Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ахмет иассауидіҢ діни софылыҚ ойлары. 2 page





АХМЕТ ИАССАУИДІҢ ДІНИ СОФЫЛЫҚ ОЙЛАРЫ.

Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы — «Диуани хикмет/ Диуани Хикмат» (Хикмат - жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Иассауи еңбектерінде баса айтылатын, адамды тура жолға бастаушы жаратушы күшке табыну,оның хақтығына тағзым ете отырып,қиянатсыз бейкүнә,адал жандарды тәрбиелеу жайлы тұжырымдар жасаған. Иассауи хикметінің мазмұны адамның Аллаға ғашықтығы. Аллаға ғашықтық сопылық дүниетанымның басты арнасы. Поэзия арқылы жеткізген Хикметтерде ғашықтық жолға түсудің амалдарын көрсеткен:

1 шариғат- дін жолы.

2 марифат- білім жолы.

3 тариқат- тақуалық жолы

4 хақиқат- ақиқат жолы.

Ахмет Иассауи ілімінің қайнар көздері Құран мен пайғамбардың хадистері.Қожа Ахмет Иассауи ілімі Азия, Африка, Европа жерлеріне тарады.Яссауидiң “Хикмет” кiтабында адамдарды адамдық жолға, iзгiлiкке шақырып құдайға құлшылық ету, күнәдан айырылуды уағыздайды. Ол уағыздаған бес нәрсе мыналар: 1.Алланың ақ жолын мойындамаудан қашық болу; 2.Менмен, тәкаппар болмау; 3.Арамдықтан аулақ болу; 4.Дүние-мүлiк үшiн арды сатпау; 5.Ерiншек болмай – еңбектi сүю.

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.Байтұрсынұлының екінші кітабы — «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. «Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т.б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс. Мағжан Жұмабаев (1893-1937) "Педагогика" алғашқы қазақ оқу құралының авторы. Тұлғаны тәрбиелеу мақсаты мен ұлт өкілдерін тәрбиелеу мақсаттарының бірлігі. "Әрбір тәрбиеші ұлттық тәрбиемен танылуы". Ана тілі, ұлттық мектеп, еліктеушілік.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937): ана тілінде оқыту.
Міржақып Дулатов (1883-1935): ұлттық рух, ана тілі - ұлттылық мәні. Ұлттық психологияны, баланың табиғатын ескеру. Медресенің рөлі.
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1937): ұлттылық қағидасы; жақындар мен үлкендердің үлгі-өнегесімен тәрбиелеу; ата-ана тәрбиесі; еліктеу арқылы тәрбиелеу. Замандастарының үлгісі және ықпалы.
Халел Досмұхамедов (1883-1939): тілдің жоғалуы халықтың өшуімен бірдей. Фольклор дәстүрмен, әдет-ғұрыппен, дінге сеніммен оқытылады.
Шарафий Әлжанов (1901-1937): психология, дидактика бойынша еңбектері.

53. Бауыржан Момышұлы "Қасымда сен барда", "Әкеге құрмет

Мұхтар Әуезов жиырмасыншы жылдардың бас кезі мен орта шенінде көптеген әңгімелер (“Қорғансыздың күні”, “Жетім”, “Жуандык”, “Ескілік көленкесінде”, “Кім кінәлі”, “Бартыма” т. б.) жазып, оларда ескі қазақ ауылының алуан түрлі әлеуметтік шындығын реалистік дәстүрде бейнелейді. М. Әуезовтың «Абай», «Еңлік — Кебек», «Қобыланды»

Б.Адамбаев қазақ халқының бай ауыз әдебиетін, оның ішінде көлемі жағынан шағын жанр деп саналатын халық даналығы мақал-мәтелдер мен шешендік сөздерді ауқымды зерттеумен айналысты. Шешендік сөздердің және мақал-мәтелдердің тарихы, табиғаты, көркемдік ерекшеліктері туралы «Шешендік өнер» (1969), «Халық даналығы»(1976), «Қазақтың шешендік өнері»(1984) атты монографиялық зерттеу еңбектері шықты. Сондай-ақ, «Қазақ ертегілері»(1962), «Шешендік сөздер»(1967), «Ел аузынан»(1985) жинақтарын құрастыруға қатысқан. Б.Адамбаев өз еңбектерінде халық мақал-мәтелдері мен шешендік сөздердің жанрлық табиғатын, тәрбиелік, өмір танытқыштық мәнін, сонан соң олардың қалыптасу, даму жолдарын анықтау, әдеби-көркемдік ерекшеліктерін ашу, ақындық-шешендік өнерді ежелгі үйрену, игеру жолдарын көрсету мақсаттарын ұстанған. Мұзафар Әлімбаев «Аспандағы әпке» кітабы негізінен мектеп жасына дейінгі балдырған мен бастауыш сынып оқушыларына арналып жазылған. Теориялық еңбектерге табан тірей айтсақ, бұндай жас мөлшердегі бала – зерттеуге көне бермейтін, көркем әдебиетті қабылдауы қиын орман. Халықтық педагогика тәжірибесі мен поэтикалық өнер теориясын ұдайы қадағалайтын, балабақша мен мектеп оқушылары арасында кездесулерде жиі болып, кейіпкерін жіті зерттейтін ақын сондай қиындықты жеңіп, оқырмандарына жап-жақсы шығарма ұсына алды. «Балдәурен шіркін балалық» (1973), «Шынықсаң – шымыр боларсың» (1977). Әлжанов Шәрапи (1901-1938) – педагогикалық психология ғылымына қатысты көптеген еңбектер профессор Шәрапи Әлжановтың қаламынан туындады. Отызыншы жылдары оның мұғалімдерге арнап «Ес және есте қалдыру мәселелері, ой мәселелері, дағдылану мәселелері» атты көлемді еңбегінде («Халық ағарту қызметкерлерінің білімін көтеру жайындағы басты материалдардың жинағы»бар.. Қ. Бержанов ондаған монографиялық еңбектердің авторы. Олардың ішінде «Қазақстан мұғалімдерінің қоғамдық және мәдени ағартушылық қызметі», «халық ағарту саласындағы орыс-қазақ ынтымағы». «Педагогика тарихы», «Тәрбие мен білім берудің бірлігі», «Қазіргі педагогиканың актуалды мәселелері т.б.» ғылыми еңбектерін ерекше атауға болады. «Оқу-ағартудағы орыс-қазақ ынтымақтастығы» атты еңбегінде автор қазақ даласының тұңғыш ашылған қазақ мектептері мен Орынбор, Омбы қалаларында ашылған әскери шендегі офицерлерін сөз етеді. Қ. Бержановтың педагогика ғылымының дидактика, эстетика, этика саласында жазған еңбектері өзінің ғылыми деректемелерімен ұстаз қауымын сүйсіндірген еді. Ол өз шығармаларында адамгершілікке, имандылыққа шақырады.

Ә

ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ

Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі.Бірнеше ұлттың тілін білген,ғылым-білім іздеп,бар өмірін сол жолға сарп етіп,артында қыруар еңбек жазып қалдырған. Әл-Фараби өзінің "Риторика", "Поэзия өнері туралы","Бақытқа жол сілтеу" туралы трактаттарында этикалык, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық, білім категорияларының бетін ашып, солардың негізін дәлелдеп берді.

ӘДЕТ-ҒҰРЫП,САЛТ-САНАНЫҢ ӨМІРДЕГІ ҚОЛДАНЫЛМАЛЫ МӘНІ,АДАМГЕРШІЛІК,ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ,ИМАНДЫЛЫҚТЫҢ ӨМІРДЕГІ КӨРІНІСТЕРІ. Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері қалыптасты. XVIII ғасыр мен XX ғасырдың бас кезінде оның бірқатарын Ресей әкімшілігінің өкілдері, орыс және шетел ғалымдары, саяхатшылар айқын байқап, жазып қалдырды. Қазақтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері үй ішіндегі отбасылық және адамдардың өзге де топтары арасындагы өзара қарым-қатынастарды қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Қазақтарда үйіне келген кез келген адамға міндетті түрде тегін қонақасы беру, оған жайлы төсек-орын салып, қондырып жіберу әдет-ғұрпы ежелден орын алды. Егер үй иесі қонаққа ондай құрмет көрсетудің дәстүрлі әдет-ғұрпынан бас тартса, әлгі бейтаныс жолаушы үй иесінің үстінен биге барып, шағым айтуға құқықты болған. Ал би қонақжайлылық әдет-ғұрыпты бұзған үй иесіне ат-тон айып салатын. Әдетте мұндай келеңсіз оқиға қазақ арасында өте сирек ұшырасқан.

Қазақтарда ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптың бірі - дәм ауыз тию. Үйге бас сұққан кез келген адамды дәмнен ауыз тигізбейінше жібермейтін — «Қуыс үйден құр шығармайтын».

Қазақтардың және бір жақсы әдет-ғұрпы - ерулік беру. Басқа жақтан жаңадан көшіп келгендерді оның туған-туыстары немесе көршілері арнайы дастарқанға шақырып, ерулік тамақ беретін болған. Бұл арқылы көшіп келген туыстарына немесе көршілеріне деген ыстық ықыласы мен ізгі ниетін білдірген. Ал көшіп келгендер жаңа қонысқатез үйреніп, оңдағы адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға ықыласты болатын. Далалық көшпелілердегі кеңінен таралған әдет-ғұрыптардың бірі - қалау. Үйге келгенқонақтың сол үйдегі өзіне ұнаған заттың кез келгенін қаладым деп айтуына болады, ал үй иесі ол затты міндетті түрде беруі тиіс. Мұның өзі де адамдар арасындағы достық қарым-қатынастың негізін қалайтын. Анасы аман-есен босанып, дүниеге жас нәресте келген соң тап осы әдет-ғұрып бойынша кіндік шешенің де өз қалауын айтып, ұнаған нәрсесін алуына болатын.

Қымызмұрындық - қымыз ашыту маусымының басталуына байланысты әдет-ғұрып. Ауыл адамдары бірін-бірі шақырысып, қымыз ішер алдында арнайы дастарқаннантамақ жеседі. Қымызмұрындыққа шақырған үй иелеріне ауыл ақсақалдары ақ батасын береді. Қазақтарда жылу жинау әдет-ғұрпы да бар болатын. Оның мәні кездейсоқжағдайда үйі өртеніп кеткен немесе дұшпанның шабуылынан, қатал қыстың ауыртпалығынан, су тасқыңынан, аштықтан зардап шеккен отбасыларына ауылдас немесе туысқан адамдардың көмек; көрсетуі болып табылады. Олар зардап шеккен жандардың алдына қолдарынан келгенінше мал салып береді, киім-кешек, көрпе-төсек,ыдыс-аяқ жағынан көмек көрсетеді, бастарына шаңырақ көтеруіне жәрдемдеседі. Мұның өзі зардап шегіп, қиналған ағайынға жаны ашынғандықтың, қамқорлық жасағандықтың көрінісі еді. Мүмкіндігі бола тұрып, ондай көмек көрсетуден бас тартқан ағайын-туыс ру ішінен қуылып, аластатылатын. Ал мұндай жазаға кесілгендер өз руының тарапынан жанашырлық жақсылық дәмете алмайды. Өйткені ондай құқықтан айырылған болып саналады. Оларды кез келген қарақшы аяусыз тонап кете алатын.

Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. "Кісілік", иізгілік", "имандылық" тәрізді ұғымдармен мәндес. Адамгершілік - адамшылық, каталдықпен салыстырғанда жаксылық тілеу қарым-қатынастары.

Халықтық дүниетанымда мінез-кұлықтың әр түрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей Адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық, т.б.

Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге (адам және барлық жандыларға) білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді.

Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі.Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай көргенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың, имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты “көргенді” деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды “иманды” деп атаған. Мұсылмандық дүниетаным бойынша, имандылық иманнан пайда болады. Ал иман – жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық – Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен имандылыққа уағыздау деп саналған

ӘДЕП-ҒҰРЫПТАРДЫҢ ДАМЫП,ЖАҢАРЫП,ТОЛЫСЫП ОТЫРАТЫНДЫҒЫ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМИ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР. Заман талабына сай жаңа мазмұнды салт-дәстүрлердiң туындауы да заңды құбылыс. Мысалы, қазiргi жастардың үйлену той рәсiмдерi бұрынғы қазақ ауылындағы осындай тойларға мүлде ұқсамайды.
Сондай-ақ, баланың дүниеге келуiн қуаныштап өткiзетiн шiлдехана тойына қоса бүгiнде жастардың туған күнiн тойлау рәсiмдерi пайда болды. Ол мүлде жаңа салт-рәсiмде өтедi. Өмірдің өркениетті дамуы дәстүрлердің толысып, не жаңарып отыруына себепші болады. Мысалы қыз ұзату, үйлену тойлары толысып, жаңарды да, ал "әменгерлік", "атастыру" салты бірте.бірте өмірге қолданылудан қалды.

ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ

Әбу Насыр Мұхаммад ибн Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.) - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі.Медицина жөнінде "Адам ағзалары жайлы Аристотельмен алшақтығы туралы Галенге карсы жазылған трак-таттар","Жануарлар ағзалары", "Темпераменттер туралы", т. б. еңбектер жазған, бұларда ол негізінен медицина ғылымының пәнін, міндет-мақсатын анықтап беруді көздейді. Бұл еңбектерден ұлы ғұлама медик Әбу-әли ибн Сина тәлім алған. Мәселен оның "Медицина негізінде" атты әй-гілі шығармасы теориялық, әдістемелік жағынан ұстазының аталмыш " Адам ағзалары жайлы" трактатына өте жақын келеді. Әл-Фараби өзінің "Риторика", "Поэзия өнері туралы","Бақытқа жол сілтеу" туралы трактаттарында этикалык, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық, білім категорияларының бетін ашып, солардың негізін дәлелдеп берді.

ӘУБӘКІР АХМЕТЖАНҰЛЫ ДИВАЕВ - (3.12.1855, Ресей, Орынбор қаласы - 5.2.1932) - Ташкент қаласы) - фольклоршы, этнограф.. Диваев 1896 жылы 22 қаңтарда Археология әуесқойларының Түркістан үйір-месіне мүше болып қабылданады. Диваев "Шора батыр", "Бекет батыр", "Алпамыс батыр", "Кобыланды батыр", "Ер Тарған", "Айман - Шолпан" жырларын, көптеген ертегілер, шешендік сөздерді жинап, олардың кейбіреуін орыс тіліне аударды. Диваев Сырдария қазақтарының өмірі мен көлемді этнографиялық материалдар жинады. Қорқыт Ата бейіті су үңгіп, жоғалып кету алдында тұрғанын айтып, жергілікті әкімшіліктен адамзат мәдениеті тарихындағы қымбат ескертқішті қорғауға алуды сұраған. Гордлевский, В.В. Бартольд, т.б. ғалымдар жоғары бағалады.

Ә.ДИВАЕВ ЭТНОГРАФ, МӘДЕНИ МҰРАЛАРДЫ ЖИНАУШЫ ЖӘНЕ ЗЕТТЕУШІ

Әубәкір Ахметжанұлы Диваев - (3.12.1855, Ресей, Орынбор қаласы - 5.2.1932) - Ташкент қаласы) - фольклоршы, этнограф. 1876 жылы Орынбор кадет корпусыныңАзия бөлімін бітірген. Диваев өзбек, парсы, қазақ тілдерін меңгерген. Кадет қорпусында оқып жүріп қазақ халқының тұрмыс-салты, әдет-ғұрпына қатысты құнды материалдар, ауыз әдебиеті жинаумен шұғылданды. Диваевтың қатысуымен 1895 жылы Қожа Ахмет Иасауи мешітінен табылған көне жазулар Түркістан өлкесі тарихын зерттеуге қойылған елеулі үлес болды. Ол тапқан көне мөрдің ортасындағы шеңберле Қожа Ахмет Иасауи есімі жазылып, "хижраның 1212 жылы" деген белгі бар, ал шеңбердің шегінде мөрлі жасаушы шебердің есімі (Қожа хан) көрсетілген. Мөрдің орта шеңбері (көлденең қимасы 9 ем) он радиусқа бөлініп, оның әрқайсысының арасына Мұхаммед пайғамбардай бергі мүридтердің есімдері жазылған. Диваев 1896 жылы 22 қаңтарда Археология әуесқойларының Түркістан үйір-месіне мүше болып қабылданады. Диваев "Шора батыр", "Бекет батыр", "Алпамыс батыр", "Кобыланды батыр", "Ер Тарған", "Айман - Шолпан" жырларын, көптеген ертегілер, шешендік сөздерді жинап, олардың кейбіреуін орыс тіліне аударды. Диваев Сырдария қазақтарының өмірі мен көлемді этнографиялық материалдар жинады. Қорқыт Ата бейіті су үңгіп, жоғалып кету алдында тұрғанын айтып, жергілікті әкімшіліктен адамзат мәдениеті тарихындағы қымбат ескертқішті қорғауға алуды сұраған. Диваевтың ғылымға сіңірген еңбегін П.М. Мелиоранский, А.В. Гордлевский, В.В. Бартольд, т.б. ғалымдар жоғары бағалады. Әбубәкір Диваевтің аты Қазақстанның ірі қалалары - Астана, Алматы, Шымкенттегі көшелерге берілген.

Б

БҰҚАР ЖЫРАУДЫҢ БАСТЫ ТІЛЕКТЕРІ ТУРАЛЫ ТҮСІНУІ, НАСИХАТ ӨЛЕҢДЕРІ:

Бұқар толғауларында адамгершілік асыл қасиеттерді, достық қарым-қатынасты,адамдардың жас кезедерін,батырлардың ерлігін сипаттайды,сөз өнеріне мән береді.Адам өмірінің әрбір кезеңіне соның ішінде жастық шақ ерекшеліктеріне: "Сұлуды құшқан 25 Іздесең де табылмас"-деп берген суреттемесі жастарға өсиет іспеттес.Жырау оларға "өмір-аққан өзен,жастық шақ-талаптың тасыған шағы,өмірді дұрыс пайдалана біл" деп ескертіп тұрғандай.Жыраудың сөз өнеріне мән беруі,оның қыр сырын жете меңгеруі,оған деген көзқарастары да жеткіншертер үшін үлгі өнеге.Жыраудың ел бірлігін жырлауы яки қазақ руларының өзара татулықта болуын "Өлетұғын тай үшін,көшетұғын сай үшін" құр бекерге жанжалдаспауын насихаттайды.Бірлік болмай тірлік болмайтынын,алауыздықтың аранға жығатынын айтады,қалмақтардың тағдырын мысал етеді.Бұқардың бұл өсиетінің көкейкестілігі бүгінігі таңда бұрынғысынан да жоғарылар отыр.Оның толғауларындағы үлгі-насихат тұрғысындағы айтылған:"Қартайсаң қарт бабаңды сыйлай бер,күндердің күні болғанда,кімдер де кімнің дейсің белі бүгілмес" деген нақыл сөздері,тебіреністері де жеткіншіктерге болашақ тур. көп ой салған.

БҰҚАР ЖЫРАУ ҚАЛҚАМАНҰЛЫ

(1668—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханныңақылшысы. Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен.Сырдария облысы Қазалы уезі көшербай болысының 6 шы ауыл. "ҚараҚ" деген жер «Күллі әлемді жаратқан», «Құбылып тұрған бәйшешек», «Он сегіз мың ғаламды жаратқан», «Керей, қайда барасың», «Әлемді түгел көрсе де», «Ай, заман-ай, заман-ай», «Абылай ханның қасында», «Айналасын жер тұтқан», «Ай не болар күннен соң»

БИ-ШЕШЕНДЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ӘЛЕУМЕТТІК ТАЛАП ҚАНДАЙ? ШЕШЕНДІК СӨЗДІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ НЕДЕ? БИ-ШЕШЕНДЕРДІҢ ТӘЛІМДІК ҚЫЗМЕТІ:

1) Шешендік өнерді кез-келген адам игере алмаған. Нағыз шешен болу үшін сөзге шебер болу жеткіліксіз, табанда ақыл тауып сөйлейтін, топ алдында тайсалмай сөз бастайтын, сөз сайысында саспайтын батыл, ақылды, сабырлы болуы тиіс.Шешен кісі өз заманының озат ойшылы, оқыған, оқымаса да көкейге тоқыған, білімді, мәдениетті азамат болуы керек. Бізге мәлім Аяз би, Жиренше, Сырым мен Исатай батыр, Махамбет пен Абай «От ауызды орақ тілді» адамдар болған.

Ш.Уәлихановтың айтуынша шешен болу үшін 2 шарт болу керек:

1.Елдің әдет-ғұрпын, заңын жетік білу керек.

2.Шешендік қабілеті,дарындылығы болу керек.

Шешендік сөздер айтыс, дауларда туып дамиды және озат ойшылдармен тілмар шешендер жасаған. Халық сынынан ғасырдың соқпағынан өткен сөз өнері - шыңдалып соғылған әдеби мұра, асыл қазына. Бастауыш сыныпта, балаларға шешендік сөздердің жеңіл түрлерін айту арқылы тапқырлыққа, еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиеленеді. Шешендік сөздер ескі заңдарды талқылау кезінде де көп айтылған ;2) Қазақ халқының шешендік өнерінің алғашқы нұсқалары түркі халықтарының Орхон, Енесей ескерткіштері мен көне жазба мұраларынан табылған. Мұнда Қорқыттың айтқан нақыл сөзі жазылған. Көне жазба мұраларында М.Қашқари, Баласағұни А.Иүгники, С.Сараий, Құтып, А.Хорезм айтқан даналық сөздер табылған. Шешендік өнердің бастауымен даму кезеңдері 7 жарғы заңына байланысты. 7 жарғы заңы Салон заңымен ұқсас. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің бәрінде де көркем айшықталған тіл өрнектері аса мол. Шешендік сөздерді халық әдетте белгілі бір аяулы аруының, ардагер асыл азаматтың есімдерімен қабыстыра қозғайды. Олардың санатына Жиреншеден бастап тарихқа танымал ұлы жүздің атақты Төле биін, орта жүздің қаз дауысты Қазыбек биін, Кіші жүздің Әйтеке биі мен бертіндегі Сырым батырын қосып, сол есімдерге байланысты өнегелі сөздерді шарапатты дұға есебінде ұсынады. Шешендік сөздер терең мағыналы, тіл өнегелі қисынды, ой ұшқырлығымен шешендікті дәріптейтін дуалы сөз үлгілері ғана емес, халық даналығының дүниетанымдық тәлім-тәрбиелік, мән-маңызы өлшеулі асыл қазынасы болып табылады.3) Шешендік дегеніміз - белгілі бір уақиғаға байланысты тапқырлық пен көркем.Р.Сыздықова қазіргі шешендік сөздерге қойылатын шарттарды санамалап көрсетіп береді: - әлеуметтік мәні бар тақырыпқа құрылуы; - әңгіме өзегінің дәлелі болуы; - тыңдаушыларға әсер ететін эстетикалық қасиеті болуы; - тыңдаушыларын белгілі бір іс-әрекетке ұмтылдыратын сөз болуы; - айқындылығымен түсініктілігі.Одан әрі ғалым бұрынғы шешендік пен қазіргі шешендіктің айырмасын қолданылар жерлері, тақырыптары, түрлеріне қарай дәлелдеп көрсетеді. Р.Сыздықова бұрынғы шешендіктің ақындыққа, шешендік сөздің поэзияға жақындығын көркемдеу тәсілдерінің ортақтылығынан, екеуінің де әлеуметтік мүддені көздейтіндігінен, екеуінің де тыңдаушыға психологиялық әсер туғызатынын түсіндіреді. Шешендік сөз бен поэзияның арасындағы ортақтықты тап басып көрсетеді. Ертедегі Греция теоретиктерінің риториканы шешендік пен поэзия туралы ғылым деп қарастыруының өзі осындай ортақ белгілерінен еді.

Date: 2016-05-24; view: 1285; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию