Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Р-да мемлекеттік қызметтің құқықтық реттелуін түсіндір
Мемлекеттiк қызмет - мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға баєытталған лауазымдық өкiлеттiгiн атқару жөнiндегi қызметi; Бұл анықтамада мемлекеттік қызметтің шектелген ұғымы айқын көрініс тапқан: тек қана мемлекеттік органдардағы жұмыс мемлекеттік қызметтік сипаты бар қызмет болып табылады. Сонымен бір мезгілде мемлекеттік әлеуметтік мәдени мекемелердегі және мемлекеттік кәсіпорындардағы жұмысы тіпті ол таза басқару немесе ұйымдастыру функцияларын орындаумен байланысты болса да мұндай ұызмет болып танылмайды, өйткені мекемелер мен кәсіпорындар мемлекеттік органдар болып табылмайды. Мемлекеттік қызмет туралы заңда мыналар бекітілген: а) мемлекеттік қызмет кәсіби негізде жүзеге асырылатын қызмет. Бірақ мемлекеттік қызметтің ерекшелігін сипаттауқа жалғыз бұл белгі жеткіліксіз. өйткені, инженердің, дәрігердің, оқытушының қызметі де кәсіби болып танылады. б) мемлекеттік қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік лауазымға орналасу керек. Бірақ бұл жеткіліксіз, өйткені, біріншіден, мемлекеттік аппаратта қызметте болғанмен мемлекеттік қызметші болып табылмайды және екіншіден мемлекет мемлекеттік мәні бар лауазымдарды тек мемлекеттік органдарда ғана емес, сонымен қатар өзге мемлекеттік ұймдар да құрады. Сондықтан мемлекеттік қызметтің белгілерін одан әрі жетілдіре түсу қажет сияқты. В) мемлекеттік қызмет өзінің көрінісін мемлекеттік лауазымдардың ерекше санатына орналасудан табады заңда оларды мемлекеттік органның құрылымдық бірлігі деп атайды. Олардың ерекшелігі мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жағдай мемлекеттік қызметті мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердегі жұмыстан айтарлықтай айырады. Г) мемлекеттік қызмет нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген қызметтік міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі жауапты қызметтен көрініс табады. Бұл мемлекеттік қызметтің ең маңызды белгісі. Д) мемлекеттік қызмет тиісті мемлекеттік лауазымға орналасқан адамның өзі істейтін органға берілген өкілеттіктерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін міндеттерді орындауын болжайды. Е) мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымына орналасқан адамға мемлекет бюджет қаржысынан еңбек ақы төлеуді болжайды. Кезінде ол жалақы деп аталды. Бқл мемлекеттік қызмет үшін ерекше белгі емес. Осындай тәртіппен мемлекеттік лауазымға орналасқан, бірақ бұл реттерде мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын адамдар ақшадай ақы алады. Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар мен мекемелердің қызметшілері осыған ұқсас еңбек ақымен қамтамасыз етіледі.
Date: 2016-05-23; view: 801; Нарушение авторских прав |