Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






И.Канттың антиномияларын философиялы талдау





Иммануил Кант (1724-1804) Шығыс Пруссиядағы Кенигсберг (қазiргi Калининград) қаласында дүниеге келiп өмiр бойы сол жерде өмiр сүрген.. И.Кант 1745 ж. Жергiлiктi университеттi бiтiргеннен кейiн жаратылыстану мәселелерiмен айналысады. Тек 1770 ж. бастап өмiрiнiң соңына дейiн философиямен шұғылданады. И.Канттың бұл өмiр кезеңiн “сындық кезең² деп зерттеушiлер атап кеткен. Себебi, И.Канттың бұл уақытта жарыққа шығарған үш негiзгi еңбектерi “сын² деген сөзден басталады. “Таза зерденi сынау² - негiзiнен дүниетаным мәселелерiне арналған, “Практикалық зерденi сынау² - мораль мәселелерiне, ал “Пайымдау қабiлетiн сынау²- табиғат философиясы мен өнер мәселелерiне арналған.Өзiнiң “сындық кезеңге² дейiнгi өмiр сатысында И.Кант күн жүйесiнiң пайда болуы жөнiнде болжам жасайды..Өмiрiнiң “сындық кезеңiнде² И.Кант өзiнiң алдына бiрнеше көлемдi философиялық сұрақтарды қойып, соларға жауап беруге тырысады. Олар: “Мен ненi бiле аламын², “Мен не iстеуiм керек², “Мен не нәрсеге үмiттене аламын², “Адам дегенiмiз не және ол өзi не бола алады².И.Канттың гносеология (таным) саласында жасаған ²коперникандық төңкерісі² ²мен нені біле аламын?² деген сұраққа жауап беруiнен шығады. Бiрiншiден, И.Кант бiлiмдi екiге бөледi. Олар тәжiрибелiк (апостериорлық) бiлiм және априорлық (яғни тәжiрибеден бұрын, таза, оны тiптi туа бiткен деген мағнада да түсiнуге болады, өйткенi ол тәжiрибеге дейiн бiзге берiлген).Өзiнiң практикалық философиясында, яғни моральдық iлiмiнде, априорлық деп дүниедегi барлықты емес, болуға тиiс, керектiгiн көрсететiндi айтады.

Моральдық мәселелер. И.Кант өзiнiң философиясында моральдық саланы ғылыми салаға қарағанда анағұрлым жоғары қояды. өйткенi, моральдық сала - өз-өзiне жеткiлiктi, автономиялық ақуалда өмiр сүредi. Мораль адамды дүниеде болып жатқан емес, болуға тиiс биiктiктерге итередi. Адамның әр-түрлi сезiмдерiнен шығатын тiлек, өзiме ғана болсын деген ойдан щығатын iс-қимыл, пайдалықты көздейтiн әрекет - мұның бәрi де моральдық салада есепке алынбауы керек, өйткенi оның бәрi де күйкелi күнбе-күнгi өмiрлiк тәжiрибеден пайда болады.

Ерiктiк мәселесi. И.Канттың ойынша, адам ерiктi түрде категорикалық императивтiң талаптарын мүмкiндiгiнше толық орындауы керек. Зорлықтың негiзiнде атқарылатын моральдық императивтер жоқ. Ал, нақтылы өмiрде, құбылыстар әлемiнде, адам көбiнесе гипотетикалық императивтермен кездеседi. Бұл жағдай оның жан-дүниесiнде үлкен қайшылықтарды тудырады. Бұл қайшылықты шешу жолында И.Кант категорикалық императив шынайы өмiрде толығынан емес, тек соның талабына шексiз жақындау арқылы шешiледi деген пiкiр айтады. Ал мұндай жағдайда адам бақытқа жете ала ма?,- деген сұраққа ол былайша жауап бередi: “Мораль - бiз өзiмiздi қалайша бақытты қылуымыз керек жөнiндегi iлiм емес. Ол бiз қалайша бақытқа сай болуымыз керектiгiн көрсетедi². Бақытты адам деп бiз өмiрден ләззат алғанды, иә болмаса барлық нәрсе соның еркi мен тiлегi арқылы орындалғанды емес, тек қана өзiнiң өмiрдегi парызын орындап, iс-қимылына қанағат еткендi айтамыз,- деп қорытады ұлы ойшыл.







Date: 2016-11-17; view: 519; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию