Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Поляризация жазықтығының айналуы
Кейбір оптикалық белсенді деп аталатын заттардың (мысалы, кварц, қант, скипидар) поляризация жазықтығын айналдыру қабілеті бар. Поляризация жазықтығының бұрылу бұрышы , мұндағы d – зат қабатының қалыңдығы, α – меншікті айналу бұрышы – оптикалық белсенді заттың бірлік қалыңдығының поляризация жазықтығын бұру бұрышы. Бұл кезде α~λ0-2 – Био заңы (λ0 – вакуумдағы жарық толқын ұзындығы). Ерітінділер үшін φ бұрышы ерітіндінің концентрациясына тәуелді:
Егер бір-біріне 900 бұрыш жасай орналасқан Р поляризатор мен А анализатордың арасына оптикалық белсенді зат қойсақ, онда анализатордан өткен жарық күшейеді. Анализаторды бұра отырып жарық қайта әлсірейтін φ бұрышын анықтауға болады – оптикалық белсенді зат әсерінен поляризация жазықтығының бұрылу бұрышы. Айналдыру бағытына қарай оптикалық белсенді заттар оңға және солға айналдырушы болып бөлінеді. Бірінші жағдайда, егер сәуле шыққан бағыттқа қарасақ, онда поляризация жазықтығы сағат тілінің бағытымен, екінші жағдайда кері бағытқа ығысады. Заттардың оптикалық белсенділігі: 1) зат молекулаларының құрылымымен (олардың асимметриялылығымен); 2) кристалдық торда бөлшектердің орналасу ерекшеліктерімен анықталады. Фарадей эффекті – сыртқы магнит өрісіне қойылған оптикалық белсенді емес заттарда поляризация жазықтығының айналуы. Поляризация жазықтығының бұрылу бұрышы φ=VHd, мұндағы H – сыртқы магнит өрісінің кернеулігі, d – үлгінің (заттың) қалыңдығы, V – заттың табиғатына және жарық толқын ұзындығына тәуелді болатын Верде тұрақтысы.
Date: 2016-05-25; view: 1903; Нарушение авторских прав |