Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Http://rector.kz/umkd/id/18029





Аралас сабақтарды өткізудің әдістемесі. Аралас сабақ — практикада алуан түрлі элементтері және өзара әрекеті арқылы кең тараған. Бұл сабақ қазіргі мектептерде кең тараған, көптеген сабақ түрлерінің алдында тұрған міндеттерге сүйенеді, бірнеше сабақтардан құралған, сондықтан оны аралас сабақ дейді. Тек солай, үй жұмысын (сабақтың басында немесе кейін) оқушы-консультанттардың тексеруі мұғалімнің осы деректерге сүйеніп оқушылардың жіберген кемшіліктерін бақылау мақсатында қолданады. Әртүрлі жағдаяттық жағдайда оқу материалын игеру сапасын бекіту, тексеру, мұндай қатынас сабақтың тиімділігін арттырады. Бұл сабақ қазіргі мектептерде кең тараған, көптеген сабақ түрлерінің алдында тұрған міндеттерге сүйенеді, бірнеше сабақтардан құралған, сондықтан оны аралас сабақ дейді. Аралас сабақтың құрылымы әр түрлі болады. Мысалы, озат мұғалімдер оқушыларға білімдерді өздік жұмыстар арқылы меңгертеді.Жаңа материалды оқытуда оны бірінші рет бекіту, қолдану жиі ұйымдастырылады. Материалды бекітумен қатар бұрын өтілген тақырыптарды тексеріп, білімдерді қалыпты емес жағдайларда қолдандырып дағдыландырған жақсы. Сабақтың элементтерін осылай біріктіру оны оқушыларға қызықты етеді.Аралас сабақ мұғалімге қатаң талап қояды. Сабақтың элементтерін, жұмыс формаларын іріктеумен қатар әр элементке бөлінген уақытқа мұқият қарау керек. 20-25 минут сабақ сұрап, 15 минут сабақ түсіндіруге болмайды.Аралас сабақтың принциптері: 1. Сабақ кезінде оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі, оқуды қажетсіну.2. Мұғалімнің жұмысындағы ең бастысы - оның әңгімелегені, көрсеткені, тапсырма беріп, оның орындалуын бақылау емес. Сондықтан ол оқушыларды өнімді оқу іскерліктері мен дағдыларына машықтандыру керек.3. Жеке тұлғаны дамыту. Сабақты ұйымдастыруда және өткізуде оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сүйену, оқушылардың шамалары жететін қиындықтарды жеңуді сезуі, әр оқушының өзінің жеке қасиеттерін дамытуына жағдай жасау, сабақты әлеуметтік жағынан пісіп жетілген жеке тұлғаны қалыптастыруға бағыттау.4. Ұжымшылдықты қалыптастыру. Ол үшін оқушылардың көп болып істейтін оқу жұмыстарын ұйымдастыру.5. Жауапкершілік принципі.- Оқушы өз жолдастарының да, мұғалімнің де алдында білгенін айтады. - Оқушының өз жұмысын бақылауы және бағалауы. - Оқушының өзінің оқу іс-әрекетін өзі бақылауы үшін оған іс-әрекеттің мақсатын және жоспарларын, бағалау өлшемдерін айту. Демек мұғалім оқушыларды тақырыптың жоспарымен, мақсатымен таныстырып, оларға материалды оқу нәтижесінде нені білу және істей білу керектігін айтып, қол жеткен жетістіктерді бағалау, өлшемдерін беру керек. - Оқушылар білім, іскерлік, дағдыларды бақылайды, бағалайды. Бағаны барлық оқушылар білу керек. - Оқушы өз жұмысын тексеріп, өзіне-өзі баға беріп, өзінің бағасын жолдастарының және мұғалімнің бағасымен салыстырып отырады. - Сабақта тәртіп бұзған оқушыны ұжымның жазалағаны жақсы. Бірақ жеке тұлғаны қүрметтеу керектігін естен шығармау. -- Оқушыны тәртіп бұзғаны үшін жазалауға болады, бірақ сабаққа нашарлығы, оқуда артта қалғаны үшін еш уақытта жазалуға болмайды. -- Оқушы мен мұғалімнің, оқушылардың бір-бірімен қатынасы шынайы болу керек, оқушылардың бір-біріне көмегі адамгершілік тәрбиесіне ықпал етеді."Жауапкершілік" оқушының өз міндеттерін түсінуі, міндеттерін орындауы, жеке тұлғанық өз іс-әрекетін бақылай білуі. Психологиялық принцип. Сабақ оқушыларды оқуға ынталандырып, оған деген оң көзқарасты тәрбиелеу керек. Маңызды және құнды себептер арқылы оқушыны оқуға итермелеп отырғаны дұрыс.Аралас сабақтың кезеңдерінің сызбасы:Жұмысты ұйымдастыру Өткенді қайталау Жаңа материалды оқу Бекіту Үйге тапсырма2 мин. 10 мин. 25 мин. 5 мин. 3 мин.

Әр қақпаның өз сұрақтары болады. Сұрақтарға жауап беріп, қақпаны ашу керек.1. Темір қақпа сұрағы: Тұқымдары қорғанышсыз, қабыршақта бүрде ашық орналасқан өсімдіктер тобы қалай аталады? (ашықтұқымдылар)2. Күміс қақпа сұрағы: Балқарағайдың өзге қылқанжапырақтылардан айырмашылығы неде? (жыл сайын күзде жапырағы сарғайып, түсіп отырады)3. Бұл қылқанжапырақты өсімдік бүрінен мармелад дайындалады. Сондықтан халық оны «бүржидек» деп те атайды. (арша) Үш қақпаның сұрақтарына жауап берілген соң ең түпкі қақпадан мынадай қорытынды сөз шығады. V. Қорытынды. Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын.Пәк табиғат - жүрегімнің тамылжыған жырысың. Ей, адамдар, қалай ғана қатыгездік жасайсың. Ол, анаң ғой, ал сен - кенже ұлысың! VI. Бағалау. Әр топтың басшылары қарамағындағы оқушыларды бағалау парағына бағалайды. VII. Үйге тапсырма беру. §21 оқу. Оқушыларды 3 топқа бөліп, үй тапсырмасы ретінде 1 - топқа қарағай, 2 - топқа самырсын, 3 - топқа арша қылқанжапырақты өсімдіктердің түрлері туралы қысқаша хабарлама (реферат) жазу, тапсырылады.

Барлық уақытта әрбір сыныпта биологияға деген ынтасы, қызығушылығы бар жеке тұлғалар болады. Осындай жастардың талабын, дарынын бағалап отырып, оның білімін тереңдете отырып, дамыту үшін жеке тапсырмалар беру аркылы сол тапсырма бойынша орындалуын мұғалім қадағалап, бақылап, бағалап отырады.Осындай түрде жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар аркылы дарынды жастарға өзінің болашак кәсіптік маманды дұрыс тандауына үлкен көмегін тигізуге болады.

Биология пәні бойынша сабақтан тыс өткізілетін жұмыстарды жүргізу әдістемесі. Сабақтан тыс жұмыстардың түрлері: топтық, көпшілік, жеке. Сабақтан тыс орындалатын жұмыстар мұғалімнің тапсырмасы бойынша жекеше немесе топпен бірге бірігіп оқушылардың міндеті түрде орындайтын практикалық жұмыстары. Сабақтан тыс орындалатын жұмыстартар төмендегідей формада ұйымдастырылады.1. Биология кабинетінде орындалатын жұмыстар 2.Тірі табиғат мүйісінде орындалатын жұмыстар. 3.Табиғатта орындалатын жұмыстар. 4.Оқу – тәрбие учаскесінде орындалатын жұмыстар. Осылайша орындалатын сабақтан тыс жұмыстардың соңында сабақ кезінде көрсетілетін тәжірибелер кеппешөптер коллекциялар, монтаждар, бақылаудың қорытындылары дайындалады. Аранйы экспедицияны үйымдастыру оңайырақ Экспедицияның максаты- жергілікті жердің флорасы мен фаунасын зерттеу. Материалдар жинақтап, пайдалы өсімдіктердің осу ортасын анықтап, мектеп тәжірибе-учаскесінде олардың түқымдарын жинақтау. Экспедиция кезіндегі барлык оқиғалар күнделікке жазылады. Барлық биологиядық танымжапырақтардың негізгі максаты олкетану және табиғатты қорғау, оқушыларды осы түрғыда тәрбиелеу, экологаялык, экономикалық тәрбие қалыитастыру. Биолоигянын. қызықты мәселелрін қамтитын копшілік гылыми кештердің тәрбиелік мәні зор.Конференцияларда 5-10 минуттық баяндамалар оқылады. Баяндамаларға қосымша иллюстрациялар дайындәлады. Оқушылардың ғылыми—зерттеу тақы-рыбы боиынша, сызбалар, коллекциялар, суреттер, та-лицалар, видео, кинофильмдер т.б.Биологиялық кештер мен конференцияларды ұйірменің барлық мүшелеріне, кластарға иемесе бүкіл мектеп оқушыларына арнап өткізеді. Ғылыми кештердің конференциядан айырмашы-лығы көркемдік жағына айрықша көңіл беледі. Бүл жағдайда сана мен сезім тығыз байланыста болып, оқушыдарға үлкен эсер қалдырады.Кештің ең негізгісі- биологиялық маңызы, мазмүны. Биолоиялық кештерге оқушыларды көптеп қатыстыру тиімді. Олар залды көркемдуге, газет-журналдар шығаруға, кітаптар көрмесін үйыдастыруға, оқушылардың өзіндік жүмыстарын орындауға ат са-лысады.Табигат кампаниялары тек кластантыс орындалатын жүмыстың формасы ғана емес, ол қоғамдық лайдалы жүмыс.Кампаниялардың тақырыптары табиғатты қорғаумен байланысты:«Қүстар күні», «Бақ аитасы», «Сабан той» т.б. Оқушы-лар үіііін бүл кампания мерекеге үласады.Кампания жүмыстарына үйірме мүшелері, класс, бүкіл мектеп оқушылары қатысады.Қүстар күнін откізу жануартану сабақтарында «Қүстар» тақырыбын өткізуден басталады. Оқушылар қүстарға үйшік жасап, бақьтлау жүмыстарын қүстарға жүргізеді, қыс мезгілінде қүстарды қоректендіреді.Қүстар күнін атап өту наурыз айындағы, көктемгі демалыс кезеңіне сәйкес келеді. Бүл күн балалардың ертеңгіліктерімен басталады. Өзінің бағдарламасьша жас табиғатшылар дайындаған хабарламаларды енгізеді. Хабарламаларды қүстардың падасы, олады қоргау туралы өлең— жырлар, викториналар, билер, орындалады. Соңында оқушылар өздері дайьгндаған қүстардың үйшіктерін мектеп аймағына, саябақтарға орнықтырады. Жаз айларында үйшіктерге қоныстанған қүстардың тіршілігіне бақылаулар жүргізіледі.Осындай жүмыстарды орындау барысында оқушылар есен жазуға, сурет салуға, сызбалар сызуға, зерттеу жүмыстарын орындауға икемделеді, үйренеді. Сабақтан тыс жұмыстың ерекшелігі. Оқушылардың биология курсы бойынша сабақтан тыс жұмыстары оқушылар үшін міндетті және бұл жұмыс тірі табиғат бұрышы мен табиғатта жүргізіледі. Бұл жұмыс мазмұны жөнінен оқу бағдарламасына тығыз байланысты.Бұл сабақ көрсетуге әзірлей отырып тәжірбие жасау мен кеппе шөп жасау,микроскоппен жұмыс істеу,генетикадан есептер шығару.Әр оқушы жылына 1-2рет жұмыс істейді.Сабақтан тыс жұмыстар өсімдіктану,жануартану,тәнтану,тіршіліктану курстарынанда жүргізіледі.Мыс:тіршіліктану курсының смабақтан тыс жұмыстарын орындауға көбіне ұзақ уақыт қажет сондықтан мұндай жұмыстар қажетті тақырыпты өтуден 2-3ай бұрын беріледі. 2. Табиғаттағы сабақтан тыс жұмыстар.Табиғатқа байланысты сабақтан тыс жұмыстар күзде жүргізіледі;бұл «Органикалық дүниенің эволюциясы туралы Ч.Дарвин ілімі»тақырыбына материалдар жинау.Мұндай жағдайда сабақтан тыс жұмыстар табиғатта жүргізілетін үй тапсырмасы тәрізді болады.Тәжірбие жасар алдында «Органикалық дүниенің эволюциясы туралы Ч.Дарвин ілімі»тақырыбы әдіс темесі айтылады.Тәжірбие әсіресе,ауыл мектептерінің оқушыларына қызықты.Биология пәнін жақсы көретін оқушыларды оқытушы төменгі кластардан-ақ білуі керек және олардың осы талабын мұғалім барынша қолдаумен қатар сол ынта-талабының бұдан әрі тереңірек дами түсуіне көмектесуге міндетті.

Биология пәні бойынша сабақтан тыс өткізілетін жұмыстарды жүргізу әдістемесі. Жалпы биология курсы әдетте мектеп оқушыларын көбірек қызықтыратын цитология, экология, эволюциялық ілім негіздерімен оқушыларды таныстырады. Соның ішінде класстан тыс жұмыс бұрынғыдай мектеп оқушыларына алуан түрлі нәзік амалдар қолдануға, олардың жұмыстағы нақтылы жетістіктерін ғана емес, сондай ақ ақыл ойлы ізденістерімен мәселені шешуге өнегелі қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін оқу қызметін ұйымдастырудың қажетті де құнды формасы болып қала береді. Мектеп оқушылардың класстан тыс жұмыстағы танымдық әрекеті олардың ой өрісін, білімін кеңейтіп, ойлаудың жаңа тәсілдерін игеруге, сондай ақ ізденімпаздық және практикалық таңдауды бағдарлай алатын болады. Әдетте жоғары сынып оқушылары өздері сегіз жылдық мектепте бастаған биология бойынша ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмысты одан әрі жалғастырады, өсімдік шаруашылығы бойынша тәжірибелер өткізіп, табиғатты қорғау жөніндегі шараларға қатысады, мектептің тірі табиғат мүйісіндегі, теплицадағы, оқу тәжірибе учаскесіндегі жануарлар мен өсімдіктер тіршілігін бақылайды.Жоғары сынып оқушылары мектептегі ғылыми қоғам жұмыстарын жүргізуге беріле кірісіп, күрделі теориялық мәселелерге көбірек қызығады, конференциялар, биологиялық кештер, квн өткізіп, олимпиадаларға қатысады.Биологиядан натуралистік бағытта сыныптан тыс жұмыс жүргізетін мектептерде оқушылар мұғалімдерімен бірге, табиғатқа туристік жорық жасап, тірі обьектілерді фотоға түсіреді, фенологиялық құбылыстарға-құстардың ұшып келуі мен қайтуына, көбелектердің алуан түрлерінің алғашқы ұша бастауына, бүршіктердің ісінуіне, жапырақтар алақандарының жазылуына, гүлденуге, жемістердің пісуіне бақылау жасап, өз микроауданындағы жануарлар санын есепке алады.Сыныптан тыс оқу оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, пәнге деген қызығушылығын арттырады. Сыныптан тыс жұмыстар оқу процесінде оқушылардың қызығушылығын жан жақты қалыптастырып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді, практикалық біліктерімен, олардың ойлау қабілетін және дүниетанымын дамытады. Олардың мазмұны, әдістері сабақпен байланысты болады.

БИОЛОГИЯ Кабинеттің ұйымдастырылуы Кабинеттің жабдықталуы белгілі жүйеде, биологияның әрбір курсының талабына сай болуы қажет. Мүғалім жөне оқушылардьщ жүмыс орындары тиімді жабдықталынады.Екі оқушыға арналған астына кітап, дәптер қоятындай столдар және орындықтар қажет. Топпен орындалатын жүмыс кезінде столдарды жылжытуға болады. Ал, түрегеліп түрып орындалатын жүмыс кезінде орындықтарды столдың астына жылжытады. Кабинетте екі краны бар раковина қажет, олар су осімдіктері үшін, практикалық жүмыстар жасау үшін пайдаланылады. Мүғалімнің жүмыс орны және артқы қабырға көрнекі қүралдарды пайдалану үшін талапқа сай үйымдастырылады. Бүл талаптар төмендегідей.1. Демонсграцияланатын зат оқушылардың бәрінс көрінетіндей болуы керек.2. Демонстрацияланатын затқа бөгде нәрселер кедергі болмай оқушылардың зейінін басқа жаққа аудармайтындай болуы керск. (қабырғаға портретгер, осемдік запар, лозунгілерді ілудің қажеті жоқ).3. Затгы алдын—ала көрсетпей, сабақтыц бары-сында қажет кезеңде ғана көрсеткен дүрыс.Мүғалімнің столы қалыптан 20-25 см жоғары болады. Столдың үстіне демонстрация л ауга арналған жәшік қойылады. Жәшіктің жоғары қабатына шыны қойылады. Оның астынан электр шамы жүргізіледі. Одан түскен жарық тақтаны, столды, қабырғаны жа-рықтандырады. Затты демонстрациялаған кезде оның түсіне көңіл аудару керек, егер ақ болса қара фонда, қара болса ақ фонда көрсетіледі. Тақтаның үстіне экран қойылады. Тақтаның бір жағына үзын рейкалар қағылады да оған таблицалар ілінеді. Демонстрациялау столыныц бүйір жағындағы столда сабақтың алдын—ала демонстрацияланатын заттар қойылады. Ол заттарды кезегімен сабақтың барысында ғана пайдаланады.Кабинеттің бүйір қабырғасында немесе артқы қабыргасыңда «Органакалық тіршіліктің дамуы» туралы таблица ілінуі тиіс. Бүл таблицаны биологияның барлық курсында пайдаланады. Одан темен өткен сабақты қайталауға арналған анықтамалар ілінеді.Кластан тыс оқылатын әдебиеттердің тізімі, асиссентердің кезекшілік графигі, тірі табиғат мүйісінің кезекшілігі, жас натуралисттер үйірмесінің газеті немесе «Биология жаңалықтары» атты бөлімді газеттер мен журналдардың қиындылары ілінеді.Артқы қабырғаның қасына биік стол койылады, киноаппарат, нроекциялық аппарат орнатылады. Терезелерде қара перделер ілінеді.Сонымен қатар кабинетте сабақта және кластан тыс жүргізілетін жүмыстар үшін пайдаланылатын, белгілі жүйеде орналастырылған өсімдіктер болуы керек: қуаңшылық жерде өсетін әсімдіктер бір терезсшң алдында, екінші терезенің алдында ылғал сүйгіш өсімдіктер, үшінші терезенің алдында жабайы есімдіктер, төртінші терезенің алдында тәжірибе жасау үшін өсірілетін өсімдіктер оналастырылады. Барлык өсімдіктердің иаспорітары болуы керек.Биология кабинеті үш бөлемеден түрады: лабораториялық класс, препарат жасайтын бөлме, тірі табиғат мүйісі.Пән кабинеті-мүғалімнің оқушыларға сол пөнді терең игеруге мүмкіндік туғызатын зертханасы. Сон-дықтан оқу жыльшың басында мектеп биология кабинеті қазіргі заман үрдісінің талабына сай жабдықталады. Осы кабинегге қандай бөлімдер бар, олар неге негізделіп жасалады? Кабинеггің ішінде төмендегідей болімдерден стенділер жасалады.

Биология кабинетіндегі көрнекіліктср Кабинеттегі көрнекіліктер 2 топқа бөлінеді: табиғи және бейнелеу көрнекіліктері болып. Табиғи тірі кернекіліктерге- арнайы бөлімде өсірілетін, іріктеп алған бөлме есімдіктері, экскурсия кезінде және оку—тәжірибе учаскесінен жинақталган өсімдіктер, террариум мен аквариумдағы, тірі табигат мүйісіндегі тордағы жануарлар жатады..Табиғи қолдан препаратталған қүралдарға жата-тындар: осімдіктанудан, кеппе шөптер, кепие шөптерден орындалған таблицалар, практикалық жүмыстар кезінде оқушыларға таратылатын кептірілген өсімдік мүшелері немесе бүтін есімдік; жануартанудан: кептірілген бунақ денелілер, жануарлардың дамуын көрсететін ылғалды препараттар, фиксацияланған омыртқасыздардың өкілдері, омырқалы жаунарлардың қаңқалары; таратылып берілетін жануарлардың қаңқасының бөлімдері, сүйектер, балық қабыршағы, қүстың қауырсыны т.б. тәнтану пәнінен—адам каңқасы, бөлшектенген сүйектері, микропрепараттар, қан, жануралардың ішкі мүшелері т.б. тіршіліктану пәнінен, биология курстарының барлығында қолданылатын, қүралдар мен кернекіліктер және арнайы биологиялық коллекциялар, таратылып берілетін материалдар және гербарийлер.Барлық табиғи көрнекіліктер мен қүралдар арнайы серелер мен шкафтарда сақталады. Барлығының аты—жөні жазылып көрсетіледі, реттік саны белгіленеді. Лаборанттар осындай тәртіппен орналасқан көрнекіліктерді оңай табады. Бейнелеу көрнекіліктер: таблицалар және сурет-гер биологияның барлық курстарында қолданылады. Тәнтану пәніне арналған муляждар, адамның торсы мен сауыты, бас сүйегі көне замандағы адамдардың бас сүйектері мен еңбек қарулары т.б. сақталады.

Биология сабағында оқушы құзіреттілігін қалыптастыру: ХХI ғасырдағы әлемдік білім беру жүйесін дамуда оқыту үрдісіне қойыл атын талаптардың өзгеруіне байланысты оқытудың жаңа технологиялары қолданылуда.Оқу үрдісіндегі оқыту технологиялары дегеніміз қойылған мақсаттарға және күтілетін нәтижеге жету жолдарын қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларында қамтылған білім мазмұнын меңгертудің жүйеленеген формалары, әдіс-тәсілдері.Олай болса, білім беруде қолданылатын оқыту технологиялары төмендегі негізгі талаптарға сәйкес болуы керек.- оқу үрдісінде білім алушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу;- оқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, күтілетін нәтижелерге жетуге талаптандыру;- жеке дамуға бағытталған әдіс – тәсілдерді қолдану;- өз бетінше білім алуға, оны практикада қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған басты құзырлылықты қалыптастыруға ықпал ететін білім мазмұнын қамтамасыз ету;- білім мазмұнын оқушыларды өз бетінше зерттеу мен жоба жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау.Қазақстан Республикасы 12 жылдық жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті стандартындаанықталатын түйінді құзыреттіліктер ретіндегі білім беру нәтижелеріне әрбір білім алушының қол жеткізуіне бағытталған проблемалардың шешімін табу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктер басты талаптары болып табылады. Құзыреттілік – оқушылардың іс -әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі. Олай болса, оқушының түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағыттай жұмыс істеу талап етіліп отыр.Дамыта оқыту технологиясын көрнекті ғалымдар Л.С. Выготский, М.Я. Лернер, Л.В.Занков, В.В. Давыдов, Д.Б Эльконин толық зерттеп, дәлелдеген.В.В. Давыдов «Дамыта оқыту дегеніміз - ақыл - ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысы» - дейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері:1. Оқу мақсаттарының нақты қойылуы.2. Оны шешудің жолын бірге қарастыру.3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.Осы компоненттерді шешуде оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде ғана болады. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын дәлелдей білуге үйретіліп, әр оқушыға өз ойын, өз пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. Оқушының құзыреттіліктерін қалыптастырудағы дамыта оқыту технологиясының қолданыс табуын төмендегідей көрсетуге болады.І. Табыс ситуациясын тудыру кезеңінде оқушылар өз жетістіктеріне көз жеткізеді, яғни білетіндері сараланады. Осы кезеңде оқушылардың ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту көрініс береді.ІІ. Интеллектуалдық шиеленіс кезеңінде оқушылардың ізденіс зерттеу әрекеттерін ұйымдастыруда салыстырады, топтардың жауаптары тыңдалып, шешімдері тыңдалады. Осылайша сабақ мақсатын оқушылар өздері айтады. Бұл кезеңде оқушылар алдарына қойылған проблемаларды анықтап, топтың шешімі арқылы мақсат қояды. Яғни, проблеманы шешу құзыреттіліктері қалыптасады. ІІІ. Оқу міндетін қою кезеңінде жеткіліксіз білімдерін өздері меңгереді. Оқулықтан тиісті ақпаратты тауып, қажеттісін сызба арқылы береді. ІV. Оқу міндетін шешу амалдарын іздестіруде практикалық жұмыстарды топ өздері орындайды, қиындықтарды анықтап, шешімін айтады. V. Қорытынды рефлексия кезеңінде әр топ, әр оқушы өз түсінігіне талдау жасап, өмірде қолданылу аясын айтады. Келесі сабаққа міндет белгілейді. Сол сияқты, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы қазігі таңдағы талаптарға сай алатын орны ерекше. Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясына бағытталған әдістер: өзбетінше тұжырым жасау қабілетін дамыту, пікірталас, білім, іскерлік дағдысын қалыптастырады. Сыни тұрғыдан ойлау - бұл саналы мағынаны іздеу: өзінің көзқарасының қандайлық болуымен, басқалардың да пікірін ескеріп, қандай да обьективті ойлау және қисыны бар өзіндік қате сенімінен бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор.

Биология сабақтарына қойылатын талаптар 1. Әрбір сабақта білім беру, даму және тәрбиелеу мақсаттарының бірлігі сақталуы керек. Әрбір сабақ оқыту процесінің басты заңдылықтарын жүзеге асыруға ықпал етуі қажет.Сабақта белгілі бір білімді баяндай отырып, оқушылардың пайымдауын дамыту, олардың ойлау қабілетінің дамуына ықпал ету және оларды қоршаған дүниеге лайықты қатынасын қалыптастыру, оларға осы қатынастар негізінде мінез-құлық дағдысын сіңіру қажет.2. Әрбір сабақ дидактиканың барлық принциптеріне және бәрінен бұрын оқыту мен өмірдің ғылымилығы мен байланысына жауап беруі керек. Кез-келген оқу пәні бойынша кез келген сабақ - ол процестін бір бөлігі, сондықтан да оқып-үйретуді ғылыми танымда нақтылықтың критерийі рөлін атқаратын өмірмен, практикамен байланыстыра білуге, ал оқу процесінде - оқуға ынталықты, оған оң көзқарасты, айналадағы ортаның құбылыстарын түсіндіру үшін теориялық білімдерін практикада қолдан білу дағысын қалыптастыруға тиіс. 3. Әрбір сабақ, ең алдымен, сабақтың тақырыбымен жиі ауыстырылатын айқын дидактикалық мақсатпен сипатталуы керек. Әрбір тақырып бойынша бірнеше сабақ өткізілуі мүмкін және олардың әр қайсысының өзінің нақты дидактикалық мақсаты болуы тиіс: оқушыларды ойлау операцияларымен қаруландыру (классификаиялау, көшіру, жалпылау, т.б.), білімін практикада қолдануға дағдыландыру, оқуды тақырып бойынша жекелеген фактілермен таныстыру, теориялық қорытындыларды өз бетінше тұжырымдау дағдысын қалыптастыру және т.б. 4. Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың танымдық қызметін жандандыру мақсатында оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану. Оқушыларға кез-келген бірыңғай ұзақ ықпал ету (мысалы: ұзақ ауызша түсіндіру) олардың ынтасының ыдырауына, енжарлыққа алып келуі мүмкін. Олар сабақта алаңдайды, мұғалімнің ақпаратын қабылдамайды. 5. Сабаққа қойылатын талаптардың бірі — оның эмоционалдығы. Ол оқушыларды сабақтағы маңызды қызметті - жаңа білімді игеруге итермелейді. Ол сырттай ғана байқалуы мүмкін (мұғалімнің қатты дауысы, қол сілтеуі, т.б.) және эмоционалдылық мұғалімнің сабақтағы оқыту процесіне, оқылатын тақырыпқа қатысты байқалуы мүмкін. 6. Әрбір сабақта оқушылардың білімін үздіксіз есепке алу жургізілуі керек. Оқыту процесі кез-келген сабақта тұрақты кері байланыс болған жағдайда тиімді болады. Сабақтың әрбір кезеңінде мұғалім, оқушының оқу материалын игеру деңгейін біліп отыруы керек, өйткені ол осы деңгейдің үнемі өсіп отыруына жағдай туғызуы керек. 7. Әрбір сабақ өзінің ұйымдастырушылық заңдылықтарымен, оң нәтижелерді сезінгіштігімен ерекшеленуі керек. Әрбір өткен сабақ мұғалім мен оқушыға алға басушылық сезімін туғызуы керек. Сабақ білім көлемінің елеулі өсуін қамтамасыз етуі немесе сапасын жетілдіруін, немесе осы екеуін де қамтамасыз етуі керек. Білімнің осындай елеулі өсуі (білік пен дағдының) қанағаттану сезімін туғызады, әрине оқушының оқуға деген белсенді көзқарасын туғызады. Әрбір сабақ оқыту процесінің тамандалған бөлігі болуы тиіс. 8. Әрбір сабақта жүйелі қайталаудың элементтері қатысуы тиіс. Қайталау ешқашан да жаттанды қайта айтуға алып келуі тиіс емес. Әрбір сабақтағы жаңадан оқылатын материал бұрын өтілгеннің тұрғысынан қарастырылуы керек. Мұғалім жаңа материалды баяндағанда мүмкіндігінше оны алдыңғы өткенмен байланыстыруы, оған сүйенуі керек. 9. Әрбір сабақ техникалық оңтайлы және дидактикалық жарақ-тандырылган болуы керек. Таным сезімдік қабылдаулардан басталады. Әйтсе де, көрнекілік, техникалық құралдарды орынды пайдалану қажет, бәрінің де шегі болуы керек. 10. Кез-келген пән бойынша әрбір сабақтың өткен және алдағымен байланысы. 11. Сабақтың барлық уақытын үлкен табыстылықпен пайдалану. Сабаққа дайындалғанда оқушылардың 45 минут бойы жұмысын ұйымдастыруды ойластыру керек. 12. Оқушылардың бүкіл сабақ бойы оқу-еңбек тәртібін қамтамасыз ету. Алдыңғы айтылған талаптарды орындау сабақтағы тәртіпті белгілі бір деңгейде қамтамсыз етеді Әйтсе де, мұғалім тәртіпті үстау үшін әрбір оқушының жеке басын силай отырып, белгілі бір талап қоя білуі керек. 13. Сабаққа қойылатын талаптардың бірі оның құрылымдық икемділігі болып табылады.Мысалы, мұғалім сабақтың айқын құрылымын, оның нақты мақсатын ойластырды, бірақ кейде сабақ белгіленген жоспар бойынша өтпейді. Бұл жағдайда мұғалім сабақ барысында қажетті түзетулер енгізе, оның құрылымын ауыстыра, қосымша тәсілдерді пайдалана білуі керек, бірақ мақсатқа жету керек. 14. Сабақтың кәсіби бағыттылығы. Әрбір сабақтың оқу пәніне тәуелсіз, кәсіби бағыттылығы болуы керек. Мүмкіндігінше әр ретте оқу материалының болашақта қандай да бір мамандықты иемденудегі маңызын, алған білімнің алдағы бүкіл өмірдегі маңызын атап көрсету керек. 15. Үй тапсырмасының тиімділігі және оны міндетті тексеру. 16. Қолайлы моральдық-психологиялық және санитарлық-гигиеналық жағдайлар туғызу. Сабаққа қойылатын он алты талап қарастырылды, бірақ бұл тізімді (перечень) жалғастыруға болмайды дегенді білдірмейді. Әрине, мұғалімнің әрбір сабақта олардың барлығын орындауын талап етуге болмайды. Бірақ оларды білу міндетті, өйткені ол сабақтың жоғары тиімділігіне алып келеді.

Биология сабақтарында оқулық бойынша жүргізілетін үй жұмысы. Үй тапсырмасының мазмұны сабақпен байланысты және сарамандық немесе оқулық бойынша,мұғалімнің үйге берген тапсырмасын оқушылардың үйден өз бетінше орындауы. Оқушылар көбінесе оқулықпен жұмыс жасауды білмейді.Олардың кейбіреуі сабақты тек жазба жазбалары бойынша ғана оқыса,келесілері мәтінді жаттап алады,ал үшіншілері тек шала қарайды. Ал баяндама әзірлеу барысында оқушылар кітап беттерін көшірумен шектеледі.Міне,үй тапсырмасы осы қателікті болдырмауға бағытталған.Оқушылардың ой өрісін дамытады,өз бетімен жұмыстануын белсендіреді.Оқушылардың оқулықпен жұмыстануының негізі мәтінді түсініп оқып,ойланып осы мәтіндегі негізгі мәселелерге мән береді.Мәтінге дәлелдемелер келтіріп өз ой-түйінімен қортындылайды.Тағы бір артықшылы- ғы бала сөйлеуге үйренеді,сөз қоры молаяды,көптің алдына шығып өзін қалай ұстау керектігіне дағдыланады.Оқушының жұмысын белсендіретін оқулықтағы тарау немесе тақырыптың соңындағы сұрақтар.Сонымен қатар мұғалімнің оқушыға салыстыруға қойған сұрақтары да маңызды.Себебі:сұрақтар жылдан жылға қарапайымнан күрделене береді. Салыстыру сұрақтары оқулық мәтініне негізделіп қана қоймайды,оқушылардың мәтінді мұқият оқуын талап етеді.6сыныпта салыстыру жай объектілерді 1-1мен белгілері бойынша ажыратады.7сыныпта салыстыру күрделене бастайды,себебі 6-сыныптың бір жылдық материалымен салыстырады.Сынып өскен сайын салыстыру көлеміде ұлғая береді. Оқушы мәтінді алдағы материалмен салыстырғызатын, ұқсастығын тапқызатын үй тапсырмасы мәтінді дұрыс түсініп оқуын дамытады. Осыған байланысты оқушыға кесте толтыруды да тапсыруға болады.Оқулық бойынша үй тапсырмасы білімді бекітеді. Оқулықпен жұмыс жасау тәсілдері: 1)мәтінді оқып қарап шығу.2)мәтіннің өте қиын бөлімін талқылау.3) сурет,кесте,сызбаларды қарау.4) сандық шамаларды түсіну.Оқулықпен жұмыс істеген кезде мәтін ішіндегі ең негізгілерін таңдап,фактілі материалдарды шығарып,түсінігін айта алу керек.

Биология сабақтарының түрлері, олардың құрылымы. Оқу - тәрбие жұмысының негізгі формасы – сабақ. Сабақта мектеп оқушылары тұрақты ұжыммен белгіленген уақытта сабақ кестесіне сай білім алады. Сабақтың элементтері бір – бірімен тығыз байланысты және ол бір тұтас құрлым тұрақты жүйе ретінде қарастырлады. Сабақтың түрлері: сабақтың негізгі екі түрі бар: дәстүрлі және дәстүрсіз. Күнделікті биология пәндерін оқыту барысында сабақтардың алуан – түрлері қолданылады.Мысалы: дәріс, кіріктірілген, аралас, семинар, конференция, жарыс, топсеруен, сарамандық сабақтар. Методикалық тұрғыдан дұрыс құрастырлған сабақтар мұғалімінің оқушылармен бірге жүргізген бір қатар оқу - тәрбие жұмыстарының мақсаттарын шешеді. 1.Бағдарламаға сай білімнің көлемін оқушылардың мңгеру сапасы арттырып, оқушылардың дүниеге көз – қарасын дамытады; 2.Оқушылардың қоршаған ортаны, өзінің ағзасын танып білудегі икем дағдыларын дамытып тіршілікте осы дағдыларды пайдалана білуге үйретеді; 3.Биологияны оқыту процесінде оқушылардың бойында пәнге деген құнды -эмоционалды қарым – қатынастарын қалыптастырып шығармашылық белсенділіктерін арттырады. Оқушының жеке деңгеиінің жоғарылауын және өзіндік дамуын қалыптастырады.4.Қазіргі әлуметтік қоғамда жеке тұлғаның бейделунің мүмкіншіліктерін, өзіне - өзі нақты баға беру, үйреншікті ойлаудан бөлек заманның талабына сай ойлауын сана -сезімін арттыраады;5.Оқушылардың жекеше позотивтік қасиеттерін қалыптастырады. Сабақ құрылымы сабақ тұтастығын қамтамасыз ететін оның элементтерніңі жиынтығы. Әрбір сабақтың құрылымы оның мақсатына оқылатын материалдық мазмұнына оқытулың әдістері мен тәсілдеріне оқушылардың дайындық деңгейіне тәуелді болады. Әртүрлі сабақтар құрылымына ұқсас болуы мүмкін емес, ең алдымен құрылымына барлық негізгі элементтер енетін аралас типті сабақты тыңдап көрелік. Ол мынадай кезеңдерден тұрады. Ұйымдастыру кезеңі. Үйге берілген тапсырманы сұрау. Жаңа материалды баяндау. Жаңа материалды бекіту. Қорытыдылау. Үйге тапсырма. Бағалау

Биологиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар және оның түрлері. 1. Сабақтан тыс жұмыстардың түрлері.2. Сыныптан тыс жұмыстар.Оқушыларға білім және тәрбие беруде басты міндет атқаратын оқу процессінің формаларының бірі сабақтан тыс және сыныптан тыс жұмыстар болып саналады.Сабактан тыс жұмыстар биология кабинетінде, тірі табиғат аясында, оқу-тәжірибе алаңында орындалады.Жұмыс тәжірибе, өсімдіктердің коллекцияларын, гербарийлерді бақылау аркылы жүргізіледі.Әрбір оқушы жылына бір, екі жұмысты сабақтан тыс жағдайда орындау керек. Осы орындалған жұмысты ұстаз бағалап, отырады.Сыныптан тыс жұргізілетін жұмыстардың тапсырмалары өткен сабақтың такырыптарына жақын, тіпті сәйкес келеді. Үй жұмысы сияқты сыныптан тыс жұмыстарды оқушыларға алдын ала бірнеше мерзім ішінде орындауға беріледі (бір аптаға, айға немесе бірнеше тәулікке). Мысалы, ботаника пәнінен берілетін тапсырма суда өсірілетін өсімдіктермен тәжірибе жұмысына екі ай уакыт, оттегінің бөлінуіне арналған тәжірибеге 3 күн, тамырдың қысымын зерттеуге екі күн.Сыныптан тыс жұмыстар да оқушылармен еркін түрде, өз калаулары бойынша жұргізілетін сабақтың формасынын. бір түрі болып есептеледі. Мұғалімнің баскаруымен оқушылардың биология пәніне деген қызығушылығын арттыруға, үлкен әсерін тигізеді. Сондықтанда сыныптан тыс жұмыстардың білімдік маңызымен катар окушыларға тәрбиелік те рөлі бар (еңбекке, мәдениетке, табиғатқа деген көзқарасының дамуына және қалыптасуына, ұйымшылдыкқа жеке шығармашылығының жоғарылауына т.б.).Биология пәнінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың формалары алуан түрлі: топтасып жүргізілетін жұмыс, жеке түрде жұргізілетін жұмыстар.Топтасып өткізілетін жұмыстарға мыналар жатады: жас натуралистер үйірмесіндегі жүргізілетін жұмыс, биология кабинетінде "ассистенттік" жұмыс атқарып, оны жабдыктауға, безендіруге қатысу.Оның ішіндегі жас натуралистер үйірмесінің алдына койылатын мақсаты - биологияны қызығып оқитын талапкерлердің білімін тереңдету, олардың шеберлігін және іскерлігін арттыра отырып, табиғаттың даму зандылығына деген материалистік көзқарастарын дамыту.Үйірме жұмысы бір жүйелі түрде өзінің жоспарланған бағдарламасы бойынша өзеркімен қызығып қатысушы оқушылардың белгілі бір тобымен жүргізіледі. Әрбір сыныпта биология пәнінің салаларынан арнаулы мынандай үйірмелерді ұйымдастыруға болады. 6 сыныптарға жас ботаниктер үйірмесі, 7 сыныпта - жас зоологтер үйірмесі, 8-9 сыныптарда жас физиологтар, 10-11 сыныптарда жас биологтар үйірмесін ұйымдастыруға болады. Үйірмелердің былай бөлінуі біріншіден окушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты болса, екіншіден олардың білім деңгейіне де байланысты. Әрине, бұл үйірмелер бір-бірімен алшақ, қатынас жоқ деуге болмайды. Керісінше олардың арасында байланыстар өте тығыз бір-бірін толықтырып отырады. Әрбір оқушы өзінің қызығуына қарай қалаған үйірмелеріне қатысуына болады. Мысалы, жоғарғы класс оқушылары ботаника немесе зоология үйірмесіне қатысуына болады.Жалпы биологиялық сыныптан тыс жұмысқа юнаттар үйірмесіне аз ғана оқушыларды ұйымға тарта отырып, окытушы окушылар мен жалпы жұмыс өткізеді. Мысалы, кинофильмдер көрсету аркылы лекция және демонстрациялық сабақтар өткізу, табиғатта немесе басқа өндіріс орындарына, көрмеге саяхаттар жасау, ғылыми кештер және конференциялар өткізу. Оқушылардың өнер-шеберлік көрмесін ұйымдастыру, әртүрлі тематикалык кештер ұйымдастыру "Алтын күз", "Бақ аптасы", "Кұстар күні", газеттер мен альбомдардың көрмесін ұйымдастыру, т.б.Жекелеп жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарға жататындар: тірі табиғат бұрышында істелетін жұмыс, оқу-тәжірибе участогінде істелетін жұмыс, табиғатта істелетін жұмыс және сыныптан тыс әдебиеттерді оқу.

Биологияны оқытуда қолданылатын инновациялық әдістер: Жаңа технологиялар арқылы жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор. Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры.Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез-құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап етеді. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. Биология сабақтарында ақпараттық — коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі: • оқушының өз бетімен жұмысы; • аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;• білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;• шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;• қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;• қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;• экономикалық тиімділігі;• іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;• қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;• оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Биосфера эволюциясының келесі жаңа кезеңі ноосфера кезеңі деп аталады. Грекше «noos» ақыл ой, «sphaira» шар деген ұғымды білдіреді. Ол «саналы қабық» деп аталады. Ноосфера адамның санасы, ақыл ойы шешуші рөл атқаратын биосфераның жаңа эволюциялық деңгейі. «Ноосфера» ұғымын ғылымға 1927ж француз ғалымдары Э. Леруа, П.Тейяр де Шарден енгізген. 1930-1940ж В.И.вернадский ноосфера туралы ілімді дамытып, тереңдете түсіндірді. В.И.вернадский ілімі бойынша «Ноосфера табиғат пен қоғам заңдылықтары өзара бірігіп әсер ететін біртұтас жоғары жүйе». «Қолдану» кезеңі. А) Деңгейлік тапсырмаларды орындау. В) Биологиялық диктант.

Date: 2016-05-24; view: 1390; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию