р3-БКТ, тасбөлгіш машинасында жүзеге асырылады. Минералды қалдықтарға:тастар, галька, шым, руда, топырақ, шыны, магнитті емес металлдар және дәннен тығыздығы мен бетінің қалпына байланысты ажыратылатын т.б.қалдықтар жатады. Тас бөлгіш машиналарда минералды қалдықтарды ажырату тиімділігі 98 -99% жетеді. Бұл операциялардан өткен астықтың екі фракциясын араластырып, онда қысқа қалдықтар ажыратылуы үшін біріккен ағынмен А1-УТК-6 қарашық алғыш-триерге бағыттайды. Астық бетінің тазалануының тиімділігі, оның күлділігінің төмендеуімен (0,01...0,03%) және соғылған дәндердің санының өсуімен бағаланады(1% артық емес).Содан кейін А9-УТО-6 овсюг ажыратқыш триерінде ұзын қалдықтардан тазаланады. Обойкалық машинасының жұмыс органдары соққылау арқылы істейтіндіктен, жарылыс пен жалынның пайда болуының алдын алу үшін, металл-магнитті қалдықтарды ажырату үшін обойкалық мпшинаның алдында магнитті сепараторды орналастырады. Обойкалық машинаның жұмыс аймағынан шаңды жою үшін оны әрдайым аспирациялау қажет. Осы мақсатта көлденең обойкалық машина, пневмосепарациялайтын Р3-РНА типті каналмен бір қабатта орналастыруға болады. Обойкалық машинаның алдында металл-магнитті сепаратор мен аспирациялық жүйе болмаса, оны қосуға рұқсат етілмейді. Қарашық ажыратқыш-триерлерде астық массасынан қысқа қалдықтарды ажыратады(қарашық,соғылған дәндер). Қарашық ажыратқыш дискілі триерлердің қысқа қалдықтарды ажырату тиімділігі 80...90% жетеді. Осылай тазалаудың бірінші кезеңі аяқталады. Бұдан кейін астық массасы негізгі гидротермиялық өңдеуге бағытталады. Астықты ГТӨ-ден өткізу салқын кондициялау әдісі арқылы жүзеге асады. Астықты ылғалдау А1-БШУ-2 ылғалдағыш машиналарында жүргізіледі. Онда дәннің беті толық тиянақты ылғалданып, дәндегі ылғалдылық 5%дейін жоғарылайды. Ылғалдаудан пайда болған құрылымдық-механикалық, биохимиялық өзгерістерді толығымен жүзеге асыру үшін оны бөктіру бункерлеріне жібереді. ГТӨ режимін «Бастапқы ылғалдылығы, типтік құрамы, шынылығы бойынша әр түрлі сападағы астықты ұн тарту зауыттарында технологиялық өңдеу процессін ұйымдастыру және жүргізу ережелеріне» сәйкес ылғалдаудың мөлшерін және бункерлерде бөктіру уақытын анықтайды.Сапасы әр түрлі астықты ГТӨ- ден паралелльді ағындармен өткізеді және әрбір ағынға жеке дифференцияланған режимді қабылдайды. Конвейерлі араластырғыш және астық шығынының реттегіші УРЗ-1-ді қолдана отырып, ГТӨ-нің негізгі кезеңінің аяқталуынан кейін соңғы ұн тарту партиясын құрады.Технологиялық қасиеттеріне сәйкес негізгі ГТӨ-ді екі жеке кезеңге бөлуге болады: алғашқы және екінші ГТӨ. Мұндай бөлуге астықтың ылғалдылығы төмен болғанда (12% төмен) немесе жоғары шынылықтағы астықты өңдегенде пайдаланады. Мұндай астықтың ылғалды сіңіру жылдамдығы төмен, сондықтан қажетті технологиялық ылғалдылыққа жеткізу үшін оны екі рет ылғалдау және бөктіру керек.Астықты ұн тартуға тазалау және дайындаудың екінші кезеңінде оны біріктірілген ағынмен жібереді. Ең алдымен дәннің бетін Р3-БМО-12 обойкалық машинасында тазалайды. Осыдан кейін нан өнімдерінің тірі зиянкестерін Р3-БЭЗ энтолейтор стерилизаторында жояды да, соғылған дәндерді Р3-БАБ ауалық сепараторында ажыратады.Сонымен бірге мұнда да беріктілігі төмен (кептіру нәтижесінде бүлінген, сығылған және т.б.) дәндерді ажыратады. Ұнтақту бөліміне оларды жіберетін болсақ,олар бүлініп ұнға түседі де, сапаны төмендетеді. Астықты заласыздандырудың технологиялық операциясы жасырын залалдану мен тірі зиянкестерді жоюдың тиімділігі жоғары болуымен қатар, микрожарықшалардың пайда болуын төмендетеді.

 

Есептік бөлім







Date: 2016-07-22; view: 1089; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию