Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Р-ның Президентіне бағынатын орталық атқарушы билік органдарының құқықтық мәртебесі





. ҚР-ның министрлігі тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай-ақ заңдармен кӛзделген шекте – салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республиканың орталық атқарушы органы болып табылады. Нұсқаулық бойынша мемлекеттік органдар республикалық, аймақтық және жергілікті болып бӛлінеді. Республикалыққа қызметі республиканың бүкіл аумағында жүзеге асырылатын және ӛкілеттігі қолданылатын мемлекеттік органдар жатады. Дәл осындай органдар болып ең алдымен ҚР-ның министрліктері саналады. ҚР-ның Үкіметі туралы Конституциялық заңда министрлік тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай-ақ заңдармен кӛзделген шекте – салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы органы болып табылады деп бекіткен. Ал Үкіметтің әр министрлік туралы бекіткен ережесінде олардың толық атауында «мемлекеттік мекеме» деп кӛрсетілген. Қазіргі кезеңдегі министірлік тек салалық орган ретінде ғана емес сонымен бірге салааралық (үйлестіруші) орган ретінде де қызмет атқарады. Республика Премьер – министрінің ұсынысы бойынша ҚР-ның Президенті құратын ҚР-ның агенттігі Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган болып табылады. Агенттік тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай-ақ заңдарда белгіленген шектерде салаарлық үйлестіруді және ӛзге де арнайы атқару және рұқсат беру міндеттерін жүзеге асырады. Бұлардың министрліктерден басты айфрмашылығы, біріншіден, олардың Үкіметтің құрамына кірмейтіндігі және, екінщіден, олардың арнайы атқару және рұқсат беру міндеттерін жүзеге асыру болып табылады. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның ӛз атауы мемлекеттік тілде жазылған мӛрі мен мӛртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады. Агенттіктің құрылымын оның басшысы – тӛраға бекітеді, ол әдетте, департаменттер мен басқармалардан тұрады. Сонымен бірге агенттіктің тӛрағасы заңнамаға сәйкес ӛз құзіреті шегінде агенттіктің құрылымдық және аумақтық бӛлімшелері туралы ережелерді, сондай-ақ ведомствоға қарасты ұйымдардың жарғыларын бекітеді. Министрліктердегі сияқты, агенттіктер тӛрағасының жанынан консультациялық-кеңесші орган болып табылатын алқа құрылады. Оның саны мен жеке құрамын агенттіктің тӛрағасы бекітеді. Агенттік тӛрағасының бұйрықтары агенттіктің актілері болып табылады.Орталық атқарушы органның ведомствосы. Республиканың орталық атқарушы органының Комитеті ведомство болып табылады. Ведомстволар министрліктердің құрылымдық бӛлімшелері ретінде бекітілгендіктен, комитеттер министрліктердің құрамына кіреді. Ведомствоның құрылымы, негізгі міндеті мен құзіреті және басқа мемлекеттік органдармен ӛзара іс-қимылының тәртібі әрбір Комитет туралы ҚР-ның Үкіметі бекітетін Ережеде айқындалады. Бұл Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

 

Date: 2016-05-23; view: 840; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию