Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тапсырма.Мәтіннің мазмұнымен танысып, тақырып қойыңыз. Мәтін бойыша реферат- шолу құрастырыңыз.





Адам денесін құрайтын сұйықтар негізінен оң және теріс зарядталған бөлшектерден құралады, олай болса тірі ұлпалардың, ішкі мүшелердің потенциал көзі болуы шартты нәрсе. Тек мұндай потенциалдардың өзгеру заңдылығы тірі ағзадағы процестерге, оның ішінде жүректің, мидың, бұлшық еттің, қан тамырланының, т.б. физиологиялық күйіне тікелей байланысты болуында. Осыған байланысты жүрек еттерінің қозуы кезінде пайда болатын потенциалдар айырымын өлшеу әдісін электрокардиография(ЭКГ), ал осы өзгерістің графигін электрокардиограмма деп атайды.

Жүрек биопотенциалын пайда болуы мен оны өлшеудің теориясын 1903 жылы ұсынған. Голландық ғалым В.Эйнтховен болатын. Ол жүректі, уақыттың өтуіне сәйкес кеңістікте айналып тұрған электрлік диполь ретінде, яғни «диполь-жүрек» түрінде қарауды ұсынды және жүректің электрлік осі «диполь-жүрек» осімен сәйкес келеді деп саналды. Осындай диполдың айналысындағы нүктелердің арасындағы потенциалдар айырымының шамасы сол уақыт моментіндегі диполдың кеңістіктегі орналасуына тікелей байланысты болады, олай болса уақыт өтуіне байланысты «диполь-жүрек» потенцилының шамасы белгілі бір заңдылықпен өзгереді және оның пішіні(графигі) арқылы жүректің физиологиялық күйін сипаттауға болады. Жүрек биопотенциалының шамасы өте аз 0,1-1,5 мв, ұзақтығы 0,04 - 1,0 с, жиілігі 10-200 Гц аралығында болғандықтан, оны тіркеуде сезімталдығы өте жоғары күшейіткіштер қолданылады. Сондықтан ЭКГ күшейткіштеріне өте үлкен талаптар қойылады, ол барлық сигналдарды бірдей, жиілігі мен формасын бұрмаламастан күшейтуі тиіс, бұл шарт орындалмаған жағдайда алынған ЭКГ сигнал арқылы дәл диагноз қою мүмкін болмайды. Осы тақырыптарды өткенде электрокардиограммадағы P, Q, R, S, T және U тістер жүйесінің пайда болуының жүрек циклдарына сәйкестігін ашып көрсетуге басты назарды аудару қажет, сонымен қатар қалыпты және ауытқуы бар ЭКГ салыстыру қажет. Потенциалды өлшеуге қажетті электродтарды адам денесіне: стандарты, кеуделік және күшейтілген деген түрде орналастырады. Жүрек, қан тамырлары жүйесінің, т.б. көптеген ауруларды диагностикалауда ЭКГ негізі және басты әдіс болып саналады.

 

Жүректің ишемиялық ауруын, жүрек ритмнің бұзылуын, т.б. тек осы әдіспен анықтайды ЭКГ бір немесе көп каналды болып бөлінеді. Бір каналды ЭКГ-та сигнал әр тармақ бойынша кезекпен жазылады, ал көп каналды ЭКГ-да барлық тармақтардан келген сигналдар бір мезгілде жазылады, сонымен қатар ЭКГ- та басқа да мәліметтер жазылуы мүмкін, ал қабылданған ЭКГ-ні компьютердің арнаулы бағдарламасы талдайды, алынған мәліметтерге сәйкес тиісті диагнозды ұсынады, оны толықтыру, тиісті өзгертулерді енгізу дәрігердің міндеті.

Компьютерлік техниканың қарқынды дамуы, ұзақта орналасқан ауылдағы ауруханадағы пациентерден ЭКГ сигналдары теле және интернет жүйелері арқылы қабылда, тиісті шешім қабылдауға мүмкіндік беруде. ЭКГ ең көп тараған медициналық диагностикалық құрал болып саналады, оның құрлысы мен жұмыс істеу принциптері туралы толық мәлімет «Медицинская техника» және т.б. оқулықтарда берілген.

1. Жүректің кардиоцикл ішіндегі кеңістік бойынша өрісін тіркеуді векторэлектрокардиография (ВЭКГ) деп атайды. Мұндай әдістің негізіне «диполь-жүрек» вектор үшының айналу барысында сызатын қисығының кеңістіктегі проекциясы, яғни барлық тармақтардан бір мезгілде алынған потенциалдар айырмасының векторлық қосындысы түрінде монитордың экранында пайда болатын кескіні алынған. Ол тұйық сызық- тұзақ пішінді болып келеді, осыған байланысты үш түрлі Р, QRS және T тұзақтары пайда болады. ВЭКГ арқылы алынатын мәлімет толық болуына сәйкес оның диагносткалық мүмкіндігі де мол болады. ВЭКГ құрлысы мен жұмыс істеу принциптері туралы толық мәлімет «Медицинская техника» және т.б. оқулықтарда берілген.

 

3 - тапсырма. Микротоптық жұмыс. Берілген мәтіндерді толықтыра отырып, қазақ тіліне, ағылшын тіліне аударыңыз.

Date: 2016-11-17; view: 367; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию