Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Синергетика мен диалектика. Философиялық талдау.
1.Антик натурфилософиясындағы негізгі бағыттарға сипаттама Антикалық философия алғашқы қауымдық құрылыстың орнына құл иеленушілік құрылыс келген дәуірде өмірге келді.Ертедегі Грекияның алғашқы философтары бүкіл дүниені тұтастай алып қарап, әлемнің, дүниенің түп негізін, алғашқы бастамасын табуға тырысты. Антикалық философтарды «физиктер» деп атаған. Себебі, олар философиялық ойларын табиғат құбылыстарымен байланыстыра отырып тұжырымдаған. Мұндай философиялық пікірді философияда «натурфилософия» деп атайды. Антикалық философиясы өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті: 1. Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б.д.д. 7-6 ғ.ғ.). Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады. 2. Классикалық кезең (б.д.д. 4ғ.). Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді. 3. Римдік-эллиндік кезең (б.д.д 3ғ. соңы мен б.д. 3ғ. басы). Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең. Милет мектебі.Милет мектебі - Грекиядағы ең көне материалистік философиялық мектеп.. Фалес (б.д.д. 624-547ж.ж.) – Милет қаласынан шыққан грек философы және саяси қайраткері. Б.д.д. 585-584 ж.ж. күннің тұтылуын алдын - ала дәл болжаған деген мәлімет бар. Сондай-ақ пирамиданың көлеңкесінің ұзындығы бойынша пирамиданың биіктігін анықтайды.Фалес бір жылды 365 күнге, 365 күнді 12 айға бөліп, күнтізбенің (календарь) жасаудың алғашқы бастамасын көрсетуші ретінде танымал. Дүниенің, барлық нәрсенің түп негізі, алғашқы бастамысы – су деген пікірді ұстанады. Өйткені бәрі судан пайда болады, бәрі қайтадан суға айналады дейді. Анаксимандр (шамамен б.д.д. 610-546 ж.ж.) – ежелгі гректің материалист – философы, стихиялы диалектик, Фалестің бас шәкірті. Грециядағы «Табиғат туралы» атты тұңғыш ғылыми шығарманың авторы. Анаксимандр дүниенің негізі, бастамасы ретінде – «архе» («негіз») ұғымын енгізді, дүниенің негізі - апейрон (шексіз нәрсе) деп есептеген. Апейронның ыстық пен суықтың қарама-қарсылығы туады;; ыстық-от ретінде көрініс тапса, суық аспан мен жерге айналады. Анаксимандр материаның сақталу және айналу заңын тұңғыш рет тұжырымдады.. Тарихта тұңғыш рет эволюция идеясын ұсынды: адам – балықтан пайда болған. Анаксимен (шамамен б.д.д 588-525 ж.ж.) – ежелгі грек материалист – философы, стихиялы- диалектик, Анаксимандрдың шәкірті.Оның ілімінше, барлық нәрсенің бастамасы материадан – ауадан пайда болған, қайтадан ауаға айналады. Ауа шексіз, мәңгі, қозғалыстағы зат. Қоюланғаннан кейін – бұлтқа, суға, жер мен тастарға, сейіліп – отқа айналады. .Материализм мен диалектика идеаларын әрі қарай дамытқан Гераклит (шамамен б.д.д 544-483 ж.ж.)- ежелгі грек философ-материалисі, диалектик. Кіші Азиядағы Эфесте туған.Гераклиттің пайымдауынша дүниенің негізі - от, ол әрдайым өзгеруде әрі қозғалыста. Барлық әлем, жекелеген заттар, тіпті адам жаны да оттан жаралған. «Космос баршаға ортақ, оны ешқандай Құдайда, адамда, жасамаған, ол қашаннан болған, қазір де бар, бұдан былайда мәңгі жанып тұратын от, тұтанып және өлеусіреп сөніп бара жатқан оттың өлшемі. Гераклит дүниені танып-білуге болатындығына кәміл сенеді, сондықтан адам баласының ақыл-ой қабілетіне бөгет жоқ деп есептеді..Пифагоршылдар-б.з.д. 6-ғасырдың 2-жартысында пайда болған философиялық ағым. негізін қалаған көне грек философы, математик және астраном. Пифагордың философиялық теориясы біртұтас жүйе болып қалыптасты. Пифагоршылдар бастапқы негізді санмен таңбалап, осы бағытта жұмыс жасайды. Сан-негіз; сан-заттар үшін материя; сан-үйлесімді тіркестерге тән ерекшеліктермен қатынастардың көрінісін, арақатынасын зерттей отырып, кез-келген процестердің бастауында теориялық жағынан санмен өрнектелетін жекелеген пропорция, заңдылық бар деген қорытынды жасайды. Бірліктен ондыққа дейінгі сандық қатарды Пифагор дүниенің сандық алуан түрлілігінің түп негізі деп санаған.Сандардың қасиеттерін зерттей отырып, Пифагоршылдар жұп және тақ сандарды ашуымен бірге, тік бұрышты және үшбұрышты сандарды сипаттады. Ойдың қалану геометриясы-нүктеге, сызыққа, жазықтыққа, көлемге негізделген. Демек, Пифагоршылдар жүйесіндегі сандар болмыстың жалпылама негізіне байланыстырылған кеңістіктің таңбалануы. Соған орай «бәрі-сан» деген тұжырым қалыптасты. Олардың музыкалық интервал туралы ілімінде акустика мен аспан механикасының математикалық негіздері баяндалған. Пифагоршылдар философия мен ғылымның әрмен қарай дамуына орасан зор әсер етті.
2.Философия мен ғылым арасындағы байланыстың тарихи түрлерін көрсетіңіз және сипаттаңыз. Философия мен ғылым арасындағы қатынастардың ұзақ тарихы бар.. Ғылымда философияның кағидалары жүретіні казір белгілі жайт. Ол ұстанымдардың дұрыстығына тәжірибелермен көз жеткізіледі. Мысалы, ғылымда философияның дүниенің шексіздігі, материяның тереңдігі, оның бірлігі мен көптүрлілігі туралы ұстанымы түйінделеді. Осы сияқты, математикамен бірлесе отырып та философияның кағидалары тексеріледі. Физикалық тәжірибелер арқылы тек физика ғана емес, сонымен коса оның құрамындағы математика да, философия да тексеріледі. Философияның әдіснамалық функциясы оның ғылымдарға бағыт беруші әсерінен көрінеді. Сонысымен олардың мейлінше тиімді бейнеде дамуына септіғін тигізеді. әдіснамалық функциясы белгілі бір мақсатка, мысалы, ғылыми білімді тиімді күрылымдаудың, эстетикалык шығармашылыктың, әлеуметтік практиканың алдына коиылған максаттарға жету үш колданылатын әдістерді іріктеп ала білумен айқындалады.. Ғылыммен айналысу дүниеге белгілі бір кұндылыктық катынастарды әкеледі.. Ғалымдардың кейбіреулері "біз ғалымбыз, әдеп біздің ісіміз емес" дегенге саятып, "ақиқатка кол жеткізумен ісіміз бітеді" деп есептейтін көзкарасты үстанады. Бұған карсы шығатындар "ғалымдар коғамның жагдайына карай өздерінің белсенділігін көрсетуі керек" дегенге сілтейді. Адамдар кауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін бірдеңе жасау үшін ғалым өзгелермен катынас туралы жүз мөрте ойлануы керек. Ал шешім қабылдағаннан кейін жауапкершіліктен тайсактауға болмайды. Нағыз ғалым этикалық, тең эстетикалық және имандылык құндылықтардан шет қалмайды. Ол толығымен олардың жетістіктерін қабылдайды. Ғалым үшін акиқат дегеніміз — игіліктің және ізгіліктің белгісі. Таным тек адамның санасымен жүзеге асырылады. Сана, білім және таным арасында ажырамас бірлік бар. Танымның екі деңгейі бар: сезімдік және рационалды,. Таным қызметі органдар арқылы ақпарат алудан, ойлау арқылы ақпаратты қорытудан, қоғамдық практикада колданудан түрады. Сезімдік танымның формалары: түйсік, кабылдау, түсінік. Рационалды таным формалары: үғым, пікір және ой қорыту. Егер алынған білім дәйекті болса, ол — ақиқат. Ақикаттың маңызды және шешуші өлшемі — практика. Ақикатты білімге ғылым аркылы кол жеткізуге болады. Ғылым коғаммен, мөдениетпен және философиямен тығыз байланыста болады Date: 2016-11-17; view: 733; Нарушение авторских прав |