Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Клиникалық көрінісі





Шағымдары

Тұрақты күштемелік стенокардия кезіндегі ауырсыну синдромы бірқатар белгілермен сипатталады. Клиникалық маңыздылары келесілер.

• Ауырсыну орны — төс артында. Ауырсынудың пайда болу жағдайлары — физикалық күштеме, күшті эмоция, көп тағам қабылдау, суық, желге қарсы жүру, темекі тарту. Жас адамдарда ауырсыну арқылы өту феномені деп аталатын көрініс жиі кездесетінін естен шығармаған жөн («жаттығу феномені») — күштемені үл- ғайту немесе сақтау кезінде ауырсынудың азаюы немесе басылуы, яғни ол тамырлық коллатералдардың ашылуымен түсіндіріледі.

• Ауырсыну ұзақтығы 1—15 минутты кұрайды және де ол үдемелі сипат алады («крещендо»). Егер ауырсыну 15 минуттан ұзаққа созылса, онда миокард инфарктының дамуын болжауға болады.

• Ауырсынудыц басылу жағдайы — физикалық күштемені тоқтату, нитроглицерин қабылдау.

• Стенокардия кезінде ауырсыну сипаты (қысып, басып, кернеп және т.б.), сонымен қатар өлімнен қорку субъективті сипат алады және оның айтарлықтай диагностикалық маңызы болмайды, көбінесе науқастың физикалық қабылдауы, интеллектуалды дамуына байланысты болып келеді.

Ауырсынудын таралуы. Стенокардияның клиникалык көрінісінде ауырсынудың кеуде куысы мен мойынның сол және оң жақ бөлімдеріне таралуының клиникалық маңызы бар. Классикалық таралу — сол қолға, төменгі жаққа беріледі.

Миокардтың жиырылғыштық ( механикалық ) қызметінің бұзылуынан басқа да жүрек бұлшықетіндегі биохимиялық және электрлік үдерістердің өзгерісі пайда болады.

Зертханалық зерттеулер

Зертханалық зерттеулердің стенокардия диагностикасында қосымша маңызы бар, яғни ол тек дислипидемияны, косымша ауруларды және кауіп факторларын (қантты диабетті) анықтауға немесе ауырсыну синдромының басқа себептерін (қабыну аурулары, қан аурулары, қалқанша безі аурулары) шектеуге мүмкіндік береді.

Аспаптық зерттеулер

ЖИА анықтаудағы объективті әдістерге жатады:

• ұстама уақытында жазылған ЭКГ;

• ЭКГ тәуліктік мониторингі;

• күштемелік сынамалар — велоэргометрия, тредмил-тест;

• стресс-эхокардиография (стресс-ЭхоКГ) — күштемелік, добутаминмен, өңеш аркылы электрокардиостимуляция (ЭКС);

• тәж артерияларының артериографиясы;

• тәж артерияларының мультиспиралды компьютерлі томографиясы;

• тыныштық және физикалық күштеме кезіндегі миокард сцинтиграфиясы.

ЭКГ. Миокард ишемиясы кезіндегі ЭКГ-өзгерістері (стенокардия ұстама-

сы уақытында) Т тісшесінің өзгерісі және 5Т сегментінің изосызықтан төмен (субэндокардиалды ишемия) немесе жоғары (трансмуралды ишемия) ығысуы түріндегі реполяризация бұзылысы немесе жүрек ырғағының бұзылысымен көрінеді.

ЭКГ тәуліктік мониторингі (тәулік бойы ЭКГ тіркеу, әрі қарай компьютерлік бағдарлама көмегімен сараптау) наукасқа қалыпты жағдайларда миокард ишемиясының ауырсынуымен және ауырсынусыз эпизодтарын, сонымен катар, тәулік бойы болатын жүрек ырғағы бұзылысын анықтауға мүмкіндік береді.

Тұрақты күштемелік стенокардияны емдеу мақсаттары:

• болжамды жақсарту — миокард инфаркты және кенет жүректік өлімнің алдын алуы;

• ауру симптомдарының айқындылығын төмендету (жою).

Бұл мақсаттарға жету үшін медикаментозды емес, медикаментозды (дәрілік) және хирургиялық емдеу әдістері қолданылады.

Медикаментозды емес емдеу

Медикаментозды емес емдеу ЖИА қауіп факторларына әсер етуге негізделеді:

• дислипидемия және дене салмағын төмендету мақсатындағы емдік шаралар;

• темекі тартуды тоқтату;

• қарсы көрсеткіштер болмаса жеткілікті физикалық белсенділік.

Сонымен қатар АҚ деңгейін және көмірсу алмасу бұзылыстарын қалыпқа

келтіру қажет. Күштемелік стенокардия емінің маңызды құрамы — науқасты акпараттандыру және окыту.

Медикаментозды емдеу

Тұрақты күштемелік стенокардияны емдеу үшін қолданылатын дәрілік заттардың (ДЗ) негізгі кластарына келесілер жатады (КРҒҚ ұсыныстары, 2008).

• Антиагреганттар — ацетилсалицил кышкылы, клопидогрел.

• р-Адреноблокаторлар.

• Нитраттар, молсидомин.

• Баяу кальций каналдарының блокаторлары.

• Цитопротекторлар — триметазидин.

• Антигиперлипидемиялык заттар.

• ААФ ингибиторлары.







Date: 2016-11-17; view: 500; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию