Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Оқушыларды бейінді сыныптарға топтастыру технологиясы
Оқушылары бейінді оқытда пеагогикалық технологиялардың маңызы ерекше болып табылады.Тәжірибеде теория технология көмегімен іске асады. «Технология» сөзі «техно» – өнер, шеберлік және «логос» – ғылым деген сөздерден құралған. «Технология – өндірістік процесті жүргізудің әдістері мен төсілдері жайлы білім жиынтығы», – деп шетел сөздерінің қысқаша сөздігінде анықтама берілген. «Педагогикалық технология» – педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын барлық дара, инструменталдық және методологиялық қүралдардың қолдану реті мен жиынтыгының жүйесін білдіреді /Кларин М.В./. Педагогикалық технология негізінде оқу цикілін қайта жаңғырту идеясы алынған. Оның мазмұнына: 1. оқытудың жалпы мақсатын қою; 2. жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу; 3. оқышулардың білім деңгейін алдын ала (диагностикалық) бағалау; 4. оқу әрекеттерінің жиынтығы (бұл кезеңде жедел кері байланыс негізінде түзету жүргізілуі тиіс); 5. нәтижені бағалау енеді. Осының арқасында оқу процесі “модульдік” сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блоктардан жасалады. Модульдік оқыту технологиясының осы нұсқасын құруда біз толық меңгеру әдістемесінің негізгі шрттарын, құрылып жатқан технологиялардың негізгі қағидаларын ұстандық. Сонымен қатар, дидактиканың қазіргі тадаптарына байланысты бірқатар өзгерістер енгіздік: балаларды оқытуға емес, тұлғалық бағытталған, танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу процесін өзара сөйлесу негізінде құруға және т.б.ұмтылдық. Осыдан келіп мұғалімнің оқу процесін құрудағы жұмысының өзгеруі туындайды. Толық меңгеру әдістемесінде (Дж.Блок, Л.Андерсен және басқалар) әрбір оқу бірліктері ауқымында мұғалімнің қызметі төмендегіше құрылады: 1. Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру. 2. Сыныпты берілген тарау (оқу бірлігі) бойынша жалпы оқыту жоспарымен таныстыру. 3. Оқытуды жүргізу (негізінен мұғалімнің оқу материалын өзі баяндауы түрінде). 4. Диагностикалық тестіні ағымдағы тексеру. 5. Тексеріс нәтижелерін бағалау және тарау мазмұнын толық меңгерген оқушыларды айқындау. 6. Толық меңгере алмаған оқушылармен түзете оқытуды жүргізу. 7. Диагностикалық тест өткізу және оқу бірлігін толық меңгерген оқушыларды айқындау.
Date: 2016-07-05; view: 948; Нарушение авторских прав |