Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Р-ның Үкіметінің құрылымы, Үкімет мүшесінің құқықтық мәртебесін атап көрсет





Қазақстан Республикасының Үкіметі – Қазақстан Республикасы мемлекеттік билігінің жоғарғы атқарушы органы. Оның құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен (64-70-баптар), «ҚР-ның Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңмен, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1997 жылғы 24 ақпандағы және 1999 жылғы 6 мамырдағы Конституциялық заңдармен белгіленген.

ҚР-ның Үкіметі – ҚР-да атқарушы биліктің біртұтас жүйесін басқаратын алқалы орган. ҚР-ның Премьер-министрі, оның орынбасарлары, министрлер және Премьер-министр Кеңсесінің басшысы Үкімет мүшелері болып табылады. ҚР-сы Президенті өз қалауы бойынша Үкіметтің құрамына республикалық атқарушы

билік органдарының өзге де басшыларын енгізуі мүмкін. ҚР-сы Президенті ҚР-ның Конституциясында қаралған тәртіппен ҚР-ның Премьер-министрін тағайындайды.

Республика Үкіметі оның құрамына кірмейтін министрліктердің және басқа орталық атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады, олардың заңдарды, Республика Президенті мен Үкіметінің актілерін орындауын қамтамасыз етеді. Үкімет министрліктердің және өзге де орталық атқарушы органдар басшыларының ұсынуы бойынша министрліктер мен өзге де атқарушы органдар туралы ережелерді, сондай-ақ олардың аумақтық органдарының және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің штат санының лимиттерін бекітеді; министрліктердің орынбасарларын, Үкімет құрамына енбейтін орталық атқарушы органдардың басшылары мен олардың орынбасарларын, республика ведомстволарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; республиканың министрліктері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің қолданылуын толық не бір бөлігінде жоюға не тоқтата тұруға құқылы.

Үкімет енгізген заң жобасының қабылданбауына байланысты Премьер-министр Парламент палаталарының бірлескен отырыстарында Үкіметке сенім білдіру туралы мәселе қоюға хақылы. Егер сенімсіздік білдіру туралы ұсыныс Конституциямен белгіленген қажетті дауыс санын ала алмаған ретте, заң жобасы дауысқа салынбай қабылданды деп саналады. Премьер-министр өзі тағайындалғаннан кейінгі бір ай ішінде Парламентке Үкімет Бағдарламасы туралы баяндама ұсынады, ал ол қабылданбаған жағдайда екі ай ішінде Бағдарлама туралы қайтадан баяндама ұсынады. Бағдарламаны қайтадан қабылдамай тастау Үкіметке сенімсіздік көрсетілгенін білдіреді.

Үкімет мүшелері Парламент палаталарының шақыруы бойынша олардың отырыстарына қатысуға және өз қызметі мәселелері жөнінде есеп беруге міндетті. Республика заңдарын орындамаған жағдайда Констиуцияда (57-б-тың 6-т) белгілеген тәртіппен әр Палата жеке оны қызметтен босату туралы Президентке жүгінуі мүмкін.

Date: 2016-05-23; view: 817; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию