Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Р-ның министрліктерінң құқықтық мәртебесі
ҚР-ның министрлігі тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай-ақ заңдармен кӛзделген шекте – салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республиканың орталық атқарушы органы болып табылады. Нұсқаулық бойынша мемлекеттік органдар республикалық, аймақтық және жергілікті болып бӛлінеді. Республикалыққа қызметі республиканың бүкіл аумағында жүзеге асырылатын және ӛкілеттігі қолданылатын мемлекеттік органдар жатады. Дәл осындай органдар болып ең алдымен ҚР-ның министрліктері саналады. ҚР-ның Үкіметі туралы Конституциялық заңда министрлік тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай-ақ заңдармен кӛзделген шекте – салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы органы болып табылады деп бекіткен. Ал Үкіметтің әр министрлік туралы бекіткен ережесінде олардың толық атауында «мемлекеттік мекеме» деп кӛрсетілген. Қазіргі кезеңдегі министірлік тек салалық орган ретінде ғана емес сонымен бірге салааралық (үйлестіруші) орган ретінде де қызмет атқарады. Салалық басқару органы ретінде, министірлік ӛз ведомствасына қарасты мемлекеттік басқару саласында барлық басқару функцияларының кешенін жүзеге асырады. Ал ӛз ведомствасына қарасты емес (бағынысты емес) орталық атқарушы билік органдары, демек, осындай органдардың қарамағында болатын объектілер жӛнінде, министірлік тек бір ғана басқарушылық функцияны – оның қызметінің аясына жататын мәселелер бойынша олардың қызметін үілестіруді (келісуді) жүзеге асыра алады. Қазіргі кезде Қазақстанда 16 министірлік бар. Олар: Индустрия және сауда; Энергетика және минералдық ресурстар; Кӛлік және комминикация; Ауыл шаруашылығы; Қоршаған ортаны қорғау; Экономика және бюджеттік жоспарлау; Қаржы; Білім және ғылым; Денсаулық сақтау; Мәдениет және ақпарат; Туризм және спорт; Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау; Қорғаныс; Сыртқы істер; Ішкі істер; Әділет министірлігі. Министірлік және оның органдары мен ведомтвалық бағыныстағы кәсіпорындары, мекемелері және ӛзге де ұйымдары министрліктің біріңғай жүйесін құрайды. Министірлікті ҚР-ның Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады. Министрдің, оның ұсынуы бойынша ҚР-ның Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады. Министрлііктің күрделі проблемалық мәселелерін қарау мақсатында оларға ғылыми – техникалық кеңестер құрылуы мүмкін.
Date: 2016-05-23; view: 979; Нарушение авторских прав |