Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дістемелік нұсқаулар





Мамандығы:жалпы медицина, 4 курс

Азақ тілі кафедрасы

 

Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша

Тәжірибелік сабақтарға арналған

дістемелік нұсқаулар

I. Жүректің ишемиялық ауруы. Арнайы әдебиетті шолу рефераты. Шолу рефераттың құрылымдық композициясы.

II. Сабақтың мақсаты:

Студенттерге кәсіби қарым-қатынас үшін қажет негізгі медициналық терминологиялық лексика минимумын меңгерту; қазақ тілінде сөйлеу қызметінің әртүрлі дағдылары мен біліктерін жетілдіру: айтылым (қазақ тіліне ауызша аударудың түрлері, сөйлеушінің өз пікірін негіздеуі, тақырыптық диалог), жазылым (толық аударма, мәтіннің құрылымдық бөліктерін рәсімдеу), аудару үдерісінде іздеу, танысу түріндегі оқу, түсіну.

III. Пәннің міндеттері:

- сөздік-анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істей білу, кәсіби сипаттағы мәтіндерді қарап шығу, іздеу, зерттеу мақсатында оқи алу дағдысын қалыптастыру;

- жалпы ғылыми және нақты кәсіби тақырыптағы мәтіндердің мағыналық, құрылымдық және коммуникативтік ерекшеліктерін ескере отырып, оқып, түсіну; мәтіннің тақырыбын, көтерген мәселесін, қорытындысын анықтай алу, мәтіннің логикалық сұлбасын ұсына білу т.б. біліктерін жетілдіру;

- ғылыми мәтіннің жалпы мазмұнын және автордың басты тезистерін түсіну, мәтін ақпаратынан басты және қосымша ақпаратты бөліп, оларды бағалай білу, мағыналық блоктардағы негізгі, қосымша және қайталанатын ақпаратты бөліп көрсете білу дағдысын қалыптастыру;

- жалпы және кәсіби лексика негізінде сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша коммуникативтік біліктерін дамыту, белгілі тақырып бойынша кәсіби сипатта ақпарат алмасуын қамтамасыз ету;

- өз мамандығы шеңберіндегі кәсіби терминдерді игеру дағдыларын жетілдіру.

 

IV. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Кітаптың (мақаланың)шолу-рефераты

2. Рефераттың құрылымдық-композициялық бөлімдері

V.Әдіс - тәсілдер:

1. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

2. Топпен орындалатын жұмыс әдісі

3. жобалау әдісі

VI. Тақырып бойынша тапсырмалар:

 

1- тапсырма. Ақпаратпен танысыңыз. Мамандық бойынша кітаптың (мақаланың) шолу-рефераты және оның құрылымдық-композициялық бөлімдері туралы айтып беріңіз.

Мамандық бойынша кітаптың (мақаланың)шолу-рефераты, пайымдау элементтері белгіленген сипаттаманың бір түрі ретінде, төмендегідей ақпараттық моделдік түрлерге өзгеруі мүмкін:

I. Қарым-қатынас жағдаяты:

Ақпаратты қабылдаушыға бағыттау;

Қарым-қатынастың негізгі міндеттері:

а) танымдық;

б) құнды ұйғарым.

II. Құрылымдық -композициялық бөлім:

Мәтіннің мазмұндық компоненттері мен құрылымының сипаттамасы:

а) кітаптың (немесе мақаланың) тақырыбы, оның жалпы сипаттамасы;

б) монографияның (немесе мақаланың) мәселесі;

в) кітаптың (мақаланың, мақалалардың) құрылымы;

г) жұмыс авторы (авторлары) ұстанымының суреттемесі;

д) жұмыс авторының (авторларының) қорытындысы мен тұжырымдамалары;

1) Мағыналық қарым-қатынас сипаттамасы:

а)автордың ақпаратты жеткізуінің сипаттамасы:


б) автордың ақпаратты жеткізуін бағалау.

III. Тілдік материал:

1) Баяндаманың дереккөзі неге арналады? (Теорияны дамытудың өзекті мәселелеріне; … мұраны талдауға…; … өзекті мәселелерді талқылауға…; …сипаттамаға…; … анықтауға…; …ол туралы сұрақтарды шешуге…; …әдебиеттерді талдауға…; …қорытынды шығаруға…арналған);

2) Баяндалатын түпнұсқа не? (…мәселемен байланысты негізгі теорияның сыни мазмұны болып табылады…; сипаттау әрекеті болып табылады…; негізгі жағдаяттық пікір болып есептеледі; …зерттеу қорытындыларын баяндау…; … бақылау мазмұны…; …жалпы қорытындылар…; …деректер..., материалдар…, материалдардың талдауы…;... туралы сөз…; шешімге арналған тәсіл…).

3) Баяндалатын дереккөздің мақсаты қандай? (Мақсаты… – сипаттау…; қажетті жеректерден тұруы қажет…. Мақсаты ерекшеліктерді анықтау, талқылау болып табылады...; негізгі мақсаты…– өзіндік ерекшеліктерді жан-жақты талқылау …);

4) Баяндалатын жұмысқа қандай міндеттер қойылады? (Автор міндеттерді нақтылауды ұсынады…; сипаттау белгілерін анықтау міндеті белгіленеді... даму тенденциялары… үдеріс…);

5) Баяндалатын түпнұсқада автор қандай материалдар пайдаланған? [Зерттеу материалы ретінде…; Автор қарастырған (немесе талдаған) дереккөздер…; негізгі материал ретінде пайдаланылған жасалған эксперимент материалдары …; автордың қорытындылары мына материалдарға негізделеді…];

6) Баяндалатын түпнұсқаның негізгі мәселелері қандай? (Автордың негізгі көзқарасы қазіргі даму тенденцияларына негізделген …; автордың бірінші жоспары… зерттеу құрылымы анықталады…; автордың негізгі күші…жекелеген ережелерді қайта қарастыру …);

7) Баяндалатын жұмыс қандай тараулардан, бөлімдерден, тармақтардан тұрады? (…мынадай тараулардан … мынадау бөлімдердентұрады…; әр тараушасы мынадау бөлімдерден тұрады…; ауқымы өте кең сұрақтарды қамтитын мынадай тараулардан тұрады …);

8) Баяндалатын жұмыстың бөлімдері, тараулары, тармақтарында қандай зерттеу шаралары жасалды? (… рөлі талданады…; мазмұны ащылады…; бекітіледі…; нақтыланады…; негізгі этаптары анықталады…; айырмашылықтары анықталады…; әдістері негізделеді…; жүйе түсініктері қалыптастырылады…; шектеу шаралары қолданылады…; жағдайды суреттеу шаралары жасалады…; терминдік шектеулер қолданылады…; … туралы қорытынды негізделеді және жасалады; күтілетін нәтижелер көрсетіледі…; байланыстар жасалады..;... осы сала мазмұнын қамтитын мүмкіндіктерге қолдау көрсетіледі; кейбір әдістер қолданылады…; шолу жасалады…; зерттеу материалы талқыланады…);


9) Түпнұсқаны баяндаушы автор материалды қалай оқиды, қалай бекітеді? (Автор белгілейді…; еске салады…; бөліп қарастырады…; құрылымын сипаттайды…; пайда болған мәселелерді түсіндіреді…; өз міндеті арқылы көрсетуге тырысады…; сыни сараптама жасайды…; мәселелерді шешеді…; өз көңілін... көбірек аударады…;... мыналай мәселелерге жіті көңіл бөлуге тырысады; алға ұмтылу үшін өзіндік міндеттер белілейді…; жеке тұжырымдамасын жасайды…; … мына нәрсеге көңіл бөледі; қадағалауға тырысады…; қағидаларды құрастырады…; … төңірегіндегі сұрақтарды қарастырады; теориялық ережелер арқылы бекітеді…; өз келіспеушілігін білдіреді …; басты рөлді анықтайды…; осы салада белгілі бір эксперименттер жүргізеді…);

10) Түпнұсқаны баяндауда пайдаланған әдебиеттерге шолу жасау. (Автор әртүрлі дереккөздерді пайдаланғанын атап көрсетеді…; … арнайы әдебиеттерді пайдаланғанда әртүрлі шешеімдер қабылдауға тура келгенін дәлелдейді…; қалыптасу мерзімі мен уақытын анықтайды…; белгілі бір кезеңдерге ерекше көңіл бөледі…; бұл дискуссияда автор шеттеп қалады…; бұндай көзқарасқа … мынандай пікір білдіреді; зерттеушінің көңілін аударған ерекше жайттар…);

11) Автор жұмысын немен аяқтайды? (Қысқаша қорытындыда алға қойған міндеттері айтылып шығады…; қорытындыда автор… мүмкін болатын зерттеулерді ұсынады…; төмендегідей түйіндер жасайды…; Мақала өзара байланыс талдауымен аяқталады…; қорытындыда автор … пайдалануды ұсынады…; автордың қорытындысы төмендегідей бірнеше түйіндемелерден тұрады…;

 







Date: 2016-11-17; view: 312; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию