Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






туындау себептері бойынша жер сілкінісінің жіктелімі





Табиғи жер сілкінісінің шығуы

Адамдардың әрекеті нәтижесінде пайда болған жер сілкінісі

3. Тектоникалық

4. Вулкандық

Опырылу

6. Шеткі (тектоникалық плита шектері)

7. Плитааралық

2) Тіршілік қауіпсіздігінің негізгі курсында адамды қорғау жолдары қарастырылады. Оның негізгі себептеріне адамдардың өмір сүру ортасындағы кездесетін қауіп-қатерлерімен бірге еліміздің ата заңының негізгі мақсаты жатады. Адамдардың өмір сүру ортасындағы қауіп қатерлер адам өміріне, оның ден-саулығына зиянын тигізіп, әртүрлі аурулар мен жарақатқа, тіптен кейбір жағдайда өлімге де алып келіп соқтыруда. Осыған орай мемлекеттің адамды қорғауы, оның негізгі міндеттерінің бірі болып саналады.

Тірішілік қауіпсіздігінің негіздері адам өміріне төнетін жалпы қауіп-қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы. Бұл курс нақты машиналардың, құрал жабдықтардың, механизмдердің, өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешпейді, себебі олармен арнайы мамандандырылған орталықтар айналысады. Мысалы, атом қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, жарылыс пен өрт қауіпсіздігі және тағы сол сияқтылар. Қарастырып отырған курстың мақсаты қауіпсіздік саласындағы жалпы біліктілікті көтеруді және адамның өзі өмір сүріп отырған ортасындағы қауіпті, сондай-ақ адамдарға зиянын тигізетін құбылыстарды тануға және оған қарсы білікті әрекет жасай алу мүмкіншіліктерін арттыруды қарастырады

3) Өмірден қымбат еш нәрсе жоқ, өйткені өмірде бәрі бар. Қазіргі заманда өмір ең қымбат байлық болып келеді. Адамның ең негізгі мақсаты ол — өмірді сақтап қалу, өйткені ол құнсыз. Адам осы өмірдегі өмір сүру мағынасын іздейді, жоспар құрайды, сол жоспарларды іске асыру үшін жасайды және үйренеді. Енді кезекті сайысымыздың кезеңдеріне берелік.

Біз тіршілік ететін орта мен өндірістік орталарда әртүрлі қауіптердің болатындығы белгілі. Қауіптердің жіктелуін алдыңғы дәрістерде көрсетіп өткен болатынбыз. Қауіпті және зианды факторлады анықтаушы белгілерге мыналар жатады-олар адам организіміне тікелей әсер ету мүмкіндігі, адам органдарының қалыпты қызметінің бұзылуы. Сонымен қауіптілік құбылысы деп, адамға деген қолайсыз әсерлерді айтамыз. Кез келген қызмет потенциальды түрде қауіпті. Енді қауіпті және зиянды өндірістік факторларға тоқталайық олар: зиянды заттар, иондаушы сәулелер, және басқа да негативті факторлар болып жіктеледі.
Зиянды заттар

Қазіргі уақытта 7 млн-нан астам химиялық зат белгілі. Оның 60 мың түрі түрлі салаларда қолданылады: тағамға қоспа ретінде – 5500; дәрілік зат ретінде – 4000; тұрмыстық химиялық препарат ретінде – 1500. Осы қосылыстар жылдан-жылға қоршаған ортаны ластап, түрлі ауруларға соқтыруда. Ағзаларға қолайсыз әсер ететін және ауруларға әкеліп соқтыратын заттарды төмендегідей топтарға бөліп көрсетуге болады:
1) концерогендер (латын тілінен аударғанда cancir — рак, генезис — шығу тегі) қатерлі ісіктер туғызады. Қазіргі уақытта шамамен 500 осындай заттар белгілі. Олардың ішіндегі ең күштілеріне бензо(а)пирен және басқа да полициклді ароматтық көмірсулар, ультракүлгін сәулелер, радиоактивті изотоптар, эноксидті смолалар, антриттер, нитрозаминдер, асбест және т.б. жатады;
2) мутагендер (латын тілінен аударғанда mutasio — өзгеру) – хромосомалар саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Оларға: рентген сәулелері, гамма-сәулелер, нейтрондар, бензо(а)пирен, колхицин, кейбір вирустар және т.б. жатады;

4) Қазіргі таңда қоршаған ортаны, адамдарды электромагниттік сәулелену көзі болып табылатын тұрмыстық техникаларсыз елестету мүмкін емес. Бірақ та олардың адам ағзасына тигізіп жатқан әсері қаншалықты екенін көбі біле бермейді... Бүгінгі қоғамда адамдар радиотехникалық және радиоэлектроникалық құрылғылардың электромагниттік желісі құрамына кіріп, соның қармауында қалып бара жатыр...Кернеуі жоғары және өте жоғары қуатты электр беру желілері, көптеген қуатты жоғары радио- және теле- хабарлаушы станциялар, ғарыштық ретрансляторлар – осылардың барлығы дерлік электромагниттік өріс ықпалының әсері болып табылады

БИЛЕТ№19

1)Бүгінгі таңда шұғыл шешуді қажет ететін көкейкесті мәселелердің бірі – қоршаған ортаның (экологиялық) адам төзгісіз дәрежеге дейін апаттарға ұшырау салдарын тоқтату болып отыр.
Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі – радиациялық ластану болып отыр.Айналадағы ортаны радиация қалдықтарымен ластау – адамға да, табиғатқа да жасалған зиянкестік. Сондықтан атомдық реакторлар мен атомдық электр станцияларын салуда, уран өндіруде, олардан шығатын радиактивті қалдықтардан сақтануды ескеріп жеті рет өлшеп, бір рет кескен жөн. Атом энергиясын қауіпсіз өндіру адамзатқа қойылып отырған үлкен сын, онсыз өркениеттің өрге басуы мүмкін емес. Алайда радиактивті қалдықтарды залалсыздандыру немесе қауіп келтірместей етіп сақтау адамзат алдындағы ең күрделі мәселелердің біріне айналып отыр. Бұл мәселелерді оңтайлы шешу үшін ұлттық деңгейде арнайы радиациялық қауіпсіздік шаралары қабылданып іске асырылуы керек. Кері жағдайда табиғатта үздіксіз жүріп жататын зат алмасулары салдарынан, радиактивті бөлшектер жербетіндегі тіршілік атаулыны бірте – бірте жоятын болады. Міне, сондықтан қоршаған табиғи ортаның тазалығын сақтауда әр адамға зор жауапкершілік жүктеледі.
Радиоактивті заттар газ немес аэрозол түрінде аэрогенді жолмен ағзаға түсуі мүмкін, сонымен қатар тері арқылы қайнар көздермен қатынас нәтижесінде, «кір» қолмен тамақтанған кезде ауыз арқылы немесе құрамында изотоптары бар тамақпен қоректенген кезде.
Сәулелердің кейбіреулерінің ену қабілеті үлкен болады, олардың сәулеленулері ішкі ағзалардың зақымдануларын тудырады. Β сәулелердің ену қабілеттері төмен болғандықтан және олардың сыртқы ортамен әсерлесуінің салдарынан иерінің, роговицаның және көздің шыны денесінің зақымдануларын тудырады.
Ядролық қару сынақтарының кеңінен жүргізілуімен биосфераның жасанды радионуклидтермен жаһандық ластануы өршіді. Соңғы жылдары бұдан аса көп емес, бірақ үнемі өсіп отыратын, ядролық энергетика кәсіпорындарының қалдықтары мен ғылыми мақсатта, медицинада, халық шаруашылығында иондаушы сәуле көздерінің қолданылуын сипаттайтын жергілікті және аймақты, сонымен қатар жаһандық тұрғыда ластануда қосылады. Қоршаған ортаның едәуір ластануы АЭС – дағы апаттар нәтижесінде болады. Айналадағы ортаны радиация қалдықтарымен ластау – адамға да, табиғатқа да жасалған зиянкестік. Сондықтан атомдық реакторлар мен атомдық электор станцияларын салуда, уран өндіруде, олардан шығатын радиактивті қалдықтардан сақтануды ескеріп жеті рет өлшеп, бір рет кескен жөн. Атом энергиясын қауіпсіз өндіру адамзатқа қойылып отырған үлкен міндеттердің бірі болып отыр.
Қоршаған ортада табиғи радиация (ғарыш сәулесі, радиактивті элементтердің шығаратын сәулелері) әрқашан болған, бар және бола да бермек. Оны радиацияның табиғи фоны дейді. Ондай фон қоршаған ортадағы барлық денелерде, соның ішінде адамда да бар. Табиғи фонның есебінен бір адам жылына 2•10-3 Гр радиация алады.

2) Халықты жаппай зақымдаушы қарулардан қорғау (Зашита населения от оружия массового поражения) — ядролық, химиялық және бактериялық (биологиялық) қарудан адам шығынын барынша азайту үшін жүргізілетін қорғаныш. Оған мынадай шаралар кіреді: қорғаныш ғимараттарын дайындау және адамдарды жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету; халықты ірі қалалардан қала сыртындағы аймаққа көшіру, қарсыластың жаппай зақымдаушы қаруларды қолданып шабуыл жасау қаупі төнгендіп жөнінде халықты хабарландыру; зақым ошақтарында құтқару және шұғыл авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру және зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету; радиациялық, химиялық және биологиялық бақылау жасау және айналадағы ортаның, тағам шикізатының, азық-түліктің, ауыз судың зақымдануына бақылау жүрпзіп, қадағалау; санитариялық-гигиеналық, емдеу-профилактикалық шаралар ұйымдастыру.

Биологиялық қару — соғыс құралдары ішіндегі адамзат пен қоршаған ортаға ең зиянды қарулардың бірі. 1-дүниежүзілік соғыста Германия жылқыға маңқа (сап) жұқтыратын биологиялық қару қолдануға тырысты. 1925 ж. Женева хаттамасында биологиялық қаруға тыйым салынғанына қарамастан, 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Германия мен Жапония оны қолдануға дайындықтар жасағаныНюрнберг (1946) және Хабаровск (1949) сот процестерінде анықталды. БҰҰ биологиялық қаруға тыйым салу жөнінде 1972 ж. Конвенция қабылдап, ол 1975 жылдан күшіне енді. Химиялық қару — уландырғыш заттар мен құралдарды қолдануға арналған машиналар, приборлар, қару-жарақтар. Химиялық қару жаудың адам күшін жаппай қырып-жоюға арналған. Сондай-ақ белгілі бір жерлерді, қару-жарақты, әскери техниканы, әр түрлі тыл нысандарын уландыру үшін де қолданылуы мүмкін. Химиялық қарудың тиімділігі, көбінесе метеорологиялық жағдайларға, жердің жайына байланысты. Мысалы, ауа райы желді болса, уландырғыш заттардың таралатын аймағы ұлғайып, жел тымық болса, уландырғыш заттар бір жерде ұзақ тұрып қалады. Химиялық қаруды алғаш немістер 1915 жылы 22 сәуірде Шпредегі (Бельгия) шайқаста қолданды. Содан кейін басқа армиялар да қолдана бастады.

3) жеке құрамды улағыш заттар, радиоактивтік заттар және биологиялық құралдардың организм ішіне, тері қабықтарына және киім-кешекке тиюінен сақтау, сондай-ақ ядролық жарылыс сәулесіне шалдығу зиянын азайту үшін қолданылатын құралдар кешені. Ж.қ.қ-на газтұмылдырық, қорғаныш жамылғыштар, шұлық, ерекше құрамдар сіңірілген киім-кешек және т.б., сондай-ақ арнайы қорғаныш киімдер жинағы жатады. Қорғаныш киімдердің бір нұсқасы жалпы әскери қорғаныш жиынтығы (қорғаныш плащ, шұлық, қолғап) болып табылады. Жеке қорғану құралдары жұмысшылардың зиянды және қауіпті өндіріс факторларынан қорғауы үшін арналған.

Ұжымдық қорғану құралдары екі немесе одан да көп жұмысшылардың зиянды және қауіпті өндіріс факторларынан бір уақытта қорғанулары үшін арналған техникалық жабдық.

Емдеу-профилактикалық құрал – жұмысшы денесінің ашық жерлерін химиялық өндіріс факторларынан қорғауға арналған түрлі кремдер, пасталар мен басқа да заласыздандыру құралдары

Ұжымдық қорғану құралдары – жұмыс істейтін екі және одан да көп адамдарды зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар.

Ұжымдық қорғану құралдары құрылымдық және функцияналды өндіріс процесімен, өндіріс құралдарымен, ғимаратпен, қондырғылармен, өндіріс алаңымен тығыз байланысты. Бағытына қарай былай бөлінеді:

Жұмыс орындары мен ғимараттарды жарықтандыруды нормалайтын құралдар

Ионданушы сәулелерден қорғану құралдары

Инфракүлгін сәулелерден қорған құралдары

Ультракүлгін және электромагниттік сәулелерден қорғау

Лазарлі сәулелерден

Шу мен ультрадыбыстан

Вибрациядан

5) Сіңірдің созылуы - адам абайсызда ойлы-шұқырлы жерден аяғын ыңғайсыз басудан болады. Аяқтың ұшы бұралып, сіңірі созылады. Сіңірдің созылған жері шыдатпай ауырып, ісіп кетеді. Алғашқы жәрдем - ісінген жерге суық шүберек басып, қатты таңып тастау керек. Содан соң дәрігерге көрінеді.. Буынның шығуы[өңдеу]

Буынның шығуы - адам жығылғанда, өте ауыр зат көтергенде, ебедейсіз қозғалыс жасағанда сүйек басының таюы. Мұндайда буын қапшығы созылып немесе жарылып кетуі мүмкін. Буын шыққанда аяқ қатты ауырып, ісініп, қозғалмай қалады. Мұнда да ауырған жерге суық шүберек басу керек. Буынның шығуын хирург-дәрігер ғана емдейді

Сүйектің сынуы.[өңдеу]

Сүйектің сынуы. Адам қатты құлағанда немесе басқаша оқыс жағдайда сүйектің сынуы мүмкін. Сүйектің сынуы 2 түрлі: морт сыну, шытынап сыну. Әсіресе ересек адамдардың сүйектері морт сынғыш, оның себебін өздерің түсіндіруге тырысыңдар. Морт сынғанды - ашық сыну деп атайды. Морт сынған кезде сүйектердің ұштары қантамырларына, бұлшықеттерге, теріге зиян келтіреді. Жарақаттанған жерге микробтар түсуі мүмкін (69, а-сурет). Сынған жері қатты ауырып шыдатпайды, сондықтан қозғалмайтындай етіп шендеуіш салып таңады. Шендеуішке кез келген қатты заттар (тақтай, таяқ, қатқыл қағаз) жарайды. Алдымен жарақаттанған жерге жұмсақ мата салады. Матаның үстіне шендеуішті қойып, аяқ немесе қолмен бірге (сынған мүше) қатты таңып тастайды. Қозғалмалы буындар орналасқан жерін де қамтиды. Кейде қозғалтпау үшін сынған қолды тұлғамен қосып таңады. Егер бассүйек жарақаттанса, жарақттанған жерін ептеп тазалап, таңып, үстіне суық шүберек басуға болады Ашық сынған жердің алдымен аққан қанын тоқтатып, жараны тазалап алып, шендеуіш салады. Дәрігердің көмегі ауадай қажет. Ашық сыну өте қауіпті, өйткені сүйектерұсатылып кетеді. Сүйектің бітіп қайта қалпына келуі сүйектің сыртқы қабына байланысты.

Көбіне иық буынындағы буын шығулары жиі кездеседі. Бұл буын шығуы әдетте созылған қолмен құлағанда туындайды.
Буын шығуын буынның сыртқы түрінің өзгерісінен және қисаюынан жеңіл анықтауға болады. Зардап шегуші буын шыққан қолдарын-аяқтарын аздап қозғалта алады, бірақ үлкен күшпен.
Алғашқы көмек
Буын шыққан қол-аяқты абайлап ұстау керек. Оны жарақат алған кездегі сол кейіпінде бекітеді (иммобилизация жасайды). Шыққан буынға Буров сұйығымен компресс қояды.
Буын шығуын түзетуге өз бетінше әрекет жасауға болмайды. Сондықтан көп күтпей, дәрігер көмегіне жүгінген жөн.

БИЛЕТ№18

1) Радиация — иондану сәуле шығаруы;Радиация - жылулық сәуле шығаруы;Күн радиациясы — электромагнитты және корпускулярлық табиғаты бар Күн сәулелерi;Радиация — сәуле шығаруға синоним Қоршаған ортаның адам организміне теріс әсер ететін факторларының бірі радиация болып табылады. Радиация адамның клеткалары мен органдарының түрлі функцияларына зиянды әсер етеді. Радиация әсер еткенде клеткалардың шапшаң бөлінуі, құрылымы мен құрамының өзгеруі мүмкін. Радиациялық сәулелену тұқым қуалаушылық аппаратын өзгертуге, яғни мутацияға душар етуі мүмкін.Соңғы он жыл ішінде радиациялық сәулеленудің табиғи фоны көтерілді. Бұл кейбір елдерде ядролық қарулардың өндірілуіне, ядролық энергетиканы пайдалануға, уран өндіруді көбейтуіне, радиация қалдықтарының дұрыс сақталмацуына байланысты болып отыр.Химиялық заттардың жіктелуі:
1. Кейбір заттардың рөліне қарай (хлорофос, мышьяк, дихлорэтан, т.б)
2. Заттың топтарына қарай (барбитураттар, қышқылдар, сілтілер)
3. Арналуына қарай заттарды біріктіретін класс бойынша (улы химикаттар, дәрілік өсімдіктер, т.б)
4. Шығу тегіне қарай (өсімдік текті, жануар текті, синтетикалық улар.)

ІІ. Ағзаға түсу жолдарына қарай жіктеу:
1. Ингаляциялы (таралу жолдары арқылы)
2. Пероральді (ауыз қуысы арқылы)
3. Перкутанды (тері арқылы)
4. Инъекциялы (парентеральді енгізгенде) ІІІ. Әсер ету механизмі бойынша жіктеу:
1. Тітіркендіргіш
2.Күйдіргіш 3. Гемолитикалық, т.б.

2) Қауіпті және зиянды факторларды жіктеу

Еңбек процессіндегі адамның іс-әрекетінде өндірістік ол адамның денсаулық жағдайымен жұмыс істеу қабілетін анықтайды және сипаттайды, қолайсыз жағдайда еңбек өнімділігінің төмендеуіне, травма мен кәсіптік аурулардың пайда болуына әсер етеді. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлары бар. Өндірістік фактор қауіпті деп аталады, егер жұмысшыға нақты жағдайларда жарақатқа немесе денсаулығының күрт нашарлауына әсер ететін болса. Өндірістік фактор зиянды деп аталады, егер ауруға немесе жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкелетін болса. Зиянды фактор іс-әрекеттің ұзақтығы мен едәуір деңгейде болса, қауіптіге айналады.
1. Физикалық факторлар – жылжымалы машиналар мен механизмдер, электр тоғы, үлкен мөлшерлі шуыл мен вибрациялар т.б
. 2. Химиялық факторлар – улағыш және зиянды заттар, газдар, булар, шаңдар.
3. Биологиялық факторлар – ауру туғызатын микробтар, вирустар, бактериялар, өсімдіктер, жәндіктер т.б.
. 4. Психофизиологиялық факторлар – физикалық, нерв-психиялық және эмоциялық қажу т.б.

Улағыш заттар (УЗ) - адамдар мен жануарларды закымдайтын және қоршаған ортаның ұзақ мерзімге ластануына әкеп соғатын улы химиялық қосылыстар. Ұрыстық қолдану сәтінде олар бу тәрізді (газ тәрізді), аэрозольдік (түтін, тұман), не сұйық-тамшы күйінде болуы мүмкін. Олар адамдарды тыныс алу мүшелері, шырышты қабықтары және тері қабаттары, дене жаралары арқылы, ал уланған өнімдер мен суды тұтынғанда асқазан-ішек жолы арқылы зақымдайды. УЗ-дың ағзаға енетін ең негізгі жолдары - ингаляциялық (тыныс алу мүшелері арқылы) және тері-резорбтивтік (терінің түктері арқылы).
Атмосфераның ластануы — әр түрлі газдардың, қатты және сұйық заттардың немесе табиғи булар мен қалдықтардың ұсақ түйіршіктерінің ауаға қосылуы. Бұлардың ішінде газ тектес заттар атмосфераға шығарылатын ластағыштардың шамамен 90%-ін құрайды. Көп тараған атмосфера ластағыштарына күкіртті газ (SO2), азот оксидтері(NO2), кеміртек оксидтері (иіс газы СО), хлор, формальдегид (НСНО), фенол-бенз(а) пирен, шаң-тозаң жатады.
Озон қабатының бұзылуы. Атмосфераның техногендік ластанудың кері әсері тек жер маңындағы аймақпен ғана шектеліп қоймайды. Лас қосындылардың белгілі бір бөлігі озондық қабатқа жетіп, оны бұзады. Озондық қабаттың бұзылуы жерге ұзындығы 0,29км ультра күлгін сәуленің енуіне мүмкіндік туғызады. Бұл қысқа толқынды ультракүлгін сәулелену биосфера үшін өте қауіпті: өсімдіктер әлемі құриды, анкологиялық және көз аурулары көбейеді. Озондық қабаттарды талқандайтын негізгі заттар- хлор мен азот қосындылары. Хлордың бір молекуласы 10 озонның молекулаларын, ал азот оксидінің 1 молекуласы оның 10 молекулаларын талқандайды.

5) Азаматтық газтұмылдырық (противогаз)— адамның тыныс мүшелерін, терісін, беті мен көзін ауада бу, тұман, тозаң түрінде кездесетін улы және радиоактивті заттардан, ауру туғызатын микробтар мен улы заттардан корғауға арналған құрал. Азаматтық газтұмылдырық газтұмылдырық қорабынан, бет бөлігінен (шлем маска) және сумкадан тұрады. Сондай-ақ, противогаз кешеніне дымқылданбайтын үлбірлі қорапша кіреді. Қорап сыртқы зақымданған ауаны сүзуге арналған. Зақымданған ауа ең алдымен дымқылдандырмайтын сүзгі арқылы етеді, мұнда тозаң мен түтін бөлшектері сүзіліп калады, сонан соң улы заттарды ұстап қалатын арнаулы сорғыш (арнаулы химиялық реагентті активтелген көмір) арқылы өтеді. Газтұмылдырықтың бет бөлігі бетті корғауға және газтұмылдырық қорабында тазарған ауаны тыныс мүшелеріне жіберуге арналған. Ол көз әйнегі, клапанды қорабы бар резиналы-шлем маскадан тұрады. Бет бөлігінін клапанды қорабы дем алу және дем шығару кезіндегі ауа ағынын бөліп тұруға арналған.

 

 

Date: 2016-06-06; view: 1049; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию