Главная Случайная страница



Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







ТЖ ХАЛЫҚТЫ ҚОЛДАУ ПРИНЦИПТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ 4 page





Еңбектің максималды өнімділігіне ықпал жасаушы жағдайларды қамтамасыз ету үшін адамның іскерлігіне әсер етуші жабдықтарына, құралдарына, басшылық жасаушы пульт қондырғыларына және жұмыс орнына, жұмыс және демалыс кезеңдерінің ұзақтығына қойылатын талаптарды физиологиялық тұжырымдау қажет.

 

4. ҚР ТЖ тіркеу тәртібі қандай?.Қазақстан Республикасының "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" заңына сәйкес халықты және ұйымдарды болжамдағы және пайда болған төтенше жағдайлар, олардың алдын алу және жою шаралары туралы жариялау мен хабарлау халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық объектiлерiн төтенше жағдайлардан қорғаудың негiзгi принциптерiнiң бiрi болып табылады. Ұйымдар, меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, белгiленген тәртiп бойынша хабар беруге, жұмысшылар мен халықты төтенше жағдайлардың қауiп-қатерi төнiп тұрғаны және пайда болуы туралы құлақтандыруға мiндеттi. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы хабарларды жасыруына, уақытысында ұсынбауына немесе лауазымды адамдар бiле тұра әдейi жалған хабарлар ұсынуларына жол берiлмейдi. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы хабарларды жасыруына, уақытысында ұсынбауына немесе лауазымды адамдар бiле тұра әдейi жалған хабарлар ұсынуларына жол берiлмейдi. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттiк есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қаулы етедi:



1. Қоса берiлiп отырған Төтенше жағдайлардың критерийлерi бекiтiлсiн. 2. Қоса берiлiп отырған Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi хабарларды ұсыну тәртiбi туралы Ереже бекiтiлсiн. 3. Ұйымдар, меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi хабарларды ұсыну тәртiбi туралы Ережеге сәйкес төтенше жағдайдың қауiп-қатерi төнiп тұрғанын немесе пайда болған 1 сағат iшiнде хабар беруге, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң аумақтық органдары, жұмысшылар мен халықты төтенше жағдайлардың қауiп-қатерi төнiп тұрғаны немесе пайда болғаны туралы құлақтандыруға мiндеттенсiн. 4. Орталық атқарушы органдары төтенше жағдайларға әкеп соққан авариялардың, апаттардың және зiлзалалардың есебiмен қамтамасыз етсiн және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi хабарларды ұсыну тәртiбi туралы Ережеге сәйкес мәлiметтер ұсынсын.

 

5. Эвакуациялау әдістері. Халықты табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан және осы заманғы жою құралдарынан қорғаудың негізгі әдістерінің бірі оны эвакуациялау болып табылады.Эвакуация алдында халық хабарланады..Эвакуация ойдағыдай болуы халықтың өзінің ұйымшылдығы мен тәртіптілігіне көп байланысты. Эвакуация болатынын білгеннен кейін азаматтар дереу шығуға дайындалуы тиіс (қала сыртына шығу:қажетті заттарды жинау,жеке қорғаныш заттарын(тыныс алу құралдарын міндетті түрде),құжаттар мен ақшаны дайындау қажет,пәтерде( үйде)терезелердің перделері алынып,жанатын заттар қараңғыланған жерге қойылуы керек) Заттардың ең қажеттілері-киім,іш киім,плащ,спорт костюмы,,аяқ киім (резеңке немесе резеңке ұлтанды болғаны жақсы) алынады.Сондай ақ өзімен бірге 2-3 тәуліктік тамақ және ауыз су қорын алу қажет.Тамақ өнімдерінен тез бұзылмайтын,оңай сақталатын және тұтыну алдында ұзақ дайындауды керек етпейтін түрлері-консервілер,концентраттар,галеттер,кепкен нан алынады.Эвакуация жаяу ретпен жүзеге асырылған жағдайда эвакуацияланатындардың 500-ден 1000 адамға дейін лектер құрылады..Қозғалыс жылдамдығы 4-5 км\ сағ ,1-1,5 сағаттан кейін 10-15 минут шағын аялдама,тәуліктің өтудің екінші жартысында 1-2 сағатқа үлкен аялдама белгіленеді. Өрт кезінде зардап шеккендерді іздеу және эвакуациялау Өрт адамдарға күшті психологиялық әсер етеді.Адамдар арасындағы үрейленушілік тіпті шағын өрттерде едәуір құрбандықтар болуына себеп болады. Мінез-құлық ережелерін білсе де осы кеселге тап болған адам кез келген жағдайда төтеп беріп қана қоймай ,өз өмірін сақтаумен қатар ,басқа адамдарды құтқару,а,материалдық игіліктерді сақтауға көмек көрсете алады.



Билет

1.есеп

2. Электромагниттік сәулелер және адам ағзасына әсері.Электромагниттік сәулелер — байланыс тізбегін құрайтын екі сымның арасындағы электрлік және магниттік өрістер бір-бірімен белгілі бір электромагниттік энергия мөлшерінде байланыста болатын толқын.Электромагниттік сәулелердің жіктелуі:1.Инфрақызыл сәулелер.2.Радиотолқын.3.Ультракүлгін сәулелер.4.Рентгендік сәулелер.5.Гамма сәулелер. Инфрақызыл сәулелер-жылулық және электрлік әсерлерден молекулалар мен атомдардың сәулеленуі. Радиотолқын-атмосфералық және магнитосфералық көріністер,радиобайланыс. Ультракүлгін сәулелер-жылдам электрондар әсерінен атомдардың сәулеленуі. Рентгендік сәулелер-жылдам зарядталған бөлшектер әсеріндегі атомдық процестер. Гамма сәулелер-ядролық және космостық процестер,радиоактивті ыдырау. Электромагниттік өрістің миға, нейрондар мембраналарына, есте сақтау, шартты-рефлекстік әрекеттеріне тигізетін тікелей әсерлері анықталды. Спектроскопиялық зерттеулер нәтижесінде әлсіз электромагниттік өрістің нерв жасушаларындағы жүретін синтездік процестерге әсер ету мүмкіндіктері көрсетілді. Зерттеулер осы әсерлердің нейрон қабықшаларына әсер етіп онда айқын өзгерістер тудыруы, мидың күрделі құрылымына берілетін ақпараттардың бұзылуына әкелетіндігі байқалды. Электромагниттік өріс әсерімен биологиялық мембраналар арқылы диффузия жылдамдығы, биологиялық макромолекулалардың бағыты мен конформациясы, сондай-ақ еркін радикалдардың электрондық құрылымының күйі өзгеруі мүмкін

 

3. Өрттің негізгі себептері. Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті объектілерде және басқа да зақымдау факторлары (жарылыс, улы заттардың жиналуы т.б.) бар объектілерде болады. Сонымен бірге, адамдар көп шоғырланған жерлерде де өрт шығу қаупі бар. Орман өрттері құрғақ ауа райы мен жел кездерінде айтарлықтай үлкен территорияға таралып кетеді. Ыстық ауа райы кездерінде, егер жауын-шашын болмаса ормандар құрғап, кез келген абайсыз жанған оттың әсерінен өрт тез таралып кетуі мүмкін. Өндірістегі өрттердің негізгі себептеріне құрал-жабдықтардың технологиялық жұмыс тәртібінің бұзылуы, электр жабдықтарының ақаулылығы, жабдықтардың жөндеу жұмыстарына нашар дайындалығы, әртүрлі материалдардың өздігінен жануы және т.б. жатады. Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады. Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрттің алдын алу болып өртті болдырмау немесе оның салдарын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады. Белсенді өрт қорғанысы – бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары.

 

4. ҚР азаматтық қорғанысы.Азаматтық қорғаныс - бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт, соғыс уақытында халықты, шаруашылық объектілерін және ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай факторларының зақымдағыш (жойқын) әсерінен қорғау мақсатында өткізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны. Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақы лауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган; Азаматтық қорғаныстың басқару органдары - бейбіт уақытта және соғыс уақытында Азаматтық қорғаныс іс-шараларына басшылық жасайтын және олардың орындалуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республи касының орталық және жергілікті атқарушы органдары, ұйымдар; "Баршаңыздың назарыңызға!" дабылы - Азаматтық қорғаныстың дабылдамалармен және басқа да дабыл беру құралдарымен берілетін бірыңғай дабылы. Осы дабыл бойынша халық теледидарларды, радионы және басқа да ақпарат қабылдау құралдарын іске қосып қоюға, беріліп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, іс-әрекет тәртібі мен жүріс-тұрыс ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті; жедел-құтқару отрядтары - жол қатынасы қиын аудандарда және аса күрделі объекті лерде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған республикалық, облыстық, қалалық, аудандық ұйымдар.

 

5. Жұқпалы аурулар профилактикасы. Жұқпалы аурулар - жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте заманда-ак олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды (індет, жаппай аурулар). Бұл аурулар ерекше «миазма» — ауаның улы булануымен байланыстырылады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында өр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. «Іnfесіо» деген латын сөзі «ластану» дегенді білдіреді. Жұкпалы аурулар адам ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады. Қоздырғыш-микробтар ауру адамнан сау адамға беріле алады. Белгілі бір жағдайларда ауру жаппай таралады (індет). Ауру туғызатын микробтар бактериялар, вирустар, спирохетар, саңырауқұлақтар болуы мүмкін.Ауру туғызатын микробтар, өдетте, сыртқы ортада тез өледі. Олардың өмір сүріп, көбейетін жері — адам немесе мал ағзасы, сондыктан адам жұқпалы көзі болып табылады. Зооноздардың көпшілігі табиғи-ошактық аурулар туғызады, яғни белгілі бір климаттык географиялык жағдайларда кездеседі, бұл жерде қоздырғыштарды табиғи сақтаушылары жабайы аңдар мен қоздырғыштардың ерекше тасымалдаушылары — жөндіктер мен кенелер өмір сүреді.

 

Билет

ТЖ ХАЛЫҚТЫ ҚОЛДАУ ПРИНЦИПТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ

ТЖ кезінде халықты қорғау дегеніміз – бұл адамдардың зардап шекпеуін болдырмау немесе зақымдаушы факторлардың әсер ету дәрежесін максималды төмендету мақсатында жүргізілетін кешенді іс-шаралар

Қорғау әдістеріне жатады: хабарландыру, ұжымдық, жеке қорғаныс құралдарын және дәрігерлік құралдарды қолдану, қауіпсіз аймаққа көшіру және орналастыру, радиацияға, химиялық зардаптарға қарсы шаралар бактерияларға қарсы қорғаныстар (10.1-сурет).

3. УЛЫ ЗАТТАР ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.

Жалпы улы заттар барлық ағзаны улайды. Оған көміртегі тотықтары, мырыш, сынап, сүрме, бензол және т.б кіреді.

Улағыш заттар - ұрыс жағдайында қолданган кезде адамдар мен жануарларға зақым келтіретін улы (уытты) қоспалар. Улағыш заттар химиялық қарудың негізі болып келеді. Улағыш заттар жүйкеге әсер ететін улағыш заттар, теріге әсер ететін улағыш заттар, кезден жас ағызатын улағыш заттар, түншықтыратын улағыш заттар және жалпы әсерлі улағыш заттар болып бөлінеді. Жүйкеге әсер ететін улағыш заттар қазіргі улағыш заттардың аяғы әлімге әкеліп соқтыратын негізгі тобын құрайды. Оларга құрамында фосфоры бар және кез келген аппликацияда зақым келтіретін улағыш заттар жатады. Олар — табун, зарин, зоман және т.б. Жалпы әсерлі улағыш заттарға көгерткіш кышқыл, хлорциан, арсин, фосфин және т.б., ал түншықтыратын улағыш заттарға фосген, дифосген, хлорпикрин т.б. жатады. Теріге әсер ететін улағыш заттар аяғы елімге әкеліп соқтыратын улағыш заттарға жатады, олардың қатарына иприт, азоттық иприт, люизит т.б. кіреді.








Date: 2016-06-06; view: 1348; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2021 year. (0.011 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию