Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Зерттеудің көкейкестілігі. 4 page





Бейімделудің бірінші түрі оқушының тұлғалық құрылысының ең терең тұстарын қамтитын эмоциялардың сапасымен және күрделілігімен ерекшеленеді, жаңа объектілерді өз бетімен зерттеу процесі оқушының осы құбылыстар не заттарды қолымен түртіп, ұстап (сондай – ақ, құбылыстардың ішкі қасиеттерін тереңірек ену үшін өзгертіп, бөліп, ажыратып, қосып т.б.) көрсе, күштірек болады. Оқушы нағыз зерттеуші ретінде жұмыс жасайды, ол дамытушы ойындар арқылы жаңа үлгілер жасайды, сол арқылы қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарға әсер етеді.

Зерттеу әрекетінің ерекшелігі – оны жүзеге асыру барысында адам белгілі бір құбылысты басқару мүмкіндігін алады.

Бұл әрекет түрін ересектер оқушыларға алдын ала жоспарлап қоймайды. Жаңа объектіні зерттеу процесінде оқушы өзі үшін кездейсоқ, күтпеген ақпарат алуы мүмкін. Бұл оның іс – әрекетінің бағытын өзгертуге, қайта құруға түрткі болады. Міне осыдан, оқушылар зерттеу әрекетінің өзгермелі қасиетін көруге болады. Оқушының іс-әрекеті алынған нәтижелерге байланысты өзгеріп отырады. [әбенбаев дарын]68бет

Объект туралы жаңа мәліметтерді ала отырып, оқушы өз алдына жаңа мақсаттар қойып, оған жетуге тырысады. Әрекеттің бұл түрінің ерекшеліктерін қарастыру оқушының өз бетімен дамуы, өз бетімен қозғалуының кейбір сәттерін анықтап көрсетуге болатыны туралы нақты айтуға мүмкіндік береді: оқушының өз қолымен объектіні өзгертуі объектінің жаңа жақтары мен ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік береді. Объект туралы жаңа білім, өз кезегінде, күрделі де жетілген өзгертулер жасауға мүмкіндік береді.

Зертеліп отырған құбылыс туралы білімдердің толығуы оқушыға өзінің алдына жаңа, күрделі мақсаттар қоюына түрткі болды.

Демек, оқушылар зерттеуінде маңызды жайт – оқушының өзі қойған жаңа мақсаттар өңдеу, жинақтау және өзгерту арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан, жасап көру мен қателер жіберу –оқушылар зерттеу әрекетінің басты да маңызды компоненті. Жаңа мәліметтер алуға бағыталған ойлау процесі әрекетінің бұрыннан таныс тәсілдерін қолданып қоймай, оқушының қателіктері мен ерекшеліктеріне байланысты жаңа тәсілдерді қолдануды білдіреді. Әрекеттің жаңа тәсілдерін құрудың қажеттеілігі іздеу әрекеті мен қателесу, жасап көру секілді әрекеттерді де алап етеді. Бұл процесте оқушыларда объектілердің жасырын жақтары мен қасиеттерін аңықтау мақсатында жаңа тәсілді іздеу қабілеті қалыптасады. Іздеу әрекетінің дамуы барысында оқушылардың қате жасаудан қорқуы жойылып, олар өздерінің кейінгі іс-әрекеттерін реттеу үшін жаңа әрі қажетті ақпаратты таңдай білуге үйренеді.

Тәжірибе барысында біз оқушылардың ересектерге сүйеніп әрекет етуге үйренгенін, ойлау жүйесінің өте тар екендігін, дайын сызба не кесте бойынша әрекет етуге тырысатынын анықтадық. Оқушылар белгілі бір тапсырманы орындағанда қателесіп қалудан қатты қорқады. Оқушылар қиналған сәтте ересектерден дайын әрі дұрыс жолды көрсетуді сұрайды. Бұл жерде айта кететін маңызды жайт –оқушылардың таным әрекетінің ғалымдар ұсынған жалпылама тәсілдері күрделі әрі қатаң сызба түрінде көрініс тапқан. Маңыздысы – оқушы өзін қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар туралы жаңа білім алуға деген қызығушылық танытуы керек. Оқушыны дайын сызбалардан құтқару, оны зерттеліп отырған объектінің барлық ерекшеліктеріне қарай қабілетті ету – күрделі әрі маңызды міндет.

Шығармашылық күштің қайнар көзі барлық оқушылардың бойында болады, оны көрсете білу шарт. Біздің міндетіміз –оқушыларда білімдер жүйесін нақты қалыптастыру ғана емес, әлі толық айқындалмаған, бірақ баланың шығармашылық ойлауындағы маңызды жайтарды басқаруға үйрету.

Мәселе мынада, оқушы меңгеру процесінде әлемді тану қабілеті арқылы жаңа білім, жаңа дағдыларды игереді. Оны өзінің жеке тәжірибесінің өз бойынан өткізеді. Оқыту мен шығармашылық қабілеттерін тиімді дамытудың табысты болуы оқушыларға өз мүмкіндіктерін жоғары көрсете білуі үшін қаншалықты қолайлы жағдай жасалуына байланысты. [8] (18-19бет)

Қазақстан Республикасының 2011 – 2020 жылға дейінгі білім берудегі дамыту Тұжырымдамасында білім беруді тұлғаның сұранысы мен зерттеушілік дағдылары нәтижесіне бағыттап жүргізуді алап ететін жүйені қалыптастыруды көздейді. Тұжырымдама мазмұнында әлемнің барлық елінде жүзеге асырылып жатқан нәтижеге бағдарланған білім үлгісінің басты қағидалары атап көрсетілген. Жаңа білім берудің тарихи кезеңде берілетін білімнің мәні оның тек танымдық сипатымен ғана емес, жастардың өмір дағдыларының негізіне қаншалықты сай келуімен де өлшенбек. Бұл – еліміздің білім жүйесін әлемдік білім кеңістігімен ықпалдастырудың шешуші шарты. [11]

Қазіргі кезде бастауыш білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын (оқушылардың зерттеу – жобалау іс – әрекетін ұйымдастыру әдістемесі, жеке тұлғалық қасиеттерге бағытталған оқыту) тәжірибеде қолдану 12 жылдық оқыудың негізгі бағыты.

Үнемі бір нәрсені зерттеуге деген талпыныс оқушы мінезіне тән қасиет. Ол өзін қоршаған ортаны үнемі танып білгісі келеді. Оқушының әр нәрсені зерттеп білсем деген талпынысы оны зерттеп оқу іс-әрекетіне итермелейді.

Қазіргі мектептерде зерттеу арқылы оқыту оқушылардың танымдық қабілетерін дамытуға ең тиімді технология. Кішкентай оқушылардың бір нәрсені зерттеуге деген талпынысы биологиялық құбылыс. Үнемі бір нәрсені зертеуге деген талпыныс оқушы мінезіне тән қасиет. Ол өзін қоршаған ортаны үнемі танып білгісі келеді. Оқушының бір нәрсені зерттеп білсем деген талпынысы, оны зерттеп оқу іс-әрекетіне итермелейді.

Оқушыны өзінің іс-тәжірибесі арқылы оқуға қызығушылығын арттыру, яғни «зерттеу арқылы оқыту» білім беру саласын демократияландыру кезеңінен байқалады, яғни мұғалімдер оқушының оқу іс-әрекетін танымдық іс-әрекетіне жуықтауға талпыныс жасайды.

«Зерттеу арқылы оқытудың» басты мақсаты – оқушыларда адам мәдениеті дамуының кез келген сатысында атқарылатын іс-әрекетті өз беттерімен, шығармашылықпен, жаңа қабылдау қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. [16]

Зерттеу жұмысының барлық кезеңдеріндегі негізгі күтілетін нәтиже:

· Оқушының жаңадан алған білімін шығармашылықпен игеру қабілеті;

· Алынған материалды өңдеу және зерттеушілік әдебінің дағдыларын дамыту. Оқушыны зерттеушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Егер әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуы қажет болса, онда оқушының қабілетін түрлі әректетерде көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет.

Алдымен зерттеу тақырыбын таңдағанда, оқушыларға қызықты болатынын, сол затты көре алатындай, ұстай алатындай мүмкіндік болуы қажет. Оның мақсаты – таңдалған зат бойынша жан-жақты ақпаратты жинастырып, шағын баяндама дайындайтыны алдын ала түсіндірілуі керек. Қалай жұмыс істейміз? – деген сұрақтар туындайды. Әрине, бұл жұмыс түрі кішкентай оқушылар үшін күрделі және жаңа. Оларға ақпаратты табу үшін көптеген тәсілдер бар екенін айтып түсіндіру қажет.

Зерттеу жұмыстары жалпы жүйенің негізгі кезеңдері:

1. Проблеманың өзектілігі (болашақ зертеулерді анықтау, проблеманы табу);

2. Зерттеу саласын анықтау (негізгі мәселелерді белгілеу);

3. Зерттеу тақырыбын таңдау (зертеу шеңберін белгілеу);

4. Шешімге келу тәсілдерін анықтау, жүйелеу (зерттеу әдістерін таңдау);

5. Зерттеу жүргізудің жүйелілігін анықтау;

6. Ақпаратты жинау, реттеу (алған білімдерін есепке алу);

7. Алған материалдарды жинақтау, талдау (белгілі әдіс – тәсілдерді қоладан отырып, материалдарды жинақтау);

8. Есеп беруге дайындалу (негізгі түсініктерге анықтама беру, зерттеу нәтижесі бойынша хабарлама дайындау);

9. Баяндама (зерттеу нәтижелерін құрбылары алдында баяндау, сұрақтарға жауап беру).

Кіші метептегі зерттеу жұмысы қазір өзекті мәселе болып табылады, өйткені осы кезеңдегі оқу жұмысы жетекші болып табылады және дамушы жеке тұлғаның басты танымдық ерекшеліктерін қалыптастырады. Осы кезеңде ғылыми білімді меңгеруді, ғылыми теориялық ойлауды қажет ететін ойлау формалары дамиды. Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдысы сабақ процесінде қалыптасады. [5] (11-13бет)

Қазіргі қоғам еркін ойлай алатын адамды талап етеді. Сондықтан да жеке тұлғаға бағытталған оқыту осы күні өзекті болып табылады. Л.В.Занковтың педагогикалық жүйесі осы міндеттердің барлығына жауап береді, өйткені оның басты міндеті оқушыларды дамыту.

Оқушылардың жалпы даму жүйесінде келесілерді дамытуға арналған:

- пәндік білім мен білік негізінде оқушыларды табиғат, қоғам және адам арасында объективті тұрғыдағы байланыстарды түсінуге бағыттау, қоршаған әлемнің әралуандығы мен өзгеріп тұру қасиеттерін түсіне білуге, олардың қарама-қайшылықтарын түсінуге бағыттайды;

- тарихи тұрғыда ойлауды дамыту, экологиялық сауаттылықты қалыптастыру;

- жалпы оқытушылық қабілеттерді қалыптастыру: мәселені қабылдау, гиптеза ұсыну, кеңістік пен уақыт кеңістігінде бағдарды білу, сәйкес әдебиеттен қажетті ақпаратты ала білу, анықтамалықтармен қолдана білу, ауызша және жазбаша сөйлеуді дамыту, жалпылай білу және қорытынды жасау, өздігінен тәжірибелер, бақылау, практикалық жұмыстарды жасай білу;

- жеке тұлғаның эмоционалды-еріктік, адамгершілік қасиеттерін дамытуға әсер ету, қоршаған әлемді тануға көмектесетін ғылымдарды таныстыру деңгейінде сипаттау.

Л.В. Занковтың дамытушылық бағдарламасы оқушының жеке қабілеттерін дамытуға және оның даралығын қолдауға бағдарланған. Оқытудың алғы әдіс-тәсілдеріне бірлескен талқылаулар, ойға салулар, ізденіс және жаңалықтар ашу жатады. Оқытудың субъективті сипаты оның барлық сатысында көрінеді: білімді алу мен оны жүйелеуде, бақылау және өзін-өзі бақылауда, бағалау және өзін-өзі бағалауда. Оқытудың тек қана осындай құрылымы іс-әрекеттің үдерісі мен нәтижесіне әсер ете бастайтын оқу-танымдық ұмтылыстарды қалыптастырады, оқушының қызығушылығы артып, оның даралығын қолдау мүмкіндігі туындайды. Оқушы өздігінен әрекет ете алу, қызығушылық таныту, жеке ізденіс жасау мен шығармашылыққа мүмкіндік алады.

Зерттушілік әрекеттердің негізінде мыналар жатыр:

- оқушыларлдың танымдық біліктері мен дағдыларын дамыту;

- ақпараттық кеңістікте бағдар жасай білу;

- алған білімін өздігінен құра білу;

- білімін ғылымның әртүрлі саласында кіріктіре білу;

- сыни тұрғыдан ойлай білу.

Оқытудың бұл әдісі оқушылардың өздігінен, топ ішінде, жұптасып және осы жұмыстарға берілген уақыт ішінде орындай алатын әрекеттерге бағытталған (сабақтың бірнеше минутынан бастап, бірнеше апта немесе айлар).

Оқытудың әдісінде зерттеу мен шығармашылық әрекеттер басым болып келеді: оқушылар өздігінен білім алып, оларды жағдайдан тыс жағдаяттарда қолдана білу, ойлау, қиялдану, ойнау шарттарына қойылған.

«Дүниетану» бағдарламасында зерттеу дағдыларын қалыптастыру келесі міндеттерде айқындалған:

- қоршаған әлемді зерттеу әдістерімен танысу (бақылау жүргізу, модельдеу, өлшеу және т.б.);

- танымдық үрдістерді дамыту (сезіну, қабылдау, ойға салу, түсіну, еске сақтау, жалпылау және т.б.);

- зейін салу, бақылау жүргізе білу және білімпаздықты тәрбиелеу;

- өздігінен танымдық әрекет ете білу қабілетін қалыптастыру;

Зерттеушілік дағдылар оқу құралдарына нысандарды салыстырудағы әралуан тапсырмаларды еңгізумен, нақты сипаттары мен қасиеттерін анықтаумен, оларды жіктеумен, себеп-салдарлық байланыстары мен бағыныштылықтарын анықтаумен қамтамасыз етіледі.

Пәннің мазмұны бақылау жүргізе білу қабілеттерін дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Қоршаған ортамен танысу оны қабылдау барысында неғұрлым сезім мүшелерінің көп қатысуымен жүзеге асырылады. Оқыту құралдарында сызбалармен, үлгілермен жұмыс жасай білу қабілеттерін дамытатын, нақты нысандарды сипаттай алатын тапсырмалар ұсынылады.

Басты орында оқушыларды әртүрлі энциклопедиялар, анықтамалықтар, сөздіктермен жұмыс жасай білетін ақпараттық сауаттылыққа бағытталған тапсырмалар болады. Аталған тапсырмаларды орындай отырып оқушылар қажетті ақпаратты тауып онымен бөлісе білуге үйренеді.

Осылайша, дүниетану оқулықтары бойынша авторлар зерттеушілік дағдыларды барлық әрекеттердің негізгісі деп санайтындары нақты дерек. Оқулықта ұсынылған материалдардан бөлек, мұғалімдерде зерттеушілік жұмысты жоспарлап ұйымдастыру барысында әралуан тәсілдерді қолданып, пайдалану мүмкіндіктері бар.

Қарастырылған бағдарламаларда жартылай ізденіс әдістерін қолдану және проблемалық тапсырмаларды қолдануға басты назар аударылған. Сонымен қатар, практикалық әрекеттерді дамыту, базалау жүргізе білу және ақпарат көздерінің әралуан түрлерімен жұмыс жасай білуге үлген назар салынады. [есенбаева]

 

 

2.2 Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастырулың бір жолы – жобалау әдісі

 

Қазіргі заманғы оқушыдан тек оқу үрдісі барысында жекелеген пәндер бойынша алынған білімді ғана емес, бәрінен бұрын шығармашылық зерттеу қызметі барысында алынған тұтас білім мен шынайы өмір тәжірибесі негізінде тұжырымдалған тұтастай дүниені сезіну мен дүниетанымды көптеп талап етеді.

Зерттеушілік дағдыларды қалыптастыруда ерекше орынға жобалау әдістері ие, өйткені оның бойында зерттеушілік, ізденушілік, проблемалық әдістердің үйлесімділігі бар. Жоба оқушылар алдына олардың ұғымдарына қарама-қайшы келетін білімдік жағдаяттарды құруды ұйғарады:

- оқушыларды өз ойлары мен болжамдарын айтуға итермелейді;

- осы ұйғарымдарды зерттеуге мүмкіндіктер ұсынады;

- алынған мәліметтердің маңыздылығын бағалау үшін оқушыларға өздерінің зерттеу қорытындаларын сыныптастары, мұғалімдер, ата – аналар алдында көрсетуге мүмкіндік береді. [айтқалиева. 7 бет]

Жобалау әдісі оқушылардың өздігінен әрекет етуіне бағытталған. Олар ол әрекеттерін белгілі бір уақыт аралығында (бір сабақтан бірнеше сабаққа дейін) жеке, жұптасып немесе белгілі бір топта жүзеге асырады.

Жобалау әдісінің заманауи зерттеушілері оларды кешенді пайдалану білім беру міндеттерін шешу мүмкіндігін береді (пәндер бойынша білімдер алу), дамытушылық (проблемалық сұрақты қоя білу, өз әрекетіңді жоспарлау, оның өнімдерін ұсыну және т.б.), тәрбиелік (біріге отырып жұмыс жасай білу, жолдасының пікірін және т.б. қабылдау). Көптеген авторлар жобаларды орындау оқушы бойында ерікті психикалық үрдістердің дамуын тудырады деп көрсетеді, жоғары танымдық белсенділікті тудырады, зерттеуге деген ынтасына себепші болады, жеке тұлғалық жаңа білімдерді қалыптастырады, оқыту әрекеттері мен оның құрылымдарын меңгеруге ықпал етеді.

Жобалау әдісінің негізі – бұл оқу – танымдық әрекеттің нәтижеге бағыттылығы, ол қандай да бір мәселені шешуде жүзеге асырылады. [қараев]

Жобалап оқыту технологиясы өткен ғасырдың басында АҚШ-та дүниеге келген. Оны проблемалар әдісі деп те атаған, америка философы әрі педагогы Дж. Дьюи, және оқушысы У.Х. Килпатрик ойлап тапты. Дж. Дьюи оқудың белсенді формасын ұсынды. Бұл жерде өмірден алынған проблема қажет, ол оқушы үшін маңызды әрі таныс болуы керек, оны шешу үшін өз білімін пайдалана алатындай болу керек. Мұғалім ақпарат көздерін қайдан алуға болатынын ғана айтады немесе оқушы ойына өзіндік жұмыс жасау мақсатында бағыт бере отырып, белгілі бір проблемаға қызығушылық тудырып, жобалап оқыту іс-әрекеті арқылы алған білімін пайдаланып, шешім жолдарын ұғындыруға жетелейді. Немесе теориядан практикаға жетуге бағыт жасайды. Жобалап оқыту технологиясы орыс педагогтарының да назарын аударған. Жобалап оқыту идеясы Россияда Америка педагогтарымен параллель келген. Орыс педагогы С.Т. Шацкий 1905 жылы оқу үрдісінде жобалап оқыту технологиясын пайдаланды.

Жоба әдісі 1920 жылдары Америкада жасалған, негізінен, белсенді оқуға негізделген. Бұл кезде оқушы белсенді қызмет етеді, өзінің қызығуын танытады, білімін пайдалана алуына мүмкіндік туады.

Жобалауға қойылатын негізгі талаптар мыналар:

- зерттеу немесе шығармашылық бағыттағы мәні бар мәселелерді таңдау;

- теориялық білім мен тәжірибелік іс-әрекет жасау белсенділігін көрсететін нәтижелер;

- оқушының іс-әрекеті;

- жобаның құрылымы, ондағы кезеңдер нәтижелері;

- зерттеу арқылы іс-әрекет жүйесін көрстеу.

Жоба әдісі жеке бағдар беру технологиясының бірі. Бұнда оқушылардың танымдық дағдыларын дамыту, өз білімін өздігінен қолдану біліктігін қалыптастыру, ақпараттық кеңістікте бағдарлау, сыни тұрғыдан ойлауларын дамыту жатады.[Ақмағанбетова]

Жобалау әдісінің негізгі мақсаты: «оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту»

Жобалау әдісінің мәні – белгілі бір білім жиынтығына ие болуды болжайтын және жобалау іс-әрекеті арқылы шешімін табуды алдын ала ескеретін мәселелерге деген оқушылардың қызығушылығын ынталандыру, алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу икемділігін, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. Мәселе ойдың мақсатын белгілейді, ал мақсат ойлаудың үрдісін бақылайды.

Жобалау әдісіне тән жетістіктерге мыналарды жатқызуға болады:

- жобалау әдісі оқушыларды оқыту үрдісіне және тілдік қатынасқа белсенді жұмылдыра алуымен ерекшеленеді;

- оқушыны білім алуда, өз ісін ұйымдастыруда жауапкершілікке үйретеді;

- жобамен жұмыс істеу барысында оқушының тілдік дайындығы қалыптасады;

- жобалау әдісі оқушының белсенді түрде өз бетінше ойлауына, жұмыс істеуіне және алған білімін есте сақтауы, тиісті жағдайда қолдана алуына көмектеседі. Сонымен бірге оларды жеке тұлға ретінде қалыптастырады;

- жобаны қорғау кезінде оқушы өз әрекетін ұйымдастырып бағалай алатын жеке тұлға ретінде ғана емес, тілді меңгеруге байланысты өз бойындағы кемшіліктерді жеңуге де үйренеді.

Жобалау әдісі – қандай да бір түрде безендірілген, нақты, айтарлықтай тәжірибелік нәтижемен аяқталуы тиіс мәселені толық өңдеу арқылы дидактикалық мақсаттарға жетудің тәсілі.

Жоба белгілі бір тақырып бойынша құрастырылады. Ол оқушының қызығушылығына қарай таңдалуы мүмкін.

1-кезең. Дайындық кезеңі. Тақырып таңдау, оны құрастыру, міндеттерін белгілеу, ұйымдастыру, талқылау, жоба мазмұнымен танысу. Мұнда оқытушымен бірге оқушы жобаның тақырыбын, мақсатын анықтайды.

2-кезең. Материал жинау, материалды өңдеу, толықтыру. Оқушылардың жинаған тілдік материалдарын, алғашқы нәтижелерін қорытындылап талқылау, келесі қосымша материалды, жаңа материалды іздестіру. Жоба үй тапсырмасы ретінде материалды қолдана отырып сұхбат жасауға беріледі, лексикалық, грамматикалық материалдар өңделінеді, кесте беріледі.

3- кезең. Сөйлеу кезеңінде алынған материалды қолдану, жоба жұмысын аяқтайды.

4-кезең. Қорытынды шығару, жобаның презентациясы

Жобалау әдісі бойынша өткізілген сабақтар оқушы бойындағы қабілеттілік пен қызығушылығына сәйкес жетіліп, дамуына жағдай туғызылып, әр оқушының жекелеген мүмкіндіктерінің ашылуына ықпал жасайды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, басқаларына сын көзбен қарауға үйренеді.[37]

Ұжымдық зерттеулерді жобалау әрекеттері арқылы ұйымдастыру мақсаты: оқушыларды жобалау-зерттеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында ұжымдық зерттеуді жобалау әрекеттерінің элементтері арқылы деңгейлеп ұымдастыруға үйрету:

- оқушылар инициативасын зерттеудің барлық деңгейлерін ашу арқылы жүзеге асыратын ұжымдық зерттеулер;

- оқушылар сабақта жекелеген зерттеу дағдыларын қалыптастыру бойынша арнайы сабақтар.

Ұжымдық зерттеулер белгілі бір жоспар бойынша барлық деңгейлерін сақтай отырып жүзеге асырылады. Бір оқу жылының барысында оқушылар ата-аналары мен мұғалімнің басшылығымен бірнеше ұжымдық зерттеулер жүргізіеді. Оның инициаторлары-оқушылардың өздері болады.

Шағын-жобаларды жүзеге асыру бойынша оқушылар мынандай жобаларды атқара алады: ақпараттық (оқушылар немесе оқушылардың тобы таңдаған тақырып бойынша ақпараттарды өз бетімен іздеу және жинақтау); шығармашылық (ертегілер, сөзжұмбақтар, ойындар құрастыру және қарастырылып отырған шығармашылық жұмыстар); шағын-жобаларды жинақтау.

Жобалау-зерттеу кеңістігін жобалаудың әртүрлі түрлерін игеру арқылы кеңейту мақсаты: белгілі бір жоспар бойынша жеке өз бетімен және топпен зерттеу жүргізу арқылы жобалаудың әр алуан түрлеріне балаларды үйрету, зерттеуді ұйымдастырудың күрделі тәсілдерін игеру.[әлімқұлова]

Жобаларды орындау барысында оқушылармен жинақталған зерттеушілік дағдылар «жинақталған – білімдікке» қарағанда әртүрлі ақыл-ой және тәжірибелік әрекеттерді саналы түрде орындауды қалыптастырады. Арнайы білімдерді, сонымен қатар зерттеушілік ізденудің жалпы біліктер мен дағдыларын қолдану факторларын танымдық қажеттіліктің маңызды индикаторы деп білуге болады, өйткені өздігінен ұйымдастырылған оқу әрекеті мектеп пәндерінің оқытылу сапасын көбейтеді. [22] (112б)

Date: 2016-05-23; view: 776; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию