![]() Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
![]() Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
![]() |
Гигиеналық бақылаудың қоршаған орта факторлары, еңбек жағдайлары және бірнеше этаптар келтірілген
Бірінші этап – гигиеналық нормативтердің негізі мен өңдеуі. Бұл этап дәлелдеудің мақсатынан, гигиеналық нормативтердің өңдеуінен, санитарлық-химиялық, токсикологиялық, патоморфологиялық, физиологиялық, клиника -функциялық зерттеуден тұрады. Екінші этап – гигиеналық нормативтерді сақтауын бақылау. Бақылау нәтижесі бойынша қоршаған орта сапасының санитарлы-гигиеналық сипаттамасы. Үшінші этап қоршаған орта факторларының организмге әсерінің коррекциясының шаралары. Шаралар бөлімі техникалық мінездеме және өндіріспен байланысты: шығынсыз технологияны белгілеу, автоматтандыру және өндірістік процесстердің механизациясы. 5)) Электр тоғы ұрғанда Адамды ток ұрғанда термиялық, электралиттік, биологиялық әсер етеді. Токтың термиялық әсері – дене терісінің әр жерінің күюі, қан тамырларының, нерв жүйелерінің қызуымен (көтеруімен) байланысты.Электролиттің әсері – қанның және организмнің басқа да сұйықтарының ыдырауына байланысты, оның физикалық құрамының бұзылуын туғызады.Токтың биологиялық әсері – ағзаның тірі жасушаларының қызуы нәтижесінде, адам буындары тартылып, жүрек, өкпе қысылады, нәтижесінде қан айналу мен тыныс алу мүшелерінің жұмысы нашарлайды, тіпті олар жұмысын тоқтатуы да мүмкін. Электр тогының әсерінің әртүрлілігіне байланысты, жрарқаттанудың екі түрі болады: · Электрлік жарақат; · Электр тогының соғуы. Электрлік жарақат тік әсерінен тері жасушаларының кейбір жерлерін жарақаттайды. Электрлік жарақаттың келесідей түрлері болады: электрлік күю, электрлік белгілер, терінің металдануы, механикалық жарақат. Электрлік күю – ең көп таралған электрлік жарақат түрі. Күйік екі түрі бар: токты және доғалы. Токтың күюі – ток жүретін бөліктен контакт кезінде адам денесін ток соғуы. Күйіктің төрт дәрежеде сипатталады: I – терінің қызаруы; II – түрі бетінде ұсақ көпіршіктердің пайда болуы; III – терінің барлық қабаттарының жансыздануы; IV – клеткалардың өлуі. Организмнің жарақаттану ауырлығы – күйіктің дәрежесін байланысты емес, оның тері бетінің көмегімен сипатталады. Доғалық күю – жоғары кернеу астында тоқ жүретін бөлік пен адам денесі арасында электрлік доға пайда болады. Доға температурасы 3500оС ден жоғары және де энергиясы үлкен. Доғалық күйік III, IV дәрежені құрайды. Электрлік белгілер – адам терісінде сұр немесе күлгін сары түсті дақтар пайда болады. Белгілер жырық, дақ, жара түрінде байқалады. Электрлік белгілер ауырмайды және емдеуге жеңіл болып келеді. БИЛЕТ№22 1) Азаматтық Қорғаныс (АҚ) — мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі.[1] Міндеттері: жергілікті халық пен халықшаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала хабарлау,т.б. азаматтық қорғаныс бейбіт кезеңде және соғыс уақытында мынадай шараларды жүзеге асырады: жаппай қыру қаруынан сақтану үшін арнайы қорғаныс жайлары салынып, жеке бас қорғаныс жабдықтары дайындалады, ірі қалалар тұрғындары қауіпсіз жерге көшіріліп, оларға қорғану тәсілдері үйретіледі, ықтимал қауіп туралы халыққа егжей-тегжейлі түсіндіріледі, соғыс кезінде өндіріс орындары мен мекемелерде жұмыс тоқтамау үшін әртүрлі ұйымдастыру және инженер-техникалық шаралар жүргізіледі, нақты өндіріс орындары қорғалады, математика-техника құралдар, электр энергиясын шығару көздері, газбен, сумен қамтамасыз ету қорлары жасалады; қираған шаруашылықтарды қалпына келтіруге қажетті қосалқы жабдықтар жинастырылады, арнайы азаматтық қорғаныс топтары құрылады. «Азаматтық қорғаныс» туралы Қазақстан Республикасының Заңы Азаматтық қорғаныс туралы Казақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 7 мамырда қабылданды. Заң Қазақстан Республикасының Азаматық қорғанысының негізгі міндеттерін, кұрылуы және жұмыс істеу принцип, орталық, жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, ұйымдардың өкілеттілігін және Азаматтық қорғаныс(АҚ) саласындағы азаматтардың құқықтары мен міндеттерін анықтады. 2) Шуыл – қатты, сұйық және газ-тәрізді орталарда пайда болатын механикалық тербелістер кезіндегі әртүрлі жиіліктер мен қарқындылықты (күшті) дыбыстардың ретсіз тіркесуі. Ұзақ шуылдың әсері құлақтың есітуін және көздің көруін төмендетеді, қан қысымын көтереді, орта жүйке және жүрек-сауыт жүйелерін шаршатады, нәтижесінде жұмысшының жұмысында қателер саны көбейеді, еңбек өнімділігі төмендейді. Адамның есту органдары 16...20 000 Гц жиілікті дыбыс толқындарын қабылдайды. 20 Гц-тен төмен (инфрадыбыс) және 20 000Гц-тен жоғары (ультрадыбыс) тербелістер құлаққа әсер етпейді, бірақ толық ағзаға биологиялық әсерін тигізеді. 3) Жарылыс шектеулі көлемде энергияның тым көп мөлшерінің жылдам босатылу процесі. Жарылыс нәтижесінде өте жоғары қысымды қатты ысыған газ түзіледі. Жарылыс кезінде қоршаған ортада жарылыс толқыны пайда болады, қираған жарықшақтар немесе жарылыстың шашыранды өнімдері түрлі объектілерге механикалық әсер етеді. Жарылыс химиялық (көбіне жарылғыш заттар), ішкі ядролык (ядролық жарылыс), электрмагнитті (ұшкын заряды, лазерлі ұшқын), механикалық (жер бетіне метеориттердің түсуі) және басқа энергиялар есебінен жүзеге асырылады. Әскери мақсатта химиялық және ядролық энергиялар жай және ядролық ок-дәрілерде көп қолданылады. Жарылыс — өте қысқа уақытта шектелген көлем ішінде аса үлкен қуаттың бөліну процесі. Жарылыс физикалық, химиялық және ядролық болып ажыратылады. Кен қазу жұмыстарында тау жыныстарын қопарып, ұсату үшін көбінесе химиялық жарылғыш заттарды пайдаланып жару тәсілі қолданылады. 4) Биологиялық ластаушы заттар -Табиғи ортада химиялық және радиациялық ластанулардан басқа адамдар әр түрлі ауру туғызатын биологиялық ластанулар да кездеседі. Биологиялық ластануға ауру туғызатын микроорганизмдер, вирустар, құрттар, қарапайымдылар жатады. Олар ауада, суда, топырақта, тірі организмдердің және адамның организімінде кездеседі. 1. 2. 3. 4. БИЛЕТ№21 1) Радиациялық объектіні (сәулелену көзін) пайдаланудан алу, сондай-ақ оның нұсқасын таңдау туралы шешім технологиялық жүйелер мен жабдықтың, құрылыс конструкцияларының және іргелес аумақтың радиациялық және техникалық ахуалын кешенді тексеруден кейін қабылданады. 2) «Техносфералық қауіпсіздік» бағыты бойынша бакалаврдың кәсіби қызметінің салалары келесілер болып табылады: қазіргі заманғы әлемде адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамның өмірі мен тіршілігі үшін жайлы техносфераны қалыптастыру, табиғи ортаға келтірілетін техногендік әсерді барынша азайту, заманауи техникалық құралдарды, бақылау және болжау әдістерін пайдаланудың есебінен адамның өмірі мен денсаулығын сақтап қалу. «Техносфералық қауіпсіздік» бағыты бойынша бакалавр келесі кәсіби міндеттерді шешуге даярланған: · кәсіпорынның қызметкерлері тарапынан еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және өзге нормативтік құқықтық актілердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру; · өндірістік жарақатты, кәсіби және өндірістен туындайтын сырқаттардың алдын алу және еңбек жағдайларын жақсарту бойынша профилактикалық жұмысты жетілдіру; · кәсіпорндағы өртке қарсы-профилактикалық жұмыстарды жоспарлауды жүзеге асыру; · кәсіпорынның нысандарының, технологиялық үдерістерінің, технологиялық жабдықтарының, өнімдерінің және материалдық-техникалық ресурстарының өрт қауіпсіздігі жағдайын талдау; · өртке қарсы қорғануды және өрттің алдын алуды күшейтуге бағытталған шараларды жетілдіру; 2) адамды және аумақтарды қорғау жүйелері саласындағы, төтенше жағдайларда халық шаруашылығы нысандарының тұрақтылығын және техногендік апаттар мен дүлей апаттардың салдарын жоюды қамтамасыз ету саласындағы, сондай-ақ, төтенше жағдайдың салдарының зиянды әсері мен қауіптерінен адамды, экономика нысандарын және тіршілік ету ортасын қорғау әдістері мен құралдары саласындағы зерттеушілік, жобалық, ұйымдастырушылық-басқарушылық, өндірістік-технологиялық қызметпен айналысу 3) Радиациядан және химиядан қорғау қызметі - химиялық лабораториялар және басқа да арнаулы мекемелер кіретін қызмет түрі.Халықты сумен жабдықтау көздерін, азық-түлік пен жем-шөпті радиоактивті және улағыш заттардан қорғау жөніндегі шараларды талдап-белгілеп жүзеге асырады: АҚ жасақтарын, радиациядан және химиядан қорғау мекемелерін ұйымдастырады және дайындайды; жеке қорғаныс құралдары мен арнаулы техниканың жай-күйін бақылайды; радиациялық және химиялық бақылау постыларын ұйымдастырады; адам құрамын дозиметрлік бақылауды жүзеге асырады; радиоактивті және химиялық зақым зардаптарын жою жөнінде шаралар жүргізеді 4) Эпидемиялық процесс – бұл ұжымда қоздырғыш айналымынан туындаған симптомсыз тасымалдаушылық пен манифестік ауруға дейінгі спецификалық инфекциялық жағдайлардың тұрғындар арасында пайда болу және таралу процесі. Эпидемиялық процестің қалыптасу жағдайлары мен механизмін, оны зерттеу әдістерін, және де жұқпалы ауруларды азайту және оның алдын-алуға бағытталған эпидемияға қарсы шаралар жиынтығын зерделейтін арнайы ғылым саласы бар – ол эпидемиология деп аталады. Эпидемиялық процестің биологиялық негізі паразитарлық жүйе болып табылады, яғни паразит және ие популяцияларының өзара әсерлесуі. Кез келген инфекция немесе инвазия кезінде осындай өзара әрекеттесу процесінде паразит пен иенің популяциясында өзара бейімделу (адаптациялық) өзгерістер болады. Паразитарлық жүйенің тұрғындардың әлеуметтік жағдайларымен ұштасуы, оны эпидемиялық процеске айналдырады. Эпидемиялық процесс үш элементтің үзіліссіз өзара әсерлесуімен байланысты: 1) инфекция көзі; 2) берілу механизмі, жолдары және факторлары; 3) қабылдағыш ұжым.
БИЛЕТ№20 1) Жерсілкіну үлкен апаттарға әкелетіндіктен оның қай жерде, қашан және күші қандай болатынын болжау өте маңызды мәселе. Сейсмикалық есептеулер бойынша, орташа алғанда Жер шарында жылына 1 – 2 апатты (күші 10 балдан жоғары), 9 – 15 жойқын, 50 – 100 қиратушы, 300 – 500 өте күшті жерсілкіну болады. Жерсілкіну, өте сезгіш аспаптар – сейсмографтармен жабдықталған сейсмикалық стансаларда зерттеледі. Жерсілкінудің геологиялық жағдайларын зерттеу алдағы уақытта жерсілкіну болуы мүмкін аймақтарды және жерсілкіну болмайтын аймақтарды алдын-ала анықтауға мүмкіндік береді. Осының негізінде сейсмикалық аудандау жүзеге асырылады. Қазіргі кезде Жер шарының сейсмикалық картасы жасалып, басты екі сейсмикалық белдеу бөлінген: · Тынық мұхиттық белдеу — Тынық мұхитының батыс және шығыс жағаларын айнала орналасқан. Бұл белдеуге жас қатпарлы таулар (Альпі, Апеннин, Карпат, Кавказ, Гималай, Кордильерлер, Анд, т.б.), сондай-ақ, құрлықтардың су асты шеттерінің жылжымалы белдемдері (Тынық мұхитының батыс шеттері, Алеут, Куриль, Жапония, Малайя, Жаңа Зеландия, т.б. аралдар, Кариб, Кариб, т.б. теңіздер) кіреді. Бұл белдеуде барлық жерсілкіну болатын ошақтардың 68%-ы орналасқан. · Жерорта теңіздік белдеу — Еуразияның оңтүстік арқылы, батыста Португалия жағаларынан, шығыста Малайя аралдарына дейін созылады. Бұл белдеуде жерсілкіну болатын ошақтардың 21%-і орналасқан. Жерсілкіну ошақтарының белгілі бір географиялық аудандарда ғана орналасуы Жердің геологиялық даму ерекшеліктеріне байланысты. Қазіргі кезде жерсілкіну күшін бағалау үшін оның қирату әрекеті мен адамдардың психологиялық сезіміне тікелей бақылау арқылы түзілген 12 балдық сейсмикалық шкалақолданылады. Күшті жерсілкіну үлкен апат әкелетіндіктен, ол басқа табиғи құбылыстардың барлығынан қатерлі. Жерсілкіну қай аймақта болатынын болжау шешілгенімен, оның қашан және күші қандай болатыны әзірше толық шешімін тапқан жоқ. Жерсілкінуді жабайы аңдар, жәндіктер мен үй жануарлары ерте сезетіндіктен, олардың мінез-құлқына қарап, бұл құбылысты болжауға болады. Жерсілкінудің басқа да түрлері[өңдеу] Қазіргі кезде адамның табиғи ортаға ауқымды әсер етуіне (кентас, мұнай, газ бен жер асты суларын көп мөлшерде алуы, ядролық жарылыстар, ірі су қоймаларын жасау, т.б.) байланысты техногендік жерсілкіну мүмкіндігі де арта түсуде. Date: 2016-06-06; view: 1149; Нарушение авторских прав |