Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ТЖ ХАЛЫҚТЫ ҚОЛДАУ ПРИНЦИПТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ 2 page





 

3.есеп

4.Иондаушы сәулелену

Рентген сәулеленуінің және радиактивті ыдыраудың ашылуымен қатар адам бір уақытта - иондаушы сәулеленудің зақымдаушы әсерінен қорғану туралы мәселеге кездестіXIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың бірінші жартысы ИС-ге байланысты көрнекті жаңалықтар ашылуымен есте қалды. Иондағыш сәулелену – бұл, затпен өзара әрекеттескен кезде, заттың атомдары мен молекулаларының иондануына және қозуына әкеп соғатын сәулелену. Иондаушы сәулеленулер өзінің физикалық табиғатына байланысты электромагниттік (фотондық) және корпускулярлық (бөлшектер) болып бөлінеді. ИС-тің бірінші тобына энергиясы жоғары рентген және γ-сәулеленулері жатады. Физикалық қасиеттері бойынша, рентген және γ-сәулелері арасында негізінде айырмашылық жоқ. Фотондық сәулеленудің шығу тегіне байланыссыз, энергиясы олардың 250 кэВ дейін болған кезде, олар рентген сәулесіне, ал 250 кэВ – тан жоғары болғанда, гамма- сәулеленуге жатады. Егер, ИС-тің бұл түрлерінің шығу тегіне келсек, сәулеленудің тежелулік және характеристикалық(характеристические) деп аталатынтүрлерге бөлінетінін айта кету керек. Тежелулік сәулелену жылдамданған зарядталған бөлшектердің (электрондардың) атом ядроларының электрлік өрістерінде тежелуі кезінде пайда болады. Характеристикалық сәулелену электронның сыртқы орбиталарының бірінен ішкі орбитада пайда болған бос орынға өтуі кезінде пайда болады. Негізінен, тежелулік және характеристикалық сәулеленуді рентген сәулелеріне, ал ядролардың өзгеруі кезінде пайда болатындарын – гамма-сәулеленуге жатқызады. Мұндай бөліну кезінде рентген және γ- сәулелерінің спектрлері бірінің спектрін бірі жабады. Иондаушы сәулеленудің әр түрлі түрлері - белгілі бір иондағыштық және енгіштік қабілетімен сипатталады.

 

5.Эргономикалық көрсеткіштер

Эргономика (гр. ergon – жұмыс + nomos – заң) – еңбек құралдары мен үдерістерін оңтайландыру арқылы еңбекке қолайлы жағдай жасау мақсатымен адамды және оның қазіргі заманғы өндірістің еңбек үдерістеріне қатысуын зерделейтін ғылыми пән. “Адам – машина‚ “адам – орта” жүйелеріндегі байланыстарды оңтайлы шешу стратегиясын айқындайды. Адам‚ машина және орта күрделі бүтін ретінде қаралуға тиіс екенін‚ мұнда адам жетекші рөл атқаратынын мойындайды. “Адам – машина – орта” кешенін ұтымды жоспарлап‚ енгізу үшін адам мен машинаның үйлесімділігін ескеретін эргономик. талаптарды қамтамасыз ету керек‚ олар: биофизикалық үйлесімділік – машина‚ басқару органдары және адам талап етілетін күш-жігер‚ қуат‚ басқару әрекеттерінің жылдамдығы‚ дәлдігі‚ қарқыны тұрғысынан бір-біріне сай келуге тиіс; антрометрикалық үйлесімділік – адамның антропол. және физиол. ерекшеліктерін ескере отырып, ұтымды ұйымдастырылған жұмыс орнын жасау; техникалық-эстетикалық үйлесімділік – машинаның тартымдылығын қамтамасыз ету. Эргономикалық талаптар адам мен техника арасындағы атқарымдарды бөлу мен келісуге‚ әрекет үдерістеріне әрекет құралдарына әрекет жағдайына (жатады. Олар техниканы жасап‚ өндіріске енгізудің барлық сатыларында ескерілуге тиіс. Белгіленген талаптарға сай келетін эргономик. көрсеткіштер бұйымның жекелеген түрлерін пайдаланудың қолайлылығы мен қауіпсіздігін сипаттауға мүмкіндік береді‚ еңбектің мазмұнын байытып‚ тартымдылығын жақсартуға‚ өнімділігін арттыруға‚ адамның күш-қуатын‚ денсаулығын жұмыс істеу қабілетін сақтауға септігін тигізеді

 

Билет

1.Төтенше жағдайда халықты қорғау әдістері

Халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан және төтенше жағдайлар кезінде қорғауды ұйымдастыру мен іске асыруда халықты осы заманғы зақьшдау құралдарынан және тетенше жағдайларда құрбандыққа ұшырауын болдырмауға немесе азайтуға бағытталған қорғаныс шараларын іске асыру әдістерінің ролі ерекше. Халықты қорғаудың негізгі әдістері мыналар:- қорғаныс ғимараттарына жасыру;- халықты таратып қоныстандыру және көшіру;- жеке және медициналық қорғаныс құралдарын қолдану;- дер кезінде хабарлауды ұйымдастыру;- азық-түлікті, суды, мал мен өсімдікті радиоактивтік, улағыш, қатты әсер ететін улы заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудан қорғау;- радиациялық, химиялық, бактериологияяық барлау мен дозиметрлік және лабораториялық бақылауды ұйымдастыру;- өрттен қорғау, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және сақтандыру шараларын жүргізу;- зақымдау аймақтарындағы ұйымдарда жұмыс пен халықтын өзін-өзі ұстау режимдерін сақтау;- адамдарды, техниканы киім мен аяқ-киімді, санитарлық тазалауды және аумақ пен ғимаратты залалсыздаңдыруды жүргізу.

2.есеп

3.Радиациялық апат топтамасы

Радиация - жылулық сәуле шығаруы Қоршаған ортаның адам организміне теріс әсер ететін факторларының бірі радиация болып табылады. Радиация адамның клеткалары мен органдарының түрлі функцияларына зиянды әсер етеді. Радиация әсер еткенде клеткалардың шапшаң бөлінуі, құрылымы мен құрамының өзгеруі мүмкін. Радиациялық сәулелену тұқым қуалаушылық аппаратын өзгертуге, яғни мутацияға душар етуі мүмкін. Соңғы он жыл ішінде радиациялық сәулеленудің табиғи фоны көтерілді. Бұл кейбір елдерде ядролық қарулардың өндірілуіне, ядролық энергетиканы пайдалануға, уран өндіруді көбейтуіне, радиация қалдықтарының дұрыс сақталмацуына байланысты болып отыр. Осыған байланысты барлық тіршілік иелеріне - өсімдіктерге, жануарларға,адамдарға нақты қауіп төнді. Мутация көлемі ұлғайды, тұқым қуалайтын әр түрлі аурулар, дамуында түрлі кемістіктері бар (қатерлі аурулары, сәлелік аурулары және тағы басқа) ауру балалар мен адамдардың саны ұлғайды. Табиғаттың барлық жерлерінде табиғи радиабелсенді сәулелері болады. Барлық тірі организмдер сияқты адамға да табиғи сәулелердің әсері тиеді. Сәулелердің артық мөлшері адам организмде ауытқуларды және әр түрлі ауруларды туғызады. Сондықтан адам радиосәулелердің мүмкіндік мөлшерін анықтай алуы тиіс. Оны дозиметр деп аталатын арнайы құралмен өлшейді. Сәулелердің артық мөлшері организмнің ауруға қарсы мүмкіндігін төмендетеді, тыныс алу, көз, тері және тағы басқа ауруларға себеп болады.

 

 

4.Химиялық қауіпті объектілер

. Химиялық қауіпті объектілер (ХҚО) болып авария немесе қирау кезінде халықтың, жануарлар мен өсімдіктердің жаппай зақымдануы мүмкін объектілер ұғынылады. Улы заттардың ірі қорына химиялық өндіріс орындары, целлюлоза – қағаз, мұнай өндейтін және мұнай химиялық кәсіпорындары, қара және түсті металургиялар, жер тыңайтқышын шығаратын кәсіпорындар жатады. ҚӘУЗ – дің айтарлықтай қоры сондай – ақ тамақ объектілерінде, ет – сүт өнеркәсібінде, азық – түлік базаларында, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықта шоғырланған. ХҚО – ге ҚӘУЗ санатына негізгі шикізат, екі ортадағы және негізгі өнім, жанама өнім сондай – ақ өңдеулердің еріткіші және құралы жатады. Бұлзаттардың қоры базистік және негізгі қоймаларда, технологиялық аппаратураларда, көлік құралдарында болады. Химиялық қауіпті объектілер (ХҚО) – өзінің өндірісінде күшті әсер ететін улы заттарды (КӘУЗ) (хлор және аммиак) сақтап және қолданатын объектілер, оларда болатын авариялар адамдардың (улануына), жануарлар және өсімдіктердің жаппай зақымдануына әкелуі мүмкін

 

5. Эпидемиялық үрдіс

Эпидемиялық процесс – бұл ұжымда қоздырғыш айналымынан туындаған симптомсыз тасымалдаушылық пен манифестік ауруға дейінгі спецификалық инфекциялық жағдайлардың тұрғындар арасында пайда болу және таралу процесі.Эпидемиялық процестің қалыптасу жағдайлары мен механизмін, оны зерттеу әдістерін, және де жұқпалы ауруларды азайту және оның алдын-алуға бағытталған эпидемияға қарсы шаралар жиынтығын зерделейтін арнайы ғылым саласы бар – ол эпидемиология деп аталады.Эпидемиялық процестің биологиялық негізі паразитарлық жүйе болып табылады, яғни паразит және ие популяцияларының өзара әсерлесуі. Кез келген инфекция немесе инвазия кезінде осындай өзара әрекеттесу процесінде паразит пен иенің популяциясында өзара бейімделу өзгерістер болады. Паразитарлық жүйенің тұрғындардың әлеуметтік жағдайларымен ұштасуы, оны эпидемиялық процеске айналдырады.Эпидемиялық процесс үш элементтің үзіліссіз өзара әсерлесуімен байланысты:1) инфекция көзі;2) берілу механизмі, жолдары және факторлары;3) қабылдағыш ұжым.Осы звенолардың кез келгенінің шығып қалуы эпидемиялық процестің үзілуіне әкеледі

 

 

Билет

1 Жұқпалы аурулар — зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардыңорганизмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды. Олар: а) ішектің; б) жоғарғы тыныс жолдарының; в) қанның; г) сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді. Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден (жанды денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі жолдармен тарайды.Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмайсыз — ал арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ.Антибиотиктер (пенициллин, тетрациклин және т. б.) — бактерия туғызған белгілі бір ауруларды емдеуге көмектесетін дәрілер. Вирустардан пайда болған салқын тию, тымау, қызылша, мысқыл және т. б. сияқты ауруларға антибиотиктер әсер етпейді. Вирустық инфекцияларды антибиотиктермен емдеуге болмайды. Олар көмектеспейді, тіпті зиянды да болуы мүмкін. Аурудың латентті (жасырын) деген де түрі бар. Онда вирус организмде өте ұзақ уақыт өмір сүреді

 


2.Ядролық қаруды зақымдайтын факторлар

Ядролық қару – жаппай қырып-жою қаруы.Ядролық жарылыстар зақымдау әрекетінің сипаты мен көлемі бойынша кәдімгі оқ - дәрілер жарылысынан едәуір ерекшеленеді. Соққы толқын, зиянды сәулеге шалдығу және өткір радиацияның бір уақытта әсер етулері адамдарға, қару - жарақ, әскери техника мен құрылыстар бетіне ядролық оқ - дәрілер жарылысы зақымдау әрекетінің сипатын қамтамасыз етеді.
Жеке құрамның түйдектелген зақымдану кезінде соққы толқын әсерінен пайда болған жарақат пен зақымға зиянды сәулеге шалдығудан жасалған күйіктер, өткір радиация мен радиоактивті зақымдану әсерінен болған сәуле ауруы қосылуы мүмкін.
Түйдектелген зақымдану адам үшін мейлінше ауыр болып табылады. Мысалы: сәуле ауруы жарақаттар мен күйіктердің жазылуын қиындатады, ол, өз кезегінде, сәуле ауруы барысын асқындырады. Сонымен қатар жұқпалы ауруларға адам ағзасының қарсыласуы төмендейді. Ядролық жарылыстың зақымдау факторлары әсерінен жеке құрамның шығыны қайтарылмайтын және санитарлық болып бөлінеді. Қайтарылмайтын шығындарға медициналық жәрдем көрсетуге дейінгі қаза тапқандарды; санитарлық шығындарға ұрысқа қабілеттілігін кем дегенде бір тәулікке жоғалтқан және медициналық пункттер немесе емдеу мекемелеріне түскен науқастарды жатқызады.

3.Эвауациялау әдістер

.Халықты табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардан және осы заманғы жою құралдарынан қорғаудың негізгі әдістерінің бірі оны эвакуациялау болып табылады.Эвакуация алдында халық хабарланады..Эвакуация ойдағыдай болуы халықтың өзінің ұйымшылдығы мен тәртіптілігіне көп байланысты. Эвакуация болатынын білгеннен кейін азаматтар дереу шығуға дайындалуы тиіс (қала сыртына шығу:қажетті заттарды жинау,жеке қорғаныш заттарын(тыныс алу құралдарын міндетті түрде),құжаттар мен ақшаны дайындау қажет,пәтерде(үйде)терезелердің перделері алынып,жанатын заттар қараңғыланған жерге қойылуы керек) Заттардың ең қажеттілері-киім,іш киім,плащ,спорт костюмы,,аяқ киім (резеңке немесе резеңке ұлтанды болғаны жақсы) алынады.Сондай ақ өзімен бірге 2-3 тәуліктік тамақ және ауыз су қорын алу қажет.Тамақ өнімдерінен тез бұзылмайтын,оңай сақталатын және тұтыну алдында ұзақ дайындауды керек етпейтін түрлері-консервілер,концентраттар,галеттер,кепкен нан алынады.Эвакуация жаяу ретпен жүзеге асырылған жағдайда эвакуацияланатындардың 500-ден 1000 адамға дейін лектер құрылады..Қозғалыс жылдамдығы 4-5 км\ сағ,1-1,5 сағаттан кейін 10-15 минут шағын аялдама,тәуліктің өтудің екінші жартысында 1-2 сағатқа үлкен аялдама белгіленеді.

і

4.Азаматтық қорғаныс

Азаматтық қорғаныс - бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт, соғыс уақытында халықты, шаруашылық объектілерін және ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай факторларының зақымдағыш (жойқын) әсерінен қорғау мақсатында өткізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны. Азаматтық қорғаныс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақы лауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган; Азаматтық қорғаныстың басқару органдары - бейбіт уақытта және соғыс уақытында Азаматтық қорғаныс іс-шараларына басшылық жасайтын және олардың орындалуын қамтамасыз ететін Қазақстан Республи касының орталық және жергілікті атқарушы органдары, ұйымдар; "Баршаңыздың назарыңызға!" дабылы - Азаматтық қорғаныстың дабылдамалармен және басқа да дабыл беру құралдарымен берілетін бірыңғай дабылы. Осы дабыл бойынша халық теледидарларды, радионы және басқа да ақпарат қабылдау құралдарын іске қосып қоюға, беріліп жатқан ақпаратты мұқият тыңдап, іс-әрекет тәртібі мен жүріс-тұрыс ережелері жөніндегі талаптарды орындауға міндетті; жедел-құтқару отрядтары - жол қатынасы қиын аудандарда және аса күрделі объекті лерде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған республикалық, облыстық, қалалық, аудандық ұйымдар.

 

 

Билет

1.есеп

2.Адамдардың эпидемиялық аурулары

Адамдардың эпидемиялық арулары. Эпидемия (грек. epіdemіa), і н д е т – жұқпалы аурудың қалың көпшілік арасына (белгілі бір жерге, елге) жаппай таралуы. Жұқпалы аурулар — зардапты вирустардың, микоплазмалардың, хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардыңорганизмге еніп, онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды. Олар: а) ішектің; б) жоғарғы тыныс жолдарының; в) қанның; г) сыртқы қабықтардың аурулары болып бөлінеді. Жұқпалы аурулар бактериялардан және басқа организмдерден (жанды денелерден) пайда болады, олар организмге аса зиянды. Олар әр түрлі жолдармен тарайды.Бактериялар, инфекция туғызатын басқа да көптеген организмдердің ұсақтығы соншалықты, оларды микроскопсыз кере алмайсыз — ал арнаулы құралмен қарағанда сол зәредей зат үп-үлкен болып көрінеді. Ал вирус тіпті бактериядан да ұсақ.Антибиотиктер (пенициллин, тетрациклин және т. б.) — бактерия туғызған белгілі бір ауруларды емдеуге көмектесетін дәрілер. Вирустардан пайда болған салқын тию, тымау, қызылша, мысқыл және т. б. сияқты ауруларға антибиотиктер әсер етпейді. Вирустық инфекцияларды антибиотиктермен емдеуге болмайды. Олар көмектеспейді, тіпті зиянды да болуы мүмкін. Аурудың латентті (жасырын) деген де түрі бар. Онда вирус организмде өте ұзақ уақыт өмір сүреді

 

3.Өндірістік шу діріл

Өндірістік шу, діріл. Өндірістік шу өндірістік жайдағы жұмыс істеп тұрған машиналар мен механизмдерден шығатын шу.Өндірістік шу дыбыс жұтатын қүрылғылар (үй-жайдың төбесі, кабырғасы) немесе шуға қарсы жағдайлар арқылы басылады. Діріл тек тұрақты түрткі (электр энергиясы, трасмиссия) болған кезде ғана түзілетін серпімді ортаның механикалық тербелісі болып табылады.Механикалық тербелістердің адамға берілу жолы бойынша дірілді келесі түрлерге бөледі:· жалпы діріл - отырған немесе тұрған адам денесінің тірек бөліктері арқылы берілетін діріл.· жергілікті діріл, адамның қолы арқылы берілетін діріл. Пайда болу көзі бойынша дірілді: · І санатты жалпы діріл – көлік дірілі;· ІІ санатты жалпы діріл – транспорттық-технологиялық (экскаваторлар, көтергіш крандар, өздігінен жүретін бұрғылау қондырғылары және т.б.);· ІІІ санатты жалпы діріл – технологиялық діріл (станоктар, сорғыш агрегаттар, ұсталық-сыққыш жабдықтар. Дірілдің адам ағзасына тигізетін әсері. Ағзадағы әсер ететін жері бойынша дірілді жергілікті (пневматикалық шойбалғалармен жұмыс істеу) және бір мезгілде бүкіл ағзаға әсер ететін жалпы дірілге бөледі. Дірілдің ағзаға ұзақ уақыт әсер етуі діріл ауруының дамуына алып келеді. Жергілікті және жалпы дірілден пайда болған діріл ауруының түрлерін ажыратады.

 

4. Радиоактивті зақымдалу аймағының сиппаттамасы

Радиоактивті зақымдалу аймағының сипаттамасы. Ядролық жарылыс кезіндегі жергілікті жердің, атмосфераның жерге жақын қабаттарының және объектілердің радиоактивті зақымдануы. Жергілікті жердің, атмосфераның, жерге жақын қабаттарының, әуе кеңістігінің, су мен басқа да объек-тілердің радиоактивті зақымдалуы ядролық жарылыс бұлтынан радиоактивті заттардың түсуінен болады.
Ядролық жарылыс кезіндегі радиоактивті зақымданудың негізгі көздері: ядролық жарылғыш заттардың (плутоний - 239, уран – 235, уран – 238) бөліну өнімдері және осыдан барып топырақтың ядролық зарядтың бөлінбейтін бөлігімен активтелінуі.
Ядро қаруы жер бетінде жарылған алғашқы кезде радиоактивті бөлшектер жалындаған шардың ішінде болады. Ол шар бу мен түтіннің қоршауында жоғары көтеріледі де, бірнеше секунд өткен соң будақталған буға айналады. Жоғары қарай көтеріліп бара жатқан ауа өзімен бірге жерден топырақ бөліктерін қоса жоғары көтеріп әкетеді. Топырақтың мұндай бөлшектері радиоактивті болып қалады. Олардың ішіндегі ең ірі бөлшектері тікелей жарылыс болған ауданның өзіне түседі. Басқалары бұлттың ішінде қалады да, ауа ағынымен ілесіп, жарылыс орталығынан жүздеген километр қашықтыққа таралады. Жер бетіне біртіндеп жауып радиоактивті заттар радиоактивтік із деп аталатын радиациялық өңір түзеді. Қауіптілік дәрежесі бойынша радиоактивті із шартты түрде төрт аймаққа бөлінеді: А аймағы – орташа зақымдану. Б аймағы – күшті зақымдану. В аймағы – қауіпті зақымдану. Г аймағы – төтенше қау!пті аймақ.

 

 

5.Электромагнит өрісі сипаттары және ағзаға әсері

Элетромагнит өрісі сипаттары және ағзаға әсері. Магнит өрісі — қозғалыстағы электр зарядтары мен магниттік моменті бар денелерге әсер ететін күштік өріс. Электромагниттік өрістің нерв жүйесіне әсерін көптеген ғалымдар тәжірибе жүзінде зерттеді. Орталық нерв жүйесіне электромагниттік және магниттік өрістердің әсері жөніндегі көптеген жылдар бойғы зерттеулер нәтижелері профессор Ю.А.Холодовтың монографияларында жарияланған. Электромагниттік өрістің миға, нейрондар мембраналарына, есте сақтау, шартты-рефлекстік әрекеттеріне тигізетін тікелей әсерлері анықталды. Спектроскопиялық зерттеулер нәтижесінде әлсіз электромагниттік өрістің нерв жасушаларындағы жүретін синтездік процестерге әсер ету мүмкіндіктері көрсетілді. Зерттеулер осы әсерлердің нейрон қабықшаларына әсер етіп онда айқын өзгерістер тудыруы, мидың күрделі құрылымына берілетін ақпараттардың бұзылуына әкелетіндігі байқалды. Электромагниттік өріс әсерімен биологиялық мембраналар арқылы диффузия жылдамдығы, биологиялық макромолекулалардың бағыты мен конформациясы, сондай-ақ еркін радикалдардың электрондық құрылымының күйі өзгеруі мүмкін7

 

 

Билет

1.ТЖ барлау және оның түрлері

ТЖ барлау және оның түрлері. Төтенше жағдай — адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нүқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығьшдарға үшыратып, тіршілік жағдайык бүзған немесе бұзуы мумкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдайлар себеп-салдарына байланысты мынадай классификацияға бөлінеді: Табиғи (жер сілкіну, сел, көшкін, су тасқыны, табиғи өрт, эпидемия, ауылшаруашылық өсімдіктер мен орманның зиянкестермен аурумен бүлінуі). Т ехногендік (өнеркәсіптік, транспорттық т.,б. апаттар, өрт, жарылыс, СДЯВ, РВ,БОВ тастандылары, ғымаратта мен құрылыстардың бүлінуі, өмірді қамтамасыз етіп отырған объектілердегі апаттар, плотиналардың бүлінуі). Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді. Табиғи сипаттағы ТЖ – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар. Техногендік сипаттағы ТЖ — өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт,күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ. Төтенше жағдай аймағы бұл ТЖ туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.

Date: 2016-06-06; view: 1181; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию