Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как противостоять манипуляциям мужчин? Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Зерттеудің көкейкестілігі. 3 page





Қиял. Бұл адамның өзінің тәжірибесінде бар бейнелерге сүйене отырып жаңа бейнелерді жасау. Кіші мектеп оқушысының қиялын дамытудағы негізгі бағыты – болмысты меңгеру кезінде алынған өмірлік тәжірибе мен білім негізінде ақиқаттың толыққанды және толық бейнесіне ауысу. Кіші мектеп оқушысына бастапқыда еске түсірілген бейнелер нақты нысанды тек қана болжалды түрде ғана сипаттайды, олар бөліктерге кедей болып келеді. Ары қарай қиял дами береді, оқушылар бейнелерді құрған кезде неғұрлым көбірек белгілер мен қасиеттерді қолдана бастайды.

Кіші мектеп оқушылары қиялының ерекшлігі олардың нақты бір затқа сүйенуі болып табылады. Біртіндеп нақты мысалдар сөзбен ауыстырылады, олар балаға жаңа бейнелерді жасауға көмектеседі. Бейнелерді жасау қаншалықты байыппен, әдейілеп жасалса, біз қиялды соншалықты ерікті және еріксіз деп екіге боле аламыз. Дәл кіші мектеп оқушыларының бойында өздігінен қиялдану көрінеді. Оқушыларға бұрын жасалған, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен шартталған бейнелерге енжар қарау қиынға түседі. Бұл жаңа бейнелерді жасауға қиындықтарын туғызады. Кіші мектеп оқушылары қиялындағы жаңа бейнелер әлі толық саналы түрде біленбеген қажеттіліктердің әсерінен пайда болады. Еріксіз қиял басқаруға көнбеушілікке пара – пар келеді. Егер қандай да бір әдеби шығарма немесе эмоционалды боялған әңгіме оқушы бойында ерекше қиял туғызса, онда ол естігенін немесе оқығанын мазмұндау барысында өз еркінен тыс шығармада жоқ қандай да бөліктерін ойдан шығарып алады. Ал ерікті қиял – бұл қойылған мақсат пен бейнеге сәйкес болған қиял. Ол дамуды қажет етеді, сондықтан ересектерге оқушы қиялында тек қана біраз белгілері бар белгісіз, жайылмалы, «ұсақ» бейнелерден жалпыланған анық айқын бейне жасауға дейін ықпал ету керек.



Зейін. Зейін өздігінен таным үрдісі болып табылады. Ол жоғарыда айтылған барлық үрдістерге тән: қабылдау, ақыл – ой, ес.

Зейін – бұл қандай да бір үрдіс немесе жаратылысқа мән беру. Ол барлық психикалық үрдіске ілесе жүреді және кез келген әрекетті орындаудың қажеті шарты болып табылады.

Зейін де ерікті және еріксіз болуы мүмкін. Кіші мектеп оқышысының бойында еріксіз зейін басым болып келеді. Еріксіз зейін жеткілікті жағдайда «өзекті» болып келеді және артық күш салуға бағынышты болмайды. Ерекше назар аударуды талап ететі нысандар әралуан болуы мүмкін. Бірақ барлығына жарқындық, жаңашылдық пен тосындық ортақ болады. Кіші мектеп оқушылары әлі өздерінің зейіндерімен басқарып үйренбеген, сондықтан барлық эмоционалды бояумен берілген заттар оларды жылтырауыққа әуес болған сауысқандай тартады. Бұл олардың ойлау әрекеттерінің көрнекі – бейнелік сипатымен түсіндіріледі. Мысалға алатын болсақ, егер оқушы ауырып қалып мектепте қандай да бір материалды меңгермей қалса, ол мектепке келген кезде мұғалімнің түсіндіргенін түсінбейді, өйткені олар алдыңғы айтылғандар негізінде құралады. Оқушы алаңдап, өзге нәрселерге айлана береді. Оған мұғалімнің түсіндіргені түсініксіз, айқын емес дүние болып саналады.

Ерікті зейін. Егер оқушы мақсат қойып, оны орындауға күш – жігерін салса, онда бұл ерікті зейін. Білім, білік, дағдыларын меңгеру кезінде оқушы бойында ерікті зейін дамиды. Ерікті зейінді дамыту бойынша жұмыс оқушы алдына ересектердің қойған мақсатынан бастау алады, оны кіші мектеп оқушысы өздігінен алдына қояды. Оған зейіннің мұқияттылығы, оның көлемі, тұрақтылығы, ауысу және іріктеу жатады.

Жинақталған зейін – бұл зейінді қандай да бір анық затта ұстап тұра алу қабілеті.



Осыдан шыға отырып, кіші мектептегі жас ерекшелігі зерттеушілік дағдыларды дамытуға келетін жас деп білеміз. Егер оқушылар білімді өздері көріп, естіп немесе қолмен ұстап байқаса, олар жаңа білімдерді жақсырақ меңгереді. Сонымен қатар осы уақытта оқушы ойында еріксіз зейіннің де неғұрлым дамығанын есепке алу керек, сондықтан оларға ұсынылатын зерттеулер неғұрлым жарқын және есте қаларлық болуы тиіс. Осы орайда, мұғалімнің міндеті сабақта зерттеу элементтерін пайдалана отырып кіші мектеп оқушысының бойына табиғатпен қаланған зерттеушілік дағдысын дұрыс арнаға қарай бұру. [2. 74 – 81бет]

Зерттеушілік дағдыларды қалыптастыру үшін келесі шарттар қажет:

Жүйелілік. Сыныптағы зерттеушілік дағдыны дамыту жұмыстары үнемі жүргізіледі, сабақ және сабақтан тыс уақыттарда.

Мотивациялану. Мұғалім оқушыға зерттеушілік әрекетте өзінің дарыны мен мүмкіндіктерін жүзеге асыруды көруге көмектеседі.

Психологиялық жайлылық. Шығармашылық белсенділіктерді ынталандыру. Мұғалімнің міндеті оқушылардың шығармашылық идеяларын қолдау және бағыттап отыру.

Жас ерекшеліктерін ескеру. Зерттеу шама жетерлік және қызықты болу керек. [27. 45бет]

Оқушы «Мен – білім» деген жеке тұлғалылықты ашады, оған маңызды болып келетін проблемалық жағдаятта оқушы қажеттілік туындататын «Неге?»,

«Неге олай болды?», «Ал егер..?» деген қажеттілік сұрақтары мен ұғымдарын білуге құштар болады. Оқушы зерделеніп жатқан нысанға жан-жақты қарап үйренеді. Мұғалім алдында күрделі міндет бар: кіші мектеп оқушысын өзіне сұрақ қоюға, таңқалуға үйрету, сондықтан ол оның танымдық белсенділігін дамыта түседі.

Одан кейін болжамдық ақыл – ой дамытудың жағдайы туындайды. Гипотеза – ой ізденуінің, ой салу мен талқылаулардың тәсілдері болып табылады. Оқушы өз еркімен нұсқалар, ұсыныстар жасап, біртіндеп бойында дәлелдеу мен негіздеу қабілеттерін дамыта бастайды.

Мұғалімнің алдында тұрған міндет – бір қатарлы емес шешімі бар тапсырмаларды іріктеу, қосымша ақпаратты талап ететін «қақпандар» қажет. Ерекше орында оқушының жаңа білімге деген құштарлығын, әрекет тәсілдерін туғызатын толық берілмеген мәтіндер болады. Жоғарғы мотивация тек қана эмоционалдық кірігуді ғана емес, оның оңды өсуін де қамтамасыз етеді. Әртүрлі болжамдарды талқылау қызығушылығы тұлғааралық қарым-қатынасты қалыптастыруға, оқушылар арасынды әлеуметтік байланыс орнатуға ықпалын тигізеді. Даму үшін үлкен маңызға рефлексия қабілеті ие. Рефлексия анықталады: белгіліні белгісізден айыра білу; сәтті жұмыс үшін қандай білімнің қажет екенін айыра білу қабілеттері; өзіңнің көзқарасыңды жалғыз ғана мүмкін болу деп санамай, өзіңнің ойлары мен әрекеттерді «шеттен» қарастыра білу білігі, бірақ өзге адамдардың ойлары мен әрекеттерін сынға қатты алмай бағалай білу.

Бұл өзгерістер өздігінен бақылау – бағалау оқыту әрекеттерімен байланысты. Өзін – өзі бақылау оқушыны жасап жатқан жұмысына жауапкершілікпен қарауға ынталандырады. [34. 85бет]

«Дүниетану» пәнінде ерекше орынды практикалы – бағытты тапсырмалар алады, олар әралуан бақылау жүргізу, оқыту тәжірибелері. Мұндай тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың бойында бақылай білу, өзінің бақылау мәліметтерін жазып отыру, болжамдарды құру, салыстыру, жүйелеу қабілеттері дамиды. Аталған тапсырмалар зерттеушілік жағдылардың жеке элементтері мен жобалау әдісінің бір бөлігі ретінде қолданыла алады.

Танымдық тапсырмалар ақыл – ой операцияларын дамытуға, қорытынды жасауға көмектеседі. Мұндай тапсырмалардың шешімін қарастыру жалпы пікірсайыстың бастамасы болады, оның барысында оқушылар өзгелерді, жолдастарын тыңдай білуге, өз дәлелдерін келтіруге үйренеді. [41. 64 б]

Келесі педагогикалық шарт – жас ерекшеліктерін ескеру.

Кіші мектеп оқушыларының зерттеу тақырыптары пәндерімен жақын болуы тиіс екенін мұғалім түсіну керек. Зерттеуді орындау мерзімі тым ұзақ болмауы тиіс, өйткені оқушылардың бойында жобамен жұмыс жасау барысында қиялданудың мөлшерден тыс деңгейі, зейіннің нашар концентрациясы байқалуы мүмкін, ол жылдам шаршап қалу мен жалпы жұмысқа деген қызығушылығын мүлдем жоғалып кетуіне әкелуі мүмкін.

Мұғалім үшін оқу – зерттеу жұмыстарының ең басты нәтижеі – жай ғана қарастырылған тақырып емес, ол оқушы тарапынан қағаздан желімделіп жасалған макет немесе хабарлама. Педагогикалық нәтиже – бұл ең алдымен тәрбиелік қатыстағы өзіндік, шығармашылық зерттеу жұмысының тәжірибесі; жаңа білімдер; тек қана оқу міндеттерін шешуде емес, өзінің әлеуметтік тәжірибесін меңгеру кезінде стандартты емес жағдаяттардан шығуға көмектесетін зерттеушілік дағдылар. [36. 203бет]

1 бөлімге қорытынды:

Өз кезегінде зерттеушілік дағдының жалпы жеке тұлғаны дамытуда қарау және көру, бақылау қабілеттерін дамыту шартары деп анықтауға болады.

Зерттеушілік дағдылар негізінде төмендегі көрсеткіштер жатады :

- оқушылардың танымдық білік пен дағдыларын дамыту;

- ақпараттық кеңістікте бағыт ала білу;

- өз білімін өздігінен құрай алу дағдысы;

- ғылымның әралуан саласындағы білімдерін кіріктіре алу дағдылары;

- сыни тұрғыдан ойлай білу дағдысы.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, зерттеушілік дағдылардың келесі міндеттерін анықтауға болады:

- Білімділік: белгілі бір тақырыпты зерделеу барысында оқушылардың алған білімдерін белсендіру және өзекті ету; көрінеу мектеп бағдарламасы аясынан тыс материалдар кешенімен танысу.

- Дамытушылық: Зерделеніп жатқан тақырып аясында ойлау дағдысын дамыту, талдау жасау, салыстыру, өзіндік қорытындылар жасай білу; материалды іріктей білу және жүйелеу; жүргізілген зерттеуді рәсімдеу барысында ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдана білу; зерттеу қорытындыларын көпшілік алдына ұсыну.

Тәрбиелік: Өзгелердің қызығушылығын тудырып, қажетті болатын өнімді шығару.

Зерттеушілік дағдылар деп – біз өзіндік таңдаумен, оқушыларға қолжетімді материалмен зерттеудің амалдары және әдістерін қолданумен шартталған зияткерлік және практикалық дағдыларды білеміз.

Мектеп жеке тұлғаның өзіндік дамуына ықпал ететін әралуан танымдық әдістерін оқушылар тарапынан меңгеруді қамтамасыз етуге жәрдем. Кіші мектеп оқушыларын белсенді танымдық әрекетке араластыру үшін, мұғалімнен дидактикалық шарттарды құру талап етіледі, ол жағдайда білімді меңгерумен қатар оқушылардың өзіндік жеке тәжірибелік әрекеттері ұйымдастырылады. Оны жүзеге асыруда технологиялар, әдістер мен тәсілдердің үлкен қоржыны бар: бағытталған оқыту, ізденушілік және жартылай ізденушілік әдістері және жобалау әдісі.

Кіші мектеп мұғалімінің мақсаты – психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып кіші мектеп оқушыларында зерттеушілік дағдыларын дамыту мен қалыптастыру үшін жағдайлар жасау.

 

 

2 Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастырудың әдіснамалық негіздері

2.1 Кіші мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру жолдары

 

Зерттеумен айналысу оқушының жеке және шығармашылық қабілеттері мен зерттеу, ойлау дағдыларын дамытады және оқушы өзі үшін «жаңалық» ашады. Зерттеу әрекеті баланы дамытады және ол шығармашылық арқылы көрініс табады. Зерттеу дағдысын қалыптастыру психологтардың айтуы бойынша жеке тұлғаның өзін – өзі дамыту мен дамуы үшін өте маңызды. Оқушының зертеушілік дағдысының қалыптаспауы тұлғаның кез келген қиындықты жеңе алмауына, мәселені шешудегі дәрменсіздікке әкеледі. Оқушының қабілетін айтпаса, дамытпаса өз мүмкіндігінен төмен оқуына әкеп соғады. Зерттеу жұмысы күнделікті қолданыста көбінде жаңа білімді меңгеру үрдісі, яғни адамның танымдық әрекетінің бірі ретінде түсініледі. Білім берудің теориясы мен практикасы көз қарасынан қарағанда ғылыми зерттеу қызуғышылық туғызады. [богоявленская 40 бет]

Зерттеу дағдысы ғылыммен айналысатын адамдарға ғана тән емес, сондай – ақ адамның түрлі саладағы қызметіне қажет. Оқушы бойында зерттеушілік дағдыларын дамытуда кіші мектептен бастаған жөн. Себебі оқушы табиғатынан зерттеуші, ал зерттеу ізденімпаздығы – табиғи қасиет. Зерттеу белсенділігі – оқушының мінез құлқының табиғи қасиеті. Оқушыға табиғатынан берілген белсенділік оның зерттеу әрекетінің негізін құрайды. Оқушыны жастайынан зерттеушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен біліктілігін игерту бүгінгі білім беру ісінің маңызды міндеті. Зерттеу, зерттеу тәртібі, зерттеу қызметі түсінігі туралы ғалымдар А.И. Совенков, Н.Б. Шуманова, Н.И. Дереклеева, У.Б. Жексенбаевалардың еңбектерімен танысу арқылы білуге болады. Сондай –ақ оқушылардың ғылым зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру туралы толық мағлұмат береді.

Ғылыми зерттеуге үйрету – оқытудың ерекше тәсілі оқушының өз бетімен қоршаған ортаны танып білуіне деген табиғи талпынысы. Зерттеуге үйретудің басты мақсаты – адам өмірінің кез келген саласындағы жаңа тәсілді өз бетімен шығармашылықпен меңгерудегі оқушының қабілеттілігі мен даярлығы.Зерттеу жұмысын ұйымдастыру нәтижесі – оқушының шығармашылық қабілетін дамыту, оның білім, біліктілігін зерттеу дағдысын қалыптастыру. Зерттеу жұмысында екі нәтиже болады. Біріншісі оқушының даярлаған еңбегі – баяндамасы, есебі, екіншісі педагогикалық нәтижесі – ол өз бетіндік, шығармашыл, зерттеу жұмысын жүргізудің тәжірибесін жинақтау болып табылады. Оқушыларды зерттеуге үйретудің мақсаты: оқушылардың зерттеу қабілеттерін жетілдіру арқылы тұлға ретінде жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту. [9]

Қазіргі жағдайларында 6 – 10 жастағы оқушының жеке тұлғасын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылып отыр, оның бойында әралуан әрекет түрлерін қалыптастыру, өйткені кіші мектепте бастапқы ғылыми білімдері мен ойлаудың негіздері қаланады. Ғылыми – жаратылыстану білімнің теориялық негіздерін кіші мектеп оқушыларында мақсатты және интенсивті қалыптастыру негіздерінің бірі – бұл спецификалық әдістерді пайдалану. Ол оқу әрекеті кезінде ғылыми ұғымдар білімдерін меңгеру кезінде оқушының қызығушылығын арттырады. Кіші мектеп оқушыларында ғылыми-жаратылыстану туралы өзге ұғымдар аппаратын қалыптастыру философиялық, психологиялық және педагогикалық ғылымдарды өзара әрекеттестіктің кешенді келуін талап етеді, олар өз кезегінде мектеп практикасының эмпириялық тәжірибесін терең түсініп, байытуға мүмкіндік береді. [10]

Психологиялық - педагогикалық теорияларда кіші мектепте оқытылып бастайтын бастапқы ұғымдардың әртүрлі анықтамалары беріледі. С.П.Баранов, И.Д.Лушников, А.Н.Алексееваның жұмыстарында бастапқы ғылыми ұғымдар негізінде сезімталдық тәжірибе жатқан абстракция ретінде қарастырылады. Ақыл-ой әрекеттерін сатылар бойынша қалыптастыруды жақтаушылар (П.Я.Гальперин, Д.Б.Давыдов, Н.Ф.Талызина және т.б.) бастапқы ғылыми ұғымдарды ақыл-ой әрекеттерінің жүйесі ретінде анықтайды.

Ұғымдарды меңгерудің құрылымы мен деңгейлерін басқа да ғалымдар М.А.Данилов, В.В.Краевский, И.Я.Лернер, Н.А.Менчинская, М.Н.Скаткин, М.Н. Шардаков, Г.И.Шукина, А.В.Усова және т.б. зерттеген. Психолог Л.С.Выгодский «Ойлау үнемі ұғымдар пирамидасында қозғалыста болады» деп көрсеткен. Ұғымдарды алға келтірмей бірде-бір ойды айтып, бірде-бір талқылау жасауға болмайды. Құрылған ұғымдар оқушылар тарапынан неғұрлым жақсы меңгерілген болса, оларға соғұрлым талқылаулары мен ойларын құру жеңіл болады, сонымен қатар, шығармашылық ойлауларымен байланысты негіздері де соғұрлым жетілген болады.

Білімге жүйелі түрде қарау базалық ұғымдар құрылымының қалыптасуына ықпал етеді, оқушы оны ары қарай өзінің тәжірибелік әрекеттерінде қолданады.

Педагогикалық тәжірибе көрсеткендей, кіші мектеп оқушыларында ғылыми жаратылыс білімдері жүйесін дамыту оқу үдерісі кезінде өздігінен жүрмейді, ғылыми ұғымдардың бастапқы түсініктерін қалыптастыру үшін жүйелі түрде бағытқа негізделген әдістерді құру мен жүзеге асыруды меңзейді.

Кіші мектеп оқушыларында бастапқы ғылыми ұғымдарды қалыптастыру мәселелері психологиялық, физиологиялық және философиялық тұрғыдан жан-жақты қарастырылғанына қарамастан, мәселенің педагогикалық аспекті білім саласындағы жаңа міндеттерді ескере отырып ары қарай құруды қажет етеді. Жаңа білім беру стандарттары оқу әрекетінде ғылыми ұғымдарды қалыптастырдың тиімді педагогикалық үрдістері шарттарын анықтайды. Кіші мектеп оқушысы тарапынан меңгерілетін әрбір тек қана бастапқы қалыптасуда ғана емес, ары қарай да даму мен оны қолданудың нақты белгілерімен сипатталуы керек. [шапошникова] 9 – 10 бет

Кіші мектептің жаңа буын оқулықтарын талдай отырып, білім жүйелерінің келесі негізгі элементтерін бөліп айтуға болады: ғылыми деректер – ұғымдар – заңдылықтар – теориялар. Ұғымдардың пайда болу баспалдақтары: сезіну – қабылдау – елестету – ұғым. Аристотель айтқандай «Кімде кім ештеңе сезінбесе, ол ештеңені танымайды және ештеңені түсінбейді де». Сезіну мен қабылдаудың басты мақсаты – мидың табиғатпен сыртқы жанасуын қамтамасыз ету, яғни таным үрдісіне бастама беріп, миға дүниені тану мүмкіндігін беру. Сезіну мен қабылдаудың негізінде кез келген зат пен жаратылыстың бейнесі пайда болады. Қоршаған ортамен танысу кезінде оқушы түсініктердің әралуан түрлерін жинақтайды. Шынайылықты тану үрдісі кезінде елестетуді ғалымдар қажетті саты деп біледі. Елестету неғұрлым көп және терең болған сайын, соғұрлым оқушы бойында ұғымдар туралы түсінік сәтті қалыптасады, яғни ол әлемді оның ішкі байланыстары мен заңдылықтарымен қоса таниды. Ғылыми білімнің мұндай жүйелері кіші мектеп оқушысын дүниенің қарапайым тұтас бейнесімен таныстыруға, оны өмірдің саналы қатысушысы етуге мүмкіндік береді. []

Кіші мектеп оқушыларының бойында қоршаған ортаның шындығына деген шығармашылық қатынастарын қабылдау және тану арқылы қалыптастыру – педгогикалық мақсаттың бірі. Шығармашылық – оқушылардың психикалық белсенділігінің мазмұнды формаларының бірі. Оның әртүрлі іс – әрекет түрлерінің сәтті орындалуын қамтамасыз ететін әмбебап қабілет ретінде де қарастыруға болады.

Кіші мектеп оқушыларының шығармашылық дамуының басты негізі – жаңа ілімге және жаңа әсерге қажеттілік. Бұл қажеттілік бірқатар авторлар тарапынан қарастырылған және айқындалған (Л.И.Божович, М.И.Лисина т.б.) Л.И.Божович – «... жаңа әсерлерге деген қажетілік кейінен танымдық қажеттілікке алмасады, нәтижесінде оқушының басқа да әлеуметтік қажеттіліктерінің дамуына негіз болады» – дейді. Оқушыларда осындай қажеттіліктердің тым ерте қалыптасуы оның өмірі мен іс – әрекетінде жинақтаған тәжірибелерінің екіге: өзіне және таныс затар мен құбылыстар туралы білім мен өздеріне таныс емес заттар мен құбылыстармен, олардың қасиеттері мен байланыстарымен таныстыру процесінде қалыптасқан жаңа білім болып бөлуінуіне әкеліп соғады.

Оқушының жаңа іскерлерге деген қажеттілігі қоршаған ортаны тануға бағытталған зерттеу әрекеттерінің туындауы және дамуына негіз болады. Ізденіс әрекеті қаншалықты әралуан және қарқынды болса, оның шығармашылық қабілеттері соншалықты жылдам әрі толыққанды дами бастайды. [16]

Зерттеу әрекеті мақсаты жағынан ерекшеленеді, оның мақсаты зерттеу әлі толық қалыптаспаған және айқынсыздығымен, тұрақсыздығымен сипаталады, дегенмен ол зерттеу барысында ол нақтылана түседі. Оны зертеу әрекетіне енген барлық әрекеттерден көруге болады. Сыни әрекеттердің мәні – оқушы зертеу әрекетін жүзеге асыра отырып, кездейсоқ нәтижелерге дайын болуы керек. Бұл оны кез келген өзгермелі жағдайларға сезімтал етеді, зертеу әрекетінің осы ерекшеліктері оқушының қолжетімді затар мен құбылыстарды тануға негізделеді.

Кіші мектеп оқушыларының зерттеу әрекеттерін мәселесіне арналған көптеген (А.В.Запорожец, П.Я.Гальперин, Н.Н.Поддьяков және т.б.) зертеулер орындалды. Бұл еңбекерде балалардың көру, есту, қабылдау процесінде бейімделу – зерттеу әрекетінің ерекшеліктерін сипатайды. Зерттеу әрекеттінің қалыптасу заңдылықтары анықталады.

Бұл еңбектерде ғалымдар басты назарды оқушыларды әртүрлі жағдайларды талдауға (кейіннен әртүрлі практикалық мәселелерді шешу барысында қолданылатын) үйретуді ұйымдастыруға аударды. Осындай зерттеулер негізінде тапсырмаға бейімделу жолдары мен олардың оқушыны дамуындағы рөлі анықалады (П.Я.Гальперин, А.В.Запорожец т.б.). [17]

Біз кіші мектеп оқушыларының зерттеу дағдыларының екі түрін белгіледік. Біріншісі – әрекет процесінде баланың өзі белсенділік танытады. Ол толыққанды, тең құқылы, өз әрекеін өз еркімен құратын (оның мақсаттарын қояды, оған қол жеткізудің жолдары мен тәсілдерін іздейді т.б.) субъект ретінде танылады, яғни бұл бағыт оқушының өз қызығушылытары, қалауы мен еркін жүзеге асыратын ерікті тұлғасын қарастырады.

Зерттеу дағдысының екінші түрін ересектер ұйымдастырады. Ол жағдайдың басты элементтерін белгілеп көрсетіп, оқушыны белгілі бір әрекеттер алгоритміне үйретеді. Оқушы ересектер алдын ала жоспарлаған нәтижеге қол жеткізеді. Әрекеттің өзі қиналмай іздеу және драмасыз, алдын ала белгіленген параметрлерге сәйкес қалыптасады.

Зерттеу дағдысының екі түрі де оқушының интеллектуалды дамуында маңызды функцияларды атқарады. Алайда екінші жағдайда оқушының жаңа шешімдерді іздеу қабілеті өз бетімен дамымайды, ал онсыз оқушының шығармашылық дамуы мүмкін емес.

Әрекетің екі түрінің арасындағы айырма бейімделу және қажеттілік аспекісінде жатыр. Бірінші жағдайда жаңа кездейсоқ, күтпеген жағдайларды не құбылыстарды тануға деген қажеттілікі қанағаттандыру жүзеге асырылады, оқушы тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін барынша қолайлы жағдайлар жасалып, қажеттілік эмоциясымен өте тығыз байланысады.








Date: 2016-05-23; view: 225; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2018 year. (0.011 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию