Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Эволюция мәселесіне көзқарас. Философиялық талдау.





Эволюция (лат. evolutіo – өрлеу, өркендеу), биологияда – тірі табиғаттың қайта айналып келмейтін және тура бағытталған тарихи дамуы.

Эволюция құбылысы тіршілік деңгейлерінің барлық сатыларында (молекула деңгейден биосфералық деңгейге дейін) байқалып, үнемі құрылысы мен атқаратын қызметтерінде бұрын болмаған жаңа құрылымдар мен олардың жаңа қызметімен ерекшеленеді. Эволюцияның ең қарапайым деңгейі –мутациялық өзгерістер болып есептелінеді. Табиғи сұрыпталу кезінде мутация арқылы пайда болған жаңа белгілер мен қасиеттер организмдердің жаңа орта жағдайларына бейімделуіне жағдай жасайды. Ең алғашқы Эволюциялық процестер тіршіліктің популяция деңгейінде пайда болады. Бұл кездеорганизмдердің генотипі өзгереді (қ. Микроэволюция). Мутациялық процесс пен табиғи сұрыпталудан басқа, Эволюцияның қарапайым факторының бірі болып, популяциядағы дарабас санының өзгеруі мен популяцияның оқшаулануы, сондай-ақ гетерозиготалардың ыдырауы кезінде байланыс жиілігінің кездейсоқ бұзылуы жатады. Популяциялардың Эволюциялық қайта құрылымы жаңа түрдің пайда болуына бастама береді (қ. Түр түзілу). Эволюцияның себебін, қозғаушы күшін, механизмін және қарқыны мен оның жалпы заңдылықтарын Эволюциялық биология зерттейді (қ. Эволюциялық ілім). Кейде Эволюция ұғымына балама ретінде филогенез термині қолданылады

Ж. Б. Ламарктың эволюциялық теориясы. Биологияда XVII ғасырдын, өзінде-ақ трансформизм деп аталатын бағыт пайда болды. Трансформистер тірліктің өзгергіштігіне, трансформацияға сенді. Жан Батист Ламарк (1744-1829) ең көрнекті трансформист деп есептелді. Ол алғашкы түтас эволюциялық теория жасады. Оның «Зоология философиясы» (1809) еңбегі біюлогияда эволюциялың тірсініктердің басымдыығына бағытталған жолда маңызды қадам болды.

52. Дүниетаным ұғымы және оның тарихи түрлерін талдаңыз. Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы.Дүниеге көзқарас адам қоғамымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс..
Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары – «дүние» және «адам». Олар ажырамас бірлікте.

Олай болса, философия – Дүниеге деген дамыған көзқарас түрі.

Тарихи дүниеге деген көзқарастың тұрпайы түрі алғашқы қауымдық қоғамның шеңберінде Дүниеге келеді. Оны біз мифология дейміз. (mіthos - грек сөзі, - баян, аңыз, logos – грек сөзі, ілім деген мағна береді).Миф – табиғат, қоғам және адам жөніндегі алғашқы тұрпайы фантастикалық түсініктер (phantasіa – грек сөзі, -қиял, елес). Алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік дамудың тым төмендігі, адамның табиғаттың әр-түрлі күштеріне қарсы тұра алмауы, сонымен қатар, өзінің өмірге деген қажеттіктерін өтеу жолындағы сол табиғат құбылыстарын сезіну және түсіну іңкәрі – мифтердің Дүниеге келуінің қайнар көзі болып табылады.

Уақыт өте келе мифологияның шеңберінен дін бөлініп шықты, - сонымен дүниеге деген көзқарас, дүниесезімінің жаңа түрі қоғамға келді. Дін де, мифологияға ұқсас синкретикалық табиғатымен, сонымен қатар Дүниені фантастикалық бейнелеуімен ерекшеленеді. Дінде ең құдіретті жасампаз - Құдай – табиғаттан жоғары және бөлек тұр. Оны ғылыми жолмен танып-білу мүмкін емес, ол адамға аян арқылы беріледі де адамның жан-дүниесінде терең сенім сезімін туғызады.Сенім дегеніміз – белгілі бір қоғамдағы уағыздалатын пікірлерге, нәрселерге берілу, олардың шындығын тексеру, я болмаса дәлелдеуді қажет етпеу..Үшінші тарихи қалыптасқан дүниеге көзқарастың формасы ретінде философия табылады. Ол мифология мен діннен дүниенің пайда болуы рационалдық бағалаудан, зерде позициясынан туындады. Философия – ол теориялық құрылған дүниеге көзқарас. Ол негізгі дүниетанымдық мәселелерді ойлау арқасында шешуге тырысады, ол ұғым мен пікірге сүйенеді. Философия дүниеге көзқарастың иетеллектуалдық аспектілерін бірінші орынға қойды, қоғамдағы дүние мен адамды танудағы қажеттіліктің өсуін білім тұрғысынан көрсетті.Шындықты философиялық тұрғыдан түсінудің негізгі себебі болып универсализм табылады. Философия – ол болмыстың жалпылы негізін тану формасы. Ол мәдениеттің барлық тарихында жалпылы білім немесе рухани – адамгершілік өмірдегі жалпылы принциптерді жасауға ұмтылған. Шындықты түсінудегі философиялық тәсілдіңкелесі ерекшелігі субстанционалдық табылады. Субстанция, яғни мән – ол заттардың сезімдік көптүрлілігін және олардың құрылымының өзгермелілігін бір тұрақтылыққа, өзіндік өмір сүруге әкелу. Субстанционалдық философтардың дүниенің құрылымы мен дамуын бір нақты бастамадан екендігін түсіндіруге ұмтылуынан көрінеді.Енді бір философиялық ойлаудың негізгі ерекшелігі болып күмандану табылады.Философия алғашқыда – ақ күнделікті сананы, дәстүрлі құндылықтарды және адамгершілік нормаларды сынай бастаған


53. Диалектиканың негізгі заңдары мен принциптері және олардың танымдық рольдерін талдау. Философияның бір бөлігі болып табылатын диалектика - әлемнің дамуының теориялық негіздерін анықтайды. Диалектика дегеніміз – болмыс пен бүкіл әлем дамуының жалпы байланыстары туралы ілім. Онда даму процесі зерттеледі. Диалектика– дамудың философиялық теориясы. Сонымен қатар, ол - әлемді біртұтас және қарқынды бүтіндік деп қабылдайтын ойлау тәсілі.Философия объективті және субъективті диалектика ұғымдарын қолданады. Диалектика зерттейтін маңызды сұрақтардың қатарына: «даму дегеніміз не?», «Ол неліктен болады», «Даму қалай іске асып отырады», «Даму қайда бағытталған» сияқты маңызды проблемалар жатады. Осылар төңірегіндегі ізденістер мен ойлар иірімдері материалдық әлемнің терең қабаттарын ашып, оның даму тетіктерінің мәнін зерттеуге мүмкіндік береді..Диалектиканың дамуына қомақты, сүбелі үлес қосқан философ - Г.Гегель.Гегель диалектиканың негізгі заңдары мен категорияларын анықтап, олардың тиянақты жүйесін жасады. К.Маркс пен Ф.Энгельс материалистік диалектиканы дамытты, даму идеясын тарихи құбылыстарды зерттеуде, яғни әлеуметтік таптық қатынастардың, жеке меншіктің, мемлекеттің, қоғамның басқа да маңызды институттарының қалыптасуының заңдылықтарын түсіндіруде кеңінен қолданды.Диалектиканың маңызды принциптеріне дүниенің объективтілігін, оның негізгі бөліктері мен қасиеттерінің, құбылыстарының бір – бірімен байланыста, өзара әрекеттесуде, қайшылықта болатындығын мойындау жатады. Диалектиканың негізгі үш заңы бар.. Қарама – қарсылықтардың бірлігі мен күресі туралы заң –материалдық әлемнің дамуының негізін түсіндіреді. Бұл заңның үлкен дүниетанымдықжәне тәрбиелік мәні бар, өйткені ол дамудың белгілі бір сатысын, тарихтың ешбір жетістігін, адам қол жеткізген биікті ең соңғы деп қарамастырмауға үйретеді және шексіз шығармашылыққа бағдар береді.Диалектика кез келген затты саны және сапасы жағынан сипаттайды. Сапа – бұл қасиеттердің бірлігі. Сапалық айқындылық зат пен құбылысты тұрақты етеді, бір – біріне ажыратып, дүниенің шексіз сана алуандылығын айқындайды. Зат пен құбылыс өз дамуының белгілі бір деңгейінде жаңа сапаға көтеріледі. Сан өзгерістерінің нәтижесінде ескі сапаның жаңаға айналып, заттың немесе құбылыстың түпкілікті, сапалы өзгеруі – секіріс деп аталады. Кез келген сапалы өзгерістің тек секіріс арқылы дамуы маңызды бетбұрыс. Өйткені секіріс кезінде зат өзінің сапалық қасиетін жоғалтып, басқа қасиеттердің жиынтығына айналады.Диалектиканың негізгі принциптері:- Жалпы байланыс принципі- Жүйелік принципі- Себеп – салдарлық байланыс принципі- Тарихилық принципіЖалпы байланыс қоршаған әлемнің біртұтастығын, оның ішкі бірлігі мен заттардың, құбылыстардың, процестердің өзара бір – бірімен тығыз байланыстығын білдіреді.Жүйелілік айналадағы көп байланыстардың арасында реттілік, өзара бір – біріне бағынушылық бар екендігін көрсетеді. Осындай ретті өзара бағынгушылықтың арқасында дүние ішкі мақсатты бүтіндікте өмір сүреді. Диалектиканың категориялары заттар мен құбылыстардың арасындағы жалпы байланыстарды қарастырады.



 

54. Материяның атрибутивтік концепциясын талдау.. Материя (лат. materia – зат) категориясы философияға объективтік реалдылықты, шындықты белгілеуге енгізілген.«Материя» категориясы – бұл абстракция. Жалпы адам, жалпы өсімдік, жалпы құс, жалпы оқу мекемесі және осы сияқты жоқ болғандай, жалпы материя деген де жоқ. Сонымен бірге материяны оның белгілі бір нақты түріне – заттардың бөлшектеріне, сезіммен қабылданатын денелерге т.б. теңемейді. Материя дегеніміз – кеңістік пен уақытта өмір сүріп, қозғалыста болатын, сарқылмас көп қасиеттері бар алуан түрлі объектілер мен жүйелердің (системалардың) сансыз көп жиынтығы. Біздің сезім мүшелеріміз барлық реалды материя формаларының ең болмашы бөлігін ғана қабылдай алады.Қазіргі кезде ғылымдардың жаңа жетістіктеріне байланысты материяның атрибутивтік түсінігі дамуда. Оның мағынасы барлық материалдық объектілерге (Күн жүйесі, жер қыртысы, әлеуметтік институттар және т.с.с.) тән «жалпылық» немесе «атрибутты» белгілеу. Материяның атрибуттық қасиеттері (белгілері).1)Қозғалыс-жалпы кез келген өзгеріс,қозғалыс абсолютті,тыныштық салыстырмалы (тыныштық моменті).2) Өзіндік ұйымдасу (самоорганизация)- материяның сыртқы күштердің қатысуынсыз өзін өзі жасауы,жетілдіруі,қайтадан өндіруі(синергетика).3) Кеңістік пен уақытта орналасуы-бар объектілердің орналасу тәртібі,олардың созымдылығы, бірін-бірі ауыстыратын құбылыстардың тізбектілігі және ұзақтығы. 4) Бейнелеуге қабілеттілік-Нәрселердің өз құрылымында («денесінде») басқа нәрселердің әсерін, ізін қалдыру, белгілеу(сыртқы әсерге

жауабы)

 

 

55.Платон онтологиясы мен Аристотель онтологиясының айырмашылығын көрсетіңіз Платон (428-347) – объективтік идеализмнің көрнекті өкілі, Сократтың шәкірті. Ол Афины демократиясын қатты сынға алды. П-ның еңбектері: «М емлекет», «Театет», «Федон» т.б. Сезімнен тұратын шындықты П. нақты шындық емес, ол тек өмірдің көлеңкесі, шын өмір идеяда деп түсіндірді. Таным дүниені білу емес, еске түсіру деп уағыздады. Идея деген ұғымды алғаш ф-ға енгізген де сол. Табиғатта идея тек түр ретінде өмір сүреді. Заттар өз қасиет сипатын сол түрге сәйкестенуі арқылы иемденеді. Идея – ол біріншіден мәңгі, ол тумайды да, өлмейді де, өспейді де, кемімейді де, екіншіден, ол біртектес, әр түрлілік тек заттарға тән, олар өнеді, өшеді, - дейді Платон.. Философ болу үшін таңдана білу керек, - дейді ол.философ дегеніміз шындықты сүю, -дейді Платон.Идеалды мемлекетте азаматтардың нег тобы 3еу болады: 1) мемлекетті басқарушы философтар; 2) әскерлер; 3) кәсіпкерлер мен шаруалар. Платон мұндай жағдайда барлық үлкен адамдар барлық сәбилерге өз туған баласында йқарайтын болады деп шын сенді. Идеалды мемлекетінің сипаты: - мемлекет тұрғында 3 сословиеден тұрад: философтар, әскерлер, қызметкерлер. – қызметкелер дене еңбегмен айналысады, материалды игіліктерді жасайды, шектелген мөлшерде жеке меншікке ие бола алады. – әскерлер дене жаттығуларымен айналысады, тәртіпті қадағалайды, қажет болса әскери әрекеттерге, соғысқа қатысады.- философтар- философиялық теориялар жасайды, дүниені таниды, үйретеді, мемлекетті басқарады. – филосиофтар мен әскерлер жеке меншікке ие бола алмайды. – мемлекет тұрғындары бос күндерін бірге өткізеді, бірге дем алады. – неке деген болмайды, әйелдер мен балалар ортақ. – құлардың еңбегі пайдаланыла алады. Аристотель (384-322жж.) – Платонның шәкірті, атақты А.Македонскийдің ұстазы.». А. де объективтік идеалист, бірақ ол материализм мен идеализм арасында солқылдақтық, енжарлық жасады. Дегенмен А. өмірден идеалист болып өтті. Негізгі еңбектері: «Жан туралы», «Физика», «Категориялар», «Метафизика», т.б. Метафизика(1-ші философия)-болмыс туралы ілім. Аристотель дуалист: ол дербес 2 түп негіздің – материя және форманың тіршілігін мойындайды. Дүниеде бар заттың барлығы материядан және формадан тұрады. Бірақ олардан алғашқы материяны және алғашқы форманы ажырату қиын. Алғашқы материя адам үшін танылмайтын, ал бірақ барлық заттардағы материя үшін негіз болып табылатын, фомасыз айқын емес зат. Материя дегеніміз- заттар пайда болуындағы таза мүмкіндік. Пайда болған кез келген зат материя мен форманың бірігуі, форманың материяға енуі нәтижесінде ғана тіршілікке ие болады. Аристотелдің форма ұғымы платонның идея ұғымына жақын. Форма –заттың тегін немесе түрін айқындайтын идеалды мән(бірақ индивидуалды емес). Мысалы, мыстың бөлшегіне форма енгенде ғана біз құмыра, көзе, ыдыс т.б аламыз. Форма- біртекті нәрселердің жалпыға ортақ мәні. Нақты заттың материясы мен формасы диалектикалық үрд өзара байлынысты: бірде форма ретнде көрінген нәрсе, келесіде материя түрінде де беріледі. Мысалы, балшық дегеніміз-форма берілген материя немесе балшық формасы берілген топырақ. Ал сол балшықтан жасалатын кірпіш үшін ол материал рөлін атқарады. Өз кезегінде кірпіш те өзінен соғылатын үй үшін материал рөлін атқарады, кез келген заттың формасы дәл осы зат үшін: оның мәні, қозғалыс көзі, себебі, мақсаты болып таб.

 

56. Мәдениеттің философиялық түсінігі. Мәдениеттің функцияларын талдау. Мәдениет – философиялық ой – толғамның аса маңазды, терең теориялық мәнді ұғымдарының бірі. Мәдениет үғымы қоғам өмірінің түрлі салаларына байланысты жие пайданылады. Шынына келгенде, мәдениет – адам әрекетінің, саналы қызметінің көрінісі олай болса оған рухани да материалдықта жетістіктер жатады. Материалдық өндіріс рухани өмір сияқты бір қалыпта қала бермейді өдіріс қажеті оның дамуын, жаңаша қалыптасуын туғызады оны күрделі ете түседі. Материалдық мәдениет құрамына еңбек құралдарымен қатар барлық қолмен, ақылмен өнделген еңбек заттары жатадыМәдениет негізі – еңбек. Еңбек неғүрлым күрделі болған сайын, мәдениетте жаңа сипат алып отырады.Табиғат пен мәдениеттің – адамның табиғатқа қатысы, табиғат пен байланысы, табиғи ортаны игеру әдісі. Мәдениет пен өркениеттілік тарихта ұдайы қатар жүріп келеді. Мәдени көрсеткіш неғұрлым жоғары болған сайын, адам еркіндігі де соғұрлым арта түседі. Мәдениеттің қоғамдағы бүл қызметміндетінің сан алуан қыры бар. Бірден біздің назарымызды өзіне аударатын нәрсе — мәдениет пен білімнің ара қатынасы. білімділік мәдениеттіліктің маңызды алғышарты болғанымен, бұл екі ұғымның арасында елеулі айырмашылық, белгілі алшақтық, кейде тіпті қайшылық бар. Ғылымның бет алды дамуы, шектелмеген техникалық әрекет мәдениетке үлкен нұқсан келтіруі мүмкін. Тек жоғары деңгейде мәдениеті бар өркениет ғылым мен техниканың дамуындағы теріс салдарларды бейтараптандыра алады. Мәдениеттегі реттеушілік әрекеттерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мәдениетте күнделіктіден гөрі жоғарыға, идеалдыға, үлгіге көбірек көңіл бөлінеді. Мәдени үғымдарда нормативтік, ережелік талаптар басымырақ. Мысалы, «мәдениетті адам» дегенде оның адамдық жан-жақты белгілерді бойына толығырақ, тереңірек дарытқандығын көрсетеді. Ол — білімі ғылым деңгейіне, киімі сол кезде көп тараған сәнге, мінез-құлқы осы қоғамның адамгершілік талаптарына сай адам. Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызмет. Бұл мәдениеттің қоғамдағы негізгі қызметтерінің бірі. Адамдардың қарым-қатынасы, мәдениеттер сұхбаттасуы — әлеуметтік шындықтың басым көрінісі. Адам ерекше бір өрісте — қарым-қатынас өрісінде боладыМәдениеттіңқоғамда атқаратын басқа да қызметтері жеткілікті.

57. Материялистік диалектиканың ерекшелігі мен Гегель диалектикасынан айырмашылығын көрсетіңіз. Диалектикалық материализм — революцияшыл пролетариаттың дүниеге көзқарасы, маркстік ілімнің бір саласы, оның ғылыми философиялық негізі, марксизм философиясы. Диалектикалық материализм дүниенің жалғыз ғана негізі бар ол - материя, ал сана дейтініміз осы материяның ерекше жоғары құрылымының туындысы мидың атқаратын қызметінің жемісі, сыртқы дүниеніңбейнесі, - деген қағиданы өзінің ірге тасы, түп тұлғасы деп біледі; сондықтан да оны материалистік философия деп атаймыз.Диалектикалық материализмді жасаған К.Маркс, Ф.Энгельс болды. В.И Ленин оны ілгері дамытып, жоғары сатыға көтерді.

. Марксизм тұғаңға дейінгі философиядағы материалист бағыт ұзақ даму тарихы болғанымен ғылыми дәрежеге көтерле алмай, тар шеңбердің құрсауында қала береді. Оның басты кемшіліктерінің бірі ол диалектиканың кей кезде ғана көрініп қалып тұрған ұшқындарын былай қойғанда негізінен метафиа қалыптан шыға алмауы, яғни даму турсындағы идеялармен басын біріктіре алмай одан бөлектеніп қалуы. Ескі материалистердің басым көпшілігі табиғат пен қоғамды қозғалатын механикалық түрі арқылы ғана түсіндірмек болып, механистік дәрежеде қалып қойды. Мұның үстіне олар тек табиғатты түсіндіруде ғана материалисттік көзқараста болып, қоғам өмірін тануда идеалісттік тұрғыдан шықпады. Бұл күрделі кемшіліктердің салдарынан марксизмнің ең әрі кеткенде дүниені өзінше әр қилы түсіңдіру міндетін ғана атқара білді, ал оны өзгертудің ғылыми теориялық құралы болудан алыс жатты. Осы тәрізді философиядағы диалектика бағыт та сынар жақ, теріс дамыды, түгелдей дерлік идеалистік көзқарасқа негізделді. Бұған даму жайындағы философия ілімді жан-жақты және терең жасақтап дамытқан Гегельдің диалектикасақ дәлел бола алады... Гегельдiң ойынша, философия ғылымын үшке бөлуге болады. Бiрiншi, ол - Логика. Ол - өзiнде және өзiне бағытталған идеяны зерттейтiн ғылым. Екiншi - табиғат философиясы. Ол - өзiнiң өзгеше болмысындағы идеяны зерттейтiн ғылым.ұшiншi - рух философиясы Гегельдiң ойынша, рух даму процесiнде өзiнiң үш сатысынан өтедi Диалектикалық материализмнің негізгі арқауы, ірге тасы – материя туралы ілім. Материя дейтініміз – адамның санасынан сырт оған тәуелсіз өмір сүретін объективті реалдық дүние.. Материя уақыт пен кеңістік ішінде қозғалады. Материя қандай объективті (санадар тыс) болса, бұлар да сондай. Материяны уақыт пен кеңістіктен айырып алуға болмайтыны сияқты, уақыт пен кеңістікті де материядан айырып алуға болмайды..

58. Ф.Бэкон мен Р.Декарттың танымдық теорияларының айырмашылығын талдаңыз. Фр.Бэкон (1561-1626) – философиядағы эмпириялық (тәжірибелік) бағыттың негізін қалаған ағылшын философы және саяси қайраткері (1620-1621 жж.) – Ұлыбритания лорд-канцлері, корольдан кейінгі екінші тұлғасы.Негізгі еңбектері:

Фр.Бэкон «танымның басты әдісі индукция болуға тиіс» деген новаторлық идея ұсынды.Индукция – көптеген жеке құбылыстарды жалпылау негізінде жалпы қорытындылар жасау (мысалы, «түрлі металл түрлері балқитын болса, барлық металдар балқу касиетіне ие») деп түсіндіреді Фр.Бэкон.Индукция әдісін Бэкон Декарт ұсынған дедукция әдісіне қарсы қойды. Фр.Бэкон пікірінше, индуция әдісінің дедукциядан артықшылығы – мүмкіндіктердің ұлғаюы мен таным процесінің күшеюінде. Индукцияның кемшілігі – оның түпкілікті айқын болмауы, болжамдық сипаты (өйткені бірнеше заттың немесе құбылыстың белгілері ортақ болса, осы тектес заттардың, құбылыстардың барлығы аталған белгіге ие дегенді білдірмейді: «Танымның басты әдісі - индукиця» деп анықтап берген философ таным әрекеті іске асатын нақты жолдарды көрсетеді. Олар:«өрмекші жолы»«құмырсқа жолы»«ара жолы».«Өрмекші жолы» - «таза ақылдан» рационалистік жолмен алынатын білім. Бұл жол нақты фактілердің, практикалық тәжірибенің мәнін төмендетеді немесе ескермейді. Рационалистер, Бэкон пікірінше,«Құмырсқа жолы» - тек қана тәжірибеге сүйеніш білім алу жолы немесе догматтық эмпиризм (өмірден қол үзген рационализмге керісінше). Бұл әдіс те біржақты..

«Ара жолы» - танымның ең дұрыс жолы. Осы жолды ұстаған зертеуші философ «өрмекші жолы» мен «құмырсқа жолдарының» жақсы жақтарын алып, олардың кемшіліктерінен арылады.

.Декарт философиясы

Рационализмнің негізін қалаушы - француз философы, ғалым-математик Рене Декарт (1596-1650) деп саналады.

Декарттың философиядағы үлесі мынадай:

1.Дүниені танудағы ақыл-ойдың рөлін негіздеді;

2.Субстанция, оның атрибутары мен модустары туралы ілімді ұсынды;

3.Философиядағы материализм мен идеализм бағыттарын келісімге келтіруге тырысып, дуализм теориясын негіздеді;

4.Танымның ғылыми әдісі және «туа біткен» идеялар теориясын ұсынды.

Болмыс пен таным негізінде ақыл-ой жатқанын Декарт былай дәлелдеді:

1.Дүниеде адамға түсініксіз заттар мен құбылыстар көп (мысалы: Құдай деген бар ма? Оның қажеті қандай? Әлемнің шеті-шегі бар ма? т.б.);

2.Есесіне кез-келген құбылыс пен затқа күмәндеуға болады (дүние шынымен тіршілік ете ме? Күн шығып тұрғаны рас па? т.б.);

3.Түсініксіз, анық емес заттармен, құбылыстармен салыстырғанда күмәндану нақты қасиет, шын процесс және дәлелді қажет етпейді;

4.Күмәндану – ойдың қасиеті, демек, күмәндана отырып адам ойлайды;

5.Шын тіршілік ететін адам ғана ойлай алады;

6.Ойлау – ақылдың жұмысы болғандықтан, болмыс пен тану негізінде ғана жата алады.

Осыған байланысты Декарт: «Мен ойлаймын (күмәнданамын), демек, мен тіршілік етемін» афоризмінің авторына айналды.

 

59. Абсолютті және салыстырмалы ақиқаттың диалектикасын көрсетіңіз. Абсолютті және салыстырмалы - - философиялық категориялар. Абсолютті - шүбәсіз, тәуелсіз, өзгермейтін. Салыстырмалы (релятивті) - баска кұбылыстарға тәуелді, байланысты.. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат — танымның даму процесін бейнелейтін категория. Ол бұған дейін танылған және алда танылатын нәрселердің, сондай-ақ келешекте бізді таным-түсінігімізде өзгеріске ұшырауы мүмкін және ешбір өзгеріссіз қалатын ақиқаттардың ара-қатынасын айқындайды. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат объективті шындықты адам танымы біртұтас қалпында айқын аңғарта ала ма, әлде тек шамамен, салыстырмалы түрде ғана білдіре ме деген сұраққа жауап береді. Біздің таным-түсініктеріміз адамзат ойының (философияның, ғылымның, техниканың, өндірістің) қол жеткізген деңгейлерімен тікелей сабақтас. Соған қарай адамның тіршілік, болмыс туралы ұғымдары да тереңдеп, нақтыланып, жетіле түседі. Демек, аиқаттың өзі де дамуға байланысты өзгеріп, түрленетін салыстырмалы категория болып табылады.. Салыстырмалы ақиқат таным-білімді болмыс шындығына жақындатып, тарихи жағдайларға үйлесімділікті арттырады, жалпыға ортақ идеяларды, абсолют мұраларды іздестіруге ұмтылдырады. Салыстырмалы ақиқаттың мағынасы шектеулі болғанмен оның даму мүмкіндігінде шек жоқ. Тіршілік құбылыстарының сәйкестігі де, қарама-қайшылығы да Абсолютті және салыстырмалы ақиқат арқылы түсіндіріледі. Ертедегі грек философиясы абсолют ақиқатты “табиғи”, “таза күйінде”, “өздігінен” қалыптасқан ұғымдарға балап, оны мүлтіксіз нәрсе ретінде түсіндірді. Ал ғұламадіндарлар пікірі бойынша абсолют ақиқат табиғаттан тыс абсолют күш, абсолют рух. Жаңа дәуір философиясы абсолюттілік пен салыстырмалылықты бір-біріне қарсы қоймай, бір-бірінен бөле-жара қарамай, олардың ара-қатынасын ғылыми ұғымдармен айқындады: Абсолютті және салыстырмалы ақиқат тіршілік көріністерінің қарама-қарсы жақтарымен қатар, олардың сәйкесті бірлігін де қамтиды. Екеуі де объективті мазмұнды бейнелейді, нақты білімді толықтырады. Салыстырмалы ақиқат объектіні біртұтас толық күйінде емес, белгілі бір жағдай, қатынас шеңберінде бейнелейді де, осы салыстырмалы кезеңдерден абсолют ақиқат құралады және көрініс табады. Абсолют ақиқат ойды тұтас, шындыққа неғұрлым жақын сипаттайды.

 

 

60. Абсолютті және салыстырмалы ақиқаттың диалектикасын көрсетіңіз. Абсолютті және салыстырмалы философиялық категориялар. Абсолютті - шүбәсіз, тәуелсіз, өзгермейтін. Салыстырмалы (релятивті) - баска кұбылыстарға тәуелді, байланысты.. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат — танымның даму процесін бейнелейтін категория. Ол бұған дейін танылған және алда танылатын нәрселердің, сондай-ақ келешекте бізді таным-түсінігімізде өзгеріске ұшырауы мүмкін және ешбір өзгеріссіз қалатын ақиқаттардың ара-қатынасын айқындайды. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат объективті шындықты адам танымы біртұтас қалпында айқын аңғарта ала ма, әлде тек шамамен, салыстырмалы түрде ғана білдіре ме деген сұраққа жауап береді. Біздің таным-түсініктеріміз адамзат ойының (философияның, ғылымның, техниканың, өндірістің) қол жеткізген деңгейлерімен тікелей сабақтас. Соған қарай адамның тіршілік, болмыс туралы ұғымдары да тереңдеп, нақтыланып, жетіле түседі. Демек, аиқаттың өзі де дамуға байланысты өзгеріп, түрленетін салыстырмалы категория болып табылады.. Салыстырмалы ақиқат таным-білімді болмыс шындығына жақындатып, тарихи жағдайларға үйлесімділікті арттырады, жалпыға ортақ идеяларды, абсолют мұраларды іздестіруге ұмтылдырады. Салыстырмалы ақиқаттың мағынасы шектеулі болғанмен оның даму мүмкіндігінде шек жоқ. Тіршілік құбылыстарының сәйкестігі де, қарама-қайшылығы да Абсолютті және салыстырмалы ақиқат арқылы түсіндіріледі. Ертедегі грек философиясы абсолют ақиқатты “табиғи”, “таза күйінде”, “өздігінен” қалыптасқан ұғымдарға балап, оны мүлтіксіз нәрсе ретінде түсіндірді. Ал ғұламадіндарлар пікірі бойынша абсолют ақиқат табиғаттан тыс абсолют күш, абсолют рух. Жаңа дәуір философиясы абсолюттілік пен салыстырмалылықты бір-біріне қарсы қоймай, бір-бірінен бөле-жара қарамай, олардың ара-қатынасын ғылыми ұғымдармен айқындады: Абсолютті және салыстырмалы ақиқат тіршілік көріністерінің қарама-қарсы жақтарымен қатар, олардың сәйкесті бірлігін де қамтиды. Екеуі де объективті мазмұнды бейнелейді, нақты білімді толықтырады. Салыстырмалы ақиқат объектіні біртұтас толық күйінде емес, белгілі бір жағдай, қатынас шеңберінде бейнелейді де, осы салыстырмалы кезеңдерден абсолют ақиқат құралады және көрініс табады. Абсолют ақиқат ойды тұтас, шындыққа неғұрлым жақын сипаттайды.

 







Date: 2016-11-17; view: 987; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.018 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию