Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Биосфера және ғылыми техникалық прогресс тақырыбын оқыту әдістемесі. 3 page





Мектептегі факультативтік сабақтар,арнайы курстар, пән бойынша олардың мазмұны және ерекшеліктері. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың факультатив түрі оқушылардың сұранысы мен қызығушылығы негізінде әртүрлі пәндерге қатысты ұйымдастырылады. Ол міндетті оқу курстарына сүйеніп оқу пәндерін тереңдетіп оқытады. Оның қызметі көпжақты: оқушыларды ғылымға қатыстыра отырып, олардың дүниетанымын тереңдетеді және кеңейтеді; белгілі бір пәнге қатысты танымдық қызығушылықтарын тұрақты қалыптастырады. Оқушылардың пәнге бейімділігін ескере отыра, факультативтік оқуды олардың қалаған мамандықтарына сай психологиялық және практикалық дайындығын арттыру және кәсіби бағдарын қалыптастырудың нәтижелі формасы ретінде қолдануға болады; олар жоғары сынып оқушыларының еңбекке дайындығына елеулі үлес қосады. Ол оқудың жоғары ғылыми деңгейін қамтамасыз етіп, оқушылардың өзіндік білім алуы мен шығармашылық дамуына да ықпал етеді. Кітаппен, анықтама әдебиеттерімен, оқу – әдістемелік нұсқауларымен өз беттерінше жұмыс істеу дағдысын тәрбиелейді, приборлармен қарым – қатынасқа түсу, оларды орнықтыруда өзіндік ақыл – ой еңбегі мен тәжірибелік біліктілікті қалыптастырып, эксперимент жұмыстарын жүргізу тәсілін меңгереді. Оқушылардың факультативтік оқуда алған білімдері мен дағдылары сабақтарда белсенді қолданылып, олардың міндеттері, мазмұны мен әдістері арасындағы өзара байланыс логикалық тұрғыда іске асса, онда оқу жүйесінің нәтижесі анағұрлым артады.

Мектептік олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі. Жалпы білім беру пәндерінен өтетін Республикалық олимпиаданың негізгі мақсаты оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын дамыту, пәндік білімін тереңдету, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдай жасау. Олимпиаданың бірінші кезеңі- мектеп олимпиадасы. Оған өз тілектері бойынша 7-11 сыныптың оқушылары қатысады. Оның нәтижесі бойынша аудандық олимпиадағы қатысатын мектеп командасы анықталады.Екінші кезең- олимпиаданың облыстық ұйымдастыру комитеті құрастырған тапсырмалар бойынша аудандық халыққа білім беру бөлімдері өткізетін аудандық олимпиада. Оған мектеп олимпиадасының жеңімпаздары болып табылатын 9-11 сыныптың оқушылары қатысады.Үшінші кезең- облыстық олимпиада Алматы және Астана қаласының, сонымен қатар республикалық дәрежедегі мектептер олимпиадалары мәртебесі жөнінен облыстық олимпиадаға теңестіріледі. Оны тиісті халыққа білім беру органдарында құрылған облыстық және қалалық ұйымдастыру комитеттері жүзеге асырады. Оған аудандық олимпиада жеңімпаздарынан құралған 9-11 сынып оқушыларының командалары қатысады. Төртінші- іріктеу кезеңі республикалық олимпиадаға дайындығы жақсы оқушыларды іріктеу мақсатымен өткізіледі.Олимпиаданың міндеттері1. Оқушылардың физика, математика, биология және химия пәндеріне тереңдетіп оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.2. Оқушылардың қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту.3. Оқушылардың белгілі бір ғылым саласындағы соңғы жетістіктермен таныстыру.4. Оқу және кәсіби уәждеме деңгейін арттыру.Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібіОлимпиадаға қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша 10-11 сыныптар, жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша 9-11 сыныптар оқушылары қатысады.Олимпиаданың тапсырмаларын жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша пәндік әдістемелік бірлестіктер дайындайды және ғылыми-әдістемелік орталық бекітеді. Олимпиадаға қатысушы қазылар алқасының бағасымен келiспеген жағдайда, апелляцияға бере алады. Апеляцияға беру әр тур бойынша қорытынды шыққанна кейін бір жұмыс күні ішінде орындалуы керек..Мектепішілік олимпиаданың жүлдегерлерi мектеп дипломдарымен, грамоталарымен және жүлделерімен марапатталады.Олимпиаданың аймақтық кезеңінеқатысушылар саныәр пән бойынша жүлдегерлер санымен анықталады. Егер бірнеше қатысушы бірдей балл санын жинаған жағдайда, жүлдегерлер саны қазылар алқасының шешімімен көбеюі мүмкін

Мұғалімнің сабаққа дайндығының жүйесі. Сабақты талдау және өзіндік талдау. Биология мұғалімінің тұлғасы.Алғашқы биология сабағын өткізу.Өзінің сабағын талдау. Қазіргі балалардың көп нәрсені өте ерте біліп, кейде әдейі (мұғалімнің мәселеге байланысты не білетінін байқағысы келіп) сабақтан тыс мәселелер сұрайды. Бұл кездесіп жүрген шындық. Акпарат ағынының молдығы, стрестен ерте есею, күдіктіліктің дамуы - бұлардын барлығы уакыт талабы. Балалар өздерінше өмір сүргілері келеді, көпшілік біздіңше коғамның эталонын ойлап қабылдамайды. Ал ұстаз, тәрбиеші міндетті түрде өзін-өзі ұстай білуі керек, өйткені ол - педагог. Кәсіби шыдамдылык, басқаша ойлайтындарды түсіне алу кәсіби борышына адалдық болып есептеледі. Ең тамаша мектеп, тамаша безендірілген биология кабинеті, жетілдірілген окулыктар мен оқу құралдары-ешкайсысы және еш уақытта ұстаз түлғасына шақ келмейді, оны еш айырбастай алмайсын. Биолог-ұстаздың түлғасы, онын эрудициясы, өз ісіне берілгендігі және талантты оқушылар санасына өшпес белгі калдырады, көбінесе олардын кабілеттері мен ықыластарына тәуелсіз, жеткіншектердің өмірлік жолы аныктайды.Казіргі, жаңа окушыға жаңа, білгір, эрудицийсы жоғары, жаңашыл ұстаз керек. Ұстаздың ең етене кәсіптік белгісі - педагогтық әдеп. Мұғалімнің кәсібінің ерекшелігі ең алдымен оның педагогтык әдебінде жатады. Педагогтардың кейбіреулері педагогтық әдеп - мұғалімнін оқушыны баурап алатын табиғи қабілеті десе, енді біреулері -мұғалімнің жалпы мәдениетінің кұрамдас бөлігі; үшінші біреулері - пәнді жетік білу және оның әдістемесін жақсы меңгеру деп есептейді. Осы айтылғандардын бәрінде де педагогтық әдептің азды - көпті белгілері бар.Ұстаз алдында оку материалын жоспарлау, сағат көлемін, қажет болса оқылатын такырыптар, тараулар ретін өзгерту, оқытудың формалары мен сабакты өткізудің әртүрлі әдістерін колдану сиякты үлкен шығармашылык әлемі жатыр.Оқушылардыц тірі табиғатқа деген танымдык кызығушылығын арттыру көпшілік жағдайда алғашкы, биологияға кіріспе сабағының (5-6 сыныптарда) сәтті өтуімен байланысты болады. Осы сабаққа дайындалу алдындағы сынып ерекшеліктері мен оқу кабинетінің материалдық базасына байланысты сабақ мазмұнын, оны беру әдістерін тандап алуда ұстаздан шығармашылык талғамды талап етеді.Алтыншы сынып оқушыларын тірі ағзалар әлемімен таныстыруда педагогикалык тұрғыдан екі немесе үш кіріспе сабақтарын өткізу тиімді (алғашкы сабақтар міндетгі түрде биология кабинетінде өтуге тиіс).Алғашқы сабақта «Биология нені оқытады» деген такырыпта окушыларды тірі табиғат жөніндегі биология ғылымымен, оның зерттеу нысаны, тірі ағзалардың көп түрлілігі, маңызы мен оларды қорғау мәселелерімен таныстыру кажет.Сабакты «Дүниетану», «Жаратылыстану» пәндерінде оқылған табиғат жөніндегі білімдерін калпына келтіру, естеріне түсіруден, дүниетану, жараталыстану мен биология арасында логикалык көпір жасау аркылы бастаған орынды. Ол үшін оқушыларға талқылауға мынадай сұрактар ұсынылады; дүниетану нені оқытады? Екінші сабақты өткізуде биология кабинетінде «табиғатты бакылау, танымжорык» атты бұрыш ұйымдастырылуы тиіс, онда күздегі табиғат, жан-жануар, өсімдіктер жөнінде деректер (суреттер, нақпішіндер, гербарийлер т.б.) болуы тиіс. Үшінші сабақ «Окулықпен танысу, онымен жұмыс жасау» такырыбында өте тамаша болары сөзсіз, сабакты табиғатта өзін-өзі ұстау ережелеріне үздік мазмұндамаға бәйге жариялап, соны жазғызып бастауға болады.Дұрыс ұйымдастырылған сабақтың жемісін теориялық білімнің нәтижесінен көруге болады.Биология сабактарына койылатын жалпы дидактикалык, талаптарға тоқталайық: ұстаздын өзінің биологиялык білімін жоспарлы түрде үздіксіз көтеруі, сабақты талдай отырып оқушыларыңыз қалай жауап бергенін есіңізге түсіріңіз?Окушылардың жауаптарының мазмұны койылған сұрактарға сәйкес болды ма?. Жауаптар қаншалыкты биологиялык сауатты болды?. Бір сөзді жауаптар болды ма?. Оқушылардың монологтык сөздері дағдысын калыптастыруда кандай жұмыстар жүргіздіңіз?.Алғашқы сабакта нақ балаларды ауызша жауапка койылатын талаптармен таныстырыңыз; сөздің сауаттылығын қадағалаңыз, қателерін ашуланбай түзетіп, сөздерінің аз болса да дамуын қадағалап отырыңыз.Әрбір өткізілген сабактан кейін ұстаз өзіне сұрак коюы тиіс; бүгін менін жұмысымда қандай кезеңдер дұрыс болды? Қайсысы дұрыс шықпады?. Себебі неде?. Келесі жолы нені өзгерту, калай істеу керек? Сабақты өзіндік талдауды мына тұрғыда жүргізуге болады:1- Биологиядан жетілдірілген бағдарламаның талаптарын орындау.Белгіленген сабақ жоспары жүзеге асырылды ма?. Сабак мазмұны қаншалыкты дәрежеде бағдарлама талаптарына сәйкес болды, ауытқулар болды ма?. Егер болса, ол қажеттіліктен бе, әлде кездейсок па?. Сабақты талдауды, салыстырудың, негіздеудің, корытынды жасаудың логикалық біліктілігін калыптастыруға; тәжірибелер кою, бақылау жүргізу микроскоппен жұмыс, гербарийлермен жұмыс жүргізудің арнайы біліктілік пен дағдысын қалыптастыруға; мәтінмен жұмыс істеудің және оқулықтың мәтіннен тыс кұрам бөліктерімен жұмыс істеудің жалпы біліктілігін калыптастыруға кажетгі көңіл аударылды ма?.2. Негізгі білім беру, тәрбиелеу және дамытушы міндеттердің шешілуі.Сабақтың міндеттері дұрыс анықталған ба?. Соны ойланыңыз. Оларды алдынғы өткен және соңғы сабақтардың міндеттерімен байланыстыру болды ма?. Сабақ негізгі максаттарына жетті ме?3. Таңдап алынған сабақ құрылымын және әдістерін негіздеу.Егер бұл үйреншікті кұрастырылған сабақ болса, онда сұраудың, жаңа материалды түсіндірудің, бекітудің, корытындылаудың, үйге тапсырма берудің ретін негіздеңіз. Сабактың максаты, типі және кезеңдері арасындағы өзара байланысты анықтаңыз.Сізге жоспарланған сабақ құрылымын сактау мүмкін болды ма? Егер болмаса, ол не себепті?. Өткен сабақты қайталау кезінде курстың жетекші идеяларын калыптастыруды жалғастыру жүрді ме, немесе кайталауды ұйымдастыру тек еске түсіру деңгейінде болды ма?Жаңа материалды игеру барысында ұғымдарды қалыптастырудың кезеңдерінің негізгі ережелерін қалай қолдандыңыз?. Сабақта пән аралык байланысты жүзеге асыру мүмкіндігі болды ма?. Сіз оны калай жүргіздіңіз?.Оқылған материалды бекіту мен негіздеу кандай деңгейде ұйымдастырылды?.Үй тапсырмасының көлемі мен сипаты оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болды ма?. Үй тапсырмасы окылған такырыптың негізгі мәселелерін бекітуге бағытталды ма?. Сабақтың әрбір кезеңінде кандай әдістер мен тәсілдер қолданылды?. Тандап алынған әдістердің сабактың әрбір кезеңінің міндеттерін шешуге және сабақтың максатына жетуіне себі тиді ме?. Оқушылардың оқу жұмысын күшейтуге, проблемалык жағдайлар туғызуға, шығармашылыққа және оқылған тақырыпка қызығушылығын арттыруға қандай әдістер мен тәсілдер колдандыңыз?.Қандай әдістерді қолдану сізге сабақтың міндеттерін неғүрлым толык шешуге мүмкіндік берді.

Оқушыларды әдептілікке және эстетикалық талғамға тәрбиелеу. Сабақтың дамытушылық мақсатына қойылатын талаптар, оқушылардың оқу – танымдылық, іздемпаздық, шығармашылық, қызығушылық іс - әрекеттерімен белсенділіктерін дамыту, сонымен бірге қоғамның дамуына сәйкес білім деңгейлерін жоғарылату. Экскурсиялар - оқушылардың табйғй жағдайда өсімдіктер мен жануарлар тіршіліктерімен танысуына мүмкіндіктер берді. Табиғатқа өндірістерге, мұражайларға, ауыл - шаруашылық қожалықтарына т.б. оъектілерде өткізіледі. Экскурсйялар сабақтың тақырыбымен тығыз байланысты. Топсеруендер түсініктер комплексне кіріспе немесе түсініктерді бекіту, нақтылау, тереңдеу, қортындылау үшін жүргізіледі. Экскурсйя кезінде бақыланған құбылыстар, объектілер, жинақталған материялдар сабақ кезінде көрсетіліп, қайталанады. Үй жұмыстары - да сабақпен тығыз байланыста болады. Оқушылар үйде аса күрделі емес тәжрибелер орындап бақылауцлар жүргізеді. Эксперимент – сипатындағы жұмыстар сабақтың мазмұны мен тығыз байланымта, оның қортындысы міндетті түрде сабақтадемонстрацияланады. Сабақ кезінде басталған практикалық жұмыстар аяқталмай қалған жағдайда үйде жалғастырады. (мыс: гүлдердің бөліктерін дәптерге жапыстыру, таблицалар толтыру, схемалар мен суреттер салу. Т.б.) жұмыстар.Әсіресе оқушыларды қызықтыратын алдын – ала орындалатын үй жұмыстары, жаңа сабақ өту кезеңінде оқушы өз бетінше үйде орындаған жұмысының қорытындысын алып келеді, оқушының өзі немесе мұғалім үй жұмысын сабақтың мазмұнымен байланыстары отырып демонстрациялайды. Үй жұмыстары мен сабақтың бір – бірімен тығыз байланысы жүйелі түрде биология курстары бойынша сабақтан – сабаққа жалғаса береді.

Оқушылардың білімін бағалау, бағалауға қойылатын талаптар. Оқушылардың оқу материалын меңгергенін тексеру және бағалау – оқыту нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әр түрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару.Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтайды.Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады.Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына қозғау салады. Білім, іскерлік, және дағдыларды тексеру оқушылардың танымдық процестерін күшейтуге үнемі байланысты болғандықтан, ол мектеп оқушыларының зейін, ес, ойлау, сөз сияқты танымдық процестерінің дамуына ықпал жасайды. Оқушылардың білімін тексерудің оқыту процесінде өз мәніндегі ролі болмайды, бірақ ол педагогикалық процестің барлық бөлімдерімен ажырамастай байланыстағы қажетті құрам бөлігі болып табылады. Ботаника курсының мол мазмұны оқушылар білімін әр түрлі методтармен тексеруге мүмкіндік жасайды. Білімді ауызша, жазбаша тексеру, практикалық жұмыстары өте кең қолданылады. Білімді ауызша тексеру оқушылар білімін жан-жақты тексеруге мүмкіндік береді. Оқушылардың оралымды баяндауы осы методтың бір түрі болып табылады. Ботаникадан білім тексеру үшін оралымды баяндауды қолдану мұғалімге оқушылардың білімін әділ де дәл анықтауға, ойы мен ауызша сөйлеуін дамытуға мүмкіндік береді. Алйда ауызша тексерудің бұл түрі көп уақытты қажет етіп, осы сабақта жауап беретін оқушыларды ғана жұмылдыра алады. Сондықтан оны білімді ауызша тексерудің басқа түрлері және тәсілдерімен үйлестіру қажет.Мысалы, тақтаға шақырылған оқушының біріне мүктің өсіп-жетілу кезеңдерін жүйелі түрде қысқаша жазу ұсынылады. Екінші бір оқушы осы тақтаға әрбір жазбаны схемалы суреттермен сипаттап береді. Қалған оқушылар өз жолдастарының істеген жұмысын қадағалап, олардың кейбіреулеріне орындалған тапсырманы түсіндіру және мүктің өсіп-жетілуі мен табиғатта бұл процестің жүзеге асуына қажетті жағдайлар туралы толық баяндап беру тапсырылады. Сондай-ақ білім тексеруге байланысты бір оқу таблицасының мазмұнына ауызша талдау жасау; мазмұндары жағынан байланысты екі-үш таблицаға ауызша салыстырмалы талдау жасау; әр түрлі тұқымдас өсімдіктер өкілдерінің морфологиялық белгілерін қорытындылай отырып сипаттау; бұрын зерттелген табиғи объектінің оқушылар үшін ұқсастығы жағынан жаңалығынауызша сипаттау; бұрын зерттелген өсімдікті (немесе оның органын) немесе бұрын өткізілген бақылауды, немесе қойылған тәжірибені т.б. схемалы суреттермен қабаттастыра баяндаулы қолдануға болады. Ботаникадан оқушылар білімін тексерудің екінші түрі оқушылар білімін жаппай тексеруге және мұғалім мен оқушылар арасында тығыз байланыс қалыптастыруға көмекші болатын тексеру әңгімесі болып табылады. Тексеру әңгімесі сыныптағы барлық оқуыларды оқуға жұмылдырумен бірге, олардың зейінділігіне, есте сақтауына, ойлауына септігін тигізеді. Сонымен қатар білімді ауызша тексерудің бұл түрі оқушылардың білімін бірқатар сұақтар бойынша біршама қысқа мерзімде тексеріп, ботаника сабақтарында әдетте тексеру әңгімесінің соңында меңгеретін жаңа оқу материалын түсінуге жалпы сыныпты дайындауға мүмкіндік береді. Жазбаша тексеру бүкіл сыныптың білімін барынша қысқа мерзімде анықтап, тақырыптың негізгі сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік береді. Білімді жүйелі түрде жазбаша тексеру оқушылардың оқу материалын тереңдете оқып үйренуіне, оның маңызды сұрақтарын меңгеруге жағдай жасайды, өйткені олар жауап қайтара отырып, білімді ауызша тексеруге қарағанда өздігінен жұмыс істеу дәрежесін көбірек көрсете білуі, өз білімін қысқа, ғылыми және орфография жағынан дұрыс баяндай білуі қажет. Сол себепті жазбаша тексеруді жинақтау ретінде, яғни тақырыпты толық оқып үйрену соңынан өткізу орынды. Мұндай тексеру өткізу үшін алдын ала психологиялық дайындық жасау, ал бұдан басқа бұрын меңгерілген оқу материалын дер кезінде пысықтау туралы ескерту қажет. Биологиялық білімді бағалаудың көпшілік қабылдаған критериі мынлар болып табылады. Егер оқушы оқып отырған және бұын оқылған бағдарламадағы материалды біліп, дұрыс ұсынса, баяндаған қағидаларды дәлелді мысалдармен бекіте алса; нақтылы фактілерді дұрыс түсіндіріп, ол бойынша дұрыс қорытындылап, жинақтай алса; меңгерген ғылыми қағидалар мен қорытындылардың практикалық маңызын түсінсе; оқулық текстінде баяндалғандарды сөзбе-сөз айтуға тырыспай, жүйелі де толық жауап берсе; зертханалық жұмыстарды орындаған кезде приборларды; аспаптарды пайдалана білсе, бақылағандарынан дұрыс қорытынды жасай алса, «5» деген баға қойылады. Егер оқушы жауабын «5» деген баға үшін белгіленген талаптарға негізінен сайболып бірақ, А) материалды бақылауда немесе фактілерді түсіндіруде бірлі-жарым ағаттықтар жіберілсе, немесе Б) жауап қайтару кезінде оқушылық текстіден шыға алмай, бірақ мұғалімнің бақылау сұрақтарына түсіндірген материалды ұғатындығын аңғартса, немесе В) зертханалық жұмыстарды дұрыс орындай отырып, кейбір қорытындыларға қиналатын болса, орындалған жұмыстың нәтижелерін жеткілікті мөлшерде толық қорытындылай алмаса, «4» қойылады. Егер оқушының негізгі бағдарламадағы материалды білетіндігі және түсінетіндігі байқалса, бірақ: А) жекелеген маңыздыларды айтпай, анықтамаларда ағаттықтар жібере отырып, материалды үстірт баяндаса, немесе Б) фактілерді қорытындылау, жинақтау және түсіндіруде қиналып, бірақ мұғалімнің көмегімен оларды орындап шықса,немесе В) теориялық материалды дұрыс баяндай отырып, баяндалған қағидаларды нақтылы фактілермен бекітуде қиналса, немесе Г) жауап қайтарғанда оқулық текстін қайталап айтып, мұғалімнің бақылау сұрақтарына жауап берген кезде баяндалған жеке жағдайларды қанағаттанарлықсыз түсінетіндігі байқалса немесе Д) зертханалық жұмыстарды орындау кезінде приборлар және аспаптармен жұмыс істеу дағдыларында кемшіліктер байқалып, ұқыпсыздыққа жол берілсе, өткізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша қорытынды жасауға мұғаліснің көмегінсіз қиналатын болса, «3» қойылады. Егер оқушы: А) оқытылатын материалдың көпшілігін немесе өте маңызды бөлімін білмейтіндігі байқалса немесе Б) нақтылы фактілерді түсіндіре алмай, баяндалған материалдың практикалық маңызын түсіне алайтындығы айта алмайтындығы байқалса, немесе В) мұғалімнің негізгі және жетекші сұрақтарына өздігінен және жүйелі түрде жауап қайтара алмайтын болса, немесе Г) зертханалық жұмыстарды орындау кезінде құрал-жабдықтар мен аспаптарды пайдалана алмайтындығы байқалса, «2» деген баға қойылады. Егер оқушы баяндалған материалды толық білмей, ал зертханалық жұмыстарды орындау кезінде тапсырманы орындауға тіпті кіріспейтіндігі байқалса, «1» қойылады.

Оқушылардың білімін тексеру. Оқушылардың жауаптарына қойылатын талаптар. Білім, іскерлік, және дағдыларды тексеру оқушылардың танымдық процестерін күшейтуге үнемі байланысты болғандықтан, ол мектеп оқушыларының зейін, ес, ойлау, сөз сияқты танымдық процестерінің дамуына ықпал жасайды. Оқушылардың білімін тексерудің оқыту процесінде өз мәніндегі ролі болмайды, бірақ ол педагогикалық процестің барлық бөлімдерімен ажырамастай байланыстағы қажетті құрам бөлігі болып табылады. Ботаника курсының мол мазмұны оқушылар білімін әр түрлі методтармен тексеруге мүмкіндік жасайды. Білімді ауызша, жазбаша тексеру, практикалық жұмыстары өте кең қолданылады. Білімді ауызша тексеру. Білімді ауызша тексеру оқушылар білімін жан-жақты тексеруге мүмкіндік береді. Оқушылардың оралымды баяндауы осы методтың бір түрі болып табылады. Ботаникадан білім тексеру үшін оралымды баяндауды қолдану мұғалімге оқушылардың білімін әділ де дәл анықтауға, ойы мен ауызша сөйлеуін дамытуға мүмкіндік береді. Алйда ауызша тексерудің бұл түрі көп уақытты қажет етіп, осы сабақта жауап беретін оқушыларды ғана жұмылдыра алады. Сондықтан оны білімді ауызша тексерудің басқа түрлері және тәсілдерімен үйлестіру қажет.Мысалы, тақтаға шақырылған оқушының біріне мүктің өсіп-жетілу кезеңдерін жүйелі түрде қысқаша жазу ұсынылады. Екінші бір оқушы осы тақтаға әрбір жазбаны схемалы суреттермен сипаттап береді. Қалған оқушылар өз жолдастарының істеген жұмысын қадағалап, олардың кейбіреулеріне орындалған тапсырманы түсіндіру және мүктің өсіп-жетілуі мен табиғатта бұл процестің жүзеге асуына қажетті жағдайлар туралы толық баяндап беру тапсырылады. Сондай-ақ білім тексеруге байланысты бір оқу таблицасының мазмұнына ауызша талдау жасау; мазмұндары жағынан байланысты екі-үш таблицаға ауызша салыстырмалы талдау жасау; әр түрлі тұқымдас өсімдіктер өкілдерінің морфологиялық белгілерін қорытындылай отырып сипаттау; бұрын зерттелген табиғи объектінің оқушылар үшін ұқсастығы жағынан жаңалығынауызша сипаттау; бұрын зерттелген өсімдікті (немесе оның органын) немесе бұрын өткізілген бақылауды, немесе қойылған тәжірибені т.б. схемалы суреттермен қабаттастыра баяндаулы қолдануға болады. Ботаникадан оқушылар білімін тексерудің екінші түрі оқушылар білімін жаппай тексеруге және мұғалім мен оқушылар арасында тығыз байланыс қалыптастыруға көмекші болатын тексеру әңгімесі болып табылады. Тексеру әңгімесі сыныптағы барлық оқуыларды оқуға жұмылдырумен бірге, олардың зейінділігіне, есте сақтауына, ойлауына септігін тигізеді. Сонымен қатар білімді ауызша тексерудің бұл түрі оқушылардың білімін бірқатар сұақтар бойынша біршама қысқа мерзімде тексеріп, ботаника сабақтарында әдетте тексеру әңгімесінің соңында меңгеретін жаңа оқу материалын түсінуге жалпы сыныпты дайындауға мүмкіндік береді. Оқушылардың білімін жазбаша тексеру. Жазбаша тексеру бүкіл сыныптың білімін барынша қысқа мерзімде анықтап, тақырыптың негізгі сұрақтарына жауап алуғ мүмкіндік береді. Білімді жүйелі түрде жазбаша тексеру оқушылардың оқу материалын тереңдете оқып үйренуіне, оның маңызды сұрақтарын меңгеруге жағдай жасайды, өйткені олар жауап қайтара отырып, білімді ауызша тексеруге қарағанда өздігінен жұмыс істеу дәрежесін көбірек көрсете білуі, өз білімін қысқа, ғылыми және орфография жағынан дұрыс баяндай білуі қажет. Сол себепті жазбаша тексеруді жинақтау ретінде, яғни тақырыпты толық оқып үйрену соңынан өткізу орынды. Мұндай тексеру өткізу үшін алдын ала психологиялық дайындық жасау, ал бұдан басқа бұрын меңгерілген оқу материалын дер кезінде пысықтау туралы ескерту қажет. Биологиялық білімді бағалаудың көпшілік қабылдаған критериі мынлар болып табылады. Егер оқушы оқып отырған және бұын оқылған бағдарламадағы материалды біліп, дұрыс ұсынса, баяндаған қағидаларды дәлелді мысалдармен бекіте алса; нақтылы фактілерді дұрыс түсіндіріп, ол бойынша дұрыс қорытындылап, жинақтай алса; меңгерген ғылыми қағидалар мен қорытындылардың практикалық маңызын түсінсе; оқулық текстінде баяндалғандарды сөзбе-сөз айтуға тырыспай, жүйелі де толық жауап берсе; зертханалық жұмыстарды орындаған кезде приборларды; аспаптарды пайдалана білсе, бақылағандарынан дұрыс қорытынды жасай алса, «5» деген баға қойылады.Егер оқушы жауабын «5» деген баға үшін белгіленген талаптарға негізінен сайболып бірақ,А) материалды бақылауда немесе фактілерді түсіндіруде бірлі-жарым ағаттықтар жіберілсе, немесеБ) жауап қайтару кезінде оқушылық текстіден шыға алмай, бірақ мұғалімнің бақылау сұрақтарына түсіндірген материалды ұғатындығын аңғартса, немесе В) зертханалық жұмыстарды дұрыс орындай отырып, кейбір қорытындыларға қиналатын болса, орындалған жұмыстың нәтижелерін жеткілікті мөлшерде толық қорытындылай алмаса, «4» қойылады.Егер оқушының негізгі бағдарламадағы материалды білетіндігі және түсінетіндігі байқалса, бірақ:А) жекелеген маңыздыларды айтпай, анықтамаларда ағаттықтар жібере отырып, материалды үстірт баяндаса, немесеБ) фактілерді қорытындылау, жинақтау және түсіндіруде қиналып, бірақ мұғалімнің көмегімен оларды орындап шықса,немесеВ) теориялық материалды дұрыс баяндай отырып, баяндалған қағидаларды нақтылы фактілермен бекітуде қиналса, немесеГ) жауап қайтарғанда оқулық текстін қайталап айтып, мұғалімнің бақылау сұрақтарына жауап берген кезде баяндалған жеке жағдайларды қанағаттанарлықсыз түсінетіндігі байқалса немесеД) зертханалық жұмыстарды орындау кезінде приборлар және аспаптармен жұмыс істеу дағдыларында кемшіліктер байқалып, ұқыпсыздыққа жол берілсе, өткізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша қорытынды жасауға мұғаліснің көмегінсіз қиналатын болса, «3» қойылады. Егер оқушы:А) оқытылатын материалдың көпшілігін немесе өте маңызды бөлімін білмейтіндігі байқалса немесеБ) нақтылы фактілерді түсіндіре алмай, баяндалған материалдың практикалық маңызын түсіне алайтындығы айта алмайтындығы байқалса, немесе В) мұғалімнің негізгі және жетекші сұрақтарына өздігінен және жүйелі түрде жауап қайтара алмайтын болса, немесе Г) зертханалық жұмыстарды орындау кезінде құрал-жабдықтар мен аспаптарды пайдалана алмайтындығы байқалса, «2» деген баға қойылады. Егер оқушы баяндалған материалды толық білмей, ал зертханалық жұмыстарды орындау кезінде тапсырманы орындауға тіпті кіріспейтіндігі байалса, «1» қойылады.

Date: 2016-05-24; view: 903; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию