Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жарықтың шағылу және сыну кезінде поляризациялануы
Егер табиғи жарық екі диэлектриктің бөліну шегарасына түссе, онда шағылған және сынған сәулелер аздап поляризацияланады. Шағылған сәуледе түсу жазықтығына перпендикуляр тербелістер көп болса, ал сынған сәуледе түсу жазықтығында жатқан тербелістер көп. Егер түсу бұрышы tg iB = n21 қатынасы арқылы анықталатын Брюстер бұрышына тең болса, онда шағылған сәуле жазық поляризацияланады. Сынған сәуле бұл жағдайда максимал поляризациаланады бірақ толық емес. Шағылған және сынған бұрыштар өзара перпендикуляр болады: немесе , бірақ , сондықтан . 32. Жарық сәулелерінің қосарланып сынуы. Сәуленің қосарланып сынуы - мөлдір кристаллдардың түскен әрбір жарық шоғын екеу қылып көрсету қабілеті. Бұл құбылыс жарықтың анизотропты ортада таралуының ерекшеліктерімен түсіндіріледі және Максвелл теңдеулерінен тікелей шығады. Егер кристаллға жіңішке жарық шоғын түсірсе, онда кристаллдан екі кеңістіктік бөлінген, бір-біріне және түскен сәулеге параллель сәуле шығады. Тіпті сәуле кристаллға нормаль бойымен түскеннің өзінде сынған сәуле екі сәулеге жіктеліп шығады: оның біреуі түскен сәуленің жалғасы болады (оны кәдімгі сәуле деп атайды (о)), ал екіншісі ауытқиды (ол ерекше сәуле деп аталады (е)). Оптикалық анизотропты кристалда сәуле таралып, қосарланып бөлінбейтін бағыт кристалдың оптикалық осі деп аталады. Жарық сәулесінің таралу бағыты және кристалдың оптикалық осі арқылы өтетін жазықтық кристалдың бас жазықтығы деп аталады. Кәдімгі және ерекше сәулелер өзара перпендикуляр жазықтықтарда жазық поляризацияланған: кәдімгі сәуледе жарық векторының тербелісі бас жазықтыққа перпендикуляр; ерекше сәуледе - бас жазықтықта; кәдімгі сәуле кристалдың барлық бағытында бірдей жылдамдықпен таралады: , n0 сыну көрсеткіші ол үшін тұрақты шама; ерекше сәуле әр түрлі бағытта әр түрлі жылдамдықпен таралады: ерекше сәуленің nе сыну көрсеткіші сәуленің бағытына тәуелді айнымалы шама.
Date: 2016-05-25; view: 1587; Нарушение авторских прав |