Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сабақтан тыс жұмыстардың түрлері және оларға қойылатын талаптар





Сабақтың тақырыбы: Биосфера және ғылыми техникалық прогресс.Ноосфераның пайда болуы мен дамуы. Сабақтың мақсаты:Білімділік: Биосфера және ғылыми техникалық прогресс. Ноосфераның пайда болуы мен дамуы туралы білім беру.Дамытушылық: Экологиялық сананы қалыптастыру арқылы, табиғатпен қарым-қатынаста қалыптар мен ережелерді бұзбауға үйрету.Тәрбиелік: жас ұрпақтарды туған жер табиғаттын сүюге және қорғауға, табиғат байлықтарын тиімді пайдалана білуге тәрбиелеу.Сабақтың типі: Тірек сызба арқылы оқыту.Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: әңгіме, сұрақ-жауап, тест, зерттеу, дәлелдеу. т.б.Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, тест, электрондық оқулық Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: ІІ. Үй тапсырмасы: § 62 Биосфера құрамы. Биосферадағы тірі организмдердің қызметі. Биосфераның пайда болуы және дамуы.А) «Білім» кезеңі В.И.Вернадский тіршіліктің негізіне қандай «заттарды» жатқызды?. Атомдардың биогендік миграциясы дегеніміз не? «Биожанама заттар» дегеніміз не? Биосфера эволюциясының негізгі бес тарихи кезеңдерін жаз. «Түсінік» кезеңі. § 63 Биосфера және ғылыми техникалық прогресс. Ноосфераның пайда болуы мен дамуы. Жер ғаламшарындағы органикалық дүние эволюциясының бірнеше кезеңдері бар. І. Заттардың биологиялық айналымы пайда болып, биосфераның қалыптаса бастауы. ІІ. Тіршілік кұрделене түсіп, көп жасушалы организмдердің пайда болуымен ерекшеленеді. ІІІ. Адам қоғамының пайда болуы.

Сабақтың типтері және оның сипаттамалары. Сабақтың типтері, құрылымы. Әрбір сабақ белгілі объективті элементтерден құрылады, біржағынан сан алуан түрлігімен, екінші жағынан уақыт аралығындағы өзара қарым-қатынаспен ерекшеленеді. Осыған байланысты сабақтың типологиясы (типтері) сан алуан.Егер сабақтың элементтерін оның бөлігі ретінде қарастырсақ, олардың жеке және тұтас, оны әрі қарай бөлінбейтінін ескерсек, онда тәжірибеде жиі кездесетін элементтерді (немесе дидактикалық міндеттер):1. Жаңа білімді игерту.2. Өткен материалды бекіту (оқыту, дамыту, бақылау функциялары).3. Оқушылардың білімін бақылау, бағалау.4. Үйде орындайтын оқу жұмысына түсініктеме.5. Білімді қорыту және жүйелендіру.Бұл бес дидактикалық міндет әртүрлі байланыс және сабақта қарым-қатынас, ол сабақтың дидактикалық құрылымы мен типологиясының негізі.Сабақтың құрылымы деп «сабақтың әртүрлі варианттар элементтерінің өзара байланысы, оқыту процесінде қолдануы, оның мақсатты пәрменділігін қамтамасыз етеді. (Ю.Б.Зотов 1,19).Сонымен педагогтар мен оқушылардың қарым-қатынасын ұйымдастыру негізінде варианттардың тиімді сұрыпталу жиынтығы сабақтың элементтерінің бірлесіп әрекет етуі, белгіленген мақсатқа жеткізеді.Педагогтың шеберлігі дидактикалық міндеттер мен сабақта педагагогикалық процеске қатысушылардың ұйымдастырушылық байланыс әрекетінде шешіледі.Сабақтың типтері. Олардың түрлері сан алуан, сондықтан оны жіктеу қиын. Қазіргі дидактикада кездейсоқ емес, сабақты жіктеуге әртүрлі көзқарастар орын алған, дегенмен ортақ нышанды айқындамақшы. Варианттардың түрі:— дидактикалық мақсат (И.Т. Огородников);— дидактикалық міндет (Н.М. Яковлев);— оқыту әдісі (И.Н. Борисов);— сабақты өткізудің мазмұны мен жолдары (М.И. Махмутов) және т.б. М.И. Махмутовтың жіктеуі бойынша сабақтың типтері: 1. Аралас сабақ — практикада алуан түрлі элементтері және өзара әрекеті арқылы кең тараған. Тек солай, үй жұмысын (сабақтың басында немесе кейін) оқушы-консультанттардың тексеруі мұғалімнің осы деректерге сүйеніп оқушылардың жіберген кемшіліктерін бақылау мақсатында қолданады. Әртүрлі жағдаяттық жағдайда оқу материалын игеру сапасын бекіту, тексеру, мұндай қатынас сабақтың тиімділігін арттырады.2. Сабақта жаңа білімді игеру. Ілгеріде меңгерілген білімге сүйеніп, оқушыларды белсенді қатыстырып, жеке дара, бірлесіп, топ арқылы тапсырманы жедел орындау. Үнемі оқушылардың фронтальды жеке, ұжымдық танымдық іс-әрекетін бірлікте қарау. Мұғалім әртүрлі әдістермен жұмыс істейді: лекция, түсіндіру, эвристикалық әңгіме, бірлесіп, топта белгілі тапсырма бойынша экспериментті қою, жүргізу.3. Сабақты бекіту және білімді жүйелеу, білік пен дағдыны қалыптастыру. Сабақтың мұндай типін жоспарлағанда алдымен қайталау және білімді жүйелеу және тексеру.4. Оқушылардың сабақта білімін тексеру және бағалау. Бұл аралас сабақтың белгісі: өздігінен жұмыс істеу сабағы, бақылау жұмысы, практикум, сынақ сабағы, тест арқылы тексеру, оқушылар алған білімдері негізінде, білімін қорытындылайды, бекітеді, дағды, біліктерін өзгермелі жағдаятта дамытады (мысалы, диффренциалды тапсырманы орындау).

Сабақтың типі: жаңа сабақ.Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, зерттеу.Көрнекілігі: «Бір жасушалы жәндіктер» плакат, слайд, микроскоп, препараттар, суретжұмбақ.Пәнаралық байланыс: экология, география, бейнелеу, орыс тілі. Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. Ауызша сабақ сұралады. Кесте толтыру. ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. (слайд, плакаттар арқылы) Зертханалық жұмыс орындалады. ІV. Жаңа сабақты бекіту.Тест сұрақтары, суретжұмбақ арқылы бекітіледі. V. Үйге тапсырма. Тақырып соңындағы тапсырмаларды орындау. VI. Бағалау.

Символдық және графикалық көрнекілік: абстракты ой дамуына көмектеседі, себебі болмысты шартты белгілермен белгілейді. Олар: карта, жоспар, сызба, диаграмма.Жанама көрнекілік жаңа бейнені бұрынғымен салыстырып, ол туралы түсінік қалыптастыру.В.Ф.Шаталовтың тірек сигналы бейне, таңба, шартты белгі, суреттерден тұрады. Олар қарапайым, сондықтан оқушы факті құбылыстың негізгі мәнін мұғалімге айтып бере алады. көрнекі құралдарын (карточкалар, схемалар, чертеждар, оқу карталары т.б.) Көрнекі құралдардың іріктелуі және сақталуы. Биология курсында қажетті құрал-жабдықтар белгілі дәрежеде өсімдіктану, жануартану, тәнтану тіршіліктану курстары бойынша жабдықталады.Тірі табиғат бұрышына бөлме өсімдіктері-бегония,традесканция,шашақты хлорофитум,кактус т.б. жатады. Жануарлардан суда тіршілік ететінсукандаласы сүңгуір қоңыз,ұлу қолайлы болады. Мектепке жақын жердегі су қоймасында болатынжануарлар мен өсімдіктер түрлеріне ұқсас түрлерді аквариумға жіберіп,оның тірі биоценозы тізбегін жасау өте қызықты болады.Тіршіліктану курсы үшін дрозофил-шыбын өте қажет бұларға будандастыру жөнінде тәжірбие жасау қолайлы келеді.Сондықтан оқытушы бұларды алу үшін жергілікті жағдайдың бәрін пайдаланады.

Сөздік әдістің түрлері, талаптары, маңызы. Мұғалімнің сөзі мен сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар: Оқыту әдістерінің классификациясы: сөз, көрнекі, практикалық. Сабақ беру әдістері ертеден бері қалыптасқан әдістегі ең басты мақсат оқушыға білім берудің ең ұтымды үрдістерін табу, іздеу. Олар үшке бөлінеді. 1.Сөздік әдіс. 2.Көрнекілік әдіс.3.Практикалық әдіс. 1.Сөздік әдіс-әңгімелеу, әңгімелесу, баяндау,түсіндіру,дәріс сияқты түрлерге бөлінеді.2.Көрнекілік әдіс-сабақ түсіндіру барысында дидактикалық құралдарды,үлестірме материалдарды,сызба нұсқалар, таблицалар,кестелерді т.б.қолдану түрі. 3.Практикалық әдіс-зертханалық жұмыс барысында тірі немесе өлі обектьілерді қолдана отырып,демонстрациялау және тәжірбиені қою нәтижесін демонстрациялау. Мақсатына байланысты бірнеше әңгіме түрлері бар: баяндап айту, әңгімелеп баяндау, әңгімелеп- бекіту. Бірінші жаңа материалды игеруге оқушыны дайындау, екінші — берілген мазмұнды баяндау, үшінші — оқытуды аяқтау бөлімі.иБерілген әдістің тиімділігі мұғалімнің әңгімелеп беру білігіне, педагогтың сөз байлығына және мазмұндап баяндауына, оқушылардың даму деңгейіне және оның жеткілікті ұғынуына байланысты болады.Демек, оқушыларға білім беруде олардың қабілетін ескеру керек. Әңгіме әдісі өз ойын жеткізуде логиканы сақтауға, жаңылмай сөйлеуге, сауатты сөйлеуге үйретеді. Баяндау қысқа (10 мин), эмоционалды тұрғыда болуы керек. Баяндаудын тиімділігі басқа да оқыту әдісі— иллюстрация (бастауыш сыныпта), талдау (жоғары сыныптарда) сонымен қатар мұғалімнің адамдар туралы уақыт пен кеңістікке байланысты таңдап алган деректер жайында болуы керек. ңгіме мәні бағытты мақсатта және біліктілікте қойылған сұрақтар арқылы оқушылардың алған білімдерін естеріне түсіріп, жаңа білімді игертілуін, өздігінен ойластырып және қорытындылау жолдарын жандандырады. Әңгіме кезінде оқушының ойы мұғалімнің ойын қайталау болып отырады, нәтижесінде оқушы адымдап жаңа білімді игереді. Әңгіме ойлауды белсендіреді, білімді, білікті игертудің диагностикалық құралы болып, оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға бағыттайды, таным процесін оперативті басқаруға жағдай туғызады. Әңгіме сонымен қатар тәрбие міндеттерін де шешеді. Әңгіме баяндамамен, лекциямен, білімді жүйелі қалыптастыратын басқа да әдістермен қатар қолданылу керек. Әңгіменің оқушыларға керекті білімі мен дағдысын, жаттығуларды өткізуге, оларды қалыптастыруға мүмкіндік бере алмайтындығын ескерген жөн.

Тәнтану оқулығы мен бағдарламасына әдістемелік талдау. Тәнтану биологиясы оқу бағдарламасына сәйкес жазылған.Тәнтану биологиясының мақсаты адам ағзасының тіршілік құбылыстары мен құрлысы туралы жүйелі,ғылыми материалдарды оқушыларға беру.Адам ағзасының құрылысы мен қызметін оқытуда, медицина ғылыммен байланыстылығы мектеп оқушысының кездейсоқ жағдайларда алғашқы көмек көрсете алатындай білім мен білікін қалыптастырады.Зерттеу обекьтісі ретінде адам алынған. Басқа тірі ағзалар сияқты адам ағзасыныңда негізгі қызметі зат алмасу, ассимиляция мен диссимиляция.Органикалық дүниенің дамуында адам дамуы жоғарғы дәрежеден көрінеді. Тәнтану биологиясы бірнеше пәндердің негізінде құрылады, гигиена, физиология, эмбриология,гистология.Тәнтану курсы ағзаны құрайтын жасушалар, ұлпалар,мүшелер, мүшелер жүйесіне тоқтағннан кейін олардың құрлысы мен қызметі қаралады. Адам ағзасының жеке мүшелер жүйесі қызметінің үйлесімділігі мен реттелуінен кейін ішкі секреция бездері беріледі.Мектеп оқулығының мазмұны-Жүйке жүйесі,сезім мүшелері,тірек-қимыл жүйесі,қан және қан айналым,тынысалу жүйесі, асқорыту жүйесі,зат пен энергия алмасу,зәр шығару жүйесі,терінің құрлысы мен қызметі,адамның көбеюі мен дамуы,мінез-құлық және психика тарауларынан тұрады. Әр тақырыптың соңында білім тексеруге арналған деңгейлік тапсырмалар, «біліміңді тексер»бағытындағы қорытынды сұрақтар,тапсырмалар,зертханалық жұмыстар,биологияны тереңірек білгісі келетін оқушыларға арналған қосымша материалдар,сызба нұсқалар мен кестелер берілген.Оқулықта тақырыпқа сай суреттер түрлі-түсті бояумен көрсетілген. Әрбір адам өз ағзасының жеке мүшелерінің құрлысы мен қызыметін білу керек.Адам баласы өз ағзасын толық білгенде ғана жеке басының денсыулығын қорғай алады.Сондықтанда тәнтану пәнінің мектепте оқытылуының маңызы зор. 2. Тәнтану курсында өткізілетін тәжірибелер ерекшеліктері Тәнтану курсында өткізілетін зертханалық жұмыс 1.«Жасушалар мен ұлпалардың микропрепаратын микроскоппен көріп талдау» тақырыбынан басталады. Мақсаты: дайын препаратты қарап, жасушалардың, ұлпалардың құрлысымен танысу.Ұлпалардың 1-1-нен айырмашылығын айыра білу.Микропрепараттан көрген жасушасы мен ұлпа топтарының суретін кітаппен салыстырып дәптерге суреттерін салу. 2. «Тізе рефлексін бақылау»тақырыбын дағы зерт.жұмыс,мақсаты:оқушыларға«рефлекс»,«рефлекстік доға»туралы ұғымды меңгерту және нейрон топтарын ажыратып,дәптерге суретін салу. Мектеп оқулығындағы жұмысты нұс- қау бойынша орындап,рефлексті бақылау. 3.«Жүйке жүйесімен танысып,талдау»тақ.зер.жұмыс мақсаты:адамның жүйке жүйесінің құрлысы туралы түсінік беру.Жұлын мен мидың құрылысын кесте және оқулықтағы суреттер бойынша талдау.Ми қыртысының аймақтарымен таныстыру керек.Мұғалім таблицаларды пйдалана отырып әңгімелейді.Жүйке жүйесінің құрылысы схемасын сызып сабақты бекітеді.

Тест-оқушылар білімі мен біліктілігін бақылаудың тиімді тәсілі, оның артықшылықтары мен кемшіліктері. Тестілеу— өзіндік және педагогикалық білім модельдерінің сәйкестігін бағалау процесі. Тестілеудің басты мақсаты – осы білім модельдерінің бір-бірімен сәйкес келмеуінің деңгейін бағалау.Тестілеу нақты тестік тапсырмалар жинағынан тұратын арнайы тестер көмегімен жүргізіледі. Тестік тапсырмалар жинағынан тұратын арнайы тестер көмегімен жүргізіледі. Тестік тапсырма деп нақты пән облысынан анық және түсінікті етіп берілетін сұраққа бір мәнді жауапты немесе нақты алгоритмді орындауды талап ететін тасырманы айтады.Тест- нақты пән облысынан оқушының білімі мен эксперттік білім моделі сәйкестігін бағалауға мүмкіндік беретін өзара байланысқан тестік тапсырмалар жинағы.Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыстап ұйымдастыра білуі көптеген жағдайда оқу- тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру деңгейін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың сабақтар жүйесінде білім, біліктілік және дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудің сапасы, біліктілік пен дағдының қалыптасу Сәйкестендіру тесті: мағынасы бір – бірімен байланысты тапсырмалардың екі бағанға әр түрлі ретпен орналаытырылуы. Мұндай тесті жасауда бірінші бағанда қысқа тұжырымды сөйлем болса, екінші бағанда сәйкес сөз, белгі, сызба болуы керек. Сөйлем саны 5 тен 15 ке дейін болса, екінші бағандағы сөз, белгі, сызба, нұсқа т.б саны екі – үшеуі артық болғаны. 5. Реттік тесті: бақылау объектісі (құбылыс, шамалар, формула т.б) ретімен жазылуы (айтылуы) керек. Тесті тапсырма дайындағанда оның саны 10 шақты болғаны жөн. Аралас тесті: оқушыға берілетін тапсырма әртүрлі тест түрінде (мысалы: толықтыру, таңдамалы т.б) беріледі. Кәсіптік бағдар тесті: мазмұнына қандай да бір кәсіптің пәндік оқыту кезеңінде айқындалуына немесе одан бір мағлұмат алатынына негізделеді. Баламалы тесті: тестің бұл түрін жасауда жауабын білуге ықпал ететін сөзден аулақ болған жөн. Сөйлем қысқа тұжырымды, мазмұнды бір мәнді болғаны дұрыс. Тестің мұндай түрінің жауабы сөзбен (дұрыс, дұрыс емес) ия немесе жоқ немесе белгілер арқылы, – т.б беріледі. Мұндай типтен тестік тапсырманы графикалық диктант үлгісінде пайдалануға болады. Таңдамалы тесті: оқушыларға берілген тапсырмамен қоса оның дұрыс және дұрыс емес жауаптары беріледі.Тапсырма карточка арқылы беріліп, оның жауабының саны төртеуден кем болмағаны жөн. Оқушы жауабы бағдарламаланған құрылым арқылы немесе перфокарта кілті болады. Еске түсіру тесті: сұрақ нақты беріледі де, жауабы бір мәнді болуы шарт. Еске түсіру тестінің сұрақтарын түзегенде сұрақ нақты, анық қойылады, ал жауабын сөз, сан, формула т.б түрде берілуі мүмкін.Жалпы биология курсында мына тестілеу методтар мен білім тексеру формалары көбірек таралған тексеру. Курстың теорияға бағытталуы білімді тест арқылы тексеру мүмкіндігіне кедергі келтіреді. Солай болғанмен де мектеп оқушыларының Ауызша тексеру. Мектеп оқушыларының сабаққа әзірлігін, үй тапсырмаларын орындауын, ұғымдарынын, дамуын ауызша тексеру үнемі бақылап отыруға мүмкіндік береді.Оқушыларға сапалы білім беруде бүгінде кеңінен қолданып келе жатқан әдістердің бірі-тест.Тест-ағылшынның бақылау деген сөзінен шыққан. Тест-бақылаудың жаңа әдісі. Тест бүгінде барлық пәндерде қолданылады. Тест арқылы оқушы сұрақ жауабын жалпылама емес нақты жауап беру арқылы білетін болады. Тест жүйесінің артықшылығы:уақытты үнемдеу, пәнді толық қамтиды, жауап қысқа нақты болады.Тест жүйесінің осындай артқшылығына байланысты мектепте ЖООда сынақтық жүйе тест арқлы өткізіледі.Күнделікті сабаққа тест тапсырмасы мұғалім өзі дайындағаны дұрыс.Жалпы бүгінде тест педагогиялық басылмдарда және жеке кітапшалар болып шгуда.тест әдісінің бірнеше түрі бар.Оларды тиімділігіне байл.дұрыс қолдану керек.Тест тапсырмаларын құрылу құрылымына қарай былай бөлуге болады:1дұрыс жауапты таңдау,яғни бір сұрақтың бесжауабының тек біреуі ғана дұрыс.2балама тест,ягни бір сұракка ия немесе жоқ деген жауап беріледі.3толықтыру тестісі,яғни сұрақтың толық берілмеген жауабын тауп толқтыру керек.4сәйкестендіру тестісі,ягни сұрақтың берілген жауабын тауып сәйкестендіру керек.Тест тапсырмасын шешуге берілетін уақыт оның қиындығына байланысты,1 2мин.уақыт жеткілікті болады.тестіні турлендріп құрастыру мұғалімнің еңбегіне тікелей байланысты.Тестілер оқушының кеңінен ойлнанп,білімін тереңдетуге мумкіндік береді.Бірақта тестінің баланың сөйлеу қабілетінің дамуын тежейтін жақтарыда бар.Биология сабағында тестілік тапсрмаларды қолдану әдістері.Биология сабағында тестіні орнымен қолдану керек.Мұғалімнің тестіге дәптер бастағаны дұрыс.Әр тақырыпты өткен сайын мәтін көлеміне қарай сұрактар құрастырылады.Сұрактар саны 4-8 аралығында болады.Биология сабағнда тестіні үй тапсырмасын тексеруде,жаңа сабақты бекітуде қолдануға болады.Бұл тест әдістерерінің қолданған дұрыс:себебі ЖООна түсерде осы әдісті қолданады.

Топсеруендер, олардың биологияны оқыту жүйесіндегі орны. Мектеп топ серуені мұғалімнің бағдарламаға сай тақырып таңдап табиғи немесе жасанды жағдайда танымдық мақсатта класпен немесе оқушылар тобымен өткізілетін оқу тарбиесінің жұмыс түрі. Топ серуен сабақ жүйесіне кіреді. Негізі көктемде, күзде өсімдік тану, жануартану, тіршіліктану курсы бойынша жүргізіледі. Топ серуеннің мазмұна өткен сабақ материалымен өте тығыз байланысты және алынған мәліметтерді бақылау сонымен бірге жиналған материалдар нәтижелері келесі көптеген сабақтарда қолдынылады. Мұғалім алдын ала жылдық жоспарда топ серуеннің өтілу мерзімін анықтап, топ серуеннің тақырыбына сай табиғи құбылыстармен оқушыларды таныстырады. Бұдан сұрақ туындайды. Ол сұраққа жауап беру үшін қайталауға тапсырма береді, алдын ала материалдармен танысады. Топ серуеннің танымдық, тірбиелік мәні зор. Оқушыардың білімін тереңдетіп шындайды. Оқушылар өсімдіктер мен жануарларды табиғи ортада көреді. Өсімдік топырақпен байытылған, жануар өсімдікпен байланыстылығын, биоценоз туралы жалпы мәлімет алады. Топ серуенде бұрыннан таныс ағзалар және құбылыстар ұғымын кеңейген түрде қарап, топ серуенде оқушылар эстетикалық эмоция сезеді. Топ серуенді табиғатта өткізу және ұйымдастыруға қойылатын талаптар Әрбір топ серуен жергілікті жерді анықтаудан бастайды. Орман ба, батпақ па, дала ма, шалғын ба ол ландшафт бөлігіне байланысты өскен өсімдігіне байланысты анықталады. Табиғатта әр бір бұрышының әр маусымында өзіндік әдемілігі болатын оқушыларға түсіндіру керек. Кіріспеден соң бақылау орны, мерзімі нақтыланып оқушы материал жинауға кіріседі. Топ серуеннің бастамасы, мұғалім сұрақ қойып оның әңгімелесуімен басталады. Топ серуеннің келесі негізгі бөлімі өз бетімен бақылау жүргізуі, бірінші топ серуенде оқушыларға кездескен барлық объект атын атап тіркете беруге болмайды. Тек қажетті деген 5-10 өсімдік жануар түрлерімен таныстыру керек. Өсімдікке тек ғана мән беріп қана қоймай оны біртұтас ағза ретінде, оны топ серуенмен байланысында қарастырып кеткен жөн. Морфологиялық, анатомиялық анықтамасын класта сарамандақ жұмыста өткізу керек, әсіресе өсімдіктің қандай ортада кездесіп тұрғанын оның бұл жерге қалай таралғаны туралы атап кеткен дұрыс. Мысалы: биік ағаштардың тұқым жемістері желмен тарайды, ал аласа ағаш бұталарының жемісі ққстармен тарайды, төменгі ярус өсімдік тұқымдары ұсақ жануарлар арқылы таралады. Өз бетімен бақылаудың тапсырмасы келесідей: анықтау, өлшеу, сипаттау, тірі материалды жинау, оқушылар өз бетімен жұмыс кезінде мұғалім сыртынан қарап жүреді де белгілі бір уақыттан соң барлық оқушылар талқылауға жиналады.

Тіршіліктану пәнінен өткізілетін конференция, диспут сабақтарының әдістемесі. Конференциялар. Олар оқуды ғылыми жұмысқа жақындатады. Оқушылар баяндама тақырыптарын өздері таңдап, шағын зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижелері бойынша сөз сөйлеуге әзірленеді. Конференцияны сыныпта, мектепте өткізуге болады. Конференцияны симпозиум түрінде өткізуге болады, онда мұғалім бір мәселені тұжырымдайды, ал оқушылар сол мәселені шешу туралы өздерінің ұсыныстарын алдын ала жазып келіп айтады.Конференция туралы оқушыларға алдын ала хабарланады. Оқушылар сұрақтар әзірлеп, мәселені талқылауға әзірленеді. Баяндамашыға мұғалім, не мамандар кеңес береді.Конференцияның ұзақтығы 1-2 сағат. Бірнеше баяндама оқылады. Баяндаманы оқуға 7-10 минут бөлінеді, содан соң тыңдаушылар баяндамашыларға сұрақтар беріп, сын-пікірлер айтады және қосымшалар еңгізеді. Конференцияның соңында мұғалім қорытындылап, баяндамашылардың жұмыстарын, белсенді шығармашылық көрсеткен тыңдармандарды атап өтеді. Өз мәліметтерін келтірген, әдеби деректермен шектелмеген оқушылардың жұмыстарына ерекше назар аударылады Конференцияда оқушылар түрлі көзқарастарды талдап, өз пікірлерін айтады. Конференция ересек жастағы оқушылар арасында өткізіледі.Диспут (лат. dіsputare – пайымдау, пікірталасы) – ғылыми, әдеби, әлеуметтік т.б. тақырыптар бойынша көпшілік алдында жария түрде өтетін пікірталас, белгілі бір мәселенің мән-жайын талқылаудың ұтымды жолы. Оқу-әдістемелік тұрғыдан жастардың дүниетанымын қалыптастыруға септігін тигізеді. Диспут жоғары, орта, арнаулы орта оқу орындарында дәрістің бір түрі әріәдістемелік тәсілі ретінде де қолданылады. Пікірталас – оқушыларда қоғам және адамдар өміріндегі оқиғалар мен күнделікті тыныс-тіршілік жайлы олардың көзқарастары мен сенімдерін, жоғары адамгершілік қасиеттері мен жағымды мінез-құлық нормаларын қалыптастырудың оңтайлы құралы. Пікірталас барысында оқушылар қоғамдағы құбылыстар мен оқиғаларды, олардың себептерін терең анықтау, жолдастарының және айналасындағы адамдардың әрекеттерін терең сезініп, ұғынуға үйретеді. Пікірталастың мақсаты оқушыларды ұжым болып пікір таластыруға, алмасуға, өз ойларын нақтылы жеткізе білуге, ең негізгісі өз бетінше ойлай білуге үйрету. Пікірталастың табысты өтуінің негізгі шарты алдын ала дайындық жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылуына үлкен мән беріліп, оған жауапкершілікпен қарау. Ол үшін алдын-ала жоспар құрылып, оның тақырыбы айқындалады және өткізілетін күні белгіленеді.Сонымен қатар, пікірталастың негізгі сұрақтарын ойластыратын топқа, немесе жекелеген оқушыларға тапсырмалар беріледі. Кейбір жағдайда сауалнамалық сұрақтар таратылып, оның қорытындысын талдап, пікірталас барысында оларды пайдаланады. Пікірталасты мұғалім немесе оқушы жүргізеді.Пікірталастың сұрақтарын дайындау барысында оның санына емес, сапасына, тәрбиелік маңызына көңіл бөлу қажет. Олар әрі нақты болу қажет. Дүниетану пәнінде негізінен 4 сыныпқа пікірталас сабағын жүргізеді. Пікірталас сабағының тақырыбын “Адам қалай жаралған”, “Адамның табиғатқа әсері” т.б. деп алуға болады. Пікірталасты өткізу кезінде ескерілетін негізгі мәселе, ол – дәлелді ой-пікірдің айтылуы, нақтылы деректермен тұжырымдалу, оқушылардың белсене қатысуы, адалдықпен сөйлеуі.

Тірі табиғат бұрышында өсірілетін өсімдіктер: 1.Бөлме есімдіктеріне; 2. Шөлтесін жабайы өсімдіктер, 3. Мөдени өсімдіктер; 4. Ағаштардың, бұталардың сабақтары т.б.Бөлме өсімдіктрге мүйістің түрақты бөлігі, қыс, жаз, коктем, күз мезгілдерінде сақталады. Өсімдіктердің коллекцияларында тәжірибе, эксперимент өткізуге оңтайлы түрлері өсірілгені дүрыс. Өсімдіктану, гіршіліктану пәндерінен өткізілетін сабақтарда қолдануға ыңғайлы. Бүл өсімдіктердің қата-рына, пеларгония, примула, фуксия, монстера, традесканция, бегония, элодея, кактустар жатады. Бүл өсімдіктерден басқа да, биология курс тары ның тақырьштарына сай қолданылатын өсімдіктсрдіи. Алуан түрлері өсіріледі. Әсіресе жиі қолданылатып тра десканция, оның жапырағынан цитоплазманыц козі-алысын, су өсімдіктерін, қосалқы, ауа тамырларын, устыце тамыр оймақшасын, тамыр түктерін, қондырмалы жапырақтары, атпалары, телуді, қүрлық өсімдігінің су өсімдігіне айналуын көрсетуге болады.Тірі табиғат мүйісінде өсімдіктерді биологиялық ерекшеліктеріне қарай топтарға бөліп орналастырады. Экологиялык факторларға бейімделуіне қарай, жарық, жылу, ылғалдылық т.б. өсімдіктерді белгілі жүйеде өсіреді.Мыалы: қүрғақшылық жердің өсімдіктері: кактус, алоэ, агава, эшеверия тікенекті өсімдік; жабайы түрлері тасжарған, очиток. Ылғалды жердің өсімдіктері: арум, монстра, бегония, традесканция, циперус; жабайы түрлері: папоротник, мүк, саумалдық, росянка. Жартылай (орташа) ылғалды жердің өсімдіктері: фикус, аспидистра, лимон, кливия, пеларгония; жабайы—қүлпынай, примула. Өсімдіктерді географиялық топтарға бөліп те орналастыруға болады. Өсімдіктерді орнықтыру тәртібі олардың шығу тегін бейнелейтіндей ландшафтардың ерекшеліктерін көрсететіндей болуы керек. Жалпы тірі табиғат мүйісінің терезелері оңтүстікке немесе оңтүстік шығысқа қарай орналасады. Күн сәулесін өсімдіктер молынан пайдалануы үшін арнайы сөрелер немесе ағаштан жасалады. Оларды сым темірдің немесе арнайы бауларды пайдаланып, іліп қоюға да болады. Әрбір өсімдіктердің аты, биологаялық сипаттамасы жазылған этикеткалары немесе куәліктері орналастырылады.

Цитология негіздері тақырыбын оқыту әдістемесі. Цитология — жасуша туралы ғылым. Жасушаны зерттейтін ғылымды цитологш деп атайды (грекше «цитос» — жасуша, «логос» — ғылым). Цитология ғылымы бір жасушалы, көпжасушалы ағзалар жасушасының құрылысын, құрамын және қызметін зерттейді. Ал жасуша бүкіл тірі денелердің ең қарапайым құрылысын, қызметін және дамуын сипаттайды. Сондықтан да цитологияньщ зерттейтін кұбьшыстары мен зандылықтары цитология, тәнтану, эмбриология, физиология, генетика, биохимия, молекулалық биология және т. б. ғылым негіздерінің қалануына жол ашты.Цитология бөлімі — цитохимия пәні жасушаның химиялық құрамының құрылысын, олардың түзілуін, жасушадағы таралуы мен белсенділігін жөне оның қызметінің өзгеруіне байланысты химиялык қосылыстардың өзгеріп отыруын зерттейді. Цитохимияның негізгі жетістіктерінің бірі — нуклеин кышқылдарының ақуыз молекуласын синтездеудегі генетикалық рөлін анықтау. Жасушаның белсенді қызметіне байланысты ақуыздың өзгеріске ұшырау себептерін және олардың зат айналымындағы рөлін зерттеу де цитохимияның үлесіне тиеді.Бұдан біз цитология ғылымының көп саланы қамтитынын байқаймыз. Өзінің даму бағытында цитология тек биологиямен ғана емес, сонымен қатар медицина, ауылшаруашылық, химия, физика, математика және т. б. ғылымдармен де тығыз байланысты. Бұл ғылымдардың жетістіктері мен әдістері цитологиялық зерттеулерде кең көлемде колданылады. Сондай-ақ цитологияның жетістіктері көптеген ғылымның негізін салуда маңызды рөл атқарады.Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясының жасалуы аддында ағзаның жасушалы құрылысты екендігі туралы өте маңызды жаңалық ашылған болатын. Осы ашылған жаңалық органикалық дүние бірлігінің өте нанымды дәлелінің бірі болды. Осындай дәлелді есімдіктер мен жануарлардың жасуша құрылымының үқсастықтарынан да көруге болады.Жасуша теориясының ашылуы. Жасуша теориясы дегеніміз — тіршіліктің негізін кұрайтын жасушалардың кұрылымы, көбеюі және көпжасушалы ағзаларды қалыптастырудағы қызметі туралы жинақталған үғьм. Жасуша теориясының даму тарихы 300 жылға созылды. Оны зерттеуде әр түрлі оптикалық әдістердің дамуы микроскоптың жетілдірілуіне негізделді. Алғашқы микроскопты XVII ғасырда ағылшын физигі Роберт Гук (1635—1703 ж.)жасаған. Ол микроскоппен 1662 жылдан бастап түрлі объектілерді: тығын шұрықтарын (пораларын), кымыздық, қамыс және басқалардың ішкі қуыстарын көрді.Гуктің микроскопы қаралатын затты жүз еседен астам ғана үлкейтіп көрсететін болған. Роберт Гук өсімдіктерді микроскоп арқылы қарап отырып, олардың ұлпаларынан ара ұясы тәрізденген құрылысты тапқан 1(6). Ол осы ұяларды грек сөзімен «целлюл~ла» — «жасуша» деп атады. Бұл жердеР, Гук тіршілігін жойған жасушалардың ұяшығын ғана көрген еді.XVII ғасырдың 70-жылдарынан бастап голландық Антони Ван Левенгук объектіні үш есе үлкейтетін микроскоп жасап, оның көмегімен судағы бір жасушалы ағза — кірпікшелі кебісшені тұңғыш рет көрді.Тірі жасушаны алғаш рет 1839 жылы чех ғалымы Ян Пуркинье керген еді. Ол жасушаның ішіндегі сұйықты протоплазма немесе алғашқы плазма деп атады. Қазір протоплазма тек тарихи дерек ретінде ғана пайдаланылады, оны ғылыми тілде цитоплазма дейді. Протоплазма дегеніміз — жасуша ішіндегі сұйықтық пен ядро. Роберт Броун жасуша протоплазмасының тұрақты бөлігі — ядроны ашты. XIX ғасырдың басында жануарлар мен өсімдіктердің жасушалары кеңінен зерттеліп, олардан алынған мағлұматтар 1838—1939 жж. ботаник Маттиас Шлейден мен зоолог Теодор Шваннға жасушалардың құрылысы туралы ортақ қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Олардың тұжырымдауы бойынша, өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының кұрылыстары өте ұқсас және тіршіліктің дербес иесі екендігі, тірі ағзаның ең ұсақ бірлігі, сонымен қатар жасушасыз тіршілік болмайтындығы туралы ғылымға дұрыс түсінік берді. Осыдан кейін жасушаның тіршілік үшін маңыздылығы терең және жан-жақты зертгеле бастады. Мәселен, 1858 жылы Рудольф Вирхов әрбір жасуша өзіндей жасушаның бөлінуі арқьшы пайда болатынын анықтады. Карл Бэр сүтқоректілердің жұмыртқа жасушасын ашып, көп жасушалардың дамуы бір жасушадан басталатынын және аталық сперматозоид пен аналық жұмыртқа қосылғанда, зигота түзетінін анықтады. К. Бэрдің бүл жаңалығы жасушалардың ағза дамуындағы маңызын дәлелдеді. Тірі ағзалар жасушаларының химиялық құрамы мен зат алмасуының ұқсастығының ашылуы жасуша теориясын дамытып, барлық органикалық әлемнің шығу тегі мен эволюциялық дамуының бірыңғай екенін дәлелдей түсті.Сонымен жасуша теориясының негізгі қағидалары төмендегідей: 1) жасуша — барлық, тірі ағзалардың ең кіші негізгі өлшемі; 2) әр түрлі ағза жасушаларынын қүрылысы, химиялық кұрамы, зат алмасуы және негізгі тіршілік әрекеттері ұқсас; 3) жасушалар бастапқы (аналық) жасушаларының бөлінуі арқылы пайда болады. Атқаратын қызметі мен құрылысына қарай жасушалардың пішіні алуан түрлі болып келеді.Ағзалар жасушаларының құрылысына карай екі топқа бөлінеді. Оның бір тобына құрылысы ете карапайым болып келетін бактериялар мен көк-жасыл балдырлар жатады. Олардың толық қалыптасқан ядросы болмайды, бұларды прокариоттар деп атайды. Ағзалардың екінші тобыңца ядро және арнаулы қызмет атқаратын органоидтары болады. Мұндай ағзаларды эукариоттар деп атайды. Эукариоттарға бір жасушалы жасыл балдырлар, қарапайымдар, жоғары дәрежелі гүлді өсмдіктер және сүтқоректі хайуанаттар, т. б. жатады.Ал вирустар — тіршіліктің жасушасыз ерекше пішіні. Қорыта келгенде, жасуша теориясы «жасушаның» барлық тірі ағзалар құрылымының бірлігі екенін, жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының өзара ұқсас екенін толық дәлелдейді. Бұл ұқсастық бүкіл тірі ағзалардың шығу тегінің бір екенін айқындай түсті. Жасуша теориясы тіршілікті материалистік тұрғыдан түсіңдіруге, ағзалар арасыңдағы эволюциялық байланысты ашуға негіз болды.Микроскоп. Жасушалардың мембранасына, ядросына және цито-плазмасының кұрамына кіретін молекулалар мен органоидтарды жарық немесе электрондык микроскоп арқылы көруге болады. Жарық арқылы көрсететін микроскоп зерттейтін заттарды 100 — 3000 есеге дейін үлкейтіп керсетеді, ал жетілдірілген окулярды қолданып, зерттелетін объектіні экранға тусіргенде оны 100 мың есеге дейін үлкейтуге болады.Биологияның арнаулы саласы — биохимия жасушаның химиялық құрамын молекулалық денгейде зертгеу үшін центрифуга деп аталатын күрделі құралды пайдаланады. Ол өте жылдам (минутына бірнеше мыңдаған айналым жасайтын) айнальш, жасушаның құрылымдық бөліктерін бір-бірінен бөліп алады, себебі оның беліктерінің тығыздықтары әр тұрлі болады. Жасушаның аса нәзік кұрылысы мен қызметін зерттеу тек цитологтардың, биохимиктердің, физиологтардың, генетиктер мен биофизиктердің күш-жігерін ұштастырудың нәтижесінде ғана мүмкін екені өзінен-өзі түсінікті. Жасуша теориясы негізінің қалануы және жетілдірілген техникалық құралдардың шығуы жасушаның құрылысы мен химиялық құрамын, атқаратын қызметін зерттеуге кең жол ашты.

Шебер педагог көзі қарақты, құлағы сергек, көкірегі ояу, білім беру саласында атқарылып жатқан игі істердің куәсі болуы керек. Сонымен бірге жаныңды шуаққа бөлеп, үлкен үмітке жетелеуші- білім беру саласы мұғалімдік мамандықтың сыры мен қырын шебер меңгерген, сол кәсіптің ыстығы мен суығын өзі де басынан кешірген адам нағыз ұстаздар, шынайы бапкерлер осындай қасиеті бар жандардан шығады. Сыпайы әдебімен, тұнық мінезімен, терең білімділігімен көпке жақын адам. Мұғалім шеберлігі – бұл өте жоғары білімді сапалар жиынтығы, әрі ұдайы жетіліп отыратын тәрбиелеу мен оқыту өнері. Жеке тұлға мәдениеті, білім мен өрісті дүниетаным, педагогикалық техника мен озат тәжірибе, осы педагогикалық шеберліктің негізі деп ойлаймыз. Қазіргі заман мұғалімнің тұлғалық белгісі – ой өрісінің кеңдігі мен оның ауқымды дүниетанымы. Заман ағымымен теңдей қадам басамын деген әрбір адам өте көп ақпараттан хабардар болуы қажет. Қазіргі заман оқу әдістерін жеке меңгеру де осы шеберліктің бір қыры. Енді бір қыры – шәкіртпен қарым – қатынастың, шәкірттің іс-әрекетін қуаттау немесе тежеу болып табылады. Ұстаз өмір бойы бала тәрбиесіне ықпал етумен яғни дәлелдеп сендіру, шәкірттің қызығушылығын дамыту, талап ете білу. Осы ықпал түрлерін іске асыруда ұстаз нағыз шебер болуы керек.Өз ойымызды қортындылай келе:- озат мұғалімдер тәжірибесін бақылау;- үздіксіз біліктілік көтеріп отыру;- арнайы әдебиеттерді оқу;- өз оқу істерінде оқытудың жаңа әдістерін ендіріп отыру;- өзіндік сарап жүргізіп отыру шеберлікке жетудің негізгі кезеңдері деп санаймыз.

Date: 2016-05-24; view: 2009; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию