Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Биосфера және ғылыми техникалық прогресс тақырыбын оқыту әдістемесі. 2 page





Жылдық, тақырыптық, сабақ жоспарларын талдау Жылдық (перспективті) жоспарда сабақ сағаттары тақырып бойынша және күнтізбелік мерзімі бойынша белгіленеді. Жоспарда мейрам және каникул күндерін шығарып тастап, нақты сағат саны тақырыпқа бөлінеді және өту мерзімі белгіленеді. Перспективті жоспар негізінде оқытушы тақырыптық жоспар жасайды. Онда тақырып мазмұнын түсіндіру реті мен логикасы, қолданылатын әдістер, көрнекі құралдар, практикалық жұмыстарға қажетті материалдар және сабақтан тыс өткізілетін жұмыстар көрсетіледі. Жылдық жоспарда қайталауға ерекше көңіл бөлінеді. Жылдық жоспарда нақты тек экскурсиялар мен сыныптан тыс жұмыстар белгіленеді, үй жұмысы мен сабақтан тыс жұмыстар әр тақырыпқа анығырақ жазылады. Күнтүзбелік–тақырыптық жоспар - бұл білімдік мекеменің мектеп оқушыларын нақты пән бойынша дайындау деңгейі мен мазмұндық минимум талаптарын іске асыруға арналған құжат. Күнтізбелік- тақырыптық жоспар нақты пән бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігімен бекітілген үлгі оқу бағдарламасы негізінде педагогтың өздігінен құрастырылады. Онда берілген пәнді үйрену нәтижесі бойынша оқушылар даярлығына қойылатын талаптар, білімдік үдерісті ұйымдастыру бойынша ұсыныстар болып, нақты пәнді оқытудағы педагогтың тәжірибелік қызметінде мемлекеттік стандарттар компоненттерінің қалайша іске асырылатыны жайында түсінік берілуі тиіс. Күнтізбелік- тақырыптық жоспар ең бастысы - өздерін толығымен іске асыруға ықпал етуші жергілікті жердегі жағдайларды есепке ала отырып, мемлекеттік стандарттарға сәйкес оқушылардың білім берудегі міндетті минимумдарды иегіруіне кепілдікті қамтамасыз етеді.

Зертханалық сабақ өткізудің әдістемесі. Оқушылардың биологияға деген қызығушылығын дамыту үшін зертханалық сабақтардың маңызы орасан зор. Зертханалық сабақ кезінде оқушылар бұрын сабақта алған білімдерін практикада өз бетімен жұмыс жасау кезінде ұштастырып, білім деңгейін кеңейте алады. Сондықтан шағын жинақты мектептерде биология пәнінен өтікізілетін зертханалық сабақтар өз мәнінде өткізіліп, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, білімге деген құштарлығын ұштау қажет деп ойлаймын. Биология пәнінен зертханалық сабақтарды ұйымдастыру – өсіп келе жатқан ұрпаққа тіршілікті, өмірді аса үлкен зор құндылық деп түсінуді қалыптастырады.Зертханалық сабақтар – оқушылардың оқу іс-әрекетінің бір түрі; мақсаты мен міндеті ұқсас. Зертханалық жұмыстар оқу бағдарламасына енгізіліп, курс бөлімін немесе тақырыпты оқығаннан кейін жүргізіледі. Бұл оқушының алдымен теориялық білімді терең меңгеріп, жасалған жұмыстың нәтижесін дұрыс түсінуіне мүмкіндік береді. Жұмыстың жоғары дәрежеде, дұрыс орындалуы үшін топта 10 адамнан болуы керек, олар жеке-жеке немесе жұппен орындайды. Жұмыстың тақырыбы, мақсаты, зерттеу объектісі, қажетті құрал-жабдықтары зертханалық дәптерлеріне көшіріліп, қорытындыланады.Міндеттері:– «Биология» пәнінен зертханалық сабақтарды өткізудің әдістемелік ерешеліктерін сипаттау;– «Биология» пәнінен зертханалық сабақтарды өткізудің тиімді әдістерін жалпылау;– «Биология» пәнінен зертханалық сабақтар үлгілерін әзірлеу.Оқушылар талапқа сай бағдарламада көрсетілген әр түрлі зертханалық жұмыстарды орындап, осы шарттарды қанағаттандырғанда ғана олардың тұрақты білім мен білік дағдылары тәрбиеленеді және оны орындау қарқыны өседі. Мұғалімнің мақсаты: биология бөліміндегі зертханалық сабақтарды жоспарлап өткізу. Дұрыс ұйымдастырылған зертханалық сабақтың оқушы үшін тиімділігі төмендегідей:1. Оқушы тақырыпқа байланысты ауызша алған түсінігін тәжірибе жасау арқылы толық меңгереді. 2. Алған білімін іс жүзінде қолдану іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады. 3. Мұғалімнің түсіндіруі арқылы алған біліміндегі маңызды құбылыстардың қасиеті мен құрылысы туралы білімін нақтылап мәнін терең түсінеді. 4. Зертханалық жұмыс істеу тәсілдерімен әдістерін игереді. 5. Сабақта танысқан өсімдіктердің ішкі құрылысын, дене бөліктерін толық ажыратуға дағдыланады. 6. Зертханалық сабақ барысында оқушылардың биология ғылымының салаларына деген қызығушылығы артады. 7. Зертханалық жұмыс кезінде пайдаланатын құрал –жабдықтармен жұмыс жасау тәртібімен танысып, үйренеді. 8. Зерханалық жұмыс барысында оқушылар еңбекке, ұйымшылдыққа тәрбиеленеді және әсемдік тәрбие беріледі. 9. Бақылау сұрақтарына жауап береді. Зертханалық сабақтардың жүру барысы: 1. Әрбір зертханалық сабақтың мақсаты болады.2. Керекті құрал–жабдықтар.3. Жұмыстың барысы. Зертханалық аспаптармен жабдықтарды көрсетіп,оларды сабаққа қалай пайд алану керектігі, жұмыстың барысынан қысқаша түсінік береді.4. Зерттеуге алынған препаратты, онымен қалай жұмыс жасау керектігі туралы айтады. 5. Жұмыс жасау тәсілдерін айтады. 6. Оқушылар арнайы зертханалық жұмысты қорытындылау дәптеріне жұмыстың жүру барысын жазып, жұмыстың нәтижесін түсіндіреді. Зертханалық сабақтарда әдістердің түрлері: - Білімді берудің негізгі көзі – көрсету. Оқытушының зат пен құбылыстыдемонстрациялап көрсетуі болады, екінші орында – бағыттап түсіндіру.- Білімнің негізгі көзі – байқауда. Бұл жерде оқушының әрекетідемонстрациялайтын объектіні не процесті көріп қабылдауға бағыттайды.Оқушы өзінің жауабында нені байқағанын айтады. Кейде өсімдік пен жануарларды демонстрациялап, не таблица арқылы әңгімелеп айтады.

Көбеюдің маңызы. Дамудың кезеңдері және оның механизмі тақырыбы бойынша сабақ жоспар конспектісін құр. оқытушылық: Организмдердің көбею жолдары:жыныссыз және жынысты қөбею туралы түсінік беру.дамытушылық: Организмдердің көбею жолдары тақырыбын өткен сабақтармен байланыстыра отырып дамыту. тәрбиелік: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, ііскерлігін жетілдіру, оқулықпен, суреттермен, кестелермен жұмыс істеуді қалыптастыру. Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру Сабақта пайдаланатын әдістер: аралас сабақ Сабақтың жабдықталуы: түсіндіру, өз бетімен жұмыс көрнекілік құралдар, үлестірмелі материалдар, оқытудың техникалық құралдары, интерактивті тақтаны қолдану арқылы сызбалар көрсету Пәнаралық байланыстар: биология төменгі кластар І Ұйымдастыру бөлімі ІІ. Қайталау сұрақтары Жаңа сабақтың мазмұны: III Жаңа тақырыпты түсіндіру Танысу,Жоқ оқушыларды белгілеу,Сабақтың жүру жоспары мен мақсатын Нені білу керек? 1.Жыныссыз көбею. 2.Жыныстық көбею. 3. Партеногенез.1. Жыныссыз көбею– көбеюдің қарапайым түрі болғандықтан, жыныстық көбеюден бұрын пайда болған деп есептеледі. Көбеюдің бұл түрі өсімдіктерге де, жануарларға да тән. Жыныссыз көбеюдің өзінің екі түрі болады: нағыз жыныссыз көбею және вегетативті (өсімдіктерде) көбею.Нағыз жыныссыз көбею кезінде организм денесінің сыртынан кейде жасушалардың тобы бөлініп шығады. Осы жасушалардың тобынан дамудың барысында дербес өзіндей түр пайда болса, оны нағыз жыныссыз көбею деп атайды. Вегетативті көбею екіге бөлінеді: табиғи вегетативті көбею және қолдан вегетативті көбейту. Табиғи вегетативті көбею.Табиғатта өсімдіктердің көпшілігі вегетативті жолмен көбейеді. Әсіресе төменгі сатыдағы өсімдіктердің денесі екіге бөлініп, екі жас жасуша пайда болады да, әрқайсысы дербес өсімдікке айналады. Көп жылдық шөптесін және сүректі өсімдіктер де табиғи вегетативті жолмен көбейеді. Әсіресе өсімдіктердің жер бетіндегі өркендері арқылы көбеюі көп таралған.Бұларға мұртшаларынан, шыбықтарынан, сұлатпа бұтақтарынан өсіп көбейетін өсімдіктер жатады.Сонымен қатар жер астындағы өркендерінен, тамыр атпаларынан көбею де табиғи вегетативті көбеюге жатады. Қолдан вегетативті көбейту.Адам әр түрлі әдістерді қолданып, өсімдіктерді өсіріп, көбейтеді. Қолдан вегетативті жолмен көбейтудің бірнеше жолдары бар. Соның ішінде көп таралғаны – телу. Телу дегеніміз- бір өсімдіктің бүршігі бар бөлігін алып,екінші өсімдік денесіне ұластыру. Қазіргі кезде телуді трансплантация деп атайды.Яғни, өзінің тамырында өсіп тұрған өсімдікті телітуші, ал оған әкеліп ұластырылған бүршігі бар бөлікті телінуші деп атайды. 2.Жыныстық көбею деп сперматозоид пен жұмыртқа жасушалары ядроларының қосылуын айтады. Жыныс жасушаларын гамета деп атайды. Демек жынссыз көбеюден жыныстық көбеюдің негізгі айырмашылығы – оған екі организм қатысады. 3. Партеногенез. Табиғатта сирек болатын жыныстық көбеюдің ерекше түр өзгерістерін партеногенез деп атайды.Партеногенез грекше «partenos»- қыз, «genesis» - туу, пайда болу, яғни «ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасынан жаңа аналық организмнің дамуы» деген мағынаны білдіреді. Бұл құбылыс табиғатта өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінде кездеседі. Мысалы, дафнияда ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасынан партеногенетикалық аналықтар дамиды. Жыныссыз көбею – көбеюдің қарапайым түрі. Жыныстық жолмен көбею - сперматозоид пен жұмыртқа жасушалары ядроларының қосылуын айтады.Партеногенездің ерекшелігі – ұрықтанбаған жұмыртқалардан тек аналықтар, ал ұрықтанғандарынан аталықтар дамиды.

Көрнекі құралдарды талдау мен сақтау принциптері Көрнекілік түрлері:Табиғи көрнекі лік оқушыларды нақты объектілермен (өсімдіктермен, жануарлармен, минералдармен) таныстыруды талап етеді.Эксперименттік көрнекілік арқылы оқушылар химиядан, физикадан тәжірибелер жасайды.Суретті көрнекіліктің мақсаты - нақты дүниенің бейнесін көрсету (бейнесурет, картина, диафильм, диапозитив, мылқау кинофильмдер).Көлемді көрнекілік: макет, үлгі, муляж, геометриялық фигуралар, панорама.Дыбыстық көрнекіліктер: күйтабақтар, ұнтаспаға жазылған материалдар, т.б.

Күнтізбелік- тақырыптық жоспар – мұғалімнің пән бойынша оқу бағдарламасын орындау қызметін регламенттеуші құжат. Күнтізбелік- тақырыптық жоспар мұғаліммен әр сыныпқа арнап Мемлекеттік білімдік стандарттарға сәйкес әзірленеді. Мұғаліммен әзірленген күнтізбелік-тақырыптық жоспар әдістемелік бірлестік жетекшісімен келісіліп, 3 қыркүйекке дейін мектеп директорымен бекітіледі. Күнтізбелік- тақырыптық жоспардың міндеттері: Күнделікті сабақ жоспарын құру міндеттері:- әр тақырыптың жылдық курстағы және әр сабақтың тақырыптағы орнын белгілеу; - жеке сабақтармен, жылдық курстың тақырыптарымен өзара байланысын белгілеу;- оқушы қызметінің нәтижесін нақтылау мақсатында оқу курсында тексерілетін мазмұн элементтері мен бітірушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды белгілеу; - білім алушыларды пән бойынша жүйелі білім, білік және дағдылармен қаруландыру бойынша тиімді жұмыс жүйесін қалыптастыру. Күнтізбелік-тақырыптық жоспардың әзірлену деңгейі мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің өлшемі болып табылады.Оқу курсының күнтізбелік- тақырыптық жоспарын әзірлеу кезінде келесі қызметтер ретін іске асырады: жұмыс барысы мен нәтижесін болжау; қажетті шаралар мен әрекеттердің ретін әзірлеу; оларды жүзеге асыру үшін барынша тиімді әдістер мен тәсілдерді таңдау;Қызметті дәл есептеу және оның кезеңдерінің басталуы мен аяқталу мерзімін белгілеу;;Қызметті есепке алу және оның нәтижесін бақылау түрлері мен әдістемелерін анықтау; Мұғалімнің өзі сабақ беретін барлық пәндерден міндетті түрде күнтізбелік–тақырыптық жоспары болу керек.күнтізбелік–тақырыптық жоспар бір жылға жасалуы тиіс.Мұғалім қажеттілігіне қарай өзінің күнтізбелік–тақырыптық жоспарына түзетулер енгізеді. Мұғалім мектеп әкімшілігінің немесе тексерушілердің талабы бойынша күнтізбелік –тақырыптық жоспарын ұсынуға міндетті.

Қорытындылау сабағын өткізу әдістемесі

ҚР «Білім беру заңындағы» педагог, оқушы құқығы мен міндеттері: (Мен оқушы болғандықтан өзім оқитын мектебімнің ережесін қатаң сақтай білуім керек, яғни, білім нәрін өз бойыма сіңіре білу, мектеп, сынып жұмысына белсене араласу, тәртіпті, қарапайым және кішіпейіл болу, халқымыздың мемлекеттік рәміздерін көздің қарашығындай сақтап сүю, қастерлеуге тиістімін.)Мемлекеттің заңында адамның құқығымен қатар міндеті де көрсетілген. Орта білім алу баршаға міндетті және тегін, ал техникалық және кәсіптік білім – көпшіліктің қолы жетерліктей болу керек. Мектепте оқу тек қана құқық емес, сондай-ақ міндет) Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі: 1. Тиісті бейіні бойынша арнайы педагогтік немесе кәсіптік білімі бар адамдар педагогтік қызметпен айналысуға жіберіледі. Білім беру ұйымдарындағы жұмысқа:1) медициналық қарсы көрсетілімі бар; 2) психатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұратын адамдар; 3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген шектеулер негізінде жіберілмейді. 2. Педагог жұмыскердің: 1) кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға; 2) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге; 3) дара педагогтік қызметке; 4) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған жағдайда педагогтік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға; 5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға; 6) бес жылда бір реттен сиретпей, ұзақтығы төрт айдан аспайтын біліктілігін арттыруға; 7) санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға; 8) педагогтік қызметтегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түрінде моральдық және материалдық көтермеленуге; 9) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына; 10) әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына; 11) ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік өтілі сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға; 12) білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағым жасауға; 13) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан өз ар-намысы мен қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар. 3. Педагог жұмыскер: 1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге; 2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге; 3) білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету, қоршаған дүниеге ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге; 4) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, құзыретін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға; 5) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға; 6) бес жылда бір реттен сиретпей аттестаттаудан өтуге; 7) педагогтік әдеп қағидаларын сақтауға; 8) білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;9) білім алушылар жасаған, оның ішінде білім алушыларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар фактілері туралы не өздеріне белгілі болған, білім беру ұйымдарынан тыс жерде болған осындай құқық бұзушылықтар жасау фактілері туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға; 10) өмірде қиын жағдайға тап болған баланы анықтағаннан бастап бір жұмыс күні ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесі;

Мектеп оқушыларын экологиялық мәдениетке тәрбиелеу. Экологиялық тәрбиенің мәні, міндеттері және мазмұны. Экологиялық тәрбие.Жоспар:1. Экология және экологиялық тәрбие жайлы ұғым.2. Экологиялық тәрбиенің мақсаты, міндеттері.3. Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие.1. Экология — 200 жылдық тарихы бар жас ғылым. Экология терминін неміс биологы Эрнест Геккель (1968ж.). "Естественная история происхождения" атты кітабында алғаш рет қолданған. Экология - "ойкос" деген грек сөзі, "үй, баспана" ұғымын білдіреді. Э.Геккельдің айтуы бойынша экология - зоологияның бір тармағы, жанды мақұлықтардың органикалық және анорганикалық ортамен өзара қатынасын зерттейді. Экология ғылымы жеке пән түрінде биология ішінде пайда болды. Экологияны ғылыми негіздеген эволюция туралы ілімнің негізін салушы ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин, оның анықтауы бойынша экология тірі ағзалардың ортадағы тіршілік әрекетін және өзара қатынасын зерттейтін биологиялық ғылым. "Экология" ғылымы теориялық және тәжірибелік маңызы бар барлық ғылымның кешенді негізінде тез дами бастаған салаға айналды. Экология дегеніміз - табиғатты пайдаланудық ғылыми-теориялық негізі.Экологиялық тәрбиенің көкейтестілігі Қазақстандағы экологиялық апат аймақтарының болуымен тығыз байланысты. Батыс Қазақстан жұртшылығын әскери полигондар, экологиялық талаптарды өрескел бұзып отырған өндіріс орындары алаңдатып отыр.Қарашығанақ кен орнын игеруге 3000 га-ға жуық егіс, жайылым және орман жері пайдаланылады. Бұрғылайтын қондырғылар мен магистралды газ мұнай тасымалдайтын құбырлар кездейсоқ апатты жағдайға ұшыратуы мүмкін, осы кезде қоршаған ортаның әсіресе жер бетіндегі сулардың ластануы орын алады. Апаттық жағдайлардың тууының негізгі себебі - тасымалдау құбырларының коррозия процесіне ұшырап, жарылуы (90,5 %).Еділ мен Жайық өзенінің аралығында орналасқан аумағы 40 мың км2 құмды өңір орта есеппен теңіз деңгейінен 0,21м төмен жатыр. Жер астының тұщы су қоры мол екені анықталды. Облыс тұрғындары Азғыр мен Капустин Ярдағы әскери ядролық сынақ полигонын жабуды, сынақ аймақтарын өз иелеріне байырғы тұрғындарға қайтаруды, т.б. талап етіп, осы мақсатта бұқаралық саяси күрес шараларын жүзеге асыратын қоғамдық қозғалыс құруды ұсынды. 1990 жылғы мамыр 1992 жылғы мамыр аралығында "Нарын" қозғалысының орталығы Орда ауданында болды.Органикалық отынды жағу кезінде атмосфераға күкірттің қос тотығынан басқа азоттың қос тотығы да шығарылады. Күкірт пен азоттың қос тотықтары "Қышқылдық жаңбыр" деп аталатын жауын түсуіне себепші болады, олар топыраққа араласа отырып, оның қышқылдылығының жоғарылауына әкеп соқтырады. Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігіне әсерін тигізді. Қышқылдық жаңбырлар металды жабдықтар мен құбырлардың тоттануын туғызуы мүмкін.Әскери полигон Батыс Қазақстан облысы мен Астрахань облыстың шекарасында орналасқан. Адамдар мен тірі табиғатқа тигізген зияндары жөнінен "Азғыр", "Капустин Яр" белгілі Семей полигонынан асып түседі. Полигондар онкологиялық, жүрек тамыр және басқа ауруларды қоздырып, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне зиянын тигізді.Озон қабатының жұқаруы, қышқылды жаңбыр, жер ғаламшарларындағы климаттың жылына бастауы жер биосферасындағы тіршілікке тікелей қауіп төндіруде. Ойықтардың пайда болуына өнеркәсіптерден бөлінетін М, Си, Ғе, Мп, С1, Р оксидтері әсер етеді. Озон қабатының бұзылуы жер бетіндегі тіршілікке зиянды әсер етеді.2. Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты:• қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу;• жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру;• қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту;• экологиялық білімді насихаттау.Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты - жастардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым-қатынасын қалыптастыру. Осы тәрбие арқылы адамның мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы қалыптасады.Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері:• өмірде және нақты іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу;• табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу;• мектепте экологиялық білім және тәрбие қорамын ұйымдастыру;Ең басты міндеттердің бірі - оқушыларды табиғатты қорғау мәселелері туралы ғылыми теориялық және тәжірибелік біліммен қаруландыру.Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты, өйткені өндірістік іс-әрекеттің барысында адам жерді пайдалану негіздерін, топырақты эрозиядан қорғауды игеру, дақылдарды суару мөлшерін, минералдық тықайтқыштарды, улы химиялық заттарды беру мөлшерінің мерзімін технологиялық талаптарға спйкес есепке алып отырады.Оқушылардың экологиялық білімнің белгілі жүйесін игеруі, табиғатты қорғауы, жер байлығын тиімді пайдалануы экологиялық мәдениетті жетілдіріп, дүние тану көзқарасын қалыптастырады.

Мектептегі ақпараттандыру және бағдарламалау. Пән сабақтарында техникалық оқыту құралдарын пайдалану «Ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану»Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру жүйелерінде бірқатар өзгерістер енгізіліп, олардың жаңа ұлттық модельдері құрылуда. Орта мектепті ақпараттандыру бағдарламасы, жоғары және орта білім берудің мемлекеттік стандарттары, жоғары білімді дамыту стратегиясы жасалып және Қазақстан Республикасы 2005-2010 жылдар аралығындағы білім беру жүйесінің дамуының мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің 2015 жылға дейін даму тұжырымдамасы жарияланып іске асырылу үстінде.Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың бірі жалпы білім беретін орта мектепте математика ғылымы негізінен берілетін білімді қайта жаңарту болып табылады.Жаңа технология – мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Жаңа ақпараттық технологияны сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады және оның бірнеше артықшылықтары бар. Осы артықшылықтарды сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінен де көруге болады.1. Оқушыларға оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл ақпарат бере отырып, оқу сапасын арттырады;2. Оқытудың көркемділігі артады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді;3. Оқытудың тиімділігі жоғарлайды және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігін арттырады;4. Оқушылардың ғылыми-дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады;5. Мұғалімдерді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемдеген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды;6. Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғышарттарын меңгеру қажет. Ал теориялық білімді практикамен ұштастыру үшін компьютердің қажет екендігі даусыз. Түрлі елдерде болып жатқан жаңалықтармен танысуды, ақпараттар ағымынан қалыспауда интернет, электрондық пошта құралдарын пайдалануға болатындығы дәлелденді. Сондықтан білім беруді ақпараттандырудың тағы бір басты бағыттарының бірі оқушылардың интернет желісінде жұмыс істей білуіне жағдай жасау. Интернет желісінде жұмыс істеу оқушыларға әлемдік жаңалықтардан хабардар болып, білімін тереңдетуіне септігін тигізеді. Орта білім берудің мақсаты – жедел дамып келе жатқан әлем жағдайында алынған терең білімнің кәсіби дағдыларының негізінде, өз бағытын анықтайтын, өз мүмкіндіктерін іске асыра алатын, өзін-өзі дамыта алатын және өз еркімен дұрыс шешім қабылдайтын жеке тұлғаны қалыптастыру. Математика пәнін оқытуда жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты – оқушыларға білім алу процесінде көмектесу. Оған жетуге оқыту бағдарламалары, оқытуда қолдануға арналған электрондық оқулықтар, тексеру бағдарламалары мен тестік, өзіндік жұмыстар қызмет етеді. Математика пәнін оқытудағы ақпараттық технологиялардың педагогикалық мақсаты: – қолдану мен ақпараттық және коммуникациялық құрылғылар арасындағы байланыс; – есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынға меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;– Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту. Оқу процесінің тиімділігі ең алдымен оқушылардың белсенділігі мен танымдық ізденісіне қатысты. Сондықтан мен өзімнің педагогикалық жұмысымда сабақ жүргізудің негізгі тәсілі оқушылардың тікелей өзара қатынасынан туатын интерактивті әдістерді және профессор Ж.А.Қараев насихаттап жүрген жаңа оқыту технологиясын іс-тәжірибеме енгізіп жүрмін. Бұл технологияның ерекшелігі – терең білім алу арқылы баланың дамуын қолдау болып табылады. Саралап-деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясы мен оқушының белсенділігін арттыру әдісін қатар жүргізу арқылы әр оқушының өз бетінше жұмыс жасауына толық мүмкіндік беруге болады. Алға қойған мақсатына жету үшін әр мұғалім сабақ өткізудің әр түрлі тәсілдерін қалай, қашан қолдану керектігін біледі. Сабақ кезінде оқушылардың өзара және оқушы мен мұғалімнің арасындағы қатынастың мейлінше көп болуын оқытудың немесе білім берудің интерактивті әдісі деп атайды. Оқытудың интерактивті әдісін қолданудағы негізгі мақсат:– әр деңгейлі есептер шығару;– тақырыптардағы ережелерді толық түсініп, оны есеп шығарғанда пайдалану;– өтілген тақырыптарды жүйелі түрде қайталап, еске түсіріп отыру. Ал осындай өтілетін сабақтарға интерактивті тақтаны пайдаланса, оның мүмкіндіктері: сабақ уақыты үнемделеді, тақтада жазылған тапсырмалар бойынша оның шығарылуы және тақтада сақталған шешім қосымша сабақтарда, сабақтан қалып қойған оқушыларға немесе дұрыс түсінбеген оқушыларға көмек ретінде көп септігін тигізеді. Модульдік технологиямен сабақ өткізгенде бұл жүйені сүйемелдеу үшін:1. “Презентациялар” технологиясын пайдалану ыңғайлы. Бұл біріншіден оқушыларға жаңа материалдарды көренкті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан мұғалімдерге материалды дайындауды және оны қолдану процесін жеңілдетеді. Сабақтың қызықты өтуін қамтамасыз етеді, уақытты қысқартады.2. Үлгерімді тексеру мен оқушының білімін жетілдіру. Осы мақсатта пайдалану біріншіден мұғалімнің жұмыс өнімділігін арттырып,оқу нәтижелерін тексеруге көбірек уақыт бөлуге көмектеседі, екіншіден қадағалай отырып, балалардың алған білімін бағалауды жүзеге асырады. Тексеру нәтижесінде толық ақпарат ала отырып, балалардың қатесіне коррекция жасау үшін басқа қағазға жазылған қосымша тапсырма бере алады. 3. Компьютерді жаңа сабақ өту кезінде де тиімді қолдануға болады.1. Теориялық материалды бірнеше бөлікке бөліп, оларды есте сақтау үшін бірнеше тапсырма орындалатын программаланған оқыту процесі жүргізілсе.2. Бір компьютерге бір-бірін үйрету үшін өз таңдаулары бойынша екіден оқушы отырғызса. 3. Оқытуға арналған есеп құрастырылып, оның нәтижесін бақылау объективті түрде жүргізілсе. Сонда жаңа материалдарды игеруге кететін уақыт 40-50%-ға қысқаратынын, ал оларды меңгеру сапасы 30-50%-ға артатынын көрсетеді.4. Қосымша сабақтарда пайдалануға болады. Балалардың білім деңгейлерінің әр түрлі “әлсіз” оқушылар үшін – коррекциялау топтарын құру, ал қалғандары үшін – үйірмелер мен факультативтер сияқты қосымша сабақтар ұйымдастырылып, олардың деңгейлерін біркелкілендіруге болады.5. Компьютерлік модельдермен жұмыс істеу балаларға таңдау еркіндігін беріп, өз жаңалығын ашу жағдайын беретін зерттеу компоненті, екінші жағынан өз теориялық білімдерін практикада қолдану мүмкіндігін береді. 6. Компьютерді құрал ретінде және ақпарат дайындауға пайдалануға да болады.7. Қашықтықтан оқыту – ақпараттық қүралдар арқылы білім алу формасы.Мұғалім математика сабағына оқушылардың қызығушылығын тудыру үшін ойындар ұйымдастыруына болады. Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттырып белсенді жұмыс істеуін, тез ойлану қабілетін арттыруға дидактикалық ойындар орны ерекше. Ойын сабақтарында берілетін тапсырмалар біртіндеп қиындап оқушылардың танымдық қызметін белсендіруге назар аударылады.“ХХІ ғасыр көшбасшысы”, “Миллионды кім алады?”, “Алтын қақпа” ойындарын өткізу, қызығушылықты арттырады. Оқыту процесін ақпараттандыру үрдісі – мұғалімдердің қызығушылығын, шығармашылық ізденісін, электронды оқулықтар жасау мен оны іс-тәжірибеде қолдану әдістерін игеруге ұмтылысын тудырады. Электронды оқулықтың ерекшелігі модульдікке сәйкестігі және оқып үйренуге икемділігі. Бұл оқулық ғылыми-педагогикалық құрал.Нәтижелігі:1. Тез арада қайтарма байланыс болуын қамтамасыз етеді (интерактивті қасиеті);2. Қажетті материалдарды жылдам тауып алу;3. Гипермәтіндік түсіндіруден жан жақты ақпараттық материалдар алады;4. Білім, білік іскерлігін әрбір тараулар бойынша тексеруге, бағалауға болады.Қолданылуы:1. Теориялық материалды өз бетімен оқып-үйренуге, зерттеуге мүмкіндік береді;2. Сабақты иллюстрациялық материал ретінде жабдықтауға көмектеседі; 3. Сабақта және тыс уақытта өз бетімен әртүрлі деңгейлі, шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік береді;4. Емтиханға дайындық кезінде пайдаланылады.“Модульдік технология” оқушылардың пәнге деген қызығушылығы оянған, табанды еңбек етуге үйренген, зерттеушілік қабілеті біршама бар жерде ғана нәтиже береді. “Модульдік технологияда” оқушы терең білім алуға, пәнді түсініп оқуға өзі ұмтылады, ал мұғалім оны бағыттаушы. Бұл жүйе шығармашылықпен жұмыс істейтін оқуға үлкен мүмкіндік береді.Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құруға ену, басты мәселе болып отырғаны мәлім. Ақпарат мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық қорға айналып, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, яғни өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.Соңғы кезде біздің қоғамда болып жатқан ауқымды өзгерістер білім саласында да біраз өзгерістердің туындауына себепші болып отыр. Қазақстанда жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Қазіргі кезеңде білім жүйесінің барлық салаларын нақты түрде ақпараттандырудың кешенді жоспары жасалуда. Еліміздің 20-30-шы жылға дейінгі стратегиялық жоспарында мектептерді компьютерлендіру бағдарламасы қамтылған. Осы бағдарламаға сәйкес қазіргі кезде мектепетердің барлығы жаңа типті компьютерлермен, электрондық оқулықтармен жабдықталып “Интернет” желісіне қосылды. Ақпараттық технологияны пайдалану енді-енді қалыптасып келеді. Толық ақпараттандыруға жақындаған кезде компьютер мектептегі барлық сыныптарға, барлық пәндерге кіреді. Оқытуды компьютерлендіру туралы сөз болғанда компьютер мұғалімнің орнын баса алмайды. Ол керек оқыту құралы болып қана қалатын, бірақ барынша жетілдірілген көмекші аспап және әрдайым мәлімет ошағы болып қала береді, одан мұғалім қажеттісін ала білуі және оқушыларды осыған үйретіп, бағыт-бағдар беріп отыруы қажет.Ақпараттық технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, шығармашылықпен жұмыс істеуге жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:– компьютерде еркін жұмыс жасайды;– компьютерлік желілермен байланыс жасайды;– ақпараттарды алады, сақтайды;– интернет желісімен тұрақты байланыс туғыза алады;– электрондық поштаны қолданып түрлі ақпараттар алмаса алады;– өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады; – басқа пәндерді оқығанда компьютер мүмкіндігін тиімді қолдана алады.

Date: 2016-05-24; view: 1117; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию