Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Зерттеудің көкейкестілігі. 1 page





Мазмұны

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

1 Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыртастырудың теориялық негіздері...............................................................................................6

1.1 Қазіргі ғылымдағы «зерттеу дағдылары» ұғымының педагогикалық –психологиялық әдебиеттерде зерттелуі................................................................6

1.2 Кіші мектеп жасындағы балалар бойында зерттеу дағдыларын қалыптастырудың психологиялық – педагогикалық ерекшеліктері..................16

2 Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері..........................................................................................23

2.1 Кіші мектеп оқушыларының зертеушілік дағдыларын қалыптастыру жолдары..............................................................................................................23

2.2 Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың бір жолы – жобалау әдісі...................................................................................32

2.3 Кіші мектеп оқушыларының математика және дүниетану сабақтарында зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың мүмкіндіктері...........................38

3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері..................................44

Қорытынды.....................................................................................................58

Пайдаланған әдебиеттер тізімі.......................................................................60


Кіріспе.

Зерттеудің көкейкестілігі.

Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны – жас ұрпақтың дағдыларын қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай – ақ ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр.

Елбасының халыққа жолдауындағы алтыншы міндеті де осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлауды, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыруды, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалануды, инновациялық экономиканы дамытуды қарастырады.

Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады.[1]

Әрбір оқушы табиғатынан таныс еместің барлығын білуге құмар және оқуға деген ынтасы зор екені белгілі, сол себепті де ол оқытудың бастауыш сатысында шығармашылыққа, таным мен белсенді әрекетке ұмтылады. Осы тұрғыдан алғанда зерттеу әрекетшілдігі қоршаған орта туралы оқушының танымын кеңейтудің ең басты тәсілдерінің бірі болып келеді.

Біздің заманымыз өміріміздің барлық салаларын қарқынды жетілдіре отырып үнемі өзгеріске ұшырап отырады, соның ішінде білім беру жүйесі де. Соған сәйкес, кіші мектеп түлегі төмендегідей сипаттарға ие болуы тиіс:

- білуге құштар, өмірді белсенді және қызыға танушы;

- оқу біліктері негізін меңгерген, өзінің іс – әрекеттерін ұйымдастыра алатын қабілеттерге ие;

- мейірімді, сұхбаттасушыны тыңдап, ести алатын, өзінің ұстанымдарын негіздей алатын, өз пікірін білдіре алатын. [6] (21)

Жалпыға бірдей білім берудегі кіші мектептегі оқытудың мемлекеттік білім стандарты келесі мақсаттарды қамтамасыз ететін, жеке тұлғаға бағытталған жалпы көпшілік бастауыш сыныптардың жеке тұлғаға бағытталған сапалы дамытушы моделін анықтады.

- оқушының жеке тұлғасын, оның шығармашылық қабілеттерін, оқуға деген қызығушылықтарын дамыту, оқу ынтасы мен дағдысын қалыптастыру;

- рухани – адамгершілік және эстетикалық тәрбие;

- білім, білік және дағды жүйесін, әртүрлі әрекет түрлерін жүзеге асыру тәжірибелерін меңгеру;

- оқушылардың физиологиялық және психологиялық денсаулықтарын нығайту және сақтау;

- оқушының даралығын сақтау және қолдау.

Кіші мектепте жалпыға бірдей білім берудің ары қарай оқытудың нәтижелігін анықтауда меңгеру деңгейі неғұрлым әсер ететін жалпы білік пен дағдыны қалыптастырудың басымды бағытымен айқындалған. Білімнің негізгі нәтижесі оқушының әрекеттердің әмбебап тәсілдерімен қатар, оқылып жатқан пәндерге тән дамудың жаңа деңгейлерін меңгеру ретінде әрекеттік бағыттар негізінде қарастырылады. Бұл жаңа оқу стандарттарының тағы да ерекше жақтары. Оқу үдерісіндегі осынау ерекшеліктерді жүзеге асыру мұғалім мен оқушы арасында бірігіп жасаған әрекеттерді жоспарлау негізінде жаңа ұйымдастыруды талап етеді.

Б.В.Всесвятский жазғандай, зерттеулер оқушыны бақылау жүргізуге, жеке заттардың қасиеттеріне тәжірибе жүргізуге баулиды. Бүкіл осы үрдіс – белсенді бала жаратылысына жауап беретін үрдіс екендігі өте маңызды, ол оңды эмоционалдық бояулармен беріледі. Екеуін де салыстырып жалпылаған кезде деректердің (жай сөздің емес) мықты негізін береді. Ол оқушылардың қоршаған ортаға біртіндеп бейімделуіне негіз болады, өзінің санасында әлемнің ғылыми сипаты туралы өзіндік білім мен жасампаздық ғимаратын салуға мықты негізін береді.

Зерттеу әдісі – өзіңнің жеке шығармашылық және зерттеушілік дағдылары арқылы білім алу жолы. Оның негізгі салыстырмалылары – проблемаларды анықтау, болжамдарды жасау және тізбектеу, бақылау, тәжірибелер, сонымен қатар солардың негізінде жасалған ойлар мен талқылаулар. Оқыту кезінде зерттеушілік әдістерді қолдану барысында ауыртпалық ортасы шынайылықтың деректері мен оның талдауларына ауады. Осы орайда, дәстүрлі оқытуда қолданылатын сөз әдісі кейінге шегіндіріледі.

Дегенмен, кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалары енгізілген материалдар саны өте аз. Осы өзекті мәселе «Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру» тақырыбын таңдауға себепші болды.

Зерттеудің мақсаты: Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру мәселесін теориялық тұрғыда зерттеу, іс – тәжірибеде жүзеге асыру.

Зерттеудің нысаны: Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын даярлау үрдісі.

Зерттеудің болжамы: Егер, кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру мәселесін теориялық тұрғыда зерттеліп, кіші мектеп жасындағы оқушылар бойында зерттеу дағдыларын қалыптастырудың психологиялық – педагогикалық ерекшеліктері анықталса, сабақта бағытты – практикалық, кіші мектеп оқушыларының зертеушілік дағдыларын қалыптастыру жолдары сараланса, онда оқушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру деңгейі жоғарылар еді.

Зерттеудің пәні: Қоршаған ортамен таныстыру кезінде кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру үрдісі.

Зерттеу міндеттері:

1) Қазіргі ғылымдағы «зерттеу дағдылары» деген ұғымды сипаттау;

2) Зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың психологиялық – педагогикалық ерекшеліктерін анықтау;

3) Кіші мектеп оқушыларының зертеушілік дағдыларын қалыптастыру жолдарын саралау;

4) Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптасу деңгейінің диагностикасын жүргізу;

Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері: Алға қойылған міндеттерін шешу мен бастапқы белгіленген болжамдар жағдайын тексеру үшін келесі зерттеу әдістері қолданылды: зерттеліп отырған мәселе бойынша әдебиетті зерттеу және теориялық талдауы, ақпаратты синтездеу және жалпылау, бақылау, тестілеу; тәжірибелік – сараптамалық жұмыс және оның қорытындыларын өңдеу.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы, ҚР «Білім Беру Туралы Заңы», ҚР 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының білім беру журналдары, психология, педагогика ғылымдарының дүниетаным, тәрбие, білім, даму туралы ғылыми еңбектері, педагогикалық оқулықтар.

Зерттеу жұмысының әдістері:

- ғылыми – әдістемелік әдебиеттерді зерттеу;

- сұрақ – жауап;

- түсіндіру;

- педагогикалық бақылау;

- педагогикалық эксперимент;

Зерттеу жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, әдебиеттер тізімінен тұрады.

Зерттеудің базасы: Шығыс Қазақстан Облысы,Семей қаласы, №38 жалпы орта білім беретін мектеп – лицейінің 2 «Д» сыныбы.

 

 

1 Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыртастырудың теориялық негіздері

1.1 Қазіргі ғылымдағы «зерттеу дағдылары» ұғымының педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде зерттелуі

 

Жалпы ұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты – еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау. Бәсекеге қабілетті жеке тұлға деп өмірдің қай саласында болмасын еркін де нақты, жауапкершілікпен ойлайтын, әр түрлі жағдайларға бейімделе білетін, бойында шығармашылық қасиеттері қалыптасқан тұлғаны айтамыз.

Ғылымның жедел түрде дамуы, техникалық прогресс, қазіргі заман талабы кіші мектеп оқушыларының жан – жақты терең ойлау дағдыларын арттырып отыр. Сондықтан бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін зерттеу – ізденушілік жұмыстарды бастауыш сыныптан бастау қажет. 12 жылдық білім берудің басты мақсатының бірі – құзыретті тұлғаны дамыту болса, күтілетін нәтиженің бірі – мәдениетттанымдық құзырет. Ол дегеніміз – жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өзінің халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсіну. [2. 62 бет]

«Зерттеу» мен «зерттеушілік дағдылары» ұғымына не кіреді екен? Өзінің «Кіші мектеп оқушыларын зерттеу әдістеріне оқыту» кітабында А.И.Савенков келесі анықтаманы береді: «Зерттеу – бұл белгісіздікті іздеудің шығармашылық үдерісі» [3. 46бет]. Өз кезегінде зерттеушілік дағдыны жалпы жеке тұлғаны дамытуда қарау және көру, бақылау қабілеттерін дамыту шартары деп анықтауға болады.

Зерттеушілік дағдылар негізінде төмендегі көрсеткіштер жатады:

- оқушылардың танымдық білік пен дағдыларын дамыту;

- ақпараттық кеңістікте бағыт ала білу;

- өз білімін өздігінен құрай алу дағдысы;

- ғылымның әралуан саласындағы білімдерін кіріктіре алу дағдылары;

- сыни тұрғыдан ойлай білу дағдысы.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, зерттеушілік дағдылардың келесі міндеттерін анықтауға болады:

- Білімділік: белгілі бір тақырыпты зерделеу барысында оқушылардың алған білімдерін белсендіру және өзекті ету; көрінеу мектеп бағдарламасы аясынан тыс материалдар кешенімен танысу.

- Дамытушылық: зерттелініп жатқан тақырып аясында ойлау дағдысын дамыту, талдау жасау, салыстыру, өзіндік қорытындылар жасай білу; материалды іріктей білу және жүйелеу; жүргізілген зерттеуді рәсімдеу барысында ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдана білу; зерттеу қорытындыларын көпшілік алдына ұсыну.

- Тәрбиелік: өзгелердің қызығушылығын тудырып, қажетті болатын өнімді шығару. [13. 25бет]

Өз кезегінде бүкіл зерттеушілік дағдылар аталған міндеттерді жүзеге асыруға ықпал ететін бірнеше сатыларға бөлінеді:

1саты – Мәселенің өзектілігі. Мақсаты: Болашақ зерттеудің сұрақтары мен бағыттарын анықтау.

2 саты – Зерттеу саласын анықтау. Мақсаты: Біз жауабын алғымыз келетін негізгі сұрақтарды жинақтау.

3 саты – Зерттеу тақырыбын таңдау. Мақсаты: Зерттеу шекараларын белгілеу.

4 саты – Гипотезаны шығару. Мақсаты: гипотезаны немесе гипотезаларды жасау, соның ішінде орындалмайтындары да провокациялық түрлері де айтылуы қажет.

5 саты – Шешім бағыттарын анықтау және жүйелеу. Мақсаты: Зерттеу әдістерін таңдау.

6 саты – Зерттеуді жүргізудің бірізділігін анықтау.

7 саты – Ақпаратты жинақтау және өңдеу. Мақсаты: алынған білімдерді жазып қою.

8 саты – Алынған материалдарды жалпылау және талдау. Мақсаты: белгілі логикалық ережелер мен амалдарды қолдана отырып, алынған материалы құрылымдау.

9 саты – Есепті даярлау. Мақсаты: негізгі ұғымдарға анықтамалар беру, зерттеу нәтижелері бойынша хабарлама даярлау.

10 саты – Баяндама. Мақсаты: өз құрбылары мен ересектердің алдында көпшілікте оны қорғап шығу.

11 саты – Аяқталған жұмыстың нәтижелерін талқылау.

Зерттеушілік дағды деп – біз өзіндік таңдаумен, оқушыларға қолжетімді материалмен зерттеудің амалдары және әдістерін қолданумен шартталған зияткерлік және практикалық дағдыларды білеміз. [4. 96 бет]

Зерттеушілікке оқыту – оқушының қоршаған ортасын өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құрылған тәсіл. Зерттеушілікке оқытудың негізгі мақсаты – оқушының өз бетімен шығармашылық жаңа іс – әрекет тәсілдерін игеруге дайындығы мен қабілет қалыптастыру. Оқушыны ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып табылады.

«Зерттеу» түсінігі үлкен кеңес энциклопедиясында «Жаңа білім алу процесі және танымдық әрекет түрлерінің бірі болып табылады» делінген. Танымдық әрекет оқуы үшін қабылдаушылық және өзгертушілік сипатта болуы мүмкін. Оқушының танымдық өзгертушілік әрекеті зерттеушілік деп аталатын әдістің көмегімен жүзеге асырылады. [жексенбаева 12 жылд бб] (6бет).Соңғы жылдары «зерттеушілік әрекеті» мәселесіне жаңа термин ретінде – «зерттеушілік әдебі» термині еңгізілді. А.И.Савенков «зерттеушілік әдебі – күрделі психикалық құбылыс, оған нақты анықтама берілмейді» дейді. Ол өз еңбектерінің бірінде: «Зерттеушілік әдебі – аспаптар іздестіру, белгісізден белгіліге қарай бағытталған әрекет, ал зерттеуге оқыту – зерттеушілік әдебі негізінде құрылған оқыту түрі» деп түсіндіреді. [савенков учебное пособие] (43 бет)

Ал біздің қолдануымызда зерттеушілік әдебіндегі басты ерекшелік – өзін – өзі тәрбиелеу, өзін – өзі дамыту арқылы қалыптасатын зерттеушілік белсенділігі. Сонымен қатар әр адам өзін қоршаған ортасымен қарым – қатынасы түрліше болуына байланысты, оның әдебі түрлі формада байқалады. Адамның зерттеушілік әдебі шығармашылықта байқалады. Ал, шығармашылық зерттеушілік әдебінің басты сипатын білдіреді. Зерттеушілік шығармашылық ізденіс адамға екі жақты көзқараста: бірінші, қандай да бір жаңа өнім алу жағынан, екіншісі, ізденіс үрдісінің мәні жағынан маңызды. Адам тек шығармашылығының нәтижесімен ғана емес, сонымен қатар шығармашылық-зерттеушілік үрдістің өзінен ләззат алуға қабілетті. Зерттеушілік әрекет пен зерттеушілік әдебі мағыналары мәндес болып табылады.

Зерттеу әдістерін таңдауға И.П.Павлов ерекше назар аударды: «Жақсы әдіспен онша талантты емес адамның өзі көп жұмыс тындыра алады. Ал жаман әдіспен данышпан адамның өзі түк бітіре алмауы мүмкін» деген[савенков 12 жылд бб](10бет). Сонымен зерттеу әдістерін мынандай топтамада қарауға болады: теориялық әдістер – қарама-қайшылықтарды анықтау және шешу, проблема қою; болжам жасау және операция әдістері – талдау, сүзгілеу, салыстыру, абстракциялау және нақтылау; эмпирикалық әдістер: танымдық іс-әрекеттер зерттеу, мониторинг, бақылау, сұрақ қою, тестілеу. Зерттеуді өткізу уақыты екі кезеңнен тұрады: теориялық кезең – әдебиеттерді талдау және жүйелеу, түйсік аппаратын жетілдіру, зерттеудің теориялық бөлігінің логикалық құрылымын жасау және эмпирикалық кезең – тәжірибелік – эксперименттік жұмыс жүргізу. Оқушының әрекеті зерттеушілік әрекет болуы үшін зерттеудің проблемасы мен тақырыбың анықтап, нақты мақсаттар қоя білу керек. Оқушылар ғылыми зерттеудің әдістерін, формаларын, принциптерін үйренуі тиіс. [скокова] 125 бет

Педагогикалық зерттеу әдістері бұл – мұғалім жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, білім беру, дамыту, қалыптастыру кезінде солардың көмегіне жүгінетін әдіс – тәсілдер. Білімді жинақтаудың көптеген әдістері бар. Соның ішінде дәстүрлілерін атап өтейік (эмпирикалық) және жаңалары (эксперименталдық, теориялық).

Дәстүрлі әдістер бұл – қазіргі педагогикаға ертеден педагогикалық ғылымның бастауы болған зерттеушілерден мұра болып келген әдістер. Ол кезінде Платон және Квинтилиан, Коменский және Песталоцци қолданған, қазірдің өзінде ғылымда пайдаланылып келе жатқан әдістер. Дәстүрлі әдістерге жататындар: бақылау жүргізу, озық тәжірибені, алғашқы ақпарат көздерін зерделеу, мектеп құжатына талдау жасау, оқушылар шығармашылығының өнімдерін, әңгімелерін зерттеу.

Бақылау жүргізу – зерттеудің педгогикалық практикадағы неғұрлым қолжетімді және кең тараған әдісі. Ғылыми бақылау жүргізу ұғымында арнайы ұйымдастырылған нысанды қабылдай білу, үрдіс немесе жаратылыстың ұғымы жатыр. Ғылыми бақылау жүргізу күнделікті, тұрмыстықтан анағұрлым айырмашылығы бар. Оның басты айырмашылықтары:

1) міндеттері анықталады, нысандары айқындалады, бақылау жүргізудің схемасы жасалады;

2) нәтижелері міндетті түрде жазылып отырады;

3) алынған мәліметтер өңделеді, бұрын белгілі болған мәліметтермен салыстырылады және өзге әдістермен қайта тексеріледі. Неғұрлым тиімдірек болу үшін, бақылау жүргізу ұзақ, жүйелі, жан – жақты, объективті және қоғамдық болу керек.

Бақылау жүргізу әдісінің маңыздылығын, оның қолжетімділігін және кең таралғандығын айта отырып, сонмен бірге оның кемшіліктерін де атап өткен жөн, демек: ол педагогикалық жаратылыстардың ішкі жақтарын қамтамасыз ете алмайды, ол дегеніміз, ақпараттың толық объективтілігін қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан бақылау жүргізу көбінесе зерттеудің бастапқы кезеңдерінде өзге тәсілдермен үйлестіріле қолданылады.

Тәжірибені зерттеу – педагогикалық зерттеудің бұрыннан қолданыдып келе жатқан әдісі. Ол оқу – тәрбиесі жүйесіндегі тәрбиелеудің тарихи байланыстарын анықтауға, ортағын іріктеуге бағытталған танымдық ұйымдастырылған әдісті білдіреді. Оның көмегімен нақты мәселелерді шешу жолдары талданады, оларды жаңа тарихи жағдайларда қолданудың мақсаттылығы жайлы салмақталған қорытындылары шығарылады. Сондықтан аталған әдісті тарихи немесе мұрағатты деп те атайды, ол алғашқы ақпарат көздері әдістерімен тығыз байланыста. Көне жазба ескерткіштері, заң актілері, жобалар, циркулярлар, есептер, баяндамалар, қаулылар, съезд және конференция материалдары; оқу және тәрбие бағдарлмалары, жарғылар, кітаптар, сабақ кестелері тыңғылықты ғылыми талдауға жатады. Бір сөзбен айтқанда – жаратылуды, қандай да бір мәселенің бастауы мен динамикасын түсінуге көмек беретін материалдар. Шығармашыл еңбек ететін мұғалімдердің немесе жеке мұғалімдердің озық тәжірибесін зерделеу де орын алады. Педагогикада басты болып қалыптасқан көзқарасқа сыни тұрғыда қараған озық педагогикалық тәжірибе мысалдарын келтіруге болады, даусыз мәселе болып көрінетін сұрақтарды шешуге жаңаша көзқараста қарау. Еске түсірейікші, бастауыш сынып мұғалімі С.Н.Лысенкованың тапқан бірегей жаңалықтары мен педагогикалық ойы мектеп практикасын қалай дүрліктіріп еді.[подлаый, 151бет]

Зерттеу әдістерін қолдану дегеніміз – мәселелі міндеттерді анықтау, шығарманың сыни талдауын жасау ұсынысы, тәжірибе жүргізу және т.б. Бұл әдіс тиімділігінің басты шарты – зерттеу кезеңдері мен сатыларындағы оқушының өздігінен жұмыс жасауы, ол келесі танымдық әрекеттерді орындаудан тұрады: деректер мен жаратылыстарға бақылау жасау мен зерделеу; гипотеза ұсыну; зерттеу жоспарын жасау және оны жүзеге асыру; зерттеу нәтижелерін жинақтау; алынған нәтижелерге бақылау жүргізу және тексеру, оның маңыздылығына баға беру.

Алғашқы зерттеу әрекетеріне оқушыларды оқыту сабақ арқылы жүзеге асыру әбден мүмкін, ол арнайы сабақтар мен зерттеушілік жобаларды қорғау.

Мұғалім үшін зерттеу әрекеттерінің дағдыларының қалыптасу деңгейін бағалау өте маңызды. Кез келген нәтиже оңды баға алуға лайық. Мыналарды бағалауға болады:

- оқу зерттеуі кезінде жұмыстың әртүрлі сатыларын орындауда өздігінен жұмыс жасай алу деңгейі;

- топтық жұмысқа араласу деңгейі және өзіне жеке берілген рөлді тура орындауы;

- пайдаланылған ақпаратты түсіну деңгейі;

- идеяның бірегейлігі;

- проблеманы түсіне білу және оны шешу тәсілі;

- зерттеу мақсатын құру;

- рефлексияны меңгеру;

- жұмыс барысындағы шығармашылық бағыт.

Ғылыми педагогикалық зерттеу оқу – тәрбие үрдісін айқындайтын мектеп құжаттарына талдау жасауды білдіреді. Ақпарат көздері – сынып журналдары, жиналыс және отырыстардың хаттамалары кітабы, сабақ кестесі, ішкі тәртіп ережелері, мұғалімдердің күнтізбелік және сабақ жоспарлары, сабақтардың стенограммалары және конспектілері және т.с.с. Олардың мазмұнында зерттеліп жатқан жаратылыстар арасындағы бір-біріне бағыныштылықтарының себеп – салдарларын анықтауға мүмкіндік беретін көптеген объективті мәліметтер бар. Құжаттарды зерттеу мысалы үшін денсаулық пен оқу үлгерімі, сабақ кестесінің құрылу сапасы мен оқушылардың оқу белсенділігі арасындағы байланысты анықтауға құнды статитикалық мәлімет береді.

Date: 2016-05-23; view: 2562; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию